КҮНТІЗБЕЛІК - ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

МАЗМҰНЫ Сағат саны Апталар
Модуль 1 «Философия пәні. Философия ғылымының қалыптасуы»
  Дәріс 1. Философияның пәні, мақсаты және қызметтері 1 апта
Практикалық сабақ 1. Философиялық білімнің негізгі сипаттары.  
СӨЖ 1. Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.
Дәріс 2. Ежелгі дүние философиясы. Қазактардың алдыңғы философиясы. Ежелгі Шығыс философиясы. Антика философиясы. 2 апта
Практикалық сабақ 2. 1.Көшпелі өмір салты – қазақ дүние танымының қалыптасуының алғы шарттары. 2.Көне Үнді философияның ерекшеліктері, философиялық ерекшеліктері, негізгі ұғымдары және бағыттары. 3.Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері  
СӨЖ 2. 1. Қазақ халқының өмір сүру салтымен байланысты категориялар: Өмір,Өлім, Араласу, Намыс, Парыз, Кісілік. 2. Көне Қытай философияның идеологиялық – практикалық сипаты, негізгі мектептері және өкілдері  
Дәріс 3. Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы. 3 апта
Практикалық сабақ 3. 1.Орта ғасырдағы мұсылман философиясы. 2.Орта ғасырлық христиан философияының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
СӨЖ 3.1.Әл-Кинди және әл-Ғазали философиясы. «Таза ағайындардың» әлеуметтік көзқарастары 2.Августин Аврелий, Томас Аквинатттың діни философиясы
Дәріс 4. Қайта Өркендеу дәуірі философиясы. 4 апта
Практикалық сабақ 4. 1. Қайта Өркендеу Дәуірінің негізгі сипаттары. Антропоцентризм және гуманизм. 2. Орта ғасырлық ойлаудан Ренессанстықа өту кезеңі. Э. Роттердамский; М. Монтень; Н. Кузанский.
СӨЖ 4. 1.Қайта өрлеу дәуіріндегі өнер және ғылым. Л. Винчи, Н. Коперник, Д. Бруно, Г. Галилей ілімдері. 2.Қайта Өкендеу дәіріндегі әлеуметтік – саяси философия. Н.Макиавелли, Т.Мор, Т. Кампанелла.  
СӨЖ 1. 1. Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі. 2. Қазақ халқының өмір сүру салтымен байланымсты категориялар: Өмір,Өлім, Араласу, Намыс, Парыз, Кісілік. 3. 1.Орта ғасырдағы мұсылман философиясы. 2.Орта ғасырлық христиан философиясының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері. (СӨЖ- КТЖ-да)  
Модуль 2. «Жаңа дәуір және ХХ-ХХІ ғғ. философиясы»
Дәріс 5. Жаңа дәуір философиясы. 5 апта  
Практикалық сабақ 5. Фрэнсис Бэкон - танымның эмпирикалық тәжірибесінің негізін калаушы. Рене Декарттың рационализмі.
СӨЖ 5Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза. Лейбництің монадологиясы. Дж Локк пен Т.Гоббстың әлеуметтік-философиялық концепциялары.
Дәріс 6. XVIII ғасырдағы Европаның Ағартушылық философиясы 6 апта  
Практикалық сабақ 6. 1. Шарль Луи Монтескье табиғи факторлардың негізінде коғамның генезисі мен мәні туралы. Франсуа Вольтер: теңдік дегеніміз заң мен кұқықтың алдында тең болу. Жан Жак Руссоның коғамдык келісім-шарт теориясы.
  СӨЖ 6. Гельвеций, Ж. Ламетри және Поль Анри Гольбахтың материализмі.
Дәріс 7. Классикалық неміс философиясы     7 апта
Практикалық сабақКлассикалық ұғымы. 1.И.Кант - классикалық неміс философиясының негізін салушы. И.Канттың гносеологиясы мен этикасы. 2.Г.В.Гегель философиясының негізгі ұғымдары.
СӨЖ 7.Людвиг Фейербахтың антропологиялық материализмі. Махаббат діні теориясы.  
СӨЖ 2. 1.Таным әдістерін іздеу: эмпиризм және рационализм, материализм және идеализм. Дүниенің жаңа, механикалық бейнесі. 2.Феодалдық ережелердің Дени Дидро шығармаларында сыналуы. 3.Гегель логикасының ерекшеліктері  
