Негіздің қосымша қабаттарын құрылымдау

Негіздің қосымша қабаттарын қолайсыз климаттық жағдайда және топырақты – гидрологиялық жағдайларда жолды жобалауда жол құрылымдарын су мен аяздан қорғау үшін қарастырады. Аяздан қорғау қабаттарын түйір материалдардан: құм, құмды-қиыршық тасты қоспа, қиыршық тас, шағыл тас, күл және т.б., сонымен қатар тұтқырғыштармен бекітілген топырақтар, немесе гидрофобизирленген топырақтар және басқада тоңазымайтын материалдардан тұрғызады. Аязға төзімділікке жарамдылық көрсеткіштері болып МемСТ 25607 сәйкес зертханалық жағдайда анықталған тоңазу дәрежесі саналады.

Фильтрация коэффициенті 1-2 м/тәу кем емес түйір материалдарының қабаты сүзгіш қабат функциясын атқаруы мүмкін. Осы жағдайда оны жер төсемесінің барлық еніне үйіндінің құламасына дейін шығарып немесе құбыр сияқты дрен немесе басқада суды бұрғыш қондырғылар тұрғызады. Аяздан қорғағыш сүзгіш қабатының қалыңдығын Құрылыс нормаларының 7 бөліміне сәйкес есептеулер нәтижесінде тағайындайды, ал оның ені жоғарыда жатқан қабат енінен екі жағынан кем дегенде 0,5 м артық болуы керек.

Құрылымдық қабаттардың беттесетін жерлерінде өтпелі аймақты қарастыру міндетті, себебі соңында жол қабатының құрылымы міндетті түрде өзгеретіндіктен, осы аймақтың соңында топырақтың тоңазуы кернеуленген аймақта қысқы көтерілулермен сәйкес келуі керек. Өтпелі аймақтың ұзындығының тағайындағанда ескерілуі міндетті, асфальтбетон жамылғысын тұрғызуда топырақтың тоңазуының өзгеру қарқындылығы 0,2 см/м аспауы керек.

Өте қолайсыз топырақты-гидрогеологилық жағдайда («сулы» ойықтар, нольдік белгідегі жер төсемесі, аласа үйінділер, мұнда тоңазу тереңдігі жамылғы бетінен топырақ суларының деңгейіне дейінгі арақашықтан асса немесе беттік сулардың ұзақ жиналуы) кезінде технико-экономикалық негіздеуді ескеріп пенопластты қолдану мүмкіндігін қарастыру қажет. Сонымен қатар, жылуизоляциялық материал ретінде үйлесімділігіне қарай тұтқырғыштармен бекітілген жергілікті материалды (топырақты) немесе өндіріс қалдықтары және кеуекті толтырғыштар (керамзит, перлит, аглопорит, полистирол түйіршіктері, үгітілген пенопласт қалдықтары) жеңіл бетонды қолдануға болады. Жамылғы бетінен пенопласттан жылуизоляциялық қабатқа дейінгі арақашықтық 0,5 м кем болмауы керек (көк тайғақты ескермегенде), ал оның ені жүру бөлігінің енінің екі жағынан кем дегенде 0,5-1,5 м жер төсемесінің тоңазу тереңдігіне байланысты артық болуы керек, ал жол қабатының астындағы топырақ тоңазуын болдырмау есептеулерінде 2,0 м дейін болуы керек.

Жылуизоляциялық қабаттың қалыңдығы мен құрылымда орналасуын теплотехникалық есептеулермен анықтайды. Қабат материалының ақаулануы және беріктік сипаттамасы, сонымен қатар соңғы қалыңдығын жол құрылымын беріктікке есептеуде ескеру керек.

Оптимальді құрылымды және жылуизоляциялық материал типін варианттарды аязға төзімділікке тең келетін технико-экономикалық салыстыру негізінде таңдау керек болады.

Сүзгіш қабаттың тұрғызу қажеттілігі жер төсемесінің жұмыс қабатының ылғалдану сұлбасына байланысты (ҚНжЕ 3.03-09 сәйкес): барлық аймақтың 3-ші сұлбасында; III жол-климаттық зонаның жауын шашын мөлшері көп болатын аймақта 1 және 2-і сұлба, сонымен қатар жүрубөлігінің негізінде жол бетінен енетін судың жиналуы мүмкіндігі (созылмалы ұзына бойлық еңістік, жол жиегінің судың оңай енетін жерлердің болуы, ұзына бойлық қимада дөңес сынулары, жүру бөлігіне жақын орналасқан жасыл желектер мен газондар және т.б.).

