Ең мүмкін болатын диагнозыңыз қалай? 5 страница

 

*Жалпы комплемент, С3, С4

*Антинуклеарлық антиденелер (ANA)

*ДНҚ-ң қос спираліне антиденелер

*+Айналымдағы иммундық кешендер

*Антинейтрофилдік цитоплазмалық антиденелер (p-, c-ANCA)

 

#219

*!10 жасар қыз балада нефритикалық синдромға күдік. Осы кезде дамыған артериалды гипертензияның даму механизмі қандай?

 

*Жүрекшелік натрийурездік пептид өндірілуінің төмендеуі

*Антидиурездік гормонның дұрыс емес өндірілуі

*Белок өндірілуінің төмендеуі және гипопротеинемия

*Простагландиндер жүйесінің белсенуі

*+РААЖ белсенуі

 

#220

*!10 жасар қыз балада нефритикалық синдромға күдік. Қандай несептік синдром осы синдромға мейілінше тән?

 

*Гематурия, лейкоцитурия

*Гематурия, балауызды цилиндрлер

*Гематурия, гиалиндік цилиндрлер

*Гематурия, лейкоцитарлық цилиндрлер

*+Гематурия, эритроцитарлық цилиндрлер

 

#221

*!Асцитпен, гипоальбуминемиямен, аздаған протеинуриямен науқаста ісіну синдромының себебін іздеу үшін қандай қарапайым зерттеу әдісін орындау керек?

 

*Бүйрек биопсиясы

*Бауыр биопсиясы

*+Коагулограмма

*Жалпы холестерин

*Тәуліктік протеинурия

 

#222

*!Науқаста айқын ісіну, гипоальбуминемиямен, гиперхолестеринемия, протеинурия 1,5 г/л болған жағдайда нефротикалық синдромның критерийлерін толықтыру үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

 

*Бүйрек УДЗ

*Коагулограмма

*Липидтер фракциясы

*+Тәуліктік протеинурия

*Несеп тұнбасының микроскопиясы

 

#223

*!Нефротикалық синдром кезіндегі ісінудің даму механизміне заманауи көзқарас:

 

*+Гипопротеинемия протеинуриямен, натрий мен судың ұсталуы

*Белок синтезінің төмендеуі және гипопротеинемия

*Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі

*Антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылуы

*Жүрекшелік натрийурездік пептид синтезінің төмендеуі

 

#224

*!Несеп талдауындағы қандай көрсеткіш бүйректің шумақшалық зақымдалуының ерте индикаторы болып табылады?

 

*Протеинурия

*+Альбуминурия

*Эритроциттер к/а 5-ке дейін

*Лейкоциттер к/а 4-6-ға дейін

*Белоктың несеп креатининіне қатынасы 0,2

 

#225

*!Несеп протеомикасы мына жағдайларды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді:

 

*Васкулиттерді

*Гломерулопатияларды

*Несеп жолдарының инфекциясын

*Тубулоинтерстициалды нефриттерді

*+Бүйректің зақымдалуымен байланысты көптеген ауруларды

 

#226

*!18 жасар жігіттің анамнезінде ұзақ жылдан бері ревматоидты артрит, метотрексатты жүйелі түрде қабылдамайды, аяқтарының ісінуіне, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданып түсті. Қарау барысында: АҚ 110/70 мм с.б., қол саусақтарының дисталді буындарының деформациясы, балтыры ісінген, бауыр мен көкбауыры ұлғайған. Несепте протеинурия 10 г/тәул дейін, эритроциттер 8-10 к/а. Биохимия: холестерин 7,9 ммоль/л, төмен тығыздықтағы липопротеидтер 3,5, триглицеридтер 2,8, альбумин 28 г/л, креатинин 145 мкмоль/л, ШСЖ 54 мл/мин. Зақымдалудың ауырлық дәрежесін мейілінше шынайы бағалау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

 