Дәріс 8. XVIIIғ.соңы - XXIғ. басындағы философия 8 апта    
Практикалық сабақ 8. 1. Карл Маркстің ілімі. Позитивизм: ғылымның үстемдігін және философияның пәні мен рөлін өзгертуді жариялау. Огюст Конт. 2. Психоанализ. З.Фрейд және Э.Фромм. Неопозитивизм. Прагматизм философиясы.  
СӨЖ 8. 1.Герберт Спенсер. Эрнест Мах пен Рихард Авенариустің эмпириокритицзмі және субъективті идеализмі. 2.Өмір философиясы: С.Къеркегор, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше. Экзис­тенциализм: М.Хайдеггер. Ж.Сартр. А.Камю. К.Ясперс. Н.Аббаньяно. Постмодернизм. 3. Неотомизм. Структурализм. КЛеви-Стросс. Герменевтика: Г.Гадамер. 4.Философиялық мистицизм. Е.Блаватскаяның теософиялык мистицизмі.
Аралық бақылау 1 (бақылау жұмысы)
Модуль 3. «Дүниені философиялык түсіну негіздері»
Дәріс 9. Қазақ философиясы   9 апта
Практикалық сабақ 9.1.Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері. 2. Түркі дүниетанымы - қазақ философиясының бастауы. Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауи.
СӨЖ 9.Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шығармашылығындағы философиялық даналық.
Дәріс 10. Болмыс - онтологияның орталық категориясы.       10 апта
Практикалық сабақ 10. Болмыс категориясы. Болмыстың түрлері. Материя категориясы. Қозғалыс. Кеңістік және уақыт.
СӨЖ 10.Философия мен ғылымдағы сана мәселесі.
Дәріс 11. Даму принципі: диалектика және синергетика.   11 апта
Практикалық сабақ 11. «Тұтастық», «жүйе», «кұрылым», «бөлік» және «элемент» категориялары. Синергетика методологиясы.
СӨЖ 11. Диалектиканың категориялары.
СӨЖ 3. 1.Зигмунд Фрейдтің бейсаналы туралы ілімі. Карл Густав Юнг: үжымдык бейсаналы және сана архетиптері 2.Диалектика және метафизика.Синергетика заңдылыктарының қазіргі замандағы маңызы.  
Модуль 4 « Философия ізденіс және даму жолында»
Дәріс 12. Танымның мүмкіндіктері мен шекаралары.     12 апта
Практикалық сабақ 12.Эпистемология.
СӨЖ 12.Танымнын эмпирикалык және теориялык деңгейлері.
Дәріс 13.Философиялық антропология.     13 апта
Практикалық сабақ 13.Философия адамның мәні туралы. Философиялық антропологиядағы адамның «синтетикалық» концепциясы: М.Шелер, А.Гелен, Г.Плеснер.
СӨЖ 13. Адам, жеке адам,тұлға.
Дәріс 14.Әлеуметтік философия.     14 апта
Практикалық сабақ 14.1.Қоғамның типтері. Қоғамның әлеуметтік кұрылымы. «Мәңгілік ел» идеясы.
СӨЖ 14.Маршалл Маклюэннің «жаһандык мекені» - ақпараттық өркениет үлгісі. Мануэль Кастельстің желілік қоғам концепциясы.
СӨЖ 4 1. Қазіргі заманғы әлеуметтік стратификация концепциялары. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің постмодернистік даму ерекшеліктері: отбасылык кұндылыктар, еңбек этикасы, дамудың әлеуметтік-мәдени негіздері. 2. Танымның негізгі әдістері. 3. Әлеуметтену, білім алу, коммуникация және олардың адамның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі. 4.Дэниел Белл, Манулэь Кастельс, Юрген Хабермас, Энтони Гидденс, Жан Бодрийяр және тағы басқалардың ілімдерін сыни сараптау.
Дәріс 15. Қазіргі заманның жаһандык мәселелерін философиялық пайымдау.   15 апта  
Практикалық сабақ 15.Негізгіжаһандық мәселелер. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Н.Ә.Назарбаев қазіргі заманның он жаһандық сын-катері және туралы.
СӨЖ 15.Тұрақты даму - әлеуметтік прогресстің ұтымды түрі.
Аралық бақылау 2 ( Бақылау жұмысы)    
  Емтихан    
  Барлығы: дәріс- Практикалық сабақтар СӨЖ  

Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары және оларға дайындыққа арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Философия пәнінен практикалық сабақтардың мақсаты – лекция сабақтарында алынған білімді бекіту, философияныңтүйінді мәселелері мен тарихи дамуының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін творчестволық игеру, студентердің ойлау және өз ойын ауызша жеткізе білу қабілетін дамыту.

Философия пәнінен практикалық-семинар сабақтары студент жұмысының ең басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады, сондықтан студенттен мұқият дайындық, ыждағаттылық және үлкен жауапкершілік талап етіледі. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары, дайындыққа қажетті оқулықтар мен түпнұсқалар тізіміфилософияның ОӘК-не кіретін силлабустан табуға болады.

Студент әрбір сұрақ мазмұнын толық, жан-жақты ашуға, терең ұғынуға ұмтылуы тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін оқулықтар мен Интернет материалдарын қолданумен шектелмей, әлемдік философиаларының ой өкілдерінің еңбектерімен танысып, талдай білу қажет.

Студент талқыланып отырған сұрақтың мазмұнын ауызша және өзі дайындаған қысқашаконспектілерге сүйеніп баяндай алады. Қысқаша конспектілер тақырыпты есте сақтауға және жақсы ұғынуға көмектеседі. Сұрақ мазмұнын оқулықтан оқып беру жауап болып саналмайды.

Семинар сұрағын баяндауда методикалық-техникалық,ІТ құралдары,схемалар мен слайдтарды қолдану тақырыпты тереңірек ұғынуға көмектеседі және жоғары балл (тақырыптың презентациясы) алуға ықпал етеді.

Сабақ айтуға дайындық барысында өз ойын логикалық түрде, мазмұнды, анық, айқын жеткізуге, шешен сөйлеп үйренуге басты назар аударған жөн.

Практикалық сабақтардың барлығына ортақ форма – студентердің практикалық сабақ тақырыбының сұрақтарын талқылау процесіне түгел қатысуы, сабақтың еркін пікір алысу түрінде өтуі.

 

1 сабақ. Философияның мәні және мақсаты

1. Көзқарас және оның құрылымы

2. Философиялық көзқарастың ерекшеліктері

3. Философианың мәдениет жүйесіндегі орны

 

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002.

3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

 

Сабақтың мақсаты: философия ғылымының зерттеу обьектісін анықтау, көзқарастың ерекше түрі болып табылатын философиялық көзқарастың ерекшеліктерін түсіну, философияның мәдениет жүйесіндегі орнын және адам мен қоғам өміріндегі рөлін көрсету.

Философия пәні бойынша оқу бағдарламасының жалпы құрылымына кіріспе болып табылатын бұл күрделі тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару қажет:

Философия – адамзат білімінің ең ежелгі және қызықты салаларының бірі. Философия – даналыққа құштарлық және дүниені ерекше интеллектуальдық меңгеруге талпыныс. Көзқарастың әлеуметтік-тарихи феномен және әлем мен ондағы адамның алатын орнына деген негізгі көқарастарды қорыту ретіндегі мәні. Дүниеге көзқарастардың негізгі типтері: мифологиялық, діни, өмірлік-тәжірибелік және философиялық.

Философиялық көзқарастың іргетасы - әлем және адамды ақыл мен білім тұрғысынан түсіну.

Философия – адамзаттың жалпы мәдениетінің ажырамас бөлігі және қоғамның рухани өмірінің маңызды компоненті. Философияның рухани квинтэссенция ретіндегі “мәңгілік” мәселелері.

 

2 сабақ. Қазақ дүниетанымның негізгі ұғымдары.

 

1. Қазақ дүниетанымы қалыптасуының алғышарттары.

2. қазақ дүниетанымының негізгі категориялары: Адам, Дүние, Өмір, Араласу, Кісілік.

Әдебиет:

1. Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 кітаптар. Алматы, 1991-2005.

2. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. Алматы, 1994.

3. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001.

4. Сегизбаева О.А. История казахской философии. Алматы, 2001.

 

Сабақтың мақсаты: қазақ дүниетанымының қалыптасу ерекшеліктерін және негізгі категорияларын талдау.

Тақырыпты дайындау барысында келесі мәселелерді қарастыру қажет:

Қазақ дүниетанымы қалыптасуы негізгі – көшпенді өмір салты. Көшпелілікті отырықшы өркениет өміріндегі абсурд құбылыс деп европоцентристік тұрғыдан түсіндіруге сын. Көшпенді өмір салтының ерекшеліктері. Табиғатпен үйлесімділік, мәңгі қозғалыс қалпында болу – дамудың негізі. Көшпенділер шаруашылығының практикалық сипаты. Көшпенді өмір салтының қазақ халқының адамгершілігі мен асқақ рухани мәдениетінің қалыптасуына ықпалы.

Адам – қазақ түсінігінде табиғатты және өзін өзгертуші обьект.

Дүние, Өмір – адам болмысының жоғарғы құндылығы, басқа құндылықтардың негізгі және жалғыз мүмкіндігі.

Араласу қазақ халқы өмірінің мәні және барлық адамзат өкілдерімен бірлесе болмыс кешу тәсілі. Араласудың деңгейлері: қарым-қатынас, келіп-кету, сіз-біздесу, араласу, іштесу.

Кісілік – адам жетілгендігінің жоғары деңгейі.

 

3 сабақ. Ежелгі Үнді және Ежелгі Қытай философиясы

1. Ежелгі Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері.

2. Буддизм – адамгершіліктік-этикалық ілім.

3. Көне Қытай филосоиясының сипаттық ерекшеліктері.

4. Конфуцийшілдік және даосизм – Ежелгі Қытай философиясының негізгі ағымдары.

 

Әдебиет:

1 Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

2 Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы. 2001.

 

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Үнді және Қытай философиясының

негізгі бағыт-мектерін, ұғымдарын игеру және белгілі ойшылдарының ілімдерімен танысу.

