Алматы Жалпы дәрігерлік тәжірбие 4 страница

+ А) Сыртқы есту жолындағы бөгде зат

B) Сыртқы есту түтігіндегі бөгде зат

C) Ортаңғы құлақтағы бөгде зат

D) Жарғақты қуыстағы бөгде зат

E) Сыртқы отит

$$$013

45 жасар әйел түстену кезінде (ет сорпасын ішіп отырған) шашалып қалған, тамағы ауырған, өздігінен құсық шақыруға тырысқан, нанның сыртын жеген. Бұл кезде мойнының төменгі бөлігінде қатты ауыру сезімін сезген. Объективті: жұтқыншақтың көмейлік бөлігінің шырышты қабатында жырылулар, көмекейдің бос жиегінде кішкене гематома, алмұрт тәрізді синустарда сілекей жиналып қалған. Дауыс саңылауы бос. Басқа ЛОР-мүшелер патологиясыз Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

А) Көмекей гемангиомасы

B) Жұтқыншақтың шырышты қабатының жырылуы

C) Құлақ маңы безінің жарақаты

D) Сілекей өзектеріндегі бөгде зат

+ E) Өңештегі бөгде зат

$$$014

4 жасар сәби сәбіз жеп отырып кенет шашалған, күшті жөтел пайда болған және тыныс алуы қиындаған. Объективті: мұрын-ерін үшбұрышының цианозы. Айқын экспираторлы ентігу белгілері. Сол кеудесі көлемі ұлғайған, тыныс алу актісінен қалыңқы. Перкуссияда өкпелік дыбыс қораптық үнмен, аускультацияда сол өкпе тынысы әлсіреген. Рентгенологиялық зерттеуде: сол кеденің мөлдірлігі жоғарылаған, тыныс алу кезінде кеуде аралықтағы мүшелер оңға ығысады. Қандай зерттеу әдісі анағұрлым тиімді?

+ А) Жоғарғы бронхоскопия

B) Трахеотомия

C) Эндоскопия

D) Коникотомия

E) Кеңірдек интубациясы

$$$015

4 жасар сәби тынысының қиындауына, күшті ұстама тәрізді жөтелге шағымдарымен жеткізілді. Бір сағат бұрын аузына бұршақ салып жүрген, кенет шашалған, көгеріп кеткен. Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Айқын экспираторлы және инспираторлы ентігу белгілері. Екінші дәрежелі стеноз белгілері, пульсі минутына 146 рет, әлсіз толумен, өкпесінде құрғақ сырылдар естіледі. Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

+ А) Кеңірдектегі бөгде зат

B) Көмейдегі бөгде зат

C) Өңештегі бөгде зат

D) Бронхтағы бөгде зат

E) Көмей-жұтқыншақтағы бөгде зат

$$$016

6 жасар бала балық жеп отырған, кенет күшті ұстама тәрізді жөтел, цианоз пайда болған. Бір рет құсқан. Жөтел мезгіл-мезгіл қайталанады. Объективті: жағдайы ауыр, екінші дәрежелі көмей стенозының белгілері. Көмейдің шырышты қабаты алқызыл, ылғалдыҚандай шұғыл көмек тактикасы анағұрлым дұрысырақ?

+ А) Ларингоскопия

B) Коникотомия

C) Трахеостомия

D) Кеңірдек интубациясы

E) Ларингофиссура

$$$017

26 жасар ер адам қарбыз жеп отырғанда кенет шашалып, көгеріп кеткен. Ұстама тәрізді жөтел пайда болған, тынысы қиындаған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, кұшті жөтелген кезде «щапалақ» симптомы естіледі Айқын экспираторлы және инспираторлы ентігу белгілері. Аускультацияда екі жақтан дөрекі, құрғақ сырылдар естіледі. «Шапалақ» симптомы кезінде қандай диагноз дәлірек?