Сүзгіш қабаттарды құмнан, қиыршық тас материалдан, сортталған күлдер және фильтрлеуші материалдардан тұрғызу керек. Құрылымда, сүзгіш қабат тоңазу тереңдігінен жоғары орналасса, материал аязға төзімді және берік болуы керек. Сүзгіш қабат материалының талапты фильтрация коэффициентін есептеу арқылы, жүру бөлігінің геометриялық параметрлерін және басқада жағдайларды ескеріп анықтайды, ол болуы керек үйінді аймағында 1 м/тәу кем емес және ойықта 2 м/тәу.

 


 

1.1 сурет - Күрделі типті жол қабаты құрылымының үлгілері

1 –I-II маркалы тығыз немесе жоғары тығыздықты майда түйіршікті асфальтбетон, шағыл тасты-мастикалық асфальтбетон; 2 – ірі түйіршікті кеуекті асфальтбетон; 3 - ірі түйіршікті жоғары кеуекті асфальтбетон; 4 – битуммен, битумді эмульсиямен, цементпен, күл және күл ұнтағы негізіндегі күйдірілмеген тұтқырғыштармен өңделген шағыл тас қоспасы немесе фракциялық шағыл тас; 5 – нығыздалған цементбетон, күлді қалдық бетон, күлді бетон; 6 – шағыл тасты – қиыршық тасты – құмды қоспа (негіздің қосымша қабаттары); 7 – құм; 8 – монолитті күл қалдық минеральді және күлді минеральді материалдар; 9 – органикалық емес тұтқырғыштармен өңделген тас материалдары; 10 – органикалық емес, кешенді тұтқырғыштар және техногенді қалдықтармен өңделген топырақ; 11 - қиыршық тас, шағыл тас қоспаларымен жақсартылған топырақ; 12 – битуммен немесе битум эмульсиясымен, цементпен немесе көпіршіктенген битум және ценментпен өңделген, материал қосып ресайклинг тәсілімен өңделген ескі асфальтбетон

 

 

 

1.2 сурет - А­3 топтағы есептік жүктемеде қолданылатын күрделі типтегі жол қабаты құрылымының үлгілері

1 – тығыз ұсақ түйіршікті асфальтбетон; 2 – кеуекті ірі түйіршікті асфальтбетон; 3 – шағыл тасты-мастикалық асфальтбетон; 4 – цементпен бекітілген шағыл тас; 5 – күл-әк тұтқырғышымен бекітілген шағыл тас; 6 – күлді тұтқырғышпен бекітілген шағыл тас; 7 – қиыршық тасты-құмды қоспа; 8 – құм; 9 – геотекстильді материалдан сызаттарды үзгіш қабатша; 10 – құйылмалы асфальтбетон; 11 – қара шағыл тас; 12 – фракциялы шағыл тас; 13 – күл-әк немесе күлді тұтқырғышпен бекітілген қиыршық тас; 14 – шағыл тас немесе күл қосылған кесіліп алынған асфальтбетон; 15 – бар негіз.

 

 

1.3 сурет – жеңілдетілген типтегі жол қабатының құрылымының үлгілері

1 –II-III маркалы тығыз ұсақ түйіршікті асфальтбетон; 2 – ірі түйіршікті асфальтбетон, битуммен өңделген фракциялы шағыл тас (қиыршық тас); 3 – шағыл тасты қоспа; 4 – қондырғыда органикалық тұтқырғыштармен өңделген шағыл тас; 5 – органикалық емес тұтқырғыштармен өңделген шағыл тасты қиыршық тасты қоспа немесе шағыл тасты қоспа; 6 – кешенді тұтқырғыштармен өңделген, өндіріс қалдықтары немесе беріктігі аз жергілікті тас материалдары; 7 – құм немесе құмды қиыршықтасты қоспа; 8 - органикалық емес немесе кешенді тұтқырғыштармен бекітілген топырақ; - беттік өңдеу

 

 

 

1.4 Сурет - Өтпелі типтағы жол қабаты құрылымының үлгілері

1 – портландцементпен бекітілген таңдап алынған қиыршық тасты немесе құмды қоспа 2 – құм, қиыршық тас, күл; 3 – жоғары тығыздықты; 4 – органикалық емес немесе сұйық органикалық тұтқырғыштармен бекітілген топырақ; 5 – шағыл тас; 6 – қиыршық тас қоспасы; 7 – аз мөлшерде цементпен бекітілген кондиционирленген емес материалдан қиыршық тасты қоспа; 8 – қиыршық тасты-құмды қоспа; 9 – шағыл тас қосылған топырақ.

- беттік өңдеу.