Алматы Жалпы дәрігерлік тәжірбие 5 страница

А) Бүйірлі амиотрофиялық склероз

+ B) Миозит

C) Миастения

D) Плексит

E) Миелит

$$$010

46 жастағы ер кісі. Соңғы 1,5 жыл бойы қолындағы ауру сезімі және парестезиялар, жалпы жүдеу, кезеңдік бас ауруы, бас айналуы, ашуланшақтығы мазалайды. Көңіл күйі кешке қарай нашарлайды. 10 жыл аралығында құрылыста бетонщик болып жұмыс жасайды. Қарау кезінде: қолындағы беткей және терең сезімталдықтың төмендеуі, сіңірлік рефлекстердің төмендеуі анықталады. Ромберг қалпында теңселу.Қандай алдын ала қоятын диагноз ең ықтимал?

А) Миастения

+ B) Вибрационды ауру

C) Паркинсонизм

D) Полинейропатия

E) Гиена-Барре синдром

$$$011

38 жастағы әйел кісі лет, жедел ауырды, тұмаудан кейін сол төменгі жақ аймағындағы ауру сезімі пайда болды, ұстама тәрізді сипатта, ұзақтығы 2-3 сек. Ұстамалар сөйлеу кезінде, түшкіргенде, шайнау және жуынғанда күшейеді.Неврологиялық статусында: ауру сезімі оң жақты V нервтің III бұтағының шығу нүктесінде, курковая зона сол жақты ауыз бұрышында. Басқа неврологиялық симптоматика жоқ. Көз түбі патологиясыз. Бас миының МРТ патологиясыз. Қандай препарат тағайындау ең ықтимал?

A) Циклодол

B) Клоназепам

+ C) Финлепсин

D) Глицин

E) Фенозепам

$$$012

42 жастағы әйел кісі, жедел ауырды, суықтанудан кейін беті қисайған, оң көзін жұму мүмкін емес, оң жақ құлақ артындағы аймақта ауру сезімі пайда болған.

Неврологиялық статусында: оң жақ маңдай қатпары тегістелген, лагофтальм, Белла симптомы, оң көзінен жас ағу, оң жақ бетінің жартысында қимыл шектелген (маңдай, қас, жақтары),оң ауыз бұрышы түскен, ауыз ақсайту кезінде оң ауыз бұрышы қимылсыз. Қандай препарат тағайындау бірінші кезекте?

A)Антибиотиктер

+ B)Кортикостероидтар

C)Тамырлық

D)Вирусқа қарсы

E)Диуретиктер

$$$012

25 жастағы ер кісі. Өткерген отиттан кйін, беті қисайған, сол жақ құлақ арты аймағында ауру сезімі пайда болған. Ертеде ештеңемен ауырмаған.Неврологиялық статусында: сол жақ маңдай қатпары тегістелген, көз қатпары S>D, сол жақ ауыз бұрышы түскен, аузын ақсайту кезінде ауыз бұрышы қимылсыз, сол көзінен жас ағады. Басқа неврологиялық симптоматика анықталмады.

Лайықты емді тағайындаңыз.

Қандай препарат тағайындау лайықты?

А) Финлепсин

В) Пирацетам

С) Маннитол

+ D) Дексаметазон

Е) Мексидол

$$$013

27 жастағы ер кісі, клиникаға сол бетінің жартысының ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданып түсті. Ауру сезімі кенеттен, күйдіретін , ұстаманың ұзақтыңы бірнеше секундтан минутқа дейін. Ауру сезімі сол жақ жоғарғы ерін аймаңынан басталады , шайнаумен, жуынғанда, қырынғанда күшейеді. Ауру сезімі гиперемиямен, сол жақты жас ағумен жүреді.Қандай препарат тағайындау бірінші кезекте?