Тақырыпты зерттеудің түйінді мәселелері:

Ежелгі Үнді қоғамының рухани мәдениеті мен философиялық ойының дамуындағы Ведалардың рөлі. Ведалардың бөлімдері: Самхиттер, Брахмандар, Араньяктар және Упанишадалар. Упанишадалардың философиялық мазмұны. Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортодоксалды емес мектептері.

Азап – буддизмнің негізгі категориясы. Нирвана – балмыстың мәңгі өзгергіштігі туралы ақиқатты игеру және дұрыс өмір сүрудің прициптерін бұлжымай ұстанудың көмегімен азаптан құтылу. Жалпы Үнді философиясы мен буддизмнің дүниежүзілік маңызы.

Қытай философиясы: прагматикалық сипаты және өмірдің практикалық жағына бағытталғандығы. Ежелгі Қытай философиясының ескерткіштері. “Өзгерістер Кітабы ”. Қытай философиялық негізгі түсініктері: дао, ци, жэнь, ли, у-вэй. Лао-цзы – даосизмнің негізін салушы. Даосизм философиясының ерекшеліктері.

Конфуций – Конфуций мектебінің негізін қалаушы. Ақсүйектерді құрметтеу, қоғамда қатал субординацияны талап ету – кейіннен Қытайдың ресми идеалогиясы болып жарияланған конфуциандықтың негізгі ережелері.

 

4 сабақ. Антика философиясы

1. Милет мектебі мен Пифагор философясындағыАлғашқы бастау проблемасы. Демокрит пен Левкипптің атомисткасы.

2. Софистер мен Сократ философиясындағы адам проблемасы.

3. Платон және Аристотель философиясы.

4. Эллинизм философиясы.

Әдебиет:

1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы, 1999.

2. Интернет: www.phlosophy.ru

 

Сабақтың мақсаты: Философия ғылымының бастауы болып табылатын көнеГреция философиясының жалпы мазмұнын ашу, негізгі өкілдерінің көқарастарын игеру.

Тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару қажет:

Милет мектебі – антика философиясының пайда болу ошағы. Бардың Алғашқы бастауының іздеу. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен ілімдері, олардың ортақ сипаттары. Пифагор, оның сан және өлшемдік туралы ілімі. Демокриттің болмыс пен бейболмысты бөлуі: әлемде барлығы атомдардан және олардың қозғалысынан тұрады.

Софистер даналықты ғана емес, адамгершілікпен шектелмей, іскерліктен, мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарды атқару білуден тұратын асыл қасиетке үйретуші ұстаздар. Софистердің риторикасы. Протагор “Адам дегеніміз барлық заттардың: тіршілік етіп отырғандықтан тіршілік етіп отырған және тіршілік етпей отырғандықтан тіршілік етпей отырған барлық заттардың өлшемі”. Сократтың этикалық философиясы, адамгершіліктік ұғымдарды анықтау. Сократ: “асыл қасиет дегеніміз – білім, өмірдің мәні мәселесі, Сократтың өлімі мәнді өмір ретінде ” Платон мен Аристотель флософиясы – грек философиясының ең биік дамуы. Платонның “Идеялар” теориясы: әр түсінікке болмыс сәйкес. Платонның жан туралы ілімі: жан өзінің денелік табиғатынан бұрын тіршілік етеді. Жетілген және әділетті, яғни идеалды мемлекет туралы ілім. Аристотель: категориялар туралы; материя мен форма туралы; болмысты зерттеу құралы ретінде логика туралы; адам жаны туралы; мемлекет туралы ілім.

Грек демократиясының б.д.д. IV ғ соңындағы дағдарысы. Эллинистік философиясының және оның негізгі ағымдары стоицизм мен эпикуризмнің пайда болуы. Стоицизим идеалдары – сабырлылық және тыныштық. Эпикур: рухани тұрақтылықтың гедонистік этикасы.

 

5 сабақ. Орта ғасыр философиясы

 

1. Орта ғасыр философиясы дамуының кезеңдері. Аврелий Августин және Фома Аквинский ілімдері.

2. Реализм және номинализм: универсалийлер проблемасы.

3. Әл Кинди, әл Фараби, ибн Сина, ибн Рушд перипатетизмі.

4. Әл Ғазали және араб тілді философиясының теологиялық дамуы.

 

Әдебиет:

1. Есім Ғ. Фалсафа тарихы. Алматы, 2000.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

3. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: Орта ғасырлардағы Батыс және Шығыс философиясының ерекшелітерін, зерттеу мәселелерін талқылау.

Семинар сұрақтарына дайындалу кезінде келесі аспектілерге назар аудару керек:

Орта ғасырлық христиандық философия: Інжілдің діни-философиялық идеялары және антика философтардың ілімдері ортағасыр христиан философиясының негізі ретінде. Оның дамуының негізгі кезеңдері: алғаш патристика және классикалық патристика, схоластика.

Августин Аврелий ілімі: Құдай туралы, екінші реалдылық ретіндегі дүние туралы және тағдыр туралы.