*Кеуде торының рентгенографиясы

*Буындарды рентгенологиялық зерттеу

*Магнитті-резонансты томография

*Бүйрек тамырларының допплерографиясы

*+Бүйрек биопсиясы

 

#227

*!16 жасар ұлты армян жігіті, соңғы 8 жыл бойы абдоминалды аурудың ұстамасынан зардап шегеді, 2 жыл бұрын протеинурия пайда болып артынан тез нефротикалық синдром қалыптасты. Науқастың бөле қарындасында дәл осындай симптомдар бар, нағашы ағасы бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болған. Мейілінше ықтимал диагноз қандай?

 

*+Кезеңдік ауру, тұқым қуалайтын амилоидоз

*Созылмалы гломерулонефрит

*Жүйелі қызыл жегі

*Созылмалы панкреатит

*Тұқым қуалайтын нефрит

 

#228

*!18 жасар армян жігітінде 7 жасынан бастап абдоминалды аурулардың қайталанып отыратын ұстамасы, 2 күнге дейін созылатын қызба көріністері, соған байланысты 2 рет лапаротомия жасалған. Қарағанда: беті, балтыры ісіңкі, ТЖ мин. 18, ЖЖЖ мин. 80, АҚ 120/80 мм с.б. Зертханалық: Нв 80 г/л, калий 6,7 ммоль/л. Несеп: менш.салм. 1004-1009, тәул. протеинурия 4 г. Бүйрек УДЗ-де екі бүйректің де өлшемінің ұлғайғандығы анықталды, АТЖ патологиясыз. Патогенетикалық ем үшін қандай препаратты қолданған жөн?

 

*+Колхицин

*Метотрексат

*Преднизолон

*Аллопуринол

*Диклофенак натрий

 

#229

*!16 жасар жасөспірімде амбулаторлық тексеруде микрогематурия 20-30 к/а дейін табылды. Қарағанда: ісіну, макрогематурия жоқ, АҚ 110/70 мм с.б. Альпорт синдромы болжанды. Бұл синдром кезіндегі гематурия неге байланысты болады?

 

*ГБМ жыртылуымен

*Шумақшалардың склерозымен

*Мезангиалды пролиферациямен

*Подоциттердің аяқшаларының жайылуымен

*+ГБМ-дегі, нақтырақ 4 типті коллагендегі өзгерістермен

 

#230

*!17 жасар жас жігіт ісінуге шағымданып емханаға келді. Бұл шағымдар бір апта шамасында мазалайды. Протеинурияның 3,7 г/л дейін анықталуына байланысты ауруханалық тексеруге жіберілді. Қарағанда: анасаркаға дейінгі ауқымды ісіну, АҚ 100/60 мм с.б. Талдауларда: креатинин 70 мкмоль/л, ж. белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖНТ: протеинурия 4 г/тәул., эр. 2 к/а. Тағайындалған стероидты ем толық ремиссияға жеткізді. Мейілінше шынайы морфологиялық диагноз қандай?

 

*IgA-нефропатия

*Мембранозды нефропатия

*Мембрана-пролиферативті ГН

*+Мардымсыз өзгерістер ауруы

*Фокалді-сегментарлы гломерулосклероз

 

#231

*!17 жасар жас жігіт ісінуге шағымданып емханаға келді. Бұл шағымдар бір апта шамасында мазалайды. Протеинурияның 3,7 г/л дейін анықталуына байланысты ауруханалық тексеруге жіберілді. Қарағанда: анасаркаға дейінгі ауқымды ісіну, АҚ 100/60 мм с.б. Талдауларда: креатинин 70 мкмоль/л, ж. белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖНТ: протеинурия 4 г/тәул., эр. 2 к/а. Айқын ісінулер кезінде қандай тексеру диурезді мейілінше шынайы бақылауға мүмкіндік береді?

