Тақырыбы: Жылдың әр кезеңіне байланысты жамылғы беті мен қозғалыс шарттары.

 

Жыл кезеңдерінің қозғалыс шарттары.Жылдың әрбір кезеңінде жамылғы бетіне және қозғалыс шартына сәйкес ауа-райы болады.

Қысқы кезеңде тәуліктік орташа ауа температурасы 0оС-тан төмен.Қысқы кезеңге жамылғыға қар түскеннен бастап ерігенге дейінгі аралық жатады.ОҚО-да қыс ұзақ болмайды.Қысқы кезеңде жамылғы беті өзгеріске ұшырайды. Ол таза және құрғақ, қар қабаты құрғақ сусымалы, ылғал қар немесе мұз болуы мүмкін.Өтпелі кезеңде көктемгі-күзгі ауа-райы тұрақсыз, жауын-шашынның барлық түрлері болады(қатты, сұйық немесе аралас). Көктемгі кезеңде орташа тәуліктік ауа температурасы 0 С °-тан +15 С °- қа дейін болады.Жалпы алғанда осы кезеңнің ұзақтығы 30 күннен 60-80 күнге дейін болады.Күзгі кезеңге ауа температурасы +15 С °-тан 0 С °-қа дейін төмендеуі жатады.Өтпелі кезеңде жамылғы беті ылғал және дымқыл, жол жиегі лас әрі бұзылған болады.Жазда жауын-шашын көбейеді, бірақ олардың ұзақтығы азаяды.Жазда жамылғы беті таза әрі құрғақ болады, құрғақ жол жиектері және әдетте қолайлы қозғалыс болады.

Автомобиль жолында қозғалыс қолайлы әрі қауіпсіз болса-эталонды болып есептеледі.Осы параметрлерге байланысты яғни, жолды пайдалану сипаттамалары, олардың жағдайы, автомобильдің есептік параметрлері, климаты мен ауа-райы сипаттамасы жүргізушінің есептік жылдамдықта, қозғалысы қолайлы әрі қауіпсіз болады.Эталонды жол шарттары автомобиль бір бағытта қозғалатын екі жолақты, жолақ ені 7,5 м, жол жиегі 2,5 м, көру арақашықтығы 750 м, жамылғысы кедір-бұдыр, ылғалды жағдайдағы дөңгелектің ілігісу коэффициенті 0,6-дан кем емес, тегістігі 300см/км көп емес, жылжуға кедергі коэффициент 0,01-0,02, және жазғы кезең, ауа-райы 20С° әрі құрғақ, жел жоқ, метеорологиялық көріну арақашықтығы 750 м көп болу керек.Кез-келген шарттың нашарлауы эталонды жолмен салыстырғанда жоғарғы жылдамдықтың төмендеуіне әкеп соғады.

Жыл кезеңдеріне байланысты жүру бөлігінің ені мен жол жиегінің енінің өзгеруі.Жылдың әр түрлі кезеңдерінде климаттық жағдайына, жер төсемесінің ерекшелігіне, жүру бөлігіне, шеткі жолаққа, жол жиегіне, сондай-ақ жолдың қызмет көрсету деңгейіне байланысты қолданыстағы жол үлкен көлемде өзгеріске ұшырайды.Бекітілген жамылғының қозғалыс үшін қолданылған енінің мәні:

B = Bж + 2b – 2bз ,

мұндағы Вж–жүру бөлігінің жобалық ені, м; b –шеткі бекітілген жолақ ені, м; bз ластанған шеткі бекітілген жолақ ені немесе жиекті жүру бөлігінің ені, м.

Жазғы құрғақ ауа-райында барлық климаттық аймақта жолдың көлденең профильінің жобалық параметрлері сақталады, сондықтан жамылғының барлық жерінде қозғалыс болады.Жол жиегі бұл кезеңде құрғақ әрі тығыз болады.Өтпелі кезеңде әсіресе күзде, жүру бөлігінің нақты мәнінің ені жауын шашыннан, ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жоғарлауы және төмендеуінен өзгеріске ұшырайды, ал қыста қар ерігенде.Жүру бөлігі жол жиегінің топырағына,еніне және тығыздалуына, жүру бөлігінің жалпы еніне, жол жиегіндегі қозғалыстың болуына байланысты ластанады.Жүру бөлігіне кір жол жиегінен келген автомобиль дөңгелегі арқылы тасымалданады.