A) Гиперсаливация

B) Көмей экскурсиясы

+ C) Кеңірдектегі бөгде заттың қозғалуы

D) Тыныс саңылауындағы бөгде заттың фиксациясы

E) Дыбыс байламдарының үстіндегі бөгде заттың қозғалуы

$$$018

3 жасар сәби тынысының және жұтынуының қиындауына шағымданады. Бірнеше минут бұрын ауызына тиын салып жүрген, құлап қалған, сосын көрсетілген шағымдар пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тыныс алу қиындаған. Саливация, сұйықты жұту қиындаған. Өңеш рентгенограммасында бөгде зат көрінеді. Анағұрлым жөндірек тактика?

+ A) Тікелей гипофарингоскопия.

B)Мезофарингоскопия

C)Гипофарингоскопия

D)Ларингоскопия

E)Коникотомия

$$$019

6 жасар бала өңеш бойындағы ауыру сезіміне, тамақ жұтудың қиындауына шағымданады. Таңғы ас кезінде кенет төс артында ауыру сезімі пайда болған және тамақ өңештен өткен кезде қинала бастаған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, сілекейін жұтқан кезде қиналады. Алмұрт тәрізді синустарында сілекей жиналған. Земцов бойынша өңеш рентгенограммасында екінші физиологиялық тарылу деңгейінде тығыздығы сүйектікіндей қосымша көлеңке анықталады, өлшемі 2-0.5-0.7 см. Қандай тактика анағұрлым дұрыс?

+ A) Фиброэзофагоскопия

B) Эзофагоскопия

C) Фиброларингоскопия

D) Трахеостомия

E) Коникотомия

$$$020

3 жасар сәби ауызына шемекі салып жүріп кенет шашала бастаған, көгерген, ұстама тәрізді жөтел пайда болған, тыныс алуы қиындаған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, t-36.6, пульс минутына 118 рет, ырғақты, шырышты қабаты алқызыл, ылғалды. Көмей өзегі бос, стеноз белгілері жоқ. Оң кеудесі тыныс актісінен қалыңқы. Аускультацияда бүкіл оң өкпесінде тыныс әлсіреген. Перкуссияда өкпе дыбысы қысқарған. Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

+ A)Оң бронхтағы бөгде зат

B)Өңештегі бөгде зат

C)Көмейдегі бөгде зат

D)Кеңірдектегі бөгде зат

E)Көмейдің аллергиялық ісінуі

$$$021

12 жасар бала бөгетте шомылған соң бірден тынысы қиындаған және қан түкірумен ұстама тәрізді жөтел пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, t -36.5 , пульс минутына 86 рет, АҚҚ - 100/60, мм сын. бағ. Қан түкірумен ұстама тәрізді жөтел қайталанып тұрады. Тікелей емес ларингоскопияда қызыл-көк түсті түзіліс көрінеді. Түзілістің перистальтикалық жиырылуы айқын байқалады. Түзілістің бекінген жерінде аздап қансырау бар. Қандай емдеу тактикасы анағұрлым дұрыс?

+ A)Сүлікке ас тұзы ерітіндісін жағу. Сүлікті шығару.

B)Сүлікті корнцангпен шығару

C)Сүлікті пинцет көмегімен шығару

D)Сүлікке 1% салицил спиртін жағу

E) Сүлікке ас тұзы ерітіндісін жағу

$$$022

52 жасар әйел оң көзінің, басының оң жартысының, желкесінің қатты ауыруына, жүрек айнуына, құсуға шағымданады. Объективті: көз алмасының іркілген инъекциясы, қасаң қабық ісінуі, ұсақ алдыңғы камера, қарашығы кең, көру қызметінің күрт нашарлауы, көз ішілік қысым 45 мм сын. бағ.Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

A) Жедел конъюнктивит

B) Жедел иридоциклит

+ C) Глаукоманың жедел ұстамасы

D) Жедел кератит

E) Гемолитикалық криз

$$$023

Бұзақылар көшеде 45 жасар ер адамның сол көзінен ұрып кеткен, жәбірленуші жұмсақ тіндеріне қан құйылуына, тұйық ауыру сезіміне, бұлдырлауға шағымданады, қара шіркейді көреді, оны ұстайын десе қашып кетеді. Осы пациент үшін қандай тактика анағұрлым жөндірек?

