Тақырып. Аудиторлық қызметінің этикалық нормалары.

Аудит қызметінің негізгі мақсаты – ол өте жоғарғы деңгейдегі мамандар арқылы аудит қызметін көрсету. Ондай қызмет көрсету үшін тек қана білгір маман болып қоймай өте мәдениетті, тәрбиелі, әдепті, адал адам болуы қажет. Этика деген грек сөзі, оның нағыз тиянақты мағынасы ол - әдепті, текті кісі деген түсінік береді. өз кезегінде адам әдепті болуы үшін тек түсінігінде, білгірлігінде ғана емес оның жан дүниесі, мәдениеттілігі, адалдығы сияқты түсінікке тұратындай адам болуы керек. Этикада мамандардың әлеуметтік көзқарасы да ерекше орын алады.

Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ этиканың теориясы бар. Онда әртүрлі мамандардың этикалық бейнесі бар. Сондықтан да этика кодексі арнайы категория ретінде тарап кеткен. Ол кодексте әртүрлі мамандар үшін әдет-ғұрып, тәртіптілік, ізеттілік көрсету жолының құрамы анықталған.

Арнайы мамандар тілімен айтқанда жалпы этика екі түрге бөлінеді. Ол- жалпы (жан дүние) этикасы және мамандық (жұмыс) этикасы. Қандай мамандық болса да олардың этикасы мамандық негізінде қалыптасқан қызмет саласының ерекшелігіне негізделген әдептілік, ізеттілік философиялық тұрғыдан анықталған.

Аудитор этикасын дайындауды, үлкен жұмысты Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы жүргізіп отыр. Этика кодексінің анықтаған тәртібі мыналар:

- адалдық, объективтілік. Аудитор сырттан жасаған қысымға ерік бермей, өзінің тәуелсіздігін сақтауы қажет;

- конфиденциалдық. Аудитор құпиялықты сақтауға міндетті, тапсырушының рұқсатынсыз ешқандай информацияны жария етуге немесе басқа біреуге беруге құқысы жоқ;

- білім, тәрбиелілік, қызметкерлік. Аудитор тапсырушыдан жұмыс алу үшін өз біліміне сенімді болуы қажет;