А) Актовегин

+ В) Карбамазепин

С) Тиамин

D) Церебролизин

Е) Милдронат

$$$014

56 жастағы ер кісі, кенеттен эмоциональды жүктемеден кейін оң аяқ қолындағы әлсіздікті және жансыздануды, сөйлеудің қиындауын сезінді. Көп жылдар бойы артериальды қысымның жоғарғы сандарымен жүретін гипертониялық аурумен ауырады.Неврологиялық статусында: моторлы афазия элементтері, оң жақты мұрын ерін қатпары тегістелген, тілі оң жаққа қисайған, жеңіл оң жақты гемипарез. Барлық көрсетілген белгілер үш сағаттың ішінде шешілген.Қандай тактика жүргізу дұрыс?

А) Жоспарлы түрде стационарға госпитализация

+ В) Шұғыл түрде стационарға госпитализация

C) Амбулаторлы жағдайда ем алу

D) Хирургиялық ем

Е) Жоспарлы түрде поликлиникаға қаралу

$$$015

57жастағы ер кісі ертеңгісін кенеттен артериальды қысымның 150 /100 мм рт.ст. жоғарылау фонында пайда болған қатты бас ауруына, құсуға, оң аяқ қолының жансыздануына және ілсіздігіне, сөйлеудің бұзылуына шағымданады. Объективті АҚ- 200/115 мм рт. ст., пульс – минутына 94 соққы. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 көлденең саусақпен, Керниг және Брудзинский симптомдары екі жақты. Бет және оң жақты тіл мимикалық бұлшықеттерінің орталық салдануы, тонусы мен рефлекстердің жоғарылауымен оң жақты гемиплегия және гемигипестезия.Қандай препарат тағайындау ең лайықты?

+ A) Сульфат магния

B) Гепарин

C) Аспирин

D) Теофиллин

E) Пентоксифиллин

$$$016

33жастағы ер кісі, қатты бас ауруына , бас айналуы шағымдарымен жеткізілді. Қарау кезінде: шүйде бұлышқеттірінің ригидтілігі, Керниг симптомы, жалып интоксикация көріністері, қандағы Вассерман реакциясы оң, ликворда лимфоцитарлы плеоцитоз. Бұл жағдайда қандай емдік тактика ең лайықты?

А) Преднизолон

В) Изониазид

С) Грамицидин

+ D) Пенициллин

E) Тетрациклин

$$$017

40 жастағы әйел кісі, кенеттен ауырды, өткерген тонзиллиттан кейін, толқын тәрізді қызба, петехиальды бөртпе, мұрнынан қан ағу, жалпы улану көріністері, буындарындағы ауру сезімі мазалаған . Неврологиялық статусында: есінде, сұрақтарға әлсіз жауап береді. Горизонтальды нистагм. Бұлшықет тонусы төмендеген. Гипергидроз түріндегі айқын вегетативті бұзылыстар, аяқ қолдың акроцианозы. Райт-Хеддельсон реакциясы оң нәтижелі.Қандай препарат тағайындаған бірінші ретті болып табылады?

А) Преднизолон

+ В) Рифампици

С) Изониазид

D) Маннитол

E) Тиамин

$$$018

34 жасар ер кісі, дене қызуының 37,5° градусқа жоғарылауымен, айқын бас ауруына, бас айналуына, тәбетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуына шағымданып қаралды. Симптомдар 2 апта ағымында пайда болды және біртіндеп күшейді. Неврологиялық статусында: сол жақты айқаспалы қылилық, сол жаққа қарағандағы диплопия, шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 3см, Керниг симптомы 120°градуспен, аяқ қолдың салданулары жоқ. Осы жағдайда қандай емдік тактика ең лайықты?

А) Терапевтикалық бөлімшеге жатқызу.

В) Пульмонологиялық бөлімшеге жатқызу.

+ С) Арнайы емдік мекемеге жатқызу.

D) Емді амбулаторлы жүргізу

Е) Инфекционды ауруханаға жатқызу

$$$019

43 жастағы ер кісіде, толық дені сау фонда дене қызуының 38° градусқа жоғарылауы, бас ауруы және құсу, көз алмасында ауру сезімі пайда болды.Неврологиялық статусында: қарашықтары D=S, Манн-Гуревич симптомы оң, шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 2 см, Керниг симптомы 120°градуспен, ошақты неврологиялық симптоматика анықталмады. Қандай терапия тағайындау бірінші кезекте болып табылады?