A) Антибактериалды көз тамшылары

+ B) Бинокулярлы таңғыш

C) Конъюнктив қуысын жуу

D) Йодты калиймен электрофорез

E) Атропинмен инстилляция

$$$024

37 жасар әйел офисті жинап жүргенде оң көзіне әйнек ұшқыны кіріп кеткен. Зақымдалған көзіндегі ашыған ауыру сезіміне, қызаруына, жас ағуына және жарыққа сезімталдықтың жоғарылауына шағымданады. Осы жағдайда қандай көз тамшысы анағұрлым тиімдірек?

A) Пенициллин

+ B) Левомицитин

C) Линкомицин

D) Альбуцид

E) Сульфацил натрия

$$$025

35 жасар әйел алма жинап жүргенде сол көзіне ағаш бұтағының қыртысы кіріп кеткен, ауыру сезіміне, жас ағуына, «көзінде құм тұрғандай» сезімге, жарықтан қорқуға, осы көзінің көруінің нашарлауына шағымданады.Қандай жүргізу тактикасы бірінші кезекте жасалады?

 

A) Mонокулярлы таңғыш

B) Aнтибактериалды препарат

+ C) Бөгде затты шығару,

D) Бинокулярлы таңғыш

E) Сіреспеге қарсы сарысу

$$$026

33 жасар әйел 2 күннен бері жарықтан қорқуға, оң көзіндегі ауыру сезіміне, жас ағуға шағымданады. Объективті: қасаң қабықтың артқы бетінде прецепитаттардың пайда болуы, нұрлы қабық түсі мен суретінің өзгеруі, қарашықтың тарылуы, артқы жабысқақтардың – синехиялардың түзілуі, шыны тәрізді дененің бұлдырауы, көз ішілік қысымның өзгеруі, OS/OD = 0.4/1, көз ішілік қысым OD=20мм.сын. бағ. ВГД OS=18мм.сын. бағ.Көрсетілген диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

A) Кератит

+ B) Иридоциклит

C) Коньюнктивит

D) Витреит

E) Эписклерит

$$$027

35 жасар ер адам цехта жұмыс жасап жүргенде қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан көзіне күкірт қышқылы кіріп кеткен. Күшті күйдірген ауыру сезіміне, жас ағуына, жарықтан қорқуға, көруінің нашарлауына шағымданады.Осы науқас клиникасы бойынша сурет!!!!Пациентке алғашқы көмек көрсету кезінде қандай шара анағұрлым тиімдірек?

A) Көз тамшыларын тамызу

B) Сода ерітіндісімен жуу

C) Мұз қою

+ D) Салқын сумен жуу

E) Вишневский жақпасын салу

$$$028

58 жасар ер адам жиі зәр шығаруына, жалпы әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына, арықтауға шағымданады. Жарты жылдан бері ауырады. Объективті: Терісі боз, тырнақ іздері. Оң шабында көлемі бұршақтай лимфа түйіндері сезіледі, консистенциясы тығыз. Простата безін тік ішек арқылы саусақпен зерттеу: беті бұдырланған, тығыз, аз қозғалмалы, ұлғайған. Жалпы қан анализі: эритроциттер – 2,8 х1012/л, гемоглобин 87 г/л, лейкоциттер – 8,4 х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.Қандай зерттеу әдісі анағұрлым күмәнсіз?

