Кезең бойынша ең жоғары балл - 100

Осымша

ОҚТЕ бекеттері (қадамдары)

Бекет нөмірі Бекеттер атауы
Лабораториялық зерттеуге нанның үлгісінен сынама алу және оны лабораторияға жіберу әдісі. Нанды органолептикалық бағалау.
Нанның физикалық-химиялық көрсеткіштерін зерттеу
Нанның сапасы бойынша санитариялық-гигиеналық қорытындыны толтыру

Бағалау рубрикасы

Бекет № 1

«Лабораториялық зерттеуге нанның үлгісінен сынама алу және оны лабораторияға жіберу әдісі. Нанды органолептикалық бағалау»

Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат: Лабораториялық зерттеуге нанның үлгісінен сынама алудың және оны лабораторияға жіберудің тәртібін көрсетіңіз. Нанның үлгісінен сынама алу актісін толтырыңыз. Нанның органолептикалық көрсеткіштерін бағалаңыз.

 

Қадамдарды бағалау критерийлері Баллмен бағалау
1. Емтихан тапсырушы қолын жақсылап жуғаннан кейін, наннан 1 данада сынаманы дұрыс алды (500 гр). Талаптарға сәйкес нанды пісіру уақыты 3-12 сағаттың аралығында болуы тиіс.        
2. Азық-түліктен сынама алу актісін (126/у формасы) толығымен дұрыс толтырды және зерттеуге лабораторияға жіберді.        
3.     Емтихан тапсырушы қолын жуғаннан кейін, нанның органолептикалық көрсеткіштерін бағалауға кірісті: · нанның дәмін (ашқылтым дәне бөгде, аса қышқыл дәмнің болмауы, минералдық араласпалардан тісте сықырдың болмауы ); · нанның иісі (бүлінген және бөгде иістер болмауы тиіс).        

Кезең бойынша ең жоғары балл - 100

Тапсырмаға берілетін уақыт – 10 минут.

Бекет №2

«Нанның физикалық-химиялық көрсеткіштерін зерттеу»

Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат: Нанның физикалық-химиялық зерттеу әдісін көрсетіңіз.

 

Қадамдарды бағалау критерийлері Баллмен бағалау
1. Емтихан тапсырушы физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша нанның кеуектілігі МЕСТ 5669-96 «Нан-бөлке өнімдері. Кеуектілікті анықтау әдісі» талаптарына сәйкес келуі керектігін дұрыс атап өтті.        
2. Нанның кеуектілігін анықтау үшін Журавлев аспабын қолданды. Нанды екі бірдей емес бөлікке бөлді. Үлкен бөлігінің жұмсағынан металдан жасалған цилиндрды айналдыра отырып, қатты бөлігінен (қабыршақтан) 1 см-дей аралықта ойынды жасады, ойындының жалпы саны бидайдан жасалған наннан алынған-3, қара бидай нанынан алынған –4-ді құрауы тиіс.          
3. Кеуектілігін (Х,%) формуламен есептейді:   (V – m / p) x 100 Х= V Бұл жерде, V- наннан алынған ойындылардың жалпы көлемі, (1 ойындының көлемі 27 см3 –ға тең); m - барлық үлгілердің салмағы, г; p - жұмсағының кеуексіз бөлігінің тығыздығы. Кеуексіз бөлігінің тығыздығы қара бидайдан жасалған нан үшін- 1,21, жоғары және бірінші сортты бидай наны үшін - 1,31-ге тең.        

Кезең бойынша ең жоғары балл - 100

Тапсырмаға берілетін уақыт – 10 минут.

Бекет №3 «Нанның сапасы бойынша санитариялық-гигиеналық қорытындыны толтыру»

Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат: Нанның сынамасын зерттеу хаттамасын толтырыңыз және оның сапасы туралы қорытындыны беріңіз.