Нарықтық экономика сұраныс пен ұсыныстың шексіз әрекеттестігімен сипатталады.

Сұраныс – бұл адамдардың тауар сатып алуға деген ықыласы мен қабілеттілігі. Сұранысқа баға және бағадан тыс факторлар әсер етеді.

Сұраныс Заңы – тауар бағасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым оған деген сұраныс арта түседі.

Сұраныс қисығы – бұл сұраныс заңының графикалық бейнеленуі. Сұраныстың бағамен кері байланысы келесі себептермен түсіндіріледі:

1) Бағаның төмендеуі сатып алушылар санын ұлғайтады;

2) Тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігін жоғарылатады;

3) Арзандаған тауардың қосымша бірліктерін сатып алуды пайдалы етеді.

Баға қызметі сұраныс мөлшерінің өзгеруіне әкеледі және сұраныс қисығы бойымен қозғалуды бейнелейді

 
 


(Д) P В

Р – баға,

А Q – көлем,

Д – сұраныс қисығы.

Д

 

Q1 Q2 Q

 

Сұраныс қисығымен жылжу баға өзгергендегі сұраныс мөлшерінің ұлғаюын білдіреді.

Р

 


Д2

 

Д1

Д3 Q

 

 

Сұраныс өзгеруі (сұраныс қисығының жылжуы) бағадан тыс факторлар әрекетінің нәтижесінде жүзеге асады. Оңға қарай жылжу – сұраныс ұлғаюы. Солға қарай жылжу – сұраныс төмендеуі.

 

 
 

 

 


Тұтынушылар табыстары,

Бір-бірін алмастыратын және бір-бірін толықтыратын тауарлар бағалары,

Тұтынушылар талғамы,

Үміттену.

 

Бағалар өзгеруіне байланысты сұраныстың сандық өзгеру дәрежесі сұраныс икемділігінсипаттайды. Сұраныс икемділігінің коэффициенті (КС).

 

Сұраныс көлемінің өсуі (%)

КС =

Баға төмендеуі (%)

Баға бойынша сұраныс икемділігінің шамасы үнемі – теріс сан. АҚШ-та тәжірибелік жолмен баға бойынша сұраныс икемділігі төмендегідей бағаланғаны анықталды (ұзақ мерзімде)

- кеңсе жабдықтары – 0,6,

- бензин – 1,5,

- тұрғын үй – 1,9,

- кино – 3,9.

 

Тауардың неғұрлым көп алмастырғышы болса, соғұрлым оның бағалық икемділігі жоғары болады (яғни ол тұтынушыға неғұрлым аз қажет болса.)

Егер сатып алушылардың төлеу қабілеті бағалар өзгеруіне әсер етпесе, икемсіз сұраныс пайда болады. Тұз, сіріңке бағалары қаншалықты жоғарылап, төмендеп жатса да, оларға деген сұраныс өзгермейді.

 


Сұраныс графиктерінің түрлері

 

Р

Икемді сұраныс

Баға төмендегенде сатылым саны өсіп, жалпы түсім (PQ) көбейеді.

Р1

Р0

 

Д

 

Q

Q1 Q0

 

P

Икемсіз сұраныс

Баға төмендегенде сатылымдар көлемі шамалы өзгеріп, жалпы түсім төмендейді.

 

 

P1

 

P0

Д

 

Q1Q0 Q

Бірлік икемділік

Баға төмендеуі өсумен өтеледі және жалпы түсім өзгермейді.

Р

 

Р1

 

P0

Д

 

Q1 Q0 Q

Р

Мүлдем икемсіз сұраныс

Д

Р1

 

 

Р0

 

 

Q

 

Р

Мүлдем икемді сұраныс

P0 Д

 

Q

 

Ұсыныс – бұл сатушылардың тауарды нарықта сату үшін ұсыну ықыласы мен қабілеттілігі.

 

Ұсынысқа төмендегі факторлар әсер етеді:

- баға,

- бағадан тыс факторлар.

 

Ұсыныс заңы – баға неғұрлым жоғары болса, нарықтағы ұсыныс соғұрлым жоғары болады.

 

Ұсыныс қисығы – бұл ұсыныс заңының графикалық бейнеленуі. Бағадан тыс факторлардың әсерінен ұсыныс өзгереді, ал бұл ұсыныс қисығының оң (егер ол өссе) және сол жаққа (егер ол төмендесе) ығыстырылуымен бейнеленеді.

 

Баға өсуіне байланысты ұсыныс көлемінің өзгеру дәрежесі ұсыныс икемділігін сипаттайды.

Ұсыныс икемділігінің коэффициенті (Кп)

Ұсыныс көлемі (%)

Кп =

Баға өсуі (%)

 

Егер ұсыныстың мөлшері бағадан гөрі жоғары пайызға өзгерсе, ол икемді болады. Сағыз бағасы 4% жоғарылады дейік, осының салдарынан сатылымда бұл тауар 8% көбейді. Бұл жағдайда икемділік коэффициенті мынаған тең болады:

 

8%

Кп = = 2.

4%

 

Егербаға көтеріліп не төмендегенде ұсыныс өзгермесе, ол икемсіз болып табылады.

 

 

P

S Ұсыныс қисығы бойында қозғалу дегеніміз баға өзгергенде

ұсыныс мөлшерінің өзгеруі болып табылады.

 

P1 В

 

P0 А

 

 

Q

Q0 Q1

Р ұсыныс өзгеруі (қисық жылжуы)

S3 бағадан тыс факторлар әсерінен

S1 пайда болады:

оң жаққа жылжу –ұсыныстың көбеюі;

S2 сол жаққа жылжу –ұсыныстың азаюы.

 

Q

 

 

 

Ресурстар бағалары,

Технология,

Басқа тауарлар бағалары,

Үміттену,

Сатушылар саны,

Салықтар және жәрдем қаражаттар.