Тепе-тең баға деп тұтынушының ұсынылатын нарықтық игіліктердің шекті санын сатып алатын бағаны атайды.

Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысу нүктесі тұрақсыз тепе-теңдікті сипаттайды.

 

Сұраныс пен ұсыныс заңының бір уақытта әрекет етуі екі жақты теріс нәтиже береді:

а) егер баға тепе-теңдік нүктесінен жоғары көтерілсе,онда бір уақытта сұраныс қысқарады, ал ұсыныс жоғарылайды,бұл тауарлық артықтықаймағын кеңейтеді

Б) ал баға тепе-теңдік нүктеден төмен түскенде, сұранысжоғарылайды да, ұсыныс төмендейді, осының салдарынан тапшылықаймағының кеңістігі ұлғаяды.

 

III бөлім. Жеке ұдайы өндіріс мәні мен заңдылықтары

Тақырып.Капиталдың айналымдылығы мен айналымы

 

Капитал– бұл ең іргелі, негіз салушы экономикалық категориялардың бірі. Капитал деген не екенін түсіндірмейтін бірде-бір мектеп, бірде-бір экономикалық ғылым жоқ.

К. Маркстың айтуынша капитал – бұлүстеме құнды туындататын өзімен-өзі көбейетін құндылық.

В.Д. Камаевтыңайтуынша капитал – бұл тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін қолданылатын түрлі ресурстар мен өндіріс құралдары – табыс әкелетіннің барлығы.

А.С. Булатовтыңайтуынша капитал – бұл өз иесіне кәсіпкерлік қызмет жүргізуге мүмкіндік беретін материалдық, парасаттық жабдықтардың белігілі бір сомасы.

Райзберг Б.А. Лозовский Л.Ш. және т.б. капитал (латын тілінде–capitalis – басты, басты мүлік, басты сома) – бұл табыс әкелетіннің барлығы немесе адамдардың тауарлар мен қызметтер өндіру үшін жасаған ресурстары - деп есептеген.

Капиталсөздің кең және тар мағынасындақарастырылуы мүмкін. Сөздің кең мағынасында капитал – бұл табыс әкелетіннің барлығы.

Сөздің тар мағынасында капитал – бұл фирманың барлық активтері (қаржылары).

Капитал төмендегідей бөлінеді:

- өндірістік,

- ақшалық,

- тауарлық.

 

Тауарлық өндірістің пайда болу уақытынан бері капитал болмысының тарихи нысандары мынадай болған:

- тауарлық капитал (көпестік капитал түрінде);

- өсімқорлық;

- өнеркәсіптік.

Капиталдың бастапқы жинақталуыкапитализм қалыптасуының алғашқы пунктыболып табылады.

Берілген экономикалық процестің уақыттық шекаралары Батыс Европада ХVІ - ХVІІІ ғғ., Ресейде - ХVІІ-ΧІΧ ғғ. Әр ел, капиталистік шаруашылығын қалыптастыруда, ішкі нарықтың дамуына және капитализмнің материалдық негізінің тездетіліп қалыптасуына бағытталған, өз экономикалық және саяси әдістері мен тәсілдерін қолданған.

Капиталдың бастапқы жинақталуы төмендегідей процесс ретінде ұсынылады:

- өз еңбегіне негізделетін жеке меншікті жою;

- тікелей өндірушілерді жалдамалы жұмысшыларға айналдыру;

- қоғамның өндіріс құралдары мен өмір сүру қаражаттарын капиталға айналдыру

Капиталдың бастапқы жинақталуы:

- кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық негізін қалыптастырудың қажетті шарты болып табылды,

- кәсіпкерлер тобының пайда болуына септігін тигізді,

- жалдамалы жұмысшылар армиясын туындатты,

- капиталдың барлық нысандарын дамытты.

 

Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастыру үшіноның алғашқы кезеңінде капиталдың бастапқы салымдарын жасау қажет.

Бастапқы капитал

- меншік,

- жер,

- жұмылдырылған қаражаттар есебінен құралады.

 

Ол:

- кәсіпорынды тіркеуге;

- банктік есепшот ашуға;

- үймеретті сатып алуға немесе оны жалға алуға;

- машиналар, жабдықтар, аспаптар, патенттер, лицензиялар сатып алуға;

- шикізат, материалдар сатып алуға;

- жұмыс күшін жалдауға (еңбекақыға);

- әлеуметтік қор төлемдеріне және т.б.