Бекітілмеген жол жиегінен жүру бөлігі ластанады және 0,6-1,2 м дейін қысқарады.Бекітілген жол жиегінде жүру бөлігі қысқармайды.Жер төсемесінің нақты кескінінің жоғалуы және формасының тегістігінің жоғалуы қысқы кезең шарттары болып табылады.Қысы ұзақ болатын аудандарда жиі жауған боранды қарларды тұрақты тазалау нәтижесінде жол жиегінде және жүру бөлігінде ені 0,2-0,6 м, қалыңдығы 2-10 см болатын тығыз қар қабаты пайда болады.Автомобильдер қозғалысы болғандықтан қозғалысты қамтамасыз ететін жолдың жүру бөлігінің нақты ені улкейеді.Сондықтан, кейбір аудандарда жазға қарағанда, қыста қозғалыс үшін ең қолайлы жағдай болуы мүмкін.Қолданыстағы нақты жүру бөлігінің ені 8-8,5 м, жолдың жүру бөлігінің енінен үлкен.Жүргізуші қыс бойы осы жүру бөлігінде қозғалуы қызық жағдай және бұл екі жолақты қозғалыс үшін қолайлы болады.Жүру бөлігінің шеткі жолақтарының енінде тығыздалған қар екі жақтан 0,2-2 м дейін болады.

Жамылғы бетінің есептік жағдайы.Пайдаланудағы жолдың техникалық деңгейі метерологиялық шарттарға байланысты жылдың әрбір кезеңінде жол сапасы, қозғалыс қарқындылығы және қозғалыс құрамы өзгеріп отырады.Бұл жағдай есептік болып саналады:

-жазғы кезеңде-жамылғы мен жол жиегі таза әрі құрғақ;

-көктемгі-күзгі өтпелі кезеңде:

а) жамылғы беті таза әрі дымқыл;

б) жамылғы беті таза әрі дымқыл, шеткі жолақтар лас;

в) жамылғы дымқыл әрі лас.

«а» жағдайы I және II санаттағы жол жиегінің барлық ені тасты материалдармен және минералды немесе органикалық тұтқырғыш материалдармен бекітілген жолға жатады.

«б» жағдайы шеткі жолақтары бекітілген, ал жол жиегі бекітілмеген немесе тұтқырғыш материалдармен өңделмеген шағылтаспен бекітілген жолға жатады.

«в» жағдайы шеткі жолақтары және жол жиегі бекітілмеген жолға жатады.

Қысқы кезеңге:

а) жамылғыдағы және жол жиегіндегі қар қабаты қар жауып тұрған кезде, боран кезінде, қар тазалағыш көліктердің үзілісі кезінде ғана болады;

б) жүру бөлігі таза, шеткі жолақта мұз қабаты және тығыздалған қар, ал жол жиегінде сусымалы-борпылдақ қар қабаты;

в) жүру бөлігінде тығыз қар қабаты, жол жиегінде сусымалы-борпылдақ қар қабаты;

г) жамылғыда көктайғақ;

д) жамылғы беті ылғалды, хлоридтерден еріген сусымалы дымқыл қар немесе қар мен мұз қабаты бар. I—III санаттағы жолға «а», «б», «д», және «г» жағдайлары, ал III және IV санаттағы жолға «б» және «в» жағдайлары жатады.

Жамылғыдағы есептік сусымалы қар қалыңдығы 10 мм кем болмайды.Ол қар құрсауынан қорғайтын қысқы жол сервисінің көліктеріне байланысты болады.

Әрбір есептік жамылғы жағдайына жылжуға қарсыласу коэффициенті және ілігісу коэффициенті сәйкес болады.Қозғалысты қаматамасыз ететін нақты жүру бөлігінің ені автомобильдердің жылдамдығына, қолайлылығына, қауіпсіздігіне әсер етеді.

Әр түрлі жол жағдайларына ұзақтығы.Жыл бойы ол ауданның климаттық жағдайына, жолдың техникалық деңгейіне, сапасына байланысты болады.Әрбір метеорологиялық фактор іс-қимыл және әрекеттерінің ұзақтығы және қайталануымен сипатталады.Іс-қимыл ұзақтығы-метеорологиялық фактордың ұзақтығы(жауын-шашын, қар,т.б). Әрекет ұзақтығы-метеорологиялық фактордың тоқтаған кезінен бастап, оның автомобиль жолына, қозғалыс қарқындылығына әкеп соғатын зардабтарының (жамылғы бетінің жаңбырдан кейінгі кебуі) жойылуына дейінгі уақыт.Әр түрлі кезеңдердегі жол жағдайын бақылау арқылы әрекет ұзақтығын біліуге болады.Метеорологиялық факторларда іс жүзінде әрекет болмайды:температура, ауа ылғалдылығы, жел және тұман.

