Ең мүмкін болатын диагнозыңыз қалай? 2 страница

*Субфебрилді қызба және лейкоцитурия

 

#64

*!1,5 жасар балада – қалтырау, интоксикация белгілері байқалады. Зәр талдауында лейкоцитурия бар. Төменде келтірілген зерттеулердің ішінде бірінші кезекте өткізіледі:

 

*Цистография

*+Зәрді бак. себу

*Анамнез жинау

*Зимницкий сынамасы

*Экскреторлы урография

 

#65

*!Зәр жүйесі инфекциясының қайталауын алдын-алу үшін нитрофурандар беріледі:

 

*Күндіз

*Таңертең

*+Түнге қарай

*Тәулік бойы

*Уақытқа байланысты емес

 

#66

*!11 айлық қыз балада бірінші рет ЗШЖИ мен ІІ дәрежелі ҚНР анықталды. Негізгі антибактериалды ем курсынан кейін науқасты жүргізу тактикасы қандай?

 

*Цистоскопия жасау

*Бақылаулық цистография жасау

*Антирефлюксті ота жасау

*Қуықтың инстилляциясын жасау

*+Ұзақ уақыт бойы аз мөлшерде антибиотикпен алдын алу

 

#67

*!Зәр инфекциясы кезінде қандай дәрілік өсімдіктерді профилактикалық әсеріне байланысты қолдануға болады?

 

*Шайқурай (зверобой), түймедақ (ромашка)

*Элеутерококк, атқұлақ (толокнянка)

*Қайың бүршіктері (березовые почки), жалбыз (мята)

*+Ит бүлдірген (брусника), мүкжидек (клюква)

*Итошаған (череда), сасықшөп (пустырник)

 

#68

*!1,5 жасар балада интоксикация, қызба. Несеп талдауында лейкоцитурия. Флораға бак.себу талдауы алынды. Мына төмендегі тактикалардың қайсысы негізделген?

 

*Цистография

*Цистоскопия

*Уросептиктерден бастау

*Экскреторлық урография

*+Эмпирикалық антибактериалды емді бастау

 

#69

*!12 жасар қыз бала 3-4 күн бойы жиі кіші дәрет сындыруына, зәр бөлгенде ашу сезіміне шағымданады. Зерттеген кезде зәр талдауында лейкоциттер 10-15 к/а, эритроциттер 10 к/а, бактериурия. Мейілінше ықтимал болжам диагноз:

 

*+Цистит

*Жедел пиелонефрит

*Нефротикалық синдром

*Нефритикалық синдром

*Тубулоинтерстициалды нефрит

 

#70

*!Зәр шығару жолдарының «эмпирикалық антибиотикотерапиясы» терминіне сәйкес анықтама қандай?

 

*Зәр шығару жолдарының инфекциясын бір реттік емдеу

*Антибиотикограмманы ескере отырып емді тағайындау

*Зәр шығару жолдарының инфекциясын нитрофурандармен емдеу

*Зәр шығару жолдарының инфекциясын сульфаниламидтермен емдеу

*+Себудің нәтижесінсіз кең спектрлі антибиотиктерді тағайындау

 

#71

*!1 жасар балада 2 күннен бері жоғары қызба 39С дейін. Тексергенде несепте лейкоцитурия, бактериурия тұтастай. Жедел пиелонефрит диагнозы қойылды. Осы кезде антибиотикотерапия қанша күнге тағайындалады?