Жұмсалады.

 
 

 

 


 

Меншік көздеріне жататындар:

- барлық қызмет түрлерінен түсетін табыс,

- жарғылық қор,

- амортизациялық қор,

- сатып алушыларға түсірілген тауарлар үшін берешек,

- кеткен мүлікті сатқаннан түскен түсім,

- ішкі қорларды жұмылдыру және т.б.

 

Қарыз көздеріне жататындар:

- несиелер, ссудалар,

- тұрақты пассивтер,

- несиелік берешек.

 

 

Аржы қорларының бастапқы қалыптасуы жарғылық капитал пайда болғанда, кәсіпорынды құру сәтінде жүзеге асырылады.

 

 

Жарғылық капитал – фирманың ұйымдастырылуы кезінде қалыптасатын негізгі және айналымдағы қаражат көзі. Жарғылық капиталды қалыптастыру көздерікәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына байланысты болады. (ҚР олар «Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет»Заңында анықталған).

 

 

Жарғылық капитал көздері деп мыналарды атауға болады:

- акционерлік капитал,

- құрылтайшылардың жарналық үлестері.

- салалық қаржы ресурстары (салалық құрылымы сақталса).

- ұзақ мерзімді несиелер,

- бюджеттік қаражаттар және т.б.

 

Жарғылық капитал шамасыөндіріс процесіне инвестицияланған ақша қаражаттарының (негізгі және айналымдағы) мөлшерін көрсетеді.

Сырттан қаржыландыру жүзеге асырылады

- қарыз алу жолымен немесе

- акция шығару жолымен.

 

Капитал айналымдылығы мен айналымы

 


СП

Д – Т - - - - - П - - - -Т' - Д

Рс

 

Ι саты ΙΙ саты ΙΙΙ саты

(айналым саласы) (өндіріс саласы) (айналым саласы)

 

Айналымдылық – бұлкапиталдың авансталуын, өндірісте қолданылуын, өндірілген тауардың сатылуын және бастапқы қалпына келуін жүйелі түрде қамтитын капитал қозғалысы.

Айналым – бұлүздіксіз жаңартылып отыратын процесс ретінде қарастырылатын капитал айналымдылығы.

Айналымдылықтың бірінші сатысында

ӨҚ

Д - Т (айналым саласында өтеді).

ЖК

 

- ақшалық капитал өндірістік капиталға айналады;

- ақшалық қаражатқа өндіріс құралдары (ӨҚ), жұмыс күші (ЖК) сатып алынады

- тауарларды өндіру қалыптастырылады.

 

 

Екінші сатысында - - - - -П - - - - (өндіріс саласында жасалады).

- мұнда капиталдың өндірістік нысаны тауарлық нысанға айналады,

- нарықта сатып алынған өндіріс құралдары мен жұмыс күші өндірістік процесте біріктіріледі,

- қажетті пайдалылығы бар тауарлар шығарылады және олардың құны еселене түседі.

 

Үшінші сатысында Т' - Д' (айналым саласында).

- құны еселенген тауарлық капитал табысты ақшалық капиталға қайта айналады.

 

Өз қозғалысынақшалық нысаннан бастап, капитал кәсіпкерге ақшалай, еселенген түрде қайта оралады. Табыс алу ынтасы бизнесмендіөз капиталын үздіксіз іске – жаңа құнды өндіріске жұмсауға итермелейді.

Капитал қозғалысыоның бастапқы кесіндісінде үзілмеу үшін оған үздіксіз қозғалыс жағдайларын жасау қажет.Ол үшін мыналар қажетті:

1) капитал тоқтаусыз бір нысаннан басқасына өтіп отыруы керек;

2) әр берілген сәтте қызметтегі капитал бір уақытта ақшалық, өндірістік және тауарлық нысанда және айналымдылықтың барлық сатыларында болуы керек.

 

 

Капиталтолығымен айналым жасау үшін белгілі уақыт– айналым уақытықажет. Ол капиталдың қозғала бастаған сәтінен сол ақшалай нысанында, бірақ табыс шамасына еселеніп, қайта оралған сәтіне дейін есептелінеді.

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларында айналым уақыты бірдей емес. Осылайша, мысалы, авиация заводтарында капитал ұзақ мерзім бойы өндірістік нысанында қалады, ал кондитерлік фабрикаларда – бұдан көбінесе аз уақыт.

