Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тобы:Ортаңғы

Білім беру саласы:Денсаулық.Таным.

Бөлімі:Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Қайталамалы жүгіру (челночный бег).

Мақсаты: 1. Қайталамалы жүгіруге жаттықтыру.

2. Шапшаңдық, ептілік сынды қасиеттерді дамыту. 3.Гимнастикалық орындық үстімен жүруге үйрету. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары:баланың санына қарай таспалар, 1-2 гимнастикалық орындықтар, орташа доп.

Билингвальдық компонент:жүгіру - бегать

Іс-әрекет кезеңдері Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық 1. Қолындағы таспамен шағын қадаммен жүру. 2. Шеңбердің бойымен жүгіру. 3. Бір аяқтан екінші аяққа Секіру Екі қолдың түрлі қалыптарымен шақыру. Қолдарымыз белімізде
Ұйымдастыру- шылық ізденістік 1.Таспамен орындалатын ЖДЖ: Б.қ.: таспаның бір шетінен ұстап тұру. Бірнеше сермеуден кейін (4-6 рет) басқа қолына лентаны ұстату және осы тапсырманы қайталау. Б.қ.: аяқтарымыз бірге, отырамыз, таспаны екі қолмен екі жағынан ұстау. Тік тұру, екі қолды жоғары көтеру, оларға қарау. Педагогтің нұсқауы бойынша алға қарай еңкею. 2. Шашырап жүгіру (20-30 сек.). 3. Бірінен соң бірі баяу жүреді. Таспаны орнына қою. 4. Қайталамалы жүгіру: 10 метрден үш рет. 5. Гимнастикалық орындық үстімен жүру. Екі рет қайталау. Педагог балалардың бір-бірінен қалмай, уақтылы орындауын қадағалайды. Жаттығуды 2-3 рет орындайды. Гимнастикалық орындықтан секіру барысында педагог балаларға көмек көрсетеді. 6. Допты лақтырып, қағып алу. Педагог әр баланың есімін атап, допты лақтырады, балаларға қолдарын жайып, дайын тұруды ескертеді. 7.Қимыл-қозғалыс ойыны: «Маймылдар». Шарты: гимнастикалық қабырғада өрмелеу. Педагог көрсетеді, сонан соң балалар өрмелейді. 6-8 рет жаттығуларды қайталау. Жаттығулар өз бетінше орындалады. 2-3 рет жаттығуларды қайталау. Кез келген тәсілмен еңбектеуге болады.   Ойын барысында қауіпсіздік ережесін сақтайды.  
Рефлексиялық- түзетушілік Аяқтың ұшымен тұру. Қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап жүреді.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: қайталамалы жүгіруді; гимнастикалық орындық үстімен жүруді, еңбектеп жүруді;

түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын; қолданады: допты лақтырып, ұстау дағдыларын.

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы № 53.

 

«Наурыз» атты спорттық мерекелік іс-шара

 

Мақсаты: қазақ халқының дәстүрлерімен балаларды таныстыру, спортқа сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Құрал-жабдықтары: гимнастикалық таяқшалар, түрлі түсті таяқшалар, спорттық бағаналар, тақиялар, жасанды ат.

Мерекенің өткізілу орны: спортзал.

Барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен жарысқа қатысушылар! Спорттық мерекемізді салтанатты түрде ашық деп жариялаймыз! Қазақстандық спортшылар спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар жеңіп алады. Жеңімпаздардың төсінде алтын, күміс және қола алқалар жарқырайды. (Жеңімпаз спорт­шылар туралы бейнетаспа көрсетіледі).

Жүргізуші: Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныс болыңдар. Біздің әділқазыларымыз...

1.Секіру. Балалар бір қатар сапқа тізіліп тұрады, белгі бойынша бірінші жұп жасанды өртке жақындайды, оны аттап өтеді және тізіліп тұрады. Бірінші сайыстың қорытындысы шығарылады.

2. «Таяқ лақтыру» ұлттық ойыны.

Ойыншы бір таяқшаны алады және оны алысқа лақтырады. Қорытындысы шығарылады.

3. «Тақия тастамақ » ұлттық ойыны.

Алаңның бір жағында белгіленген жердің жанында 3 метр арақашықтықта бір-біріне қарама-қарсы ойыншылар екі тізбекте тізіліп тұрады. Оларға қарама-қарсы тақия ілінген екі бағана қойылады. Екі команданың бірінші ойыншылары белгі бойынша бағанаға қарай жүгіріп, тақияны алады. Ойынды бұрын аяқтаған команда жеңіске жетеді. Үшінші байқаудың қорытындылары шығарылады.

4.«Қара жорға» биі. Балалар екі үлкен шеңберге тұрып, музы­ка әуенімен билейді.

Жүргізуші: Ал қазір әділқазы алқасы біздің сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайды. Олар жеңімпаздарға сыйлықтар ұсынады. Командалар әуеннің ырғағымен залдан шығады.