Фома Аквинский: Құдай болмысының бес дәлелі. Философияны діни ілім ретінде түсіну. Томизм – католизмнің теориалық құралы. Реализм мен номинализм: универсалий табиғаты туралы пікірталас. У.Оккам: кез-келген танымның обьектісі болып тек жеке табылады.

Ортағасырлық мұсылман философиясы. Философия тарихын зерттеудегі европоцентристіктерді жеңу. Мұсылман елдеріндегі мәдениет пен дін.

Әл Кинди және арабтілді философияның бастауы. Ибн Синаның таным теориясы. Ибн Рушд: дін, теология және философия; ақылдың діннен басымдылығы. Латын аввероизмі.

Әл Ғазали: мұсылмандық теология. Ақиқатты іздеу, Аристотелизмді сынау, теология мен суфизмді татуластыру. Араб тілді философиясының маңызы, оның Европа философиясына дамуға әсер етті.

 

6 сабақ. Қайта Өркендеу философиясы

1. Антропоцентризм және гуманизм – Ренессанс философиясының негізгі белгілері. Адам мәселесінің Қайта Өркендеу өнерінде бейнеленуі.

2. Ортағасырлық ойлаудан Ренессансқа өту: Э. Роттердамский, М. Монтень, Н. Кузанский.

3. Қайта Өркендеу дәуіріндегі ғылым: Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей.

4. Ренессанс дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия: Н.Макиавелли,Т.Мор, Т.Кампанелла.

 

Әдебиет:

1. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

2. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: Ренессанс философиясының маңызын түсіну, негізгі философиялық, ғылыми және әлеуметтік идеаларын талдау.

Тақырыпты игеру барысында мына мәселелерге назар аудару қажет:

Қайта Өркендеу философиясының еркшеліктері мен айырмашылықтарын Ренессанс философиясын Орта ғасыр философиясымен салыстыра отырып талдау. Ренессанс және адамның асқақтатылуы. Адам - өзін-өзі жасаушы және әлемді игеруші. Адам мәселесі поэзияда және бейнелеу өнерінде: Данте Алигьери, Франческо Петрарка, Леонардо да Винчи, Рафаль Санти.

Э. Роттердамскийдің “Ақымақтықты мадақтау”, М.Монтеньннің “Тәжірибелер” еңбектеріндегі адам еркіндігі идеясы.

Қайта Өркендеу дәуіріндегі ғылым және оның жаңа ойлауды қалыптастырудағы рөлі.

 

7 сабақ. Жаңа Дәуір философиясы

 

1. Ф. Бэконның эмпиризмі және Р.декарттың рационализмі – Жаңа Дәуір философиясының ағымдары.

2. Д.Локк, Д.Беркли және Д.Юмнің гносеологиясы.

3. Р.Декарт, Б. Спиноза, Г.Лейбництің онтологиясы.

4. XVIII ғасырдағы француз материализміндегі табиғат, қоғам және адам туралы Ағартушылық идеялары.

 

Әдебиет:

1. Батыс философиясының антологиясы. Алматы, 2002.

2. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002.

Сабақтың мақсаты: Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм, рационализм және әлеуметтік-саяси бағыттарының негізгі өкілдерінің философиялық ойларын сараптау.

 

Талқыланатын мәселелердің негізгілері:

Философияда дүние туралы ғылыми түсініктің дамуы. Ф.Бэкон – танымның қазігі заманғы индуктивтік методының және ғылыми қызметті логикалық жүйелеудің негізін салушы. Ф.Бэкон эксперименттің таным барысындағы басымдылығы туралы. “Білім - күш”, “Идолдар” сыны. Р.Декарт рационализмі “Ойлаймын, демек тіршілік етемін”. “Универсалды математика” біртұтас ғылыми әдіс ретінде. Субстанциялар дуализмі.

Д.Локк: туа біткен білімдерді терістеу, эмпиризмнің дамуы, бірінші және екінші сапалар теориясы, табиғи құқық принциптері. Д.Беркли: субьект қабылдауларының салыстырмалылығы. Д.Юмнің агностицизмі: себептіліктің обьективтік сипатын танып білудің мүмкін еместігі.

Б.Спиноза: субстанция тралы ілім. Құдай субстанция, табиғаттың алғашқы негізі ретінде. Субстанцияның сипаттық белгілері. Спинозаның пантаизмі. Г.Лейбниц: әр түрлі субстанциялардың шексіз көптігі – монадалар туралы ілім. Монадалардың негізгі топтарының иерархиясы.

Ағартушылық дәуірі: ақыл мен сенімнің қарсы тұрыуы. Француз философтарының “Ғылымдар. өнер және кәсіптер энциклопедиясын” құрастыруы – ақыл, ғылым және білімді шексіз асқақтау. Француз ойшылдарының атеизмі, материализмі және антропологизмі. П.Гольбах: әлемнің алғаш негізі – материалдық бөлшектердің әр түрлі формалары. Ж.ЛаметриҒ өмір, адам және сана – табиғаттың эволюциялық дамуының нәтижесі. Вольтер шығармашылығындағы еркіндік идеялары. Ж.Ж.Руссо философиясы.

