Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы № 63.

Тобы:Ортаңғы

Білім беру саласы:Денсаулық.Таным.

Бөлімі:Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау.

Мақсаты: 1. Кеңістікте бағдарлай білуді үйрету.

2.Күш, ептілік, жылдамдық тәрізді қимыл сапаларын дамыту.

3.Көзді жұмып жүруге жаттықтыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары:көзді байлайтын орамал, футбол добы, текшелер.

Билингвальдық компоненттер:

 

Іс-әрекет кезеңдері Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Көзді жұмып жүру. Көзді жұмып жүгіру. Баяу қарқынмен қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап жүру.
Ұйымдастыру- шылық ізденістік 1. Көзді жұмып орындалатын ЖДЖ: Б.қ.: негізгі тұрыс, қолды түсіріп тұру. 1 - қолдарымызды екі жаққа созу; 2 - оң аяқты неғұрлым алға қарай созу, жоғары көтеру, алақанмен тізе астында шапалақ соғу; 3 -аяқты түсіру, қолды екі жаққа созу;4 - бастапқы қалып. Дәл солай сол аяқпен. Б.қ.: негізгі тұрыс, қол белде. 1 - оңға қадам басу; 2 – оңға иілу; 3 - тік тұру, бастапқы қалып. Дәл солай сол жаққа. Бқ.: негізгі тұрыс. «1-8» дегенде оң аяқпен секіру, шағын кідіріс және «1-8» дегенде сол аяқпен секіру. 2 рет қайталау. Б.қ.: жату. 1 - аяқты жоғары көтеру. 2 - тізені бүгу. - аяқты тік созу; 3.- бастапқы қалып. Б.қ.: шалқадан жату. «Велосипед» жаттығуы. Б.қ.: шалқадан жату. 1 - қолды аяқтың ұшына дейін созу; 2 - б.қ. 2.«Мерген футболшы» ойыны. Дыбыстық белгіге жүру. Балалар бірінен соң бірі шеңбердің бойымен жүреді, ысқырық бойынша олар бағытын өзгертеді. Кеңістікте бағдарлау жаттығуы. Жаттығулар 5-6 рет қайталанады. Қақпаға допты дәлдеп соғу. Белгі бойынша тоқтап, бағытын өзгертіп жүру. Балалар жұптарға бөлінген. Еденге текшелер қойылады. Бір бала екінші баланы жетектейді, оның көздері жабық, ол текше- ден аттап өтеді.
Рефлексиялық- түзетушілік Команда бойынша жүру: оңға жүреміз, солға жүреміз, алға, артқа. Сарбаздар секілді қолдарын сермеп жүреді.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: көздерін жұмып жүруді;

түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;

қолданады: көздерін жұмып, жаттығулар орындай алу дағдыларын.

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тобы:Ортаңғы

Білім беру саласы:Денсаулық.Таным.

Бөлімі:Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Гимнастика.

Мақсаты: 1. Дененің тұлғасы дұрыс қалыптасуына арналған гимнастикалық жаттығуларды жасап үйрету.

2.Гимнастикаға деген қызығушылықтарын арттыру. 3.Жаттығуларды жасату арқылы қимыл үйлесімділігін дамы­ту; баспен домалауға жаттықтыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары:батут, арқан.

Билингвальдық компонент:

Іс-әрекет кезеңдері Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Бағытты өзгертіп жүру. Қарқынды үдетіп жүгіру. Педагогті тыңдап, нұсқауларын орындап жүру.
Ұйымдастыру- шылық ізденістік 1. Музыкалық сүйемелдеумен орындалатын ЖДЖ: Б.қ. негізгі тұрыс, қолдары белінде. 1 - қолдары екі жаққа созылады; 2 - қолдары жоғары көтеріледі, аяқтың ұшымен жүру; 3 - қолдары екі жаққа созылады; 4 - бастапқы қалыпқа оралу. Б.қ.: аяқ иықтың деңгейінде, қолы төмен түсіріледі. 1 - қолды екі жаққа созу 2 - оң аяққа иілу, аяқ ұштарына қолдың саусақтарын жеткізу; 3 – түзу тұру қолдарын екі жаққа созады; 4 – бастапқы қалып. Б.қ.: негізгі тұрыс, қолдары белінде. 1-2 - отыру, қолды алға қарай созу;3-4 - бастапқы қалыпқа оралу. Б.қ.: негізгі тұрыс, екі қолды дененің екі жағына түсіру. 1 - оң жаққа қадам басып, қолдарын екі жаққа созады; 2 - оңға иілу, оң қолды төмен түсіру, сол қолды төмен түсіру,сол қолды жоғары көтеру; 3 - түзу тұру, қолды екі жаққа созу; 4 - бастапқы қалып. Б.қ.: негізгі тұрыс, екі қолы белінде. 1 - секіріп, аяқтың арасын ашады, екі қолды екі жаққа созады; 2 - секіріп, аяқты біріктіреді.1-ден бастап 8-ге дейін батуттың үстіне секіру. 2.Гимнастикалық жаттығулар: - «Көпір»; - «Мысық»; - «Шпагат». 3.Арқанмен өрмелеу (қолдарымыздың күшін дамытамыз). Домалау: матта тізерлеп отырып, алға домалау. 6-8 рет жаттығуларды қайталау. Жаттығулар педагогтің көрсетуімен орындалады. Педагогтің нұсқауын мұқият тыңдап, айтқандарын дұрыс орындау.   Гимнастикалық жаттыруларды ретімен орындайды. Балалар арқамен неғұрлым жоғары көтерілуге тырысады. Домалау кезінде балаларды қолды дұрыс қоюға үйрету.
Рефлексиялық- түзетушілік Тыныс алуға арналған жаттығу: «Иыққа үрлеу».  

Күтілетін нәтиже: орындайды: алға домалауды;

түсінеді: гимнастикалық жаттығуларды орындай алу дағдыларын;

қолданады: негізгі жаттығуларды орындай алады.