Негіздің құмды қабатында жылжуға тұрақтылық шарттары бойынша құрылымды есептеу

Негіздің құмды қабатындағы әсер етуші жылжудың жүйелі кернеуін (6.1) формула бойынша анықтаймыз.

анықтау үшін алдын ала тағайындалған жол құрылымын екі қабатты есептік моделге айналдырамыз.

Моделдің төменгі қабатына келесі сипаттамаларды береміз: , және = 0,006 МПа (6.1кестені қара).

6.1кесте

 

Әр түрлі құрамдағы асфальтбетонды жіберілетін серпімді иілу мен жылжуға тұрақтылық шарттарына құрылымды есептеуде қысқа мерзімдегі серпімділік модулінің мәндері

 

  Материал   Битум Қысқа мерзімді серпімділік модулінің есептік мәндері Е, МПа, жамылғының температурасы кезінде, 0С
+10 +30 +40 +50(60)
Тығыз және жоғары тығыздықтағы асфальтбетон Тұтқыр БНД/БН: 40/60        
60/90 3200 900 550 380
90/130
130/200
200/300
Сұйық: БГ 70/130
СГ130/200 300 300
СГ70/130
МГ70/130
Кеуекті және жоғары кеуектілікті асфальтбетон Тұтқыр БНД/БН: 40/60
60/90
90/130
130/200
200/300
Ескерту: 1. 1. Асфальтбетонның есептік температурасы ретінде: V ЖКЗ +50 оС, IV ЖКЗ +40 оС, III ЖКЗ +30 оС қабылдау керек. 2 Барлық жол климаттық зонада серпімді иілуге есептеу кезінде Е мәнін t = +10 оС температурада қабылдау керек. 3 Тығыз асфальтбетонның серпімділік модулі кестеде Б типіндегі қоспа үшін көрсетілген. Температура 30 тан 500С дейін А типіндегі қоспаның серпімділік модулін үлкейту керек, ал В,Г,Д типтері үшін 20% кеміту керек. 4 Кеуекті және жоғары кеуекті асфальтбетонның серпімділік модулі кестеде құмды қоспа үшін берілген. Температура 30 тан 500С дейін майда түйіршікті қоспаның серпімділік модулін 10% үлкейту керек, ал ірі түйіршікті қоспаны 20% үлкейту керек. 5. 5. Қысқа мерзімді серпімділік модулінің Е есептік мәні құрылымды серпімді иілу мен жол құрылымының аралық қабаттарында топырақты жылжуға есептеулерде қолдану үшін келтірілген.

 

Моделдің жоғарғы қабатының серпімділік модулін формула бойынша анықтаймыз, органикалық тұтқырғыштарды құрайтын материалдардың серпімділік модулінің мәндерін есептік температурада +40°С (6.1 кесте) тағайындаймыз.

 

МПа

 

және қатынастары бойынша 40° та номограмма көмегімен (6.3 сурет) жылжудың нақты жүйелі кернеуді анықтаймыз: = 0,0425 МПа.

Құмдағы жылжудың жүйелі кернеуін (5.2) формуласымен есептейміз

= - 0,0022 МПа.:

 

Т = 0,0425´0,6-0,0022=0,0233 МПа

 

Құмды қабаттағы жылжудың жіберілетін кернеуін Тжіб (5.3) формуласымен анықтаймыз, мұндағы Сқұм = 0,006 МПа, k1=0,6; k3=6,0 (орташа іріліктегі құм үшін); k2 мәні Nt келтірілген есептік қарқындылыққа байланысты 5.2 сурет бойынша анықталады (формула 5.4):

 

Nt = 173´1,0220-1 = 252 авт/тәу Þ k2 = 1,0

 

Тжіб = 0,006´0,6´1,0´6,0 = 0,022 МПа

 

Жылжу критериі бойынша шарттың орындалуын тексереміз:

 

Тжібес = 0,022/0,0233 = 0.94

Сонымен, қабылданған құрылым негіздің құмды қабатында жылжуға беріктілік шарттарын қанағаттандырады.


 

6.1 сурет- Екі қабатты құрылымның төменгі қабатында уақытша жүктемеден болатын жылжудың жүйелі кернеуін анықтау үшін арналған номограмма (h/D = 0 ÷ 2,0)