Бағалаудың критерийлері

Бақылау түрі Жоғарғы баға Оқытушы журналына балдарды қою мерзімі
Ағымдық бақылау: сабаққа қатысқаны: – 5 балл үй тапсырмасын, орындалуына белсенділік (лекциялардағы жауаптары)ОСӨЖ тапсырмаларын орындауы және сабаққа қатысуы   Әр аптада
СӨЖ 1 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма 4 апта
СӨЖ 2 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма 4 тапсырма 7 апта
СӨЖ 3 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма 11 апта
СӨЖ 4 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма 14 апта
Аралық бақылау 1:1Лингвистикалық терминдердің мағыналыры.2. Мәтінді талдаудың әдістері мен тәсілдері.3. Лексика-фонетикалық талдау түрлері, жазбаша талдау.4.Поэзиялық шығармаларды кешенді талдау. 5. Тест тапсырмасы.     8 апта
Аралықбақылау2:1.Сөзжасамдық талдау. 2.Сөз таптарының жіктелу ерекшелігіне талдау. 3Сөйлемдерді құрылысына қарай талдау.4. Прозалық, драмалық шығармаларды кешенді талдау.   15 апта

 

 

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
ӨЖ Әрбір ӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Ағымдық бақылау Әрбір ағымдағы бақылауға 100 баллдан 8 және 15 апталарда
Кіру рұқсатының рейтингісі 1 R 1 = (ӨЖ1+ӨЖ2+АБ1)/3 8 апта
Кіру рұқсатының рейтингісі 2 R 2 = (ӨЖ3+ӨЖ4+АБ2)/3 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтингісі R = (R1+R2)/2 15 апта
Диф.сынақ Д/с 16-17 апта
Қорытынды баға I = R*0.6+Д*0.4  

 

Курс саясаты

Студенттің оқудағы жетістігінің деңгейі қорытынды бағамен өлшенеді: емтиханға жіберілу рейтингісі (қорытынды бағаның 60 %) және емтихан бағасы (40 %). Емтиханға жіберілу рейтингісі ағымдық және аралық бақылаудың (15 апта) нәтижесінде шығарылады. Оқудағы жетістігі 100 баллдық шкала бойынша бағаланады. Оған (ағымдағы сабақтардағы жауаптары, дәрістегі белсенділіктері, үй тапсырмасын орындауы, СӨЖ, аралық бақылау) енеді. Оқу бағдарламасымен қарастырылмаған қосымша жұмыс түрлері (ғылыми мақала, публикация, олимпиадаға, конкурсқа, конференцияға қатысуы т.б.) қосымша бонус баллдармен бағаланады. Қатыспаған сабақтар мен қарыздарын өтеу 7,14 аптада аралық бақылаудың алдында қабылданады. Себепсіз қатыспаған сабақтардың тапсырмасы көрсетілген мерзімнен кейін қабылданбайды және рейтингіге қосылмайды.

Әр аптаның соңында үлгеріммен сабаққа қатысудың қорытынды рейтингісі локальді желі арқылы университеттің электронды журналына қойылады.

 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар (3 кредит)

 