+ А) Вирусқа қарсы терапия

В) Дегидратационды терапия

С) Гипотензивті терапия

D) Антибактериальды теапия

E) Антигистаминдітерапия

$$$020

33 жастағы ер кісі жұмысқа барар жолда, жығылып, құлады, желкесімен бордюрға басын соғып алды. Есін бірнеше секундқа жоғалтқан, өздігінен тұрып, жұмысқа жеткен, жұмысында бір сағаттан кейін қатты бас ауруы, бас айналуы және жүрек айнуы пайда болған. Медпунктке қаралды. Қарау кезінде: жұмсақ тіндердің жарақаттары жоқ. Пульсі ритмді, мин 82 соққы., АҚ—110/70 мм.рт.ст. Есі анық. Өзін ұстауы дұрыс. Есте сақтауы сақталған. Менингеальды және ошақты неврологиялық симптомдар жоқ. Қандай диагностикалық әдіс бірінші ретте тағайындалады?

А) Люмбальды пункция

В) Ульразвуковая доплерография

+ С) Компьютерная томография

D) Допплерография

Е) Реоэнцефалография

Инфекция

$$$001

22 жастағы әйел, емхана дәрігеріне ауыруының 3 ші күні ауызының құрғауына, заттардың екі еселеніп көрінуіне, көру қабілетінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, қақалуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. 3 күн бұрын қонақта салат, кәуап, үйде жасалған консервіленген шұжық жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттардың екі еселеніп көрінуі, жұтынудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарап тексергенде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді.Ең ықтимал диагноз?

+ А) Ботулизм

B) Мидың ісігі

C) Гипертониялық криз

D) Тағамдық токсикоинфекция

E) Ми қан айналымының жедел бұзылысы

$$$002

28 жастағы ер адам, ауруының 2-ші күні терапевт дәрігеріне қаралған. Шағымдары: іштің толғақ тәрізді ауруы, жүрек айну, бастың ауруы, тәулігіне 10 рет сүйық нәжіс болуына, тенезмдер, жалған шақырулар. Қарап тексергенде: дене қызуы - 38,0°С, АҚҚ 90/60 мм с.бағ, пульс -110 рет/мин. Іштің пальпациясы кезінде: іштің сол жақ мықын бөлігінде ауырсыну, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті шырышпен қан аралас, нәжізсіз. ЖҚА: эр.-4,0х1012 /л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109/л, э – 1%, п– 6%, с – 75%, л – 18%, м - 5. ЭТЖ – 17мм/с.Қай диагноз ең ықтимал болады?

A) Тырысқақ

B) Салмонеллез

+ C) Жедел дизентерия

D) Тағамдық токсикоинфекция

E) Жедел гастроэнтероколит

$$$003

Жасөспірім 17 жаста учаскелік терапевтке ауыруының 5-ші күні мынандай шағымдармен келген: тамақтың ауруына, жұтыну кезінде күшейуіне, бас ауру, жүрек айну, айқын әлсіздік, буындардағы ауыру сезіміне, зәрінің қоңыр түсті болып өзгеруіне. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,5° С. Тері жабындылары, склерасы сарғыштанған, мойын˗жақ астық лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасы – қызарып, бадамша бездері ұлғайған, лакуналары іріңді жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астының ауру сезімі, бауыр қабырға доғасынан 2,0-2,5см шыққан, консистенциясы тығыз.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал болады?

A) Листериоз

B) Иерсиниоз

C) Лептоспироз

D) Вирусный гепатит

+ E) Жұқпалы мононуклеоз

$$$004

17 жастағы жасөспірім емханадағы дәрігер-инфекционистке қаралды. Әлсіздікке, дене температурасының жоғарлауына, тәбеттің төмендеуіне, құсуға шағымданады. Бүгін, ауыруының 8 күнінде терісіндегі және склерасындағы сарғаюды байқаған, жалпы жағдайы жақсарып, тәбеті ашылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауру сезімді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Зәр түсі қоңыр, нәжісі түссізденген. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ - 460 ммоль/л, АСТ - 254 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 52 ммоль/л. ИФА: a-HAVIgМ оң. Амбулаторлық ем тағайындалған.Қандай ем шарасы базистік терапия құрамына кіреді?