Бизнесмен айналым уақытының қысқартылуына мүдделі. Оның іске жіберген ақшасы неғұрлым тез пайдамен оралса,оның меншігі де соғұрлым тез жылдамдықпен өседі.


 

= +

 

+ + +

 

 

Өндіріс уақыты мыналар есебінен қысқарады:

- еңбек өнімділігінің өсуі,

- ғылым мен техника дамуы,

- жаңа технологияларды қолдану және т.б.


Айналым уақыты мыналар есебінен қысқарады:

- көлік және байланыс құралдарының жақсартылуы мен жетілдірілуі,

- тауарларды жеткізудің тездетілуі,

- нарық сыйымдылығының және халықтың сатып алушылық қабілетінің өсуі,

- сауда ұйымдастырылуының жақсартылуы.

 
 
Капитал айналымының саны

 

 


n – капитал айналымының саны,

n = О – айналым уақытын өлшеу бірлігі (жыл)

Т – берілген капиталдың айналым уақыты.

Капиталдың толық айналымыоның барлық аванстық құны иесіне ақшалай түрде қайтарылғанда жүзеге асырылады.

Айналым сипаттамасы бойынша капитал негізгі және айналымдағы деп бөлінеді.

 
 

 
 
АҚШ-тың өңдеуші өнеркәсібінің негізгі және айналымдағы капиталы

 


Барлық капитал 182,3 млрд қарыз (100 %)

Оның ішінде – негізгі 85,7 млрд қарыз (47 %)

- айналымдағы 96,8 млрд қарыз (53 %)

 

 
 

 

 


Үймереттер мен ғимараттар – 37 %

Құрал-жабдық -- 59,6 %

 

 
 

 


Материал, отынның өндірістік қорлары– 28,4 %

Аяқталмаған өндіріс – 33 %

Жұмыс күші – 24,3 %

 

 


Негізгі капитал тозады:

- материалдық жағынан (табиғи).

- моральдық жағынан.

 

Материалдық (табиғи) тозу – бұл нәтижесінде негізгі капитал элементтері физикалық жағынан қызмет етуге жарамсыз болып қалатын процесс, тұтынушылық құны жоғалады.

Моральдық тозу – бұл еңбек құралдары құнының төмендеуі немесе бұрынғыдан әрекет ету қабілеті жоғарырақ еңбек құралдарының пайда болуы нәтижесінде негізгі капиталдың құнсыздануы.

 

 


Себебі салдары Себебі салдары

 


 

Амортизация – тозығы жеткен капитал көлемін бағалау;

Негізгі капиталдың көшірілген құны.

 

 

 


 


Амортизациялық қор– бұл

- арнайы қор,

- салық салынбайды,

- капитал салымдарын қаржыландыру үшін қызмет етеді,

- оның мөлшері құрал-жабдық қызмет ету мерзіміне байланысты болады,

- амортизация нормасы үкіметпен бекітіледі.

 

Негізгі капиталдың амортизациялық қорға шамадан тыс есептен шығарылуымыналарға себеп болады:

 

- негізгі капиталдың дағдарыстан жылдамдатып шығарылуына және жаңартылуына,

- бағалар және инвестициялар өсуіне,

- бюджетке түсетін түсімдердің қысқаруына.

 

 

Амортизациялық қор жиі тағайындалуы бойынша қолданылмайды. Осының барлығы негізгі қорлардың шапшаң құрылуына әкеліп соқтырады. Сондықтан Қазақстан Республикасы мемлекеті

- амортизациялық есептен шығару жүйесін ретке келтіру жөнінде бірқатар шаралар қабылдады;

- амортизациялық қорлар қаражаттарын пайдалануды ретке келтірді,

- амортизациялық қорлар индекстеуін өткізді,

- шағын кәсіпорындарға негізгі капиталын есептен шығару жөнінде жеңілдіктер ұсынды.


 
 
Негізгі және айналымдағы капиталды тиімді қолдану көрсеткіштері

 


- капитал айналымының жылдамдығы

 

П = мұнда П – айналым саны;

О – капитал айналымын өлшеу бірлігі (жыл),

Т – берілген капиталдың айналым уақыты;

 

- бір айналымның күнмен есептегендегі орташа ұзақтығы (От)

 

 

От =