A) Ультрадыбысты зерттеу

B) Магниттік-резонанстық томография

C) Компьютерлік томография

+ D) Нысаналы биопсия

E) Радиоизотопты зерттеу

$$$029

61 жасар ер адам, түнде зәр шығаруының жиілеуіне, алғашқы зәр тамшысы шығуын күту уақытының ұзаруына, зәр ағысының әлсіздігіне, аузының кебуіне, шөлдеуге, зәр ұстай алмаушылыққа шағымданады. Объективті: Простата безін тік ішек арқылы саусақпен зерттеу: простата тегіс, серпімді, контуры анық, ауырмайды, орталық жүлгесі тегістелген. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі анағұрлым бірінші кезекте жасалады?

A) Экскреторлы урография

B) Шолу рентгенографиясы

C) Урофлоуметрия

+ D) Ультрадыбысты зерттеу

E) Сцинтиграфия

$$$030

22 жасар әйел, күндіз жиі кіші дәретке шыққысы келуіне, қынапқа берілуіне шағымданады. Дене температурасы қалыпты, ісінулер жоқ. Өкпе, жүрек, ішкі мүшелері жағынан өзгерістер жоқ. АҚҚ 120/80 мм.сын. бағ. Жалпы қан және зәр анализдері өзгеріссіз. Диагноз қою үшін қандай зерттеу тактикасы анағұрлым тиімдірек?

A) Цистоскопия

B) Лапароскопия

C) Қуықты ультрадыбысты зерттеу

+ D) Урофлуометрия

E) Цистометрия

«Психиатрия және наркология.

$$$001

Төменде көрсетілгендердің қайсысы «Реальды объектінің жалған қабылдау» мағынасына тән?

A) Галлюцинация

B) Жалғангаллюцинация

C) Екеулену сандырағы

D) Дереализация

+ E) Иллюзия

$$$002

Төменде көрсетілгендердің қайсысы «Бос қиялдық, қоршаған ортаның шынайы еместік сезім» мағынасына тән?

A) Инсцинировка сандырағы

B) Метаморфопсия

C) Көру иллюзиясы

+ D) Дереализация

E) Деперсонализация

$$$003

Төменде көрсетілгендердің кайсысы «Өз – өзін сезіну өзгешелік» мағынасын анықтайды?

A) Жалғангаллюцинация

+ B) Деперсонализация

C) Аутопсихикалық галлюцинация

E) Екеулену сандырағы

D) Дереализация

$$$004

Кандинского-Клерамбо синдромына қандай сандырақ түрі тән?

A) Мегаломаниялық

B) Резидуальды

C) Өзін өзі қорлау

+ D) Әсер ету

E) Ұлылық

$$$005

Ер адам 30 жаста, белгілі бір халық аралық ұйым «оны әртүрлі іс – әрекеттерді істеуге, оған өздерінің ойларын айтады, үнемі артынан қалмайды, оны бағыттайды» деп айтады. Төменде көрсетілген синдромдардың ең мүмкін?

A) Галлюцинаторлы

B) Сандырақты

C) Паранойяльды

+ D) Психикалық автоматизм

E) Парафренды

$$$006

42-жастағы шизофрениясы бар науқас интервью беріп жатқандай кезінде ортасында тоқтап қалады. Бірақ, ол неге тоқтап қалғанын түсіндіре алмайды. Төменде көрсетілген симптомдар ең мүмкін?

A) Ментизм

+ B) Шперрунг

C) Персеверация

D) Ввербигерация

E) Неологизм

$$$007

Науқас 45 жаста, психиатриялық стационардың наркологиялық бөлімшесіне психомоторлы қозу жағдайында жеткізілді. Қабылдау бөлімінде зооптикалық мінездегі шынайы көру галлюцинациялары анықталды.Осы науқасқа қандай психикалық патология тән?

A) Эпилепсия

B) Реактивты психоз

C) Шизофрения

+ D) Алкогольды делирий

E) Ақыл – ой кемтарлығы

$$$007

Науқас 45 жаста, көміртегі газымен уланған соң, фиксационды амнезия, амнестикалық дезориентировка және конфабуляция анықталды. Төменде көрсетілген синдромдардың ең мүмкін?