 

8 сабақ. Неміс классикалық философиясы

 

1. И.Кант философиясындағы гносеология және этика.

2. И.Фихте философиясындағы субьектінің белсенділігі проблемасы.

Шелингтің натурфилософиясы.

3. Г.Гегельдің идеалистік жүйесі және диалектикалық методы.

4. Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі және гуманизмі.

5. К.Маркс пен Ф.Энгельстің материалистік ілімі.

 

Әдебиет:

1. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002.

2. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы, 1999.

Сабақтың мақсаты: Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілдерінің дүниежүзілік маңызы бар ілімдерін талқылау.

Берілген тақырып игеруге күрделі және маңызды болып саналады, сондықтан дайындық процесінде ерекше салмақтылықты талап етеді. Келесі мәселелерге назараудару қажет:

И.Кант – неміс классикалық философиясының негізін салушы. Кант гносеологиясы: априори (тәжірибеге дейін) білім түсінігі – тәжірибені ақыл мен трансценденталды категориялар көмегімен түсіну. Таныпбілімбейтін дүние “өзіндік зат” ретінде. Канттің антимониялар туралы ілімі. Кантттің категориялық императиві – ақылды практикалық қолдану. Кант адамның парызы мен абыройы туралы. Кант этикасы және қазіргі заман.

Гегельдің XIX-XXғ.ғ. философиясына ықпалы. Абсолютттік идея, Логос-тұтас, барлық бардың негізі ретінде. Рух – абсолюттік идеаның жүзеге асуы ретінде. Триада формасында даму. Гегельдің диалектикалық әдісі. “Бақытсыз сана” туралы түсінік.

Л.Фейербахтың антропологиялық материлизмі: адам – табиғи тіршілік етуші. Л.Фейербахтың сенсуализмін танып теориясындағы антропологизм ретінде түсіну. Адам – махаббат обьектісі. Фейербахтың гуманизмі: адамды жаттанудың әр түрлі формаларынан азат ету.

К.Маркс: жаттанған еңбектің мәнін ашу. Жаттану және жеке меншік. әлеуметтік проблематика – марксизмнің ядросы. Материалдық базис – қоғамдық өмірдің бүкіл жүесінің басты звеносы. Маркс ілімі және әлемдік философиясының әрі қарай дамуы. Ф.Энгельс табиғи ғылымдардың философиялық негіздемесі туралы.

 

9 сабақ. XIX-XX ғасырдағы батыс философиясының негізгі бағыттары

1. С.Кьеркегер, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше шығармашылығындағы пессимизм мен иррационализмнің философиялық негіздемесі.

2. Позитивизм мен неопозитивизмнің философиялық проблемалары.

3. Экзистенциализм, оның негізгі бағыттары және ерекшеліктері.

4. Герменевтиканың негізгі мәселелері.

 

Әдебиет:

1. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2001

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004

3. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001.

 

Сабақтың мақсаты: XIX ғасырдағы Батыс философиясының сипаттық мазмұнын, негізгі мәселелерін сараптау.

Тақырыптың ең маңызды аспектілері:

А.Шопенгауэр – XIX-ғ. Философиясының басты бағыттарының бірі – “өмір философиясының” негізін салушы. “Өмір философиясының” рационализмді сынауға бағытталғандығы. Дүниенің мәнін ақылсыз ерік, соқыр күш ретінде түсіну: адам өміріндегі болып жатқанның барлығы тарих пен табиғат заңдары еріктің обьективтенуінің сатылары болып саналады,бейсаналыққа бағынады. Шопенгауэрдің пессимизмі: өмірдің бәрі – азап.

Ф.Ницше – Шопенгауэрдің “өмір философиясын” жалғастырушы және өзгертуші. Христиан құндылықтарын қайта бағалау. Ницшенің Аса туған адам туралы ілімі. Адамның бақыты – оның өсу және өзін анықтау процесіне ұмтылысында.

Къеркегордың экзистенциализмі мен “өмір философиясының” ортақ сипаттары. Трагикалық және экзистенциалдық таңдау мәселесі оның философиясының орталық проблемасы ретінде.

Позитивизм: тәжірибеге сүйенетін нәрсе ғана ақиқат. О.Конт: философияның міндеті – обьективті өмір сүретін материалдық әлем туралы нақты ғылымдардың мәліметтерін жалпылау және жүйелеу. Махизм: әлем “түйсіктер комплекстері” түрінде. Неопозотивизм. К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун: ғылыми теориялардың шын екендігін анықтау әдістерін жасау.