 

*1-3

*5-7

*7-10

*+10-14

*10-20

 

#72

*!Пиелонефритпен 3 айлық балаға қандай емдеу тактикасын қолданған жөн:

 

*Фурагин 5 күн

*Гентамицин 8-10 күн

*+Уназин 10-14 күн

*Роцефин 5 күн

*Пенициллин 10-14 күн

 

#73

*!Зәр жүйесінің инфекциясы бар науқаста қуық-неспағар рефлюксінің 5 дәрежесі анықталса қандай ем жүргізу керек:

 

*Фитотерапия

*Физиоем

*Нитрофурандар

*Фторхинолондар

*+Хирургиялық ем

 

#74

*!Ерте жастағы балалардағы қайталамалы зәр жолдарының инфекциясында қандай асқынудан қауіптену қажет:

 

*+Рефлюкс-нефропатияға әкелетін қуық-несепағар рефлюксінен

*БЖЗ тез дамуынан

*Бүйрек карбункулының дамуынан

*Апостематозды пиелонефриттің дамуынан

*Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің дамуынан

 

#75

*!Балалардағы асқынбаған төменгі несеп жолдарының инфекциясын емдеу курсы (күн):

*1-3

*+5-7

*8-10

*10-14

*14-20

 

#76

*!Неліктен зәр жүйесі инфекциясының емінде цефалоспориндердің 2-3 ұрпағы және ампициллин негізгі таңдау препараттары болады?

 

*Тек қана парэнтеральді әсер етеді

*Қуық-несепағар рефлюксінің емінде артықшылығы бар

*+Кең спектрлі, токсикалық әсері аз

*Тек қана грамм оң флораға әсері бар

*Обструктивті уропатияны емдегенде артықшылығы бар

 

#77

*!Зәр шығару жүйесінің инфекциясын диагностикалаудағы «алтын стандарт»:

 

*ШСЖ есептеу

*Бүйрек УДЗ-і

*Жалпы қан талдауы

*Биохимиялық қан талдауы

*+Зәрді бактеиологиялық зерттеу

 

#78

*!Жасөспірім қызда етекір алдында зәрде лейк. 10-15, басқа клиникалық симптомдарсыз. Қай жауап дұрыс:

 

*+Физиологиялық лейкоцитурия шырышты қабатқа эстрогендердің әсер етуінен

*Вагинит, Candida шақырған

*Арнайы емес вагинит

*Трихомоналы вагинит

*Бөгде дене

 

#79

*!Ерте жастағы балалардағы пиелонефрит кезіндегі инфекцияның ЕҢ басты ошағы:

*+Ішек

*Кіндік жарасы

*Тыныс жолдары

*Жара беті

*Көктамырлық манипуляциялар

 

#80

*!Ұлдарда туылғаннан кейінгі бірінші айларда пиелонефрит дамуының жиі себебін атаңыз:

 

*Қысқа уретра және анустың жақын орналасуы

*+Туа біткен обструктивті уропатияның жиі дамуы

*Шала туылу

*Қуық дисфункциясының болуы

*Құрсақішілік инфекцияның жиі болуы

 

#81

*!Нейтрофилді лейкоцитурия мына аурудың белгісі:

 

*Нефритикалық синдромның

*Нефротикалық синдромның

*+Пиелонефриттің

*Гломерулонефриттің

*Тубуло-интерстициалды нефриттің

 

#82

*!ЗШЖИ емдеу үшін антибактериалды препараттарды таңдауда мейілінше маңызды:

 

* Бактериурия дәрежесі

* Лейкоцитурия дәрежесі

*+Микроорганизмнің антибиотикке сезімталдығы

* Зәр жолдарында обструкцияның болуы

* Зәр жолдарында обструкцияның болмауы

 

#83

*!Қай антибиотикті қолданғанда БЖЗ дамуы мейілінше ықтимал?

 

*Амикацин

*Азитромицин

*Аугментин

*Уназин

*+Гентамицин

 

#84

*!Пиелонефрит кезінде мына қоздырғыштардың қайсысы мейілінше қауіпті?

 

*E.coli

*Clebsiella

*Proteus

*Enterococcus

*+Pseudomonas aeruginosa

 

#85

*!Ерте жастағы балаларда пиелонефриттің диагностикасының дер кезінде болмауы және сәйкессіз емі қандай аурудың дамуына алып келеді:

 

*Нефроптоздың

*Нефролитиаздың

*Циститтің, уретриттің

*+Бүйректе склероз ошақтарының түзілуіне

*Бүйректің жедел зақымдалуына

 

#86

*!Мына қоздырғыштардың қайсысы геморрагиялық циститтің ең жиі себебі болып табылады?