A) Кандинский-Клерамбо синдромы

+ B) Корсаковский синдром

C) Делириозды синдром

D) Параноидты синдром

E) Паранойяльды синдром

$$$008

Науқас 35 жаста, зооптикалық мінездегі анық шынайы көру галлюцинациялары бұжыр болып көрінеді.

Төменде көрсетілген синдромдардың ең мүмкін?

+ A) Делириозды синдром

B) Депрессивты синдром

C) Маниакальды синдром

D) Астениялық синдром

E) Паранойяльды синдром

$$$00

Науқас 72 жаста, терапевтикалық бөлімшеде стационарлық емде жүрген кезде фиксационды амнезия, амнестикалық дезориентировка, конфабуляции анықталды.Төменде көрсетілген психикалық патологиялардың қайсысы тән?

A) Шизофрения

B) Акогольды галлюциноз

C) Алкогольды қызғану сандырағы

+ D) Корсаковский психозы

E) Психоз Гайе- Вернике

$$$010

Науқас 48 жаста, бірнеше рет психиатриялық ауруханада стационарлық емде болып, әсер ету сандырағы, жалғангаллюцинация және психикалық автоматизм анықталды.Қандай синдром ең тән?

+ A) Кандинский-Клерамбо синдромы

B) Паранойяльды синдром

C) Астениялық синдром

D) Жабысқақ жағдайлар неврозы

E) Апато-абулиялық синдром

$$$012

Төменде көрсетілгендер қабылдау бұзылыстары шұғыл госпитализацияға көрсеткіш?

A) Комментирлеуші галлюцинация

B) Сценотәрізді галлюцинация

C) Сенестопатия

+ D) Императивты галлюцинация

E) Астениялық жағдайлар

$$$013

26 жастағы науқас кардиальды қауіп қатерсіз инфаркт миокардасын басынан өткереді. Қандай затты қолданған уақытта осы жағдай туындайды?

A) Фенциклидин

B) Седативты заттар

C) Галлюцинагендер

+ D) Стимуляторлар

E) Алкоголь

$$$014

Қыз 18 жаста терапевтке келді. Осы кезде ол тамақпен проблемасы бар екендігін айтты. Ол тым көп және тез тамақтанады, бұрыңғыға қарағанда, осы кезеңділіктерді бақылай алмайды, әсіресе жалғыздықта көп жейді. Осы «ашқарақтық ұстамалардан кейін» көп мөлшерде іш өткізгіш дәрілерді ішеді.Төменде көрсетілген симптомдар ең мүмкін?

+ A) Булимия

B) Импульс бақылау бұзылысы

C) Анорексия

D) Жабысқақ ойлар

E) Сверхжоғары идеялар

$$$015

Босанудан кейін әйелде үрей, тамақ ішпейді, қобалжулы және оның баласы емделмейтін ауру мен ауыратындығына сеніп, қауіптілігін білдіртіп, оны зерттеуді сұрайды. Қандай маманның кеңесі шұғыл түрде қажет?

+ A) Психиатр

B) Гинеколог

C) Неонатолог

D) Терапевт

E) Психолог

$$$016

Психиатриялық стацинарға өз еркіндігінсіз жатқызылған адамды қанша уақыт ішінде дәрігер – психиатрлар комиссионды куәләндіру міндетті?

A) 15 тәулік

B) 24 сағат

+ C) 48 сағат

D) 10 тәулік

E) 30 тәулік

$$$017

Ер адам 37 жаста, соңғы 3 айда қозулы, тежелулі, әйелдерге әдепсіз комплименттер айтады. Үнемі күлімсірейді, анық емес, айқын емес сөйлейді, қисынсыз қалжындайды. Қарапайым санағанда қателеседі, мәтел – мақалдардың ойын тіке түсындіреді. Өзінің жағдайына деген сын жоқ.Ең алдымен диагнозды растау үшін қандай диагностикалық зерттеу жүргізу керек?