A) Серотерапия

B) Антибиотикотерапия

C) Вирусқа қарсы терапия

+ D) Оральді дезинтоксикация

E) Өт айдайтын препараттарды қабылдау

$$$005

Ер адам бірнеше жылдан бері емханада «Созылмалы вирусты гепатит С» диагнозымен есепте тұрады. Қандай синдром созылмалы HСV-инфекциясының бауырдан тыс көріністеріне жатады?

A) Калькулезді холецистит

B) Криглер-Найяр синдромы

+ C) Аутоиммунды тиреоидит

D) Өкпе туберкулезі

E) Өт шығу жолдары дискинезиясы

$$$006

35 жастағы ер адам, бастың қатты ауыруына, дене қызуының жоғарылауына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің жоғалуына шағымданып учәсткелік дәрігерді үйіне шақыртты. Анамнезде: ауру бір апта бұрын әлсіздік, субфебрильді қызба, бас ауруының біртіндеп өршуінен басталған. Кеше дене қызуы 39,0-40,0ºС-қа дейін жоғарылап, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: әлсіз, тежелген. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында – бірең-сараң қызғылт түсті бөртпе элементтері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен.Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Ку-қызбасы

+ B) Іш сүзегі

D) Кенелік бөртпе сүзегі

E) Эпидемиялық бөртпе сүзегі

D) Солтүстік Азияның кенелік сүзегі

$$$007

32 жастағы ер адам Ақбұлақ ауылындағы амбулатория дәрігеріне қаралған. Шағымдары: дене қызуының 39ºС-қа жоғарылауы, ірі буындарының ауыру сезімі, тершеңдік. Анамнезде: Бір ай бойы ауырады – кейде ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалаған. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндері үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Буындары өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқҚай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Безгек

+ B) Бруцеллез

C) Иерсиниоз

D) Іш сүзегі

E) Ку-қызбасы

$$$008

20 жастағы ер адам, 25-ші маусымда емханаға айқын қалтыраудан басталатын және тершеңдікпен аяқталатын, дене қызуының ұстама тәрізді 39-40ºС-қа дейін жоғарылауына шағымданып келген. Дәрігерге келген күні науқастың дене қызуы – 36,9ºС. Тері жабындылары бозғылт, маса шағуының іздері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Анамнезінде: қазіргі кезде жұмыс істемейді. Бір ай бұрын Ауғанстанда ұлтаралық парызын орындағын әскери бөлімінен оралған. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Грипп

+ B) Безгек

C) Лептоспироз

D) Ку-қызбасы

E) Кенелік бөртпе сүзегі

$$$009

23 жастағы ер адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, 20 күн бойы дене қызуының 37,3°С-қа дейін жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспен ауырған. Бір жыл бұрын жыныстық жолдасын өгерткен, пассивті гомосексуалист. Дәрігер науқаста АИВ-инфекциясы бар екеніне күдіктенді. Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынша):

A) I (бірінші)

B) II (екінші)

+ C) III (үшінші)

D) IV (төртінші)

E) Терминальді

{

 

$$$010

42 жастағы ер адам, Маңғыстау облысының тұрғыны. Дәрігерді үйіне мынандай шағымдармен шақыртты. Дене қызуының 39°-40°С-қа жоғарылауы, қалтырау, бүкіл денесінің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, оң жақ кеудесінің ауруына, құрғақ жөтел мазалайтындығын айтты. Ауру жедел, кеше кешкісін басталған. 3-күн бұрын түйе союға қатысып, қолын жарақаттап алған. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр. Тыныс алу жиілігі минутына – 30 рет. Пульсі – 140 рет/мин., АҚҚ-90/60 мм с.б. Өкпесінің оң жағында жайылған құрғақ сырылдар. Гемограммада: лейкоциттер –32 х109/л, т/я нейтроф.-14%, с/т нейтроф – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

+ A) Оба

B) Грипп

C) Бруцеллез

D) Пастереллез

E) Ку-қызбасы

$$$011

Суретте көрсетілген біріншілік терілік аффект қай жұқпалы ауруға тән?