 

*Протей

*Клебсиелла

*+Аденовирус

*Ішек таяқшасы

*Көкірің таяқшасы

 

#87

*!Қайталаушы ЗШЖИ анықталған жағдайда УДЗ-ден кейін екінші кезекте жүргізілетін аспаптық зерттеу:

 

* Экскреторлық урография

* Зәр жүйесінің УДЗ

*+Цистография

* Компьютерлік томография

* Магнитті-ядролы резонанс

 

#88

*! Мына аурулардың қайсысына ісіну синдромы тән ЕМЕС?

 

*+Пиелонефрит

* Бауыр циррозы

* Нефротикалық синдром

* Жедел гломерулонефрит

* Жүрек жетіспеушілігі

 

#89

*!5 жастағы қыз. Клиникаға жоғары температурамен, улану белгілерімен түсті. Зәр анализдерінде өзгерістер анықтылды: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – жаппай, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, жоғары ЭТЖ. Мейілінше ықтимал диагноз қандай?

 

* Цистит

* Уретрит

* Гломерулонефрит

*+Жедел пиелонефрит

* Интерстициалды нефрит

 

#90

*! Гипертермия – төменде аталған аурулардың біріне тән маңызды симптом:

 

*+Пиелонефрит

* Бауыр циррозы

* Нефротикалық синдром

* Альпорт синдромы

* Жүрек жетіспеушілігі

 

#91

*!Симптомсыз бактериуриямен науқастардың қайсысында пиелонефриттің даму қаупі төмен:

 

*+Жасөспірім

* Жүкті әйел

* Қант диабеті бар науқас

* Қуық атониясы бар науқас

* Бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқас

 

#92

*!Балалардағы зәр жолдарының инфекциясында қолайсыз болжам факторына жатады:

 

* Әйел жынысы

*+Қайталамалы зәр инфекциясы

* Тек бір қоздырғыштың болуы

* Науқастың 1 жастан асуы

* Вульвовагиниттің болуы

 

#93

*!Нәрестелерде зәр жүйесінің инфекциясы дамуында инфекцияның мүмкін болатын таралу жолы:

*Өрлеуші

*Лимфогенді

*+Гематогенді

*Құрсақ ішілік

*Трансплацентарлы

 

#94

*!Ұлдарда туылғаннан кейінгі бірінші айларда пиелонефрит дамуының жиі себебін атаңыз:

 

* Қысқа уретра және анустың жақын орналасуы

*+Туа біткен обструктивті уропатияның жиі дамуы

* Қуық-несепағар рефлюксі жиі кездеседі

* Қуық дисфункциясының болуы

* Құрсақішілік инфекцияның жиі болуы

 

#95

*!8 айлық балада улану, қызба байқалады. Зәр анализінде- лейкоцитурия. Төменде аталған тактикалардың қайсысы зерттеуде бірінші жүргізіледі?

 

* Цистография

*+Зәрді бак.егу

* Анамнез жинау

* Зимницкий сынамасы

* Экскреторлы урография

 

#96

*!Балада жалпы зәр анализінде лейкоциттер саны көру аймағында 7-8-ден асады. ЗЖИ клиникалық көріністері жоқ. Сіздің тактикаңыз?

 

* Тез арада вена ішіне цефтриаксон тағайындау

* Фурагин тағайындау

*+Зәрді қайталап зерттеу және бак.егу

* Бүйрек УДЗ және уролог кеңесі

* Экскреторлы урография жасау

 

#97

*!Нәресте, өмірінің 15 тәулігі, пневмония дамуына байланысты қарқынды емдеу бөлімшесінде жатыр. 5-ші күні жағдайы нашарлады: интоксикация синдромы өршіп, дене қызуы көтерілді, зәрі лайланды. Несеп талдауында – лейкоциттер барлық көру алаңында. Үлкен дәреті ботқа тәрізді, 5-6 рет тәулігіне, патологиялық қоспасыз. Мейілінше ықтимал диагноз қандай?