A) Электроэнцефалография

B) Вассерман реакциясы

C) Психологиялық зерттеу

D) Реоэнцефалография

+ E) Ультрадыбысты зерттеу

$$$018

Ер адам 47 жаста, ұйқысының қашуына, тәбетінің төмендеуіне, құсу, бас ауыру сезіміне, жүрек қағуына, жүрек аймағындағы қысып ауыру сезіміне, көңіл – күйінің нашарлауына, ашуланшақтыққа, АҚҚ- 180/100 мм.сын.бағ., алкогольды ішпеген кезде жоқ болатынына шағымданады. 10 жылдан бері ішімдікке салынған, соңғы уақытта дозасынан тым көп ішеді, бірақ, масаймайды. Бірнеше рет жұмысқа алкоголь иісімен барған. Науқасқа дәрілердің қандай комбинициясын тағайындау керек?

+ A) Физерітінді к/т тамшылатып, «В» витамин тобы және аскорбинды қышқылы, күкірт қышқылды магнезию, реланиум, сонапакс

B) Пирацетам, нейролептики

C) Транквилизаторы

D) Тетурам, УРТ, «эспераль»

E) Нейролептики, антидепрессанты

Неврологиясы_каз.

$$$001

Қандай нейрон немесе ағзаның зақымдалуы бұлшықет гипотрофиясымен сипатталады?

A) Орталықтанған қимыл нейроны

+ B) Перифериялық қимыл нейроны

C) Мишық

D) Ішкі капсула

E) Алдыңғы ортылық қатпар

$$$002

Төменде келтірілген рефлекстердің қайсысы бүгілу типіндегі негізгі патологиялық рефлекс болып табылады?

А) Бабинский

В) Оппенгейм

+ С) Россолимо

D) Гордон

E) Чеддок

$$$003

Ауылдық амбулаторияның қабылдау бөлімшесіне 42 жастағы ер кісі жеткізілді, эмоциональды күйзелістен кейін есін жоғалтқан. Объективті: беті қызарған. Артериальды қысымы 170/100 мм сын. бағ, Керниг және Брудзинский симптомдары екі жақты оң. Жарыққа қарашықтың реакциясы жоғалған. Беті симметриялық, тілі ортаңғы сызық бойымен. Тонусы өзгермеген, рефлексте біркелкі екіжақты жоғарылаған.

Қандай ауру осы аурудың дамуына алып келді?

А) Жүректің ишемиялық ауруы

+ B) Бас ми тамырларының аневризмасы

C) Анемия

D) Қант диабеті

E) Ревматизм

$$$004

42 жастағы ер кісі, естуінің төмендеуіне, құлағындағы шуылға, сыбырлаған сөздерді нашар естуіне, кезеңдік бас ауруына, бас айналуына шағымданып қаралды. 7 жыл аралығында экскаваторда машинист болып жұмыс жасайды. Қарап тексергенде: естудің әлсіз төмендеуі – сыбырлаған сөздерді екі метрлік қашықтықтан қабылдайды. Басқа бұзылыстар анықталмады.Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?

А) Вибрационды ауру.

+ B) Профессиональды кереңдік.

C ) Меньер ауруы

D) Миелит

E) Энцефаломиелит

$$$005

43 жастағы ер кісі тер шаршағыштыққа, жүрек соғуының жиілеу ұстамаларына, ауа жетпеу сезіміне, қозғыштыққа, кезеңдік қатты бас ауруына, бас айналуына, жалпы жүдеуіне, әсіресе иық және қолының жүдеуіне шағымданып қаралды. 12 жыл бойы шахтада бұрғышы болып жұмыс истейді. Қарап тексергенде: науқас астенизирленген, саусақтар мен табанның акроцианозы. Сухожильды рефлекстері біркелкі төмендеген. Барлық сезімталдық түрлерінің бұзылыстары, әсіресе айқын вибрационды. Ромберг қалпында тұрақсыз. Координаторлық сынамасы жеңіл интенциямен. Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?