A) Оба

B) Листериоз

C) Туляремия

D) Пастереллез

+ E) Сібір жарасы

$$$012

36 жастағы ер адам тоқтаусыз құсу, іштің өтуі, шөлдеу шағымдарымен үйіне емханадан дәрігер шақырған. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. тамыр соғысы минутына – 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Іші кіріңкі, ауырмайды. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.Науқаста қандай асқыну дамуы ықтимал?

+ A) Гиповолемиялық шок

B) Ішек өтімсіздігі

C) Инфекциялық-токсикалық шок

D) Бүйректің жедел жетіспеушілігі

E) Мезентериальді тамырлардың тромбозы

Фтизиатрия

$$$001

Туберкулезге қарсы қолданатын препараттарға туберкулез микобактериясының резистенттілігінің қалыптасуы немен байланысты:

А) адамның іс әрекетіне байланысты табиғатқа әртүрлі заттарды шашу

В) туберкулез микобактериясының генетикалық мутацияға табиғы қабілеттілігі

+ С) бейадекватты ем, соның ішінде антибактериальды препараттарды үзіп қабылдау

D) туберкулезге қарсы қолданатын бір препараты ұзақ емделу

Е) химиопрофилактика

 

$$$002

Қандай аспапты зерттеулерді қолдану арқылы пациентте «Оң жоғарғы бөліктің бронх туберкулезі» деген асқыну анықталған:

А) бронхография

+ В) бронхоскопия

С) аускультация

D) томография

Е) трансторакальды пункция

$$$003

Қосымша қандай зерттеулердің көмегімен науқастан зақымдалған учаскеде өкпе тінінің ыдырауы анықталды:

А) Бронхоскопия

В) Перкуссия

С) Бронхография

+ D) Томография

Е) Биопсия

$$$004

Дәрігерге қаралу арқылы 32 жастағы М. деген пациенттен жаңа анықталған туберкулез бактерия бөлумен анықталған. Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерге ауруханалық емге жатқызылды. Осы жағдайға байланысты қандай құжаттарды міндетті түрде санэпидстанцияға және туберкулезге қарсы күрес жүргізу службасына толтырылып жіберіледі:

А) ТБ 01 науқастың амбулаториялық картасы

+ В) 089 және 058 шұғыл хабарлама

С) 016 амбулаториялық картасы

D) 093 шабарман қағазы

Е) тұрмыс жағдайын жақсарту анықтамасы

$$$005

Соңғы айларда 27 жастағы И. деген науқас әйел дене температурасының 38о дейін көтерілуін, ентігуін, тез шаршауын, еңбекке қабілетінің төмендуін, тәбеттінің төмендеуін, жөтелуін байқайды. Сол өкпеде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында: - сол өкпенің жоғарғы бөлігінде күшейген өкпе суретінің фонында бояу әлсіз қанықтағы ошақты көлеңкелер, түбірде кальцинаттар көрінеді. Қақырықтан ТМБ-сы а нықталмады. Қан анализінде лейкоциттер-10,8 х 109 және ЭШЖ - 32 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозды таңдаңыз:

А) Милиарлы туберкулез

+ В) Мол өкпенің жоғарғы бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы

С) Мсол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі

D) Карциноматоз

Е) Өкпенің ошақты туберкулезі

$$$006

Оң өкпенің бірінші сегментінде орналасқан инфильтратты туберкулез, ТМБ (+) алғаш рет 25 жастағы К. деген науқаста анықталған, ол науқас 2 ай бойы қарқынды фазасын 4 АБП-мен ауруханада емделді және жалғастырушы фазасының 4 ай жүргізілді. Бактерия бөлуі тоқталды.Рентгенограммада –оң өкпенің 1-сегментінде шеті анық диаметрі 3 х3 см дейін біртекті/гомогенд фокусты і көлеңке көрінеді. Сіздің таңдаған болжама диагнозыңыз:

А) Домалақ инфильтрат

В) Толған киста

С) Шеткі қатерлі ісік

D) Эхинококк

+ Е) Туберкулома

$$$007

Науқас А, 25 жаста. Диагнозы: оң өкпе 2 сегментінің туберкулемасы, ТМБ (-). І категория бойынша 6 ай емделді. ТМБ –анықталмады. Туберкуломаның диаметрі 6 см. Наркоманиямен ауырады. Келесі емдеу тактикасын таңдаңыз.