 

* Энтероколит

* Дисбактериоз

* Цистит

* +Жедел пиелонефрит

* Тубулоинтерстициалды нефрит

 

#98

*!15 күндік ер бала. Өмірінің 5-ші күнінен бастап жасанды тамақтандырылады. Әкесінде – таға тәрізді бүйрек, гипертония; анасында пиелонефрит. Өмірінің 15-ші күнінен бастап – тамақтан бас тартты, салмақ қосуы нашар, фебрилді қызба, аздаған диарея. Бүйрек УДЗ – оң жақты пиелоэктазия. Үлкен дәреті ботқа тәрізді, 5-6 рет тәулігіне, патологиялық қоспасыз. Пневмония жоққа шығарылды. Мейілінше ықтимал диагноз қандай?

 

* Дизентерия

* Сальмонеллез

* Дисбактериоз

* +Жедел пиелонефрит

* Ротавирусты гастроэнтерит

 

#99

*!Ішек таяқшасы шақырған пиелонефритті емдеуде қандай препараттар тиімсіз?

 

* Ампициллин, амоксиклав

* +Пенициллин, азитромицин

* Роцефин, ципрофлоксацин

* Цефураксим, бисептол

* Амикацин, фурагин

 

#100

*!2 айлық бала. Пульмонология бөлімшесінде пневмонияға байланысты емделді. 5-ші күні жағдайы нашарлады: улану белгілері үдеп, дене қызуы жоғарылады. Несебі лайланды. Несеп талдауында – пиурия. Мына төмендегілердің қайсысы мейілінше болжам диагноз болады?

 

* Энтероколит

* Дисбактериоз

* Нейротоксикоз

* +Жедел пиелонефрит

* Тубулоинтерстициалды нефрит

 

#101

*!Жаңа туған балада зәр жүйесінің инфекциясына күмәнданғанда бірінші кезекте жүргізілетін зерттеу:

 

* Зәрді бак егу

* Қан талдауы

*+ Зәр талдауы

*Экскреторлы урография

* Бүйрек және зәр жолдарының УДЗ

 

#102

*!Зәр жүйесінің емі басталады:

 

*+Эмпирикалық

* Тек бактериологиялық зерттеу нәтижесін алғаннан кейін

* Цистографиядан кейін

* Экскреторлы урографиядан кейін

* Маңыздылығы жоқ

 

#103

*!12 айлық қыз балада ЗШИ+ҚНР 2 дәрежесі. Келесі терапевтикалық тактикалардың қайсысын сіз дұрыс деп есептейсіз?

 

* Антибиотиктермен негізгі емдеу курсын өткізу жеткілікті (14 күн)

* Несепағар реимплантациясымен хирургиялық ем

* Әр айда тек 10 күннен антибактериалды ем

*+Негізгі терапиялық емдеу курсынан кейін ұзақ уақыт бойы аз мөлшерде (терапиялық дозаның 1/3-і) антибиотикпен алдын алу

* Перитонеалды диализ өткізу қажет

 

#104

*!10 айлық балада жоғары қызба бар. Зерттегенде талдауларында С-реактивті белок жоғарылаған, лейкоцитурия, бактериурия. Осы жағдайда қолданылатын ең тиімді дәрілік зат:

 

* Бисептол 5 күн ауыз арқылы

* Гентамицин 5 күн б/е

* Фурагин 14 күн ауыз арқылы

* Офлоксацин 5 күн ауыз арқылы

*+Амоксициллин 7 күн б/е және 7 күн ауыз арқылы

 

#105

*!10 айлық балада жоғары қызба, улану белгілері бар, тістері жарып жатыр. Қанда – лейкоцитоз 15 мың, ЭТЖ 40 мм/сағ, Несепте – лейкоцитурия және бактериурия к/а тұтастай. Диагноз және емдеу тактикасы қандай?