 

*Несеп түсін бағалау

*Зимницкий сынамасы

*Тәуліктік протеинурияны есептеу

*Несеп шығару ритмін бағалау

*+Қабылдаған және шығарылған сұйықтықты есептеу

 

#232

*!9 жасар ұл балада фокалді-сегментарлы гломерулосклероз. Емдеу үшін таңдау препараты болып табылады:

 

*Лейкеран

*Фозиноприл

*Преднизолон

*+Циклоспорин А

*Циклофосфамид

 

#233

*!12 жасар ұл балада стероидрезистентті нефротикалық синдром. Биопсияда фокалді-сегментарлы гломерулосклероз анықталды. ФСГС-тің екіншілік себептері жоққа шығарылды. Қандай емдеу тактикасы мейілінше оңтайлы болып табылады?

 

*Симптоматикалық ем

*Преднизолонмен монотерапия

*Кортикостероидтар ұзақ уақыт

*+Циклоспорин А + преднизолон

*Микофенолат мофетил + преднизолон

 

#234

*!16 жасар жасөспірімде, наркологиялық диспансердің емделушісінде нефротикалық синдром, зерттеу барысында биопсияда анықталды: жарықтық микроскопия: кейбір шумақшаларда капиллярлар ілмегінің склерозбен сегментарлық коллапсы; иммунофлюоресценция: шумақ склероздарының аймағында IgМ + С3 депозиттері; электронды микроскопия: подоцит аяқшаларының фокалді тегістелуі, ГБМ жалаңаштануымен подоцит жоқ жерлер. Мейілінше шынайы морфологиялық диагноз қандай?

 

*Мардымсыз өзгерістер

*Экстракапиллярлы ГН

*Мембранозды гломерулонефрит

*+Фокалді-сегментарлы гломерулосклероз

*Мезангиопролиферативті гломерулонефрит

 

#235

*!16 жастағы қыз балада ұзақ уақыт нефротикалық синдром және персистирлеуші С3-гипокомплементемия. Емдеу тактикасын таңдау үшін биопсия жасалды. Гломерулопатияның қандай морфологиялық нұсқасы мейілінше ықтимал?

 

*Мембранозды нефропатия

*Мардымсыз өзгерістер ауруы

*Фокалді-сегментарлы гломерулосклероз

*+Мембрано-пролиферативті гломерулонефрит

*Диффузды пролиферативті гломерулонефрит

 

#236

*!Гломерулалық аурулар кезіндегі гематурия келесі морфологиялық өзгерістермен сәйкес келеді:

 

*Подоциттердің аяқшаларының тегістелуімен

*Фокалді гломерулосклерозбен

*Сегментарлы гломерулосклерозбен

*Тубулярлық эпителийдің зақымдалуымен

*+Мезангиалдық және эндотелиалдық жасушалардың пролиферациясымен

 

#237

*!6 жасар ұл бала. Бетінің, алдыңғы құрсақ қабырғасының, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Қарағанда: ісінулер анасаркаға дейін. АҚ 85/40 мм с.б. Қан талдауында: жалпы белок 40 г/л, альбумин 16 г/л, холестерин 10,8 ммоль/л. ЖНТ: белок 6,5 г/л, Ле және Эр 0-1 к/а. Осы кезде дамыған гипотензияның даму механизмі қандай?

 

*Эндокриндік бұзылыстар

*Жүрек лақтырысының бұзылысы

*Нейрогендік белсенділіктің бұзылысы

*+Тамыр ішілік көлемнің азаюы

*Ренин-ангиотензин жүйесінің белсенуі

 

#238

*!6 жасар ұл бала айқын ісінуге, сирек аз көлемде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 110/70 мм с.б., бүкіл денесінде ісіну бар, несебі ашық түсті. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0-1 к/а, меншікті салмағы – 1025. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л, холестерин – 7,5 ммоль/л, гиперкоагуляция. Мейілінше ықтимал диагноз қандай?