- аудитордың тексеру жұмысы техникалық және мамандығы жағынан бухгалтерлік есептің ереже-нұсқауына, стандарт талабына сәйкес болуы қажет. Сонымен қатар аудитор тапсырушы талабын бұлжытпай орындауға міндетті.Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін-өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында 2 әдептілік аспект бар – жалпы әдеп (рухани аспекті) және кәсіби әдеп (іс-тәжірибелік аспекті).Р.К. Маутц және Х.А. Шараф жалпы кәсіби әдеп мәселелерін зерттей келе, аудиторлар мен кез келген кәсіп иелерінің өзін-өзі ұстау әдебі философтардың барлық адам баласына ортақ әзірлеген өзін-өзі ұстау әдебінің жалпы ұғымын тар мағынада түсініп, қолданудан басқа ештеңені білдірмейді, деп атап кеткен болатын.Осыған байланысты «әдеп» термині ретінде біз мораль проблемаларын, оның ішінде моральдық таңдау саласын зерделеу жүйелі түрде айналысатын белгілі бір философия саласын ұғамыз. Бұл анықтамада 3 шешуші элемент бар:шешімді таңдау проблемасы;жаман және жақсы туралы түсінік;әдеп, адамгершілік (мораль) мәселелерін, оның ішінде моральдық шешімдерді зерделейді.Әдеп кең мағынасында өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзіе-өзі ұстау әдебі ретінде баяндалады. Іс жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің, әскерилердің және т.б. кәсіби кодекстері бар.Өзін-өзі ұстау әдебінің кодексі осы кәсіптің өзіндік ерекшелігі болып табылатын өзін-өзі ұстау өлшемдерін дәл анықтап, тиісті ұсыныс береді. Жалпы әдеп теориясына қарағанда кәсіби әдеп кодексінен нақты проблемалардың шешімін табуға болады, оның үстіне, онда кәсіби талаптар да бар. Белгілі бір кәсіп тұрғысынан алғанда кодекст нақты өзін-өзі ұстау декларациясы болып табылады, әрі олардың орындалуына ықпал етеді. Онсыз кәсіби тәртіп болуы мүмкін емес.Әдептің негізгі мақсаттарының біріне шешім қабылдауды басшылық жасау жатса да, шешім қабылдаушы тұлғаның функциясы (қызметі) осымен толық бітпейді, яғни оның кәсіби міндеттері мұнымен ғана шектеліп қалмайды.Әрбір адам – тек жеке тұлға ғана емес, ал сонымен бірге қандай да бір кәсіптің өкілі және қоғамның мүшесі. Тәуелсіз қоғамдық бухгалтерлер мен аудиторлар да «өз әріптестері қабылдайтын шешімдері» қадағалаушы кеңес берушілер, оқытушылар, сарапшылар болып табылады. Осы функциялардың барлығы кәсіби этика тұрғысынан қарағанда маңызды.1988 ж. АІСРА мәжілісінде бухгалтер-аудиторлардың өзін-өзі ұстаудың кәсіби Кодексінің жаңа нұсқасы қабылданды, оның ішінде олардың кәсіби тәртібін көрсететін мынадай 6 жағымды ережелер қамтылған:Міндеттері. Аудиторлар өз міндеттерін орындауда жоғары кәсіби және моральдық сапаларын танытуы керек, өз қызметінің барлық түрінде дәл әрі жан-жақты ойластырылған өз пікірін қалыптастыруы қажет.Қоғамның мүдделері. Аудиторлар өзіне мынадай міндеттемелер жүктеуі тиіс. Қоғам мүддесіне қараі әрекет-қызмет етіп, оның сенімін ақтап, жоғары кәсіби шеберлігін көрсету керек.Адалдық. Қоғамның сеніміне ие болуы үшін аудиторлар өзінің кәсіби міндеттерін адал әрі мінсіз орындалуы қажет.Объективтілігі және тәуелсізгдігі. Аудиторлар объективтілігін сақтай отырып, мүдделер қақтығысынан бойларын аулақ салғаны жөн. Аудиторлық жұмыстарды жүзеге асыруда олар мәні бойынша және көрер көзге де тәуелсіз болғаны абзал.Тиісті. Аудиторлар кәсіби стандарттарды сақтауы қажет, өз білімдерін жоғарылату және кәсіби міндеттерді толық орындап, қызмет сапасын ұдайы жақсартып отыруғы ұмтылуы тиіс, сондай-ақ қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейіне пайдаланғаны жөн.Қызмет көлемі мен сипаты. Аудиторлар көрсетілетін қызметтің көлемі мен түрін анықтап, өзін-өзі ұстаудың кәсіби кодексінің принциптеріне сақтауы керек.Әрбір аудитор өзін-өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаларды анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:а) Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйскені тәуелсіз аудиторлық тексерудің мақсаты – қаржылық есеп беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болмауы керек.Тәуелсіздік мына жағдайларда бұзылады, егер аудитор:клиенттің қайсыбір мүлкін иеленетін болса;таза табысы немесе фирмасының пайдасы тексерілетін компанияныңинвестициясымен тығыз байланысты болса, не болмаса компаниямен бірлескен инвестициясы бар болса;

- компаниядан несие алса немесе берсе;

- тексерілетін компаниямен құрылтайшы ретінде байланыста болса;

- компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылғанда;

- компанияның есептік жазбаларын жүргізіп, есеп саласында шешім қабылдайтын болса, ал компания басшылығы қаржылық есеп беру туралы ақпаратпен оған негізгі жауапкершілікті көтеретіндей шамада ақпарат алмаса;

- егер компания басшылығы аудиторлық жұмыста олқылықтары үшін аудиторды сот процесімен қорқытатын болса немесе аудитор компания басшылығын алаяқтық пен жалған деп айыптап, сот процесімен қорқытатын болса;

- клиент инвестор болатын болса, онда инвестор – кәсіпорында аудитордың қаржылық мүдделілігі болады;

- егер аудитор отбасының немесе туыстарының бір адамы клиент ісін тікелей қатысты немесе онымен кәсіпорынды басқару ісіне байланысты болатын болса және

т.б.