Мазмұны Сағат саны Апта
Модуль 1. «Пәннің теориялық-әдістанымдық негізі »
Дәріс 1 Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың міндеттері мен принциптері. Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың әдіс-тәсілдері. Тілдік зерттеудің синтетикалық, құрылымдық, статистикалық әдістері .   апта
Практикалық сабақ 1. Қазақ тіл білімінде көркем мәтіннің зерттелуі. Мәтінді лингвоталдауға қатысты зерттеулер. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектері.
1. ОСӨЖ М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Х.Кәрімов, М.Серғалиев, Б.Шалабай, Г.Әзімжанова, Г.Сәрсеке, Л. Мақұлова, Г. Кәріпжанова, Г.Әбікенова, К.Еңсебаева, М. Әбікенов, Л.Оразғалиева, С.Тәттімбетова, Ж.Б.Саткеновалардың зерттеулері
  Дәріс 2. Қазақ тіл білімінде көркем мәтіннің зерттелуі.Мәтінді линвоталдауға қатысты зерттеулер. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектері..   2 апта
Практикалық сабақ 2. Тілдік атаулардың негізгі нысаны — шығарманың сөздік құралы. Тілдік түсініктеменің аспектісін ашу. Тілдік тауарлардың сипаты, түрлері, ауқымы.  
  2. ОСӨЖ Көркем мәтін лингвистикасының міндеттерін саралау.
      Дәріс 3. Көркем мәтін түзілісінің стилистикалық-эстетикалық өрісі. Поэзияда мәтін түзу мәселесі   3 апта  
Практикалық сабақ 3 Шығармалардағы мәтін түзу. Көркем шығарманың мазмұны мен формасы.
ОСӨЖ 3. Тілдік қолданыстағы дәстүр жалғастығы. Ғылыми дамудың жаңа бағыт бағдарына сүйену.
  Дәріс 4. Көркем шығармадағы тілдік құбылыстардың өзара және көркем шығарманың басқа компоненттерімен байланысы. Бейнелетін мазмұнға автордың қатынасы     4 апта
  Практикалық сабақ 4 Мәтіндегі грамматикалық категориялар, мазмұнды категория (персонаж, уақыт, кеңістік, хабардың түпдерегі, автордың образы, оқушы образы).
  ОСӨЖ 4. Көркем коммуникацияның үш тағаны: жазушы — шығарма - оқушы.
СӨЖ 1 Көркем мәтінді лингвистикалық талдауға қойылатын талаптар. Мәтіннің лингвистикалық категория ретінде жүйеленуі. Лингвистикалық талдаудың ұстанымдары (принциптері).
Модуль 2. «Көркем туындыларды тану, зерттеу»
Дәріс 5. Көркем туындыдағы автордың баяндау, суреттеу тілі және кейіпкер сөзі.   5 апта
  Практикалық сабақ 5. Абай шығармаларының лексикалық ерекшеліктері. Сөздердің мағынасы. Көп мағыналы сөздер, этимологиялық түсінік беру. Ауыс мағыналы сөздер, бейнелі сөздер, кірме сөздер, эмоциялы-экспрессивті сөздер.
  ОСӨЖ 5 Абай шығармаларының грамматикалық ерекшеліктері. Мәтіндегі шумақ, тармақ, бунақ, интонация, дыбыс үндестігі, қайталауларға мән беру. Автордың сөз жасау тәсілдерін анықтау. Синтетикалық және аналитикалық жолмен туындаған сөздердің арақатынасы, олардың мәтін мазмұнына үйлесімділігі.
Дәріс 6. Көркем мәтіндегі дыбыстық қайталамалар   6 апта
Практикалық сабақ 6. Мәтіннің синтаксистік композициясы. Кейіпкер тілі, мінездеу тәсілдері.
ОСӨЖ 6. Мәтіндерді салыстыра талдау. Көркем мәтінді кешенді талдау.
Дәріс 7 Қарсы мәндес сөздердің стильдік қолданысы Поэзия тілінде қарсы мәндес сөздердің қызметі Прозада қарсы мәндес сөздердің жұмсалуы     7 апта
  Практикалық сабақ 7. Қарсы мәндес сөздердің стильдік қолданысы Поэзия тілінде қарсы мәндес сөздердің қызметі
  ОСӨЖ 7. Прозада қарсы мәндес сөздердің жұмсалуы
  СӨЖ 2. Синонимдердің стильдік қолданысы. Поэзия тілінде синонимдердің қызметі. Прозада синонимдердің жұмсалуы. Өлең мәтіндерін лингвистикалық талдау ерекшеліктері  
Дәріс 8. Көркем мәтіндегі көп мағыналы сөздер мен омонимдердің қолданылу ерекшеліктері.     8 апта  
  Практикалық сабақ 8. Синонимдердің стильдік қолданысы. Поэзия тілінде синонимдердің қызметі. Прозада синонимдердің жұмсалуы. Өлең мәтіндерін лингвистикалық талдау ерекшеліктері. ОСӨЖ 8. Көркем мәтіндегі көп мағыналы сөздер мен омонимдердің қолданылу ерекшеліктері.
  Аралық бақылау 1. (Бақылау жұмысы)    
Модуль 3. «Көркем мәтінді лексикалық-стилистикалық тұрғыдан зерттеу, сөздің көркемдік сипатын ашу
  Дәріс 9 Фразеологизмдердің көркем мәтіндегі жұмсалым аясы. Көркем поэзия тілінде фразеологимдердің қолданылуы. Көркем проза тілінде фразеологизмдердің қолданылуы.   апта
Практикалық сабақ 9 Ж. Аймауытұлы шығармаларындағы фразеологизмдер.Перифраздар туралы.
  ОСӨЖ 9. Көркем тіл мен әдеби тіл, олардың арақатынасы
 

 

Дәріс 10. Көркем мәтіндегі мақал-мәтел, афоризмдер, этнографизмдердің көркемдік ерекшеліктері. линвомәдени тілдік бірліктерді айқындау, олардағы ұлттық сипатты көрсету.     апта
Практикалық сабақ 10. Шешендік сөздер. Дискурс
ОСӨЖ 10. Теңеудің стильдік колданысы.
    Дәріс 11. Мәтіндегі көріктеуіш құралдардың стильдік қызметі. Теңеудің түрлері. Теңеудің көркем шығармада жұмсалуы. Метафораның тілдік-көркемдік қуаты. Метафораның лингвистикалық табиғаты.Көркем шығармада қолданылуы.   11 апта
Практикалық сабақ 11. Эпитеттің көркем бейне жасаудағы стильдік қызметі.
ОСӨЖ 11. Метонимияның лингвистикалық табиғаты.Көркем шығармада қолданылуы
СӨЖ 3. Мәтінді филологиялық талдау. Көркем мәтінді жасаудың лексика-семантикасы. Мәтін лексикаларының түрлік қабаттары: кәсіби, ауызекі, қарапайым, диалектілік т.б. лексикалардың шығарманың тақырыбы мен идеялық жақтарын талдаудағы лингвистикалык көрсеткіш.  
Дәріс 12. Көркем мәтіндегі грамматикалық тұлғалардың қызметі.   12 апта
Практикалық сабақ 12. Сөз таптары, Шылаулар, қос сөздер
ӨСӨЖ 12.Бейнелеуіш тәсілдердің тілдік табиғаты.
Модуль 4. «Көркем мәтіндегі грамматикалық тұлғалардың қызметі»
Дәріс 13. Көркем мәтіндегі компазициялық баяндау формалары. Суреттеу. Баяндау. Ойталқы.   13 апта
Практикалық сабақ 13 Метафораның тілдік-көркемдік қуаты.
ОСӨЖ 13. Пәнге байланысты глоссарий жазу.
Дәріс 14. Поэтикалық мәтінді когнитивтік тұрғыдан зерттеу. Мәтінді талдаудың логика-психологиялық және философиялық аспектісі.     14 апта
Практикалық сабақ 14. Метонимияның тілдік-стильдік қолданысы
1. ОСӨЖ 14. Тест құрастыру. Пәнге байланысты глоссариймен жұмыс
  СӨЖ 4. Көркем мәтіндегі грамматикалық тұлғалардың қызметі. Сұраулы сөйлем, бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі. Мәтіндегі оқшау сөздерді, атаулы сөйлемдер, тыныс белгілер, