Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Дипломдық тақырып бойынша кәсіби және денсаулық қауіпсіздігін бағалау және басқару Қазақстан Республикасында әрбір өндірістік іс-әрекет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырда қабылданған Еңбек кодексіне сай ұйымдастырылу керек.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 1 маусымда күшіне енген Еңбек кодексіне сәйкес заңдар мен өзге де нормативтік актілер негізіндегі еңбек ету барысында жұмысшының қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетін сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық және ауруды емдеу мен алдын-алу іс-шаралары мен құралдарының жүйесінен тұрады.

Қауіпсіздік талаптар еңбек қауіпсіздігінің стандарт жүйелерімен анықталады. Бұл стандарт негізінде өндірістік қондырғылардың қауіпсіздігі іс-қозғалыс принциптерін таңдаудан, механикаландыру, автоматтандырудан, қорғаныс құралдарын конструктивті кескінді пайдаланудан тұрады. Технологиялық үрдістердің қауіпсіздік шаралары оларды жобалау үрдістерінен бастап қолға алынады.

Еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес еңбекті қорғау шараларының негізгі мақсаты - өндірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің алдын-алу, қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша төмендету.

 

Химия зертханасындағы қауіпсіздік шаралар

 

Ескерту. Химиялық зертханада жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін зертхана қызметкерлеріне арналған.

Химиялық зертханада жұмысты көбінесе өте жоғарғы қысымда, вакуумда, жоғары температураларда, сонымен қатар адам ағзасына зиян келтіретін заттармен немесе өрт және жарылғыш заттармен жұмыс жасайды. Осы жұмыстарды орындау үшін барлық қауіпсіздік шараларын қолдану қажет.

 

Жалпы ережелер

 

1.1 Химиялық зертханада техника қауіпсіздік шараларының нұсқауымен танысқан және өзіндік жұмыс жасауға рұқсат алған адамдар ғана жұмыс істей алады.

1.2 Жұмыс жасау алдында 30 минут бұрын ауа тарту вентиляциясын қосу қажет. Жұмысты арнайы киіммен жүргізу керек (халат, резиналанған алжапқыш), арнайы аяқ киім, жеке басты қорғайтын қажетті заттар (қорғаушы көзілдірік, резеңкелі қолғап, респираторлар) болуы тиіс.

1.3Жұмыстың қауіпсіздігі үшін қолданылатын заттардың физика-химиялық және уландырғыш қасиеттерімен танысып алу негізгі талап.

1.4 Жұмыс жүргізу әдістемесін тиянақты оқып алу

1.5 Жұмыс орнын таза ұстау. Жұмыс орнын істелініп жатқан жұмысқа қажетсіз реактивтерден, ыдыстардан, аспаптардан тазарту.

1.6 Химиялық заттарды атауы жоқ ыдыстарда сақтау қатаң түрде тыйым салынады.

2. Жұмыс жасар алдындағы қауіпсіздік талаптары

Жұмыс жасар алдында келесі талаптарды орындау керек:

2.1 Зертханалық құралдарды пайдалану нұсқаулықтарымен танысу. Жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарын мұқият орындау жағымсыз оқиғаларды болдырмайды және жазатайым жағдайлардың болуын шектейді.

2.2 Арнайы киімдерді кию және ретке келтіру: бүкіл түймелерді қадау, жеңдердің түймелерін қадау және жұмыс жасауға қауіпті болдырмау.

2.3 Жұмыс орнын реттеу және жұмысқа кедергі жасайтын заттарды алып тастау, жұмыс үстелінде ретсіздік болмауы қажет.

2.4 Желдеткіш жүйелерінің жұмысқа жарамдылығын тексеру керек. Желдеткіш жүйелерінің істен шығуы, герметикалық ауытқуы, аз өнімділігі зертханалық жұмыс жасауда улы газдардың бөлінуіне, сәйкесінше, өртке және жазатайым жағдайларға алып келуі мүмкін. Созу және кептіру шкафтарының жұмысқа жарамдылығына көз жеткізіңіз. Созу және кептіру шкафтарының жұмысқа жарамсыздығы электр тогының соғуына немесе өртке алып келуі мүмкін.

2.5 Өрт сөндіру және алғашқы көмек көрсету құралдарының барын тексеру:

- медициналық дәрі-дәрмек;

- өрт сөндіргіштер;

- киіз немесе басқа да заттар;

- құрғақ және таза құмы бар жәшіктер;

- күректер;

2.6 Жабдықтың істен шығуы немесе кез-келген ақаулықтар (түтін, жалын, иістер және т.б.) болған жағдайда басқарушыға хабар беру керек.

2.7 Кез-келген жұмысқа тек жұмыстың барлық кезеңдері түсінікті және ешқандай күдік тудырмайтын жағдайда ғана кірісуге болады. Жұмыс жоспарын алдын-ала ойластырып қою керек[36]