ә) Адалдық және объективтілік. Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделердің сәйкеспеуінен болатын дау-жанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмаламауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жаңылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұқсан келтіреді.

Жаңа немесе өзгеше операциялар есебінің мәселелері бойынша кәсіпорындарға кеңес беру барысында аудитор бірқатар проблемаларға кезігеді. Аудиторлар операциялардың есебін дұрыс жеткізу ісінде әр түрлі пікірде болады, сондықтан да кәсіпорын басшысы болып өткен немесе болуы ықтимал операциялардыңесебі бойынша басқа бухгалтерлермен кеңесетін болса, оған таңданудың қажеті жоқ.

Кәсіпорын басшылар аудиторларды «сатып алатын» жағымсыз оқиғалар да болып тұрады, мұндайда аудитор олардың өздері көргісі келетін қаржылық есепте ақпараттты анық мазмұндап, білікті есеп жасап береді.

б) Стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын сақтауы керек. Осыған сәйкес олар өз құзіретіндегі қызметтерлі ғана көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып, қызмет етуді жоспарлау және қажетті егжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.

в) Құпияны сақтау. Аудитор клиенттің ерекше рұқсаты болмайынша ешқандай құпия ақпаратты жарияламауы керек және мамандығына нұсқан келтіретін әрекеттерге бармауы керек. Олар:

· клиент талап етсе де, оған бухгалтерлік және басқа да құжаттарды қайтарып беруден бас тарту;

· кәсіби қызмет барысында нәсілдік, жыныстық, ұлттық белгілері мен ұстанатын діни сенімдеріне қарай кемсітушілікті жүзеге асыру;

· тексеру барысында егер клиент аудитордан мемлекеттік аудиторлық стандарттарды және нормаларды сақтауын өтінетін болса, онда клиенттің тілегіне қарсы мемлекеттік стандарттар мен нормаларды сақтамауы керек. Себебі, нағыз шынайы фактілерді ашуда мемлекеттік стандарттар мен нормалар дәрменсіздік танылуы ықтимал. Аудитор кейбір жағдайда шынайы фактілерді әдеттен тыс әдістермен ашуы мүмкін;

· бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемесінің тіркеліміне жалған жазбаларды енгізуге келісім бермеуі керек;

· басқа тұлға туралы ақпаратты тапсырғаны үшін клиенттен комиссиялық алым алу немесе клиенттерді тартқаны үшін басқа біреулерге төлеу.

г) Жарнаманы шектеу. Аудиторлар өзінің қызметін немесе фирма атауын жарнамалау арқылы клиенттерді мазалап, адамдарды адастыру арқылы өз қызметін мәжбүрлеп өткізуге немесе алаяқтық жасамауға тиіс.

ҚР Үкіметінің уәкілеттілік берілген лицензия беруші мемлекеттік орган қоғамдық аудиторлар ұйымымен бірлесіп осы кәсіп түрі бойынша лицензия алған тұлғаның аудиторлық қызметін реттейді. Лицензия беруші аудиторлық қызметтерді бақылап, аудиторлар мен аудиттелетін субъектілердің қатынасын қарастырып, лицензия ұстаушыға ескерту жасауына болады, тіпті болмаған жағдайда лицензияның іс-әрекетін тоқтатады. Бұл – өте қатаң жаза, өйткені лицензиясынан айырылған тұлға аудиторлық біліктілікпен және аудиторлық есептілігіне қол қою құқығынан қоса айырылады.