 

Кесте 2. Жамылғы жағдайының ұзақтық коэффициентінің мәні

 

Жол категориясы     Жыл кезеңдеріндегі жамылғының әр-түрлі жағдайларының коэффициенті ɹ
Жазғы Көктем-күзгі Қысқы
Құр- ғақ Ыл- ғал Құрғақ Ылғал Құр ғақ таза Ылғал Жамыл-ғыдағы Сусы- малы қар Қар Жасан- ды көктай- ғақ Табиғи-көктай-ғақ
I   0,8-0,85 0,15-0,20 0,6-0,7 0,3-0,4 0,55-0,65 0,08-0,15 0,04-0,05 0,1 0,1 0,02
II 0,8-0,85 0,15-0,20 0,6-0,7 0,3-0,4 0,50-0,60 0,09-0,13 0,04-0,06 0,12 0,16 0,12 0,03
III 0,8-0,85 0,15-0,20 0,5-0,6 0,4-0,5 0,25-0,48 0,10-0,15 0,06-0,12 0,20 0,25 0,12-0,14 0,04
IV 0,8-0,85 0,15-0,20 0,5-0,6 0,4-0,5 0,20-0,40 0,06-0,10 0,15-0,20 0,25 0,35 0,09-0,1 0,05

 

Ескерту: 1.Құрғақ жамылғыда жазғы және өтпелі кезеңдерде λ коэффициентін шеткі бекітілген жолаққа немесе бекітілген жол жиегіне байланысты қабылдайды.

2.Қысқы кезеңде λ коэффициентін қысқы күтуге арналған жол қызметінің көлік құрал жабдықтарына байланысты қабылдайды.

 

Олардың іс-әрекетінің орташа ұзақтығы қамтиды:ауа температурасы қолайлы 4-6 сағат, ауа температурасы қолайсыз 8-10 сағат, жел 8-12 сағат, тұман 4-8 сағат.

Жол жамылғысының жағдайының ұзақтығы:

T = P(x)(t1 + t2),

мұндағы Р(х)-жол жамылғысының жағдайын сипаттайтын метеорологиялық фактордың пайда болу ықтималдығы (жаңбыр, қар, боран, көктайғақ); ); t1–іс-қимыл ұзақтығы, сағ; t2 –әрекет ұзақтығы, сағ.

Өтпелі кезеңнің ерекшелігі әрекет ұзақтығынан жауын-шашынның ұлғаюы ауа температурасының төмендеуін, ылғалды болуын, құбылмалы болуын түсіндіреді.Көктемгі-күзгі кезеңде жамылғы мен жол жиегінің кебуі 0-ден + 7 °С ауа температурасында жауын-шашын түсуінен және қар жаууынан ұзағырақ болады.Бұл кезеңде жауын-шашынның аз ғана қарқынының өзі жазғы жауын-шашыннан 3-5 есе көп болады.

Метеорологиялық факторлардың әрекет ұзақтығының улкен көлемде таралуы қыста бақыланады, себебі қыста қар әкелу көлемі мен жол жағдайы әртүрлі болады.

Іс жүзінде жамылғы жағдайының ұзақтығын анықтайтын формула

Ti = λiлDл + λiо.в Dо. в + λiз Dз,

мұндағы λiл, λiо.в, λiз –әр-түрлі жағдай ұзақтығының коэффициенттері(құрғақ, ылғал, үйілген қар және көктайғақ); Dл=140,

Dо. в=155, Dз=70 –берілген аудандағы жазғы, коктем-күзгі, қысқы кезең ұзақтығы, күн.

Климатқа, қозғалыс қарқындылығына, технологиялық деңгейіне және жол сапасына байланысты λi коэффициенті кестеден алынады.

Ti =0.85×140+0,6×155+0,40×70=240 күн

Ti =0.20×140+0,5×155+0,15×70=116 күн

Ti =0,13×70=9 күн