 

*Нефритикалық синдром

*Мебранозды нефропатия

*+Нефротикалық синдром

*Тез үдейтін гломерулонефрит

*Оқшауланған несептік синдром

 

#239

*!6 жасар ұл бала айқын ісінуге, сирек аз көлемде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 110/70 мм с.б., бүкіл денесінде ісіну бар, несебі ашық түсті. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0-1 к/а, меншікті салмағы – 1025. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л, холестерин – 7,5 ммоль/л, гиперкоагуляция. Гиперкоагуляцияның ықтимал себебі қандай?

 

*Гиперволемия, гипофибриногенемия

*+Гиповолемия, гиперфибриногенемия

*Қалыпты фибринолиз, гиповолемия

*Антитромбин III-ң жиналып қалуы, гиповолемия

*Гипофибриногенемия, фибринолиздің тежелуі

 

#240

*!6 жасар ұл бала айқын ісінуге, сирек аз көлемде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 110/70 мм с.б., бүкіл денесінде ісіну бар, несебі ашық түсті. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0-1 к/а, меншікті салмағы – 1025. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л, холестерин – 7,5 ммоль/л, гиперкоагуляция. Гиперлипидемияның мейілінші ықтимал себебі қандай?

 

*Атеросклероздың болуы

*Бауырдың майлы өзгеріске ұшырауы

*+Бауырдағы липопротеиндер өндірілуінің жоғарылауы

*Бауырдағы прокоагулянт-белоктардың өндірілуінің жоғарылауы

*Шумақша капиллярларының қабырғаларының іріктеу қабілетінің өзгеруі

 

#241

*!6 жасар ұл бала айқын ісінуге, сирек аз көлемде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 110/70 мм с.б., бүкіл денесінде ісіну бар, несебі ашық түсті. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0-1 к/а, меншікті салмағы – 1025. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л, холестерин – 7,5 ммоль/л, гиперкоагуляция. Қандай емдеу тактикасын қолданған жөн?

 

*Преднизолонмен монотерапия

*Преднизолон альтернирлеуші режимде

*Преднизолон және нефропротективті ем

*Преднизолонды А циклоспоринмен біріктіріп

*+Преднизолонмен және циклофосфамидпен пульс-терапия

 

#242

*!6 жасар ұл бала айқын ісінуге, сирек аз көлемде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 110/70 мм с.б., бүкіл денесінде ісіну бар, несебі ашық түсті. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0-1 к/а, меншікті салмағы – 1025. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л, холестерин – 7,5 ммоль/л, гиперкоагуляция. Протеинурия регрессиясы болғанда преднизолон тағайындалды. Шумақшаны электрондық микроскоппен зерттегенде қандай өзгерістер мейілінше шынайы болады?

 

*Склероз

*Мезангийдің интерпозициясы

*+Подоцит аяқшаларының жойылуы

*Мезангий жасушаларының пролиферациясы

*Эндотелий жасушаларының пролиферациясы

 

#243

*!18 жасар жігіт әскерге комиссиядан өту кезінде кездейсоқ анықталған микрогематурияға байланысты қаралды. Анамнезінде бүйрек аурулары анықталмады. АҚҚ 120/80 мм с.б. Қандай қорытынды мейілінше ықтимал болмақ?

 

*Пиелонефрит

*Гломерулонефрит

*Несеп-тас ауруы

*Нефритикалық синдром

*+Белгісіз этиологиялы микрогематурия

 

#244

*!18 жасар жігіт әскерге комиссиядан өту кезінде кездейсоқ анықталған микрогематурияға байланысты қаралды. Анамнезінде бүйрек аурулары анықталмады. АҚҚ 120/80 мм с.б.

Бірінші кезекте қандай тактика жүргізген жөн?

 

*Стероидтар тағайындау

*Антибиотиктер тағайындау

*Цистоскопия жасау

*Бүйрек биопсиясына жіберу

*+Эритроциттерді ажырату

 

#245

*!18 жасар жігіт әскерге комиссиядан өту кезінде кездейсоқ анықталған микрогематурияға байланысты қаралды. Анамнезінде бүйрек аурулары анықталмады. АҚҚ 120/80 мм с.б. Фазалық-контрасттық микроскопияда 15-20 эритроциттер табылды, оның 50%-ы дисморфты. Ары қарай қандай тактика жүргізген мейлінше дұрыс?

 

*Компьютерлік томография жасау

*+Отбасының барлық мүшесін гематурияға тексеру

*Бүйрек туберкулезін жоққа шығару

*Бүйрек ісігін жоққа шығару

*ҚНР-ін жоққа шығару

 

#246

*!18 жасар жігіт әскерге комиссиядан өту кезінде кездейсоқ анықталған микрогематурияға байланысты қаралды. Анамнезінде бүйрек аурулары анықталмады. АҚҚ 120/80 мм с.б. Бұл пациентке міндетті түрде қандай ұсыныс берілуі керек?

 

*Урологтың кеңесі

*Бақылауды қажет етпейді

*Фтизиатрдың кеңесі

*Бүйрек биопсиясын жүргізу

*+АҚ мен протеинурияны бақылап отыру

 

#247

*!Оқшауланған несеп синдромымен балаларда бүйрек биопсиясына мейілінше маңызды көрсеткіш болып табылады:

 

*ЖҚЖ несеп синдромымен

*Рецидивирлеуші макрогематурия

*Оқшауланған несеп синдромының отбасылық сипаты

*Оқшауланған микрогематурия (отбасылық емес сипаттағы)

*+Персистирлеуші протеинурия >1 г/тәул. гематуриямен немесе гематуриясыз

 

#248

*!6 жасар ұл бала айқын ісінуге, сирек аз көлемде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 110/70 мм с.б., бүкіл денесінде ісіну бар, несебі ашық түсті. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0-1 к/а, меншікті салмағы – 1025. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л, холестерин – 7,5 ммоль/л, гиперкоагуляция. Преднизолон тағайындалды. Стероид-сезімтал нефротикалық синдромның емінің бірінші курсының ұзақтығы қанша уақыт (сүйемелдеуші курсты қосқанда)?

 

*4-6 апта

*1-2 ай

*8-12 апта

*+4,5-5 ай

*6-12 ай

 

#249

*!6 жасар ұл бала айқын ісінуге, сирек аз көлемде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 110/70 мм с.б., бүкіл денесінде ісіну бар, несебі ашық түсті. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0-1 к/а, меншікті салмағы – 1025. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л, холестерин – 7,5 ммоль/л, гиперкоагуляция. Толық ремиссияға жеткенге дейін преднизолонмен ем алды. Ары қарайғы тактика қандай болғаны жөн?

 

*Биопсия жүргізу, содан кейін ғана ем мәселесін шешу

*3 айдан аспайтын жалпы курспен емдеу

*Емді жалғастырмайды, себебі спонтанды ремиссия болуы мүмкін

*+Преднизолонның альтернирлеуші курсымен стандартты ем жүргізу (4-6 апта)

*Сүйемелдеуші емнің күн сайынғы курсымен стандарты ем жүргізу (4-6 апта)

 

#250

*!Антинейтрофилдік цитоплазмалық антиденелердің сарысулық деңгейінің жоғарылауы қандай ауруға айрықша тән болып табылады?

 

*IgA-нефропатияларға

*+Жүйелі васкулиттерге

*Тез үдейтін гломерулонефритке

*Инфекциядан кейінгі жедел гломерулонефритке

*Мембранопролиферативті гломерулонефритке

 

#251

*!Анамнезінде вирусты гепатиті бар 12 жасар ұл бала ауруханаға жатқызылды. 2 жыл бұрын бауыр биопсиясында цирроз анықталған. Тексеру кезінде анықталды: гипопротеинемия, асцит, гипотонияға бейімділік, несепте белок 2,5 г/тәул., эритроциттер к/а тұтасымен алып жатыр. Қандай диагноз ісінудің пайда болуы себебін мейілінше дәл түсіндіреді?