XX ғ экзистенциализмі Европадағы терең әлеуметтік дағдарыстардың бейнесі ретінде. Философиялық талдау обьектісі – адамның өмір сүруі мәселесі, абсурдті қоғамнан жаттанған адамның сезімдері мен уайымы. Экзистенциализмнің категориалдық аппараты: жалғыздық, азап шегу, күйзелу, тасталғандық, үрей. Неміс экзистенциализмі. М.Хайдеггер: экзистенция - өзіндік сана негізі, адам болмысының орталығы. К.Ясперс: адам болмысының және оның өмірінің мәнінің “шекаралық жағдайларда” ашылуы. Француз экзистациализмі. Ж.П.Сартр: экзистенциализм гуманизм ретінде. Адам тек “проект” қана, ол өзін өзі қалыптастыруы тиіс. А.Камю:адамға абсурд дүние қарсы тұрады. Итальяндық экзистенциализм. Н.Аббаньяно: экзистенциализмнің позитивті сипаты.

Герменевтика – түсіну философиясы. Мәтінді талқылау мәселесі. В.Дильтейдің гременевтика рух туралы ғылым әдістемесі деп түсінуі. Г.Гадамер түсіну механизмдері (тіл, қимылдар, өзара үнсіздік сақтау) туралы. Түсіну – диалог процесінде өмірді “ұстап алу”. Мәтін философиялық рефлексия феномені ретінде.

 

10-11 сабақтар. Қазақ философиясы

 

1. Қазақ философиясының бастаулары: әл Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Иасауи философиясы.

2. Ш.Уәлихановтың философиялық және қоғамдық саяси көзқарастары.

3. Ағартушылық философиясы және Ы.Алтынсарин шығармашылығының гуманистік мәні.

4. Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары.

5. Ш.Құдайбердиевтің діни-философиялық көзқарастарының ерекшеліктері.

6. XX-ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының философиялық көзқарастары.

 

Әдебиет:

1. Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 кітаптар. Алматы, 1991-2005.

2. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлем: әлеуметтік-философиялық талдау. Алматы, 2000.

3. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001

4. Сегизбаев О.А. История казахской философии. Алматы, 2001.

5. Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы, 1994.

 

Сабақтың мақсаты: Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін,даму кезеңдерін анықтау, негізгі ойшылдарының көзқарастарын талдау.

Тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:

Қазақ философиясы дамуының негізгі сатылары. Қазақ философиясының бастаулары – ежелгі түркі ойшылдарының философиясы.

Әл Фараби философиясы. Антикалық даналықтың әл Фараби шығармашылығында дамуы: философияның зерттеу обьектісін анықтау; болмыстың негізгі заңдары мен категорияларын; танудың формаларын, сатыларын және тәсілдерін сараптау; логика бойынша зерттеулер. Екінші Ұстаздың әлеуметтік-этикалық доктринасы: “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат”.

Ж.Баласұғынның “Құтадғу білік” еңбегіндегі адамгершіліктік категориялар.

Қ.А.Иасауидің “Диуани Хикмет” еңбегіндегі түркі суфизмінің еркшеліктері.

Ш.Уәлиханов: келешекке бағытталғандық, қазақ қоғамының саяси құрылымын, әлеуметтік жағдайлары мен тарихи болмысын зерттеу.

Ы.Алтынсарин: халықтың болашағы – білімге деген ұмтылыста. Адмгершілік пен білімнің бірлігі. Алтынсариннің гуманизмі: адам біртұтас адамзат тегінің өкілі ретінде. Адал еңбек пен шаманы білу – адам бақытының негізі.

Абайдың философиялық антропологизмі және экзистенциализмі. Абайдың “Қара сөздері” және қазіргі заман. Адамның жағымсыз қасиеттерін сынау. Абай шығармашылығындағы руханилық және таңдау еркіндігі мәселесі.

Шәкәрімнің діни-философиялық көзқарастарының ерекшеліктері. Сенім мен ақыл мәселесі. Шәкәрімнің этикасы: ар-ұждан – адам өлшемінің критериі.

12 сабақ. XIX-ғасырдың соңы-XX ғасырдың басындағы орыс философиясы

1. Л.Толстойдың өмірмәндік философиясы.

2. В.С.Соловьевтің діни-философиялық идеялары.

3. Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.

 

Әдебиет:

1. Нұрышева Г.Ж. адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001.

 

Сабақтың мақсаты: XIX-ғасырдың соңы-XX-ғасырдың барысындағы орыс философиясының мазмұнымен танысу, негізгі өкілдерінің көзқарастарын игеру.

Тақырыптың өзекті мәселелері: Орыс философиясының әлемдік философиялық жүйедегі орны. XIX-ғасырдың соңы-XX-ғасырдың барысындағы орыс философиясының қалыптасу шарттары.

Л.Толстой шығармаларында экзистенциалдық мәселелердің бейнеленуі. “Тәубе” және “Иван Ильичтің өлімі” еңбектерінің философиялық мазмұны.

В.С.Соловьев философиясы: Ресей және адамзат. Адамгершілік – адам болмысын анықтаушы фактор.

Н.А.Бердяев философиясының ерекшеліктері. Жеке адам мен оның еркіндігі – Бердяев философиясының негізгі мәселесі.