А) Гийена-Барре синдромы

B) Бүйірлі амиотрофиялық склероз

+ C) Вибрационды ауру

D) Полиомиелит

E) Сәулелік ауру

$$$006

37 жастағы ер кісі, естудің төмендеуіне, сыбырлаған сөздерді нашар естиді, сөйлесу кезіндегі жақсы қабылдаумен, кезеңдік бас ауруына, бас айналуына шағымданып қаралды. 9 жыл бойы авиационды моторист болып жұмыс жасайды. Қарап тексергенде: естудің әлсіз төмендеуі, сыбырлау сөздерін екі метрлік аралықтан қабылдайды. Басқа бұзылыстар анықталмады.Қандай алдын алу диагнозы дұрыс?

+ A) Кохлеарлы неврит

B) Меньер ауруы

C) Миелит

D) Энцефаломиелит

E) Омыртқаның мойын бөлімінің остеохондрозы

$$$007

63 жастағы ер кісі. Ертеңгісін ұйқыдан кейін, бас айналуы мен сол қолы мен аяғындағы әлсіздікті сезінген. Әлсіздік үдеген және үш күн аралығында сол аяқ қолының салдануы пайда болған, сонымен қатар оң көзімен көруі нашарланған. Объективті: АҚ 110/70 мм сын. бағ. Пульс жүйелі минутына 80 соққы, толуы мен қуаты қанағаттанарлық. Жүрек үндері көмескі. Оң жақ ұйқы артериясының соққысы төмендеген. Сол жақ мұрын ерін қатпары тегістелген, тілін сыртөа шығарғанда солға қисайған. Сол жағының аяқ қолының белсенді қимылы шектелген, ондағы білектің бүгілу және жіліншіктің жазылу бұлшықеттерінің тонусы жоғарылаған. Сол жақты Бабинский патологиялық рефлексі шақырылады. Қандай топикалық диагноз дқрыс?

A) Мидың сол жақ жарты шары зақымданған және оң көру нерві

B) Ми қабықтары зақымдалған

C) Екі жарты шар да зақымдалған және сол жақ көру нерві

+ D) Бас миының оң жақ жарты шары зақымдалған және оң көру нерві

E) Бас миының қытысы зақымдалған

$$$008

Науқас 25 жаста, ағаш кесуші. Көктемде орманда жұмыс жасап жүріп, кене шағуына жол беріп, оған мән бермеген. 10 күннен кейін кенеттен бас ауруы, жүрек айнуы, құсу пайда болған. Дене қызуының 39°жоғарылауы, қалтырау, мойын аймағында ауру сезімі пайда болған. Тұмауратқан науқас ретінде амбулаторлық жағдайда ем қабылдаған. Науқастың жағдайы нашарлаған және 2—3 күннен кейін қолында және мойын бұлшықетінде әлсіздік пайда болған. Неврологиялық статусында: мойын және қол бұлшықеттерінің әлсіз салдануы.Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?

А) Масалық энцефалит

B) Экономо энцефалиті

+ C) Кенелік энцефалит

D) Тұмаулық энцефалит

E) Шильдер лейкоэнцефалиті

$$$009

33 жастағы әйел кісі оң жақ білегіндегі күйдіретін сипаттағы ауру сезіміне, жұмыс кезінде оның күшеюіне шағымданып қаралды. Жоғарыда айтылған шағымдар 2-3 апта аралығында мазалайды. Қарап тексеруде: бұлшықет және оның беку орны ауру сезімімен, ісінуі анықталады, крепитациясы, оң иық буынының қимылы шектелген. Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?