 

*+Вирусты гепатитпен ассоцирленген мембрано-пролиферативті гломерулонефрит

*Созылмалы жүрек жетіспеушілігімен байланысты нефропатия

*Гепатитпен байланысты IgA-нефрит

*Гепато-реналді синдром

*Нефротикалық синдром

 

#252

*!Балалардағы нефротикалық синдром стероидрезистентті деп аталады, егер протеинурия ремиссиясы болмаса:

*+8 апталық ем немесе метилпреднизолонның 3 пульсінен кейін

*4-6 апталық негізгі және 4-6 апталық үзілісті емнен кейін

*2 мг/кг мөлшерінде күнделікті тағайындалған преднизолонның 4 апталық емінен кейін

*4-6 апталық емнің екі курсын алғаннан кейін

*Ем бастағаннан 2 аптадан кейін

 

#253

*!Анамнезінде вирусты гепатиті бар 12 жасар ұл бала ауруханаға жатқызылды. 2 жыл бұрын бауыр биопсиясында цирроз анықталған. Тексеру кезінде анықталды: гипопротеинемия, асцит, гипотонияға бейімділік, несепте белок 2,5 г/тәул., эритроциттер к/а тұтасымен алып жатыр. Гломерулопатиямен және С вирусты гепатитпен науқаста қандай қосымша зерттеу әдісі мейілінше ақпаратты мол береді?

 

*Кардиолопинге антиденелер

*Тропониннің деңгейі

*Adamts 13 факторы

*+Криоглобулиндер

*Прокальцитонин

 

#254

*!15 жасар қыз балада жүйелі васкулитке күдік. Зерттеу барысында АНЦА көрсеткіш оң болды. Қандай васкулиттер АНЦА-ассоциирленгендерге жатады?

 

*Геморрагиялық васкулит, Такаясу ауруы

*Жегілік васкулит, антифосфолипидтік синдром

*Криоглобулинемиялық васкулит, Гудпасчер синдромы

*Алып жасушалық васкулит, арнайы емес аортоартериит

*+Вегенер гранулематозы, микроскопиялық полиангиит, Чардж-Стросс синдромы

 

#255

*!14 жасар ұл балада кездейсоқ гематурия табылды, белок – 0,165 г/л. Шварц бойынша шумақшалық сүзгі жылдамдығы – 72 мл/мин. Осы өзгерістер 4 ай бойы тұрақты түрде сақталып келеді. Қандай емдеу тактикасы мейілінше жөн болып табылады?

 

*Антиагреганттар

*Антибиотиктер

*Цитостатиктер

*Стероидтар

*+ААФт

 

#256

*!14 жасар ұл балада кездейсоқ гематурия табылды, белок – 0,165 г/л. Шварц бойынша шумақшалық сүзгі жылдамдығы – 72 мл/мин. Осы өзгерістер 4 ай бойы тұрақты түрде сақталып келеді. Аурудың себебін дәл анықтағанға дейін қандай диагноз мейілінше ықтимал болады?

 

*IgA-нефропатия

*Альпорт синдромы

*Жедел гломерулонефрит

*Тубулоинтерстициалды нефрит

*+Бүйректің созылмалы ауруы, 2 сатысы

 

#257

*!Бүйректің көптеген аурулары кезінде негізгі зерттеу әдісі болып табылатын бүйрек биопсиясы жасалынады:

 

*Тек балаларға

*Жасалынбайды

*Тек ересектерге

*Тек қатерлі ауруларда

*+Диагностика, емдеу тактикасын таңдау және болжау жасау үшін

 

#258

*!16 жасар қыз бала 2 жылдан бері созылмалы ГН-ке (нефриттік синдромның рецидивтері болып тұрады) байланысты бақыланады. Аурудың ағымын асқындыратын қандай гломерулалық зақымдалудың қаупі мейілінше ықтимал?