 

13 сабақ. Онтологияның негізгі мәселелері

 

1. Монизм, дуализм және плюрализм концепсияларындағы субстанция проблемасы. Материя философиялық категория ретінде.

2. Қозғалыс, кеңістік және уақыт – материяның өмір сүру формалары.

3. даму және жалпы өзара байланыс принципі.

4. Философиядағы сана мәселесі.

 

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алмты, 2004.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

Сабақтың мақсаты: онтологияның зерттеу обьектісін анықтау, материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт, даму категорияларын талқылау.

Тақырыптың маңызды сұрақтары: Субстанция болмыстың өзгермейтін жойылмайтын негізі ретінде. Субстанция мәселесін монистік, дуалистік және плюралистік тұрғыдан шешудің ерекшеліктері. Материя категориясы туралы антикалық түсінік. XIX-ғ. соңы-XX-ғ. басындағы ғылыми жаңалықтардың материяны түсінудегі рөлі. Материяның лениндік анықтамасы қозғалыс және болмыстың өзгергіштігі. Материя мен қозғалыстың бірлігі. Материя қозғалысының формалары және олардың өзара байланысы. Ф.Энгельс материя қозғалысының түрлері туралы. Қозғалыс формаларын түсінудегі механицизм, редукционизм және энергетизм. Кеңістік пен уақыт қозғалыстағы материяның атрибуттары ретінде. Кеңістік пен уақытты субстанционалдық және реляциондық тұрғыдан түсіну. Кеңістік пен уақыттың негізгі қасиеттері.

 

14 сабақ. Таным теориясы

 

1. Таным – шындықты бейнелеу формасы

2. Адам – таным субьектісі

3. Ақиқат ұғымы. Ақиқаттың критерийлері.

 

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және тағы басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

Сабақтың мақсаты: Гносеологияның негізгі зерттеу мәселелерін, танымның формалары мен тәсілдерін талқылау.

 

Келесі мәселелерді талдау қажет:

Танудың көптүрлілігі. Білімнің қарапайым, ғылыми, ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс формалары. Сенсуализм және рационализм. Сезімдік тәжірибе және рационалды ойлау, олардың негізгі формалары.

Танымның субьектісі мен обьектісі. Бейсубьектілі таным теориясы. Адам танымының субьектісі ретінде. Адамның танымдық қабілеттері. Алғы шарттық білім: айқын және айқын емес алғы шарттық білім, тұлғалық білім теориясы (М.Полани).

Философиядағы және ғылымдағы ақиқат мәселесі. Ақиқат мәселесінің философия тарихында зерттелуі. Ақиқаттың объективтілігі. Ақиқаттың нақтылығы. Ақиқаттың өлшемі. Ақиқат,адасу және жалған. Скептицизм және агностицизм.

 

15 сабақ. Тарих философиясы

 

1. Қоғам философиялық зерттеу обьектісі ретінде.

2. Тарихтың формациялық және өркениеттік концепциялары.

3. Қоғамдық сана және оның формалары.

 

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

 

Сабақтың мақсаты: Әлеуметтік философияның негізгі мәселелерінің қарастыру және қоғамның тарихи дамуы туралы концепцияламен танысу.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Тарих өткен шақ туралы универсалды білім типі. Тарих философиясының зерттеу обьектісі – тарих қозғалыстың бағытталғандығы мен кері айналмайтындығын танып-білу. әр түрлі заман философтары тарихтың мәні туралы. “Қоғам прогресі” түсінігі, прогрестің өлшемі.

Қоғам дамуының екі концепциясы: формациялық және өркениеттік. К.Маркстің қоғамдық - экономиколық формация теориясының мәнін сыни талдау. К.Маркс: еңбек өнімділігі мен өндіріс құралдарының прогресі қоғамдық-экономикалық формацияның қозғаушы күші ретінде.

Тарихи дамудың өркениеттік концепциялары. О.Шпенглер, А.Тойнби, П.Сорокин – тарихты сызықтық процесс деп түсінушілікке қарсы шығушылар. Тарихи дамудың қазіргі концепциялары: қоғамдардың көптүрлілігі, қоғамдық өзгерістердің сызықтық емес процестері.

Қоғамдық сана және оның формалары. Қоғамдық сана мен жеке сананың өзара байланысы жалпы мен ерекшенің арақатынасы ретінде. Қоғамдық сананың салыстырмалы тәуелсіздігі. Жеке сананың қоғамдық сананың дамуына тигізетін әсері.

Қарапайым және теориялық қоғамдық сана. Қоғамдық психология эмоциялар, қайғыру және көңіл-күй саласы ретінде. Қоғамдық психологияны зерттеудің маңыздылығы. Қоғамдық психология – белгілі бір қоғамның идеяларының, теорияларының, көзқарастарының жүйесі. Қоғамдық идеология құру механизмі. Идиологизация және деидиологизация теориялары.