Мектепалды даярлық тобының күнтізбелік - тақырыптық жоспары

Мектепалды даярлық тобының күнтізбелік - тақырыптық жоспары

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру. 16 сағат А.Е.Манкеш,Г.К.Қиялбекова Алматыкітап баспасы 2013ж

Сабақтың тақырыб Сабақтың мазмұны Қолданылатын көрнекілік Сағат саны Мерзімі
Мемлекеттік рәміздер Балаларға Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені туралы түсінік беру, балалардың Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру; мемлекеттік рәміздердің мән - мағынасын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту; балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Тәуелсіз Қазақстан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы туралы түсінік беру; Отанымыздың байлығы туралы, жеріміздің үлкендігі туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту; балалардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Қазақстан ортақ үйіміз Тәуеліз еліміз туралы білімдерін толықтыру; көпұлтты республикамызда татулық, достық орын алғандығын түсіндіру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Балабақша Балаларға балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме екендігін түсіндіру және балабақшада жұмыс істейтін мамандық иелерінің жұмыстарымен таныстыру; сурет бойынша әңгімелеу арқылы жейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту; балабақша ауласында өсіп тұрған өсімдіктердің аттарын ажыратып айту арқылы табиғатты сүюге баулу. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Туысқан елдер достығы Қазақстанмен көршілес жатқан (Өзбекстан,Қырғыстан,Түркіменстан, Тәжікстан) елдерімен туысқандық қарым-қатынас,олардың ұлттық ерекшеліктері,астаналары туралы мәлімет беру.Осы ұлттардың бәріне достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Сабақтың қысқаша мазмұны, Әліппе дәптері,Мазмұнды суреттер  
Ер есімі ел есінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандық батырлар, олардың ерлігі туралы түсіндіру; егеменді Қазақстанның Ұлан әскері туралы түсіндіру. Еліміздің қарулы күштері туралы мағлұмат беру;еліміздің батыр ұлдары мен қыздарының ерліктерін дәріптеу арқылы бала санасына ерлік, батырлық ұғымдарын қалыптастыру. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Ерлік мәңгі есте Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандық батырлар,олардың ерлік істері,мәңгілік алау туралы әңгімелеу. Сабақтың қысқаша мазмұны, Әліппе дәптері,Мазмұнды суреттер, Хрестоматия,    
Ерлік мәңгі есте Егеменді Қазақстанның Ұлан әскері,олардың түрлері,табиғат апаттарына қарсы әскер жұмыстарымен таныстыру. Сабақтың қысқаша мазмұны, Әліппе дәптері,Мазмұнды суреттер, Хрестоматия,    
Мамандықтар Адамдардың түрлі мамандықтар туралы балалардың білімдерін жетілдіру; баладардың мұнайшы, шахтер, құрылысшы мамандықтары туралы түсінігін қалыптастыру. Пайдалы қазба байлықтары және олардың алыну жолдары, олардан не жасалатыны жайлы түсіндіру; жанар - жағар май тұрған жерде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Мұнайшы және шахтер Мұнайшы, шахтер мамандықт ары туралытүсінік қалыптастыру.пайдалы қазба байлықтары және олардың алыну жолдары, олардан не жасалынатынын жайлы түсіндіру. Жағар –жанар май тұрған жерде қауіпсіздік ережесін   Дидактикалық материалдар, суреттер  
Бағдаршам және көлік Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызыметімен таныстыру.Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту.Баланы зейінділікке,ептілікке тәрбиелеу. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Еңбек ер атандырады   Үлкендердің еңбектері туралы балалардың түсініктерін әрі қарай дамыту. Ауыл шаруашылық өнімдердің түрлері.( оларды өндіретін адамдардың еңбектері) таныстыру.   Дидактикалық материалдар, суреттер  
Ана біздің гүліміз Отбасындағы ананың рөлі туралы түсінік беру; балалардың өздеріне аналары жайлы әңгімелету арқылы отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық туралы түсіндіру; ананы қадірлеуге тәрбиелеу. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Байқоңыр ғарыш аймағы Байқоңыр жайлы түсіндіру; "ғарыш әткеншегі" ойынын ойнату арқылы Күн жүйесіндегі ғаламшарлар туралы мағлұмат беру; балалардың ғылымға деген ынталарын ояту, білімпаз болуға баулу. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Байланыс құралдары Байланыс қызметі түрлерімен таныстырып олардың атауларын меңгерту; балалардың жас шамасына қарай компьютер туралы қарапайым түсінік беру, оны пайдалану ережелерімен таныстыру, бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты аяқтауға, зейінді, шыдамды болуға тәрибелеу. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Копьютер әлемі Балаларды жас шамасына сәйкес компьютер туралы қарапайым түсінік беру,оны пайдалану ережелерін қадағалап отыру.Бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты аяқтауға,зейінді шыдамды болуға тәрбиелеу. Сабақтың қысқаша мазмұны, Әліппе дәптері,Мазмұнды суреттер,Хрестоматия  

 

Мектепалды даярлық тобының күнтізбелік - тақырыптық жоспары