 

*ГБМ жұқаруы

*Тубулярлық эпителийдің зақымдалуы

*Мезангий жасушаларының пролиферациясы

*ГН-ң бір түрінің басқа түріне трансформациясы

*+Шумақшалар мен интерстицийде склероздың артуы

 

#259

*!10 жасар ұл балада IgА-нефропатия болжанды. Осы ауруда қандай зертханалық көрсеткіш жиі анықталады?

 

*Массивті протеинурия

*Лейкоцитурия, цилиндрурия

*Үдемелі гиперазотемия

*Гипопротеинемия, гиперхолестеринемия

*+Оқшауланған рецидивирлеуші гематурия

 

#260

*!Нефротикалық синдром кезінде балаларда біріншілік ГН-ң қандай морфологиялық нұсқасы сирек кездеседі?

 

*Мардымсыз өзгерістер

*+Мембранозды гломерулонефрит

*Мезангиопролиферативті IgA-нефрит

*Фокалды-сегментарлы гломерулосклероз

*Мембрано-пролиферативті гломерулонефрит

 

#261

*!6 жасар қыз бала 3 жылдан бері нефротикалық синдромға байланысты бақыланады, стероидтармен емдегенде толық клиникалық-зертханалық ремиссияға қол жетті, бірақ преднизолонды алып тастағаннан 2 аптадан соң – нефротикалық синдром қайталанды. 3 жылдан бері үздіксіз гормоналды ем алады. 6 айда 2 рет НС қайталанады. Мейілінше шынайы диагноз қандай?

 

*Фокалды-сегментарлы гломерулосклероз

*Нефротикалық синдром сирек рецидивтермен

*Нефротикалық синдром жиі рецидивтермен

*+Нефротикалық синдром, стероид-тәуелді нұсқасы

*Нефротикалық синдром, стероид-резистентті нұсқасы

 

#262

*!Жедел инфекциядан кейінгі ГН мен қызыл жегілік нефриттің диагностикасында мейілінше маңызды рөл атқаратын иммунологиялық зерттеу қандай?

 

*Цитокиндерді анықтау

*+С34 деңгейлерін зерттеу

*IgG, IgA, IgM иммуноглобулиндерді анықтау

*Айналымдағы иммундық кешендерді анықтау

*Гломерулалық базалды мембранаға антиденелерді анықтау

 

#263

*!15 жасар ұл бала нефрологта стероидрезистентті нефротикалық синдромға байланысты бақыланады. Тексергенде – ИФА: HBsAg, HBcore IgM, HBeAg – оң, a-HBs, a-HBcore, HCV – теріс. Осы баладағы нефротикалық синдром қандай аурумен біріккен?

 

*А вирусты гепатиті

*Е вирусты гепатиті

*С вирусты гепатиті

*Д вирусты гепатиті

*+В вирусты гепатиті

 

#264

*!15 жасар ұл бала нефрологта стероидрезистентті нефротикалық синдромға байланысты бақыланады. Тексергенде – ИФА: HBsAg, HBcore IgM, HBeAg – оң, a-HBs, a-HBcore, HCV – теріс. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі неғұрлым ақпаратты мол береді?

 

*ИФА

*+ПЦР

*РПГА

*Серологиялық

*Бактериологиялық

 

#265

*!12 жасар қыз бала ауруханаға ісінуге, несебінің түсінің өзгеруіне байланысты түсті. Осыдан 2 апта бұрын фолликулярлы баспамен ауырғаннан кейін осы шағымдар пайда болған. Қарап тексергенде: аздаған ісінулер, АҚ 150/95 мм с.б. Талдауларда: ЭТЖ 65 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л, ШСЖ 67 мл/мин. ЖНТ: протеинурия 1,8 г/л, эритроциттер көп мөлшерде. Қандай симптоматикалық ем тағайындалады?