 

*Тіске «реакция», бақылау

*Цистит, ко-тримоксазол

*+Жедел пиелонефрит, амоксиклав

*Несеп жүйесінің инфекциясы, нитрофурантоин

*Пневмонияны жоққа шығару, кеуде торының рентгенографиясы

 

#106

*!3 жасар балада асқынған ЗЖИ-на күдік. Улану белгілері, несебінде өзгерістер бар. Қандай тактика бірінші кезекте жүргізіледі?

 

*+Несепті флораға сеуіп, антибиотикті эмпирикалық тағайындау

* Несепті флораға себу, нәтижесін алғаннан кейін ғана емді бастау

*Бактериологиялық зерттеусіз антибактериалдық емді тағайындау

*ҚНР анықталған жағдайда – шұғыл түрде ота жасау

*Цистография жасап, емді бастау

 

#107

*!2 жасар балада – зәр жүйесінің инфекциясы. Цистография жасағанда ҚНР анықталды. Аспаптық зерттеуден кейін – дене қызуы жоғарылады, улану белгілері бар. Қандай қателікке жол берілді және ары қарай қандай тактика жүргізу керек?

 

*Фурагинмен емдеу жеткілікті

*Цистографияны жасау артық болды

*ЗЖИ бұл бала үшін қауіпті емес, тактика дұрыс

*Жағдайының нашарлауы пиелонефритпен байланысты емес, басқа себепті іздеу керек (пневмонияны немесе басқа инфекцияны )

*+Цистография ерте жасалды, алдымен – несептің санациясы, цистография – сүйемелдеуші ем фонында

 

#108

*!14 жасар қызда несепте лейкоциттер 5-6 к/а. Қандай тактика жасау керек?

 

*+Патология жоқ, талдауды қайталау

*Гинекологтың кеңесі

*Цистография жасау

*Ампициллин тағайындау

*Фурагин тағайындау

 

#109

*!2 жасар балада асқынған ЗЖИ: лейкоцитурия, бактериурия. Осы науқасқа қандай диагностикалық зерттеу көрсетілген?

 

*Құрсақ қуысын УДЗ

*Құрсақ қуысын УДЗ, вена ішілік урография

*+Құрсақ қуысын УДЗ, несеп санациясынан кейін – цистография

*Құрсақ қуысын УДЗ және бір мезгілде цистография

*Құрсақ қуысын УДЗ, цистография және DMSA изотопымен радионуклидті зерттеу

 

#110

*!12 жасар қыз бала 7 жылдан бері қант диабетімен ауырады. Мына симптомдардың қайсысы антибактериалды емді тағайындау үшін көрсеткіш болып табылады?

 

*Полиурия

*Глюкозурия

*Гиперизостенурия

*Артериалды гипертония

*+Симптомсыз бактериурия

 

#111

*!1 жасар ұл бала. Жедел пиелонефриттің 2-ші көрінісі – температура 390С дейін , интоксикация, лейкоцитурия. Бүйрек УДЗ – астаушалар, несепағардың дисталді бөлігі кеңейген. Қандай зерттеу жүргізу керек?

 

*+Микциялық цистография

*Экскреторлы урография

*Пункциялық биопсия

*Цистоуретерометрия

*Цистоскопия

 

#112

*!3 жасар қызды бала бақшаға рәсімдеу барысында несеп талдауында лейкоцитурия 6-8 к/а анықталды. Бірақ баланың шағымдары жоқ, қарағанда патологиялық симптомдар табылмады. Науқасты жүргізу тактикасы қандай болуы керек?

 

*Бүйрек УДЗ + фурагин

*Цистография + урологтың кеңесі

*Бүйрек УДЗ + амоксиклав + несепті бак.себу

*Экскреторлық урография жасау + Зимницкий сынамасы

*+Несеп талдауын қайталау + несепті бак.себу + гинекологтың кеңесі

 

#113

*!5 жасар балада дизурияның көріністері, несеп талдауындағы өзгерістер қайталанды. Жоғары температура, улану белгілері болмаған. Қарау барысында баланың жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, температура – 370С, жиі ауыру сезімімен зәр бөледі, қасаға үстінде ауыру сезімі бар. Қан талдауы өзгерісссіз, несепте: белок 0,06 г/л, Л 12-15 к/а, Эр. 3-4 к/а., бактериялар +++. Мейілінше ықтимал диагноз қандай?

 

*+Цистит

*Уретрит

*Пиелонефрит

*Гломерулонефрит

*Интерстициалды нефрит

 

#114

*!5 жасар балада дизурияның көріністері, несеп талдауындағы өзгерістер қайталанды. Жоғары температура, улану белгілері болмаған. Қарау барысында баланың жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, температура – 370С, жиі ауыру сезімімен зәр бөледі, қасаға үстінде ауыру сезімі бар. Қан талдауы өзгерісссіз, несепте: белок 0,06 г/л, Л 12-15 к/а, Эр. 3-4 к/а., бактериялар +++. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер жүргізу қажет?

 

*УДЗ + экскреторлы урография

*Экскреторлы урография + бүйректің КТ

*УДЗ + бүйректің радионуклеидтік зерттеу

*Микциялық цистоуретерография

*+УДЗ + зәр санациясынан кейін микциялық цистография

 

#115

*!5 жасар балада несеп талдауындағы қабынулық өзгерістермен жүретін дизурияның көріністері, қайталанды. «Қайталамалы ЗШЖИ» диагнозымен есепте тұрады. Қарау барысында баланың жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, температура – 370С, жиі ауыру сезімімен зәр бөледі, қасаға үстінде ауыру сезімі бар. Қан талдауы өзгерісссіз, несепте: белок 0,06 г/л, Л 12-15 к/а, Эр. 3-4 к/а., бактериялар +++. Қандай препараттарды тағайындау керек?

 

*+Жартылай синтетикалық қорғалған пенициллиндер

*Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

*Гормоналды препараттар

*Тетрациклиндер

*Фторхинолондар

 

#116

*!Төмендегі әдістердің қайсысының «жедел пиелонефрит» немесе «жедел цистит» диагнозын қоюда дифференциалды-диагностикалық маңызы бар?

 

*+Рентгеноурологиялық зерттеулер

*Иммунологиялық зерттеулер

*Биохимиялық зерттеулер

*Несеп пен қанның жалпы талдауы

*Несепті бак.себу

 

#117

*!Төмендегі зертханалық көрсеткіштердің қайсысының «жедел пиелонефрит» немесе «жедел цистит» диагнозын қоюда дифференциалды-диагностикалық маңызы бар?

 

*Гематурия

*Бактериурия

*Протеинурия

*Лейкоцитурия

*+Лейкоцитоз, жылдамдаған ЭТЖ

 

#118

*!1 айлық балада дене қызуы 40 С дейін жоғарылады, селқостық пайда болды, тәбеті төмендеді, құсты. Қанда: Л -16000, нейтрофилез, ЭТЖ- 30 мм/сағ., Несепте – пиурия. Сырқаттың 3-ші күні жағдайы нашарлап – улану белгілері өрістеді, отиттің сипмтомдары пайда болып, терісіне іріңді бөртпелер шықты. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы мейілінше ықтимал?

 

*Жедел пиелонефрит

*Септицемия

*+Уросепсис

*Туберкулез

*ҚІИ

 

#119

*!1 айлық балада дене қызуы 40 С дейін жоғарылады, селқостық пайда болды, тәбеті төмендеді, құсты. Қанда: Л -16000, нейтрофилез, ЭТЖ- 30 мм/сағ., Несепте – пиурия. Сырқаттың 3-ші күні жағдайы нашарлап – улану белгілері өрістеді, отиттің сипмтомдары пайда болып, терісіне іріңді бөртпелер шықты. Болжам диагноз – уросепсис. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы осы диагнозды дәл нақтылайды?

 

*Жалпы несеп талдауы

*Несепті бак.себу

*Қанның иммунограммасы

*Биохимиялық қан талдауы

*+Инфекция ошақтарынан бак.себінді алу

 

#120

*!1 айлық балада дене қызуы 40 С дейін жоғарылады, селқостық пайда болды, тәбеті төмендеді, құсты. Қанда: Л -16000, нейтрофилез, ЭТЖ- 30 мм/сағ., Несепте – пиурия. Сырқаттың 3-ші күні жағдайы нашарлап – улану белгілері өрістеді, отиттің сипмтомдары пайда болып, терісіне іріңді бөртпелер шықты. Науқасқа қандай ем жүргізу керек?

 

*Гормоналды препараттар

*Амоксиклав, нитрофурандар

*Сульфаниламидтік препараттар

*Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

*+2-3 антибиотик, олардың біреуі цефалоспориндердің III-IV буыны к/т

 

#121

*!Уросепсис жиі қай жаста дамиды?

 

*+Нәрестелік кезеңде

*Мектепке дейінгі кезеңде (4-6 жас)

*Жасөспірім шақта (12-15 жас)

*Ерте балалық шақта (1-3 жас)

*Кіші мектеп жасында (6-12 жас)

 

#122

*!Нәрестелердегі уросепсистің дамуында мына себептердің қайсысының маңызы зор?

 

*Эндокриндік жүйенің ерекшелігі

*Зәр жүйесінің ерекшелігі

*Жүйке жүйесінің ерекшелігі

*+Иммунитеттің ерекшелігі

*Қан айналым жүйесінің ерекшелігі

 

#123

*!Мына төмендегі аурулардың қайсысында уросепсис дамуы мейілінше ықтимал?

 

*+Пиелонефрит

*Фосфат-диабет

*Гломерулонефрит

*Альпорт синдромы

*Фанкони синдромы

 

#124

*!1,5 жасар балада жедел пиелонефритке күдік. Антибиотиктерді эмпирикалық тағайындамай тұрып қандай зерттеу жүргізу қажет?

 

*Амбурже сынамасы

*Зимницкий сынамасы

*Аддис-Каковский сынамасы

*Биохимиялық қан талдауы

*+Флораның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау мақсатында несепті бак.себуге алу

 

#125

*!4 жасар бала 2 жылдан бері қайталаушы ЗЖИ-нан зардап шегеді. Микциялық цистографияда IV дәрежелі ҚНР анықталды. Науқасты ары қарай жүргізу тактикасы қандай?

 

*+Хирургиялық ем

*Ұзақ уақыт антибиотикотерапия

*Ұзақ уақыт нитрофуран препараттарын тағайындау

*Ұзақ уақыт бойы (1,5-2 ай) қуықтың инстилляциясы

*6-8 ай бойы антибиотиктер мен фитоем курстарын алмастырып отыру

 

#126

*!1,5 жасар балада ЗЖИ+ІІ-ІІІ дәрежелі ҚНР анықталды. Бұл диагноз төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысына сүйеніп қойылды?

 

*Биохимиялық қан талдауы

*+Микциялық цистография

*Нечипоренко сынамасы

*Зимницкий сынамасы

*Бүйрек УДЗ

 

#127

*!1,5 жасар балада ЗЖИ+ІІ-ІІІ дәрежелі ҚНР анықталды. Қандай ем жүргізу керек?

 

*+β-лактамды жартылай синтетикалық пенициллиндер, цефалоспориндердің ІІІ буыны

*Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

*Тетрациклиндер, фторхинолондар

*Цитостатиктер

*Гормоналды препараттар