А) Антибактериальды терапияны жалғастыру

+ В) Үнемді резекция

С) Эндотрахеальды дәрі құю

D) Жасанды пневмоторакс

Е) Пневмоперитонеум

$$$008

36 жастағы С. деген науқаста кешке қарай дене қызуы 37,7оС дейін көтеріледі. Қақырықты жөтелге, оң жақ кеуде қуысының ауырсынуына, әлсіздікке, дімкәстік-ке, арықтауына шағымданады. Осы шағымдар бойынша терапевтке қаралады. Дұрыс тексеру әдісін таңдаңыз:

А) бронхография

В) электрокардиография

+ С) ТМБ-на қақырықты зерттеу

D) спирография

Е) торакоскопия

$$$009

55 жастағы О. деген науқас азапты жөтелге, қан түкіруге, әлсіздіктің күшеюіне шағымданады. Соңғы айларда 6-7 кг арықтағанын айтады. Диагноз қою үшін қажетті зерттеу әдісін таңдау керек:

А) спирография

В) бронхография

+ С) рентгенография

D) электрокардиография

Е) УДЗ/УЗИ

$$$010

35 жастағы Қ. деген науқас әйел кеуде қуысының ауыру сезіміне, әлсіздікке, жө-телге шағымданады. Қақырықта қан жолағы бар. 5 күндей дене қызуы субфеб-рильды болды. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Қақырықта ТМБ анық-талмаған. Лейкограммада: лейкоциттер – 9,5 х 109, эозинофильдер – 7 %, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің 2-ші сегментінде диаметрі 4 см-ге дейін, шеті салыстырмалы анықтықтағы, бояу қаңықтығы әлсіз гомогенді күңгіртену көлеңкесі көрінеді. Сіздің болжама диагнозыңыз:

А) жоғары бөліктік пневмония

+ В) өкпенің инфильтратты туберкулез

С) ракты пневмония

D) эозинофильды инфильтрат

Е) абсцестелген пневмония

$$$011

Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің бірінші рет анықталған инфильтратты туберку-лезінің ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен 1 категория бойынша толық тера-пиялық курсын 50 жастағы Е. деген науқас былтырғы жылы алған.Терапевтік нәтижеге жеткен, бактерия бөлу тоқтаған, бірақ ыдыраған жерде каверна түзілген. Рентгенограммаға қараңыз:Сіздің таңдаған мүмкін болатын диагноз:

А) Инфильтратты туберкулез ыдырау фазасы

В) Абсцестерленген пневмония

С) Туберкуломаның ыдырауы

+ D) Өкпенң кавернозды туберкулезі

Е) Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі

$$$012

Науқас Б. 35 жаста, 2 апта бұрын жедел ауырған дене қызуының 39о дейін көтерілген, жөтел пайда болған. Пневмония диагнозы қойылған. Бейспецификалық ем жүргізілген. Жағдайы аздап жақсарған, бірақ тәулік бойынша қақы-рықтың көлемі 300 мл дейін жоғарлаған, жағымсыз иісі бар. Объективті: науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Перкуторлы: сол жақ жауырын аралығындағы кеңістікте өкпелік дыбыс қысқарған және осы жерде әртүрлі ылғалды сырылдар естіледі. Лейкограммада: лейкоцитоз – 20 х 109, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қақырықта ТБ анықталмаған. Рентгенограммада – сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде күнгірттену көлеңке тұсында көлденең деңгейдегі сұйықтық сақинатәріздес қуыста көрінеді. Сіздің таңдаған болжама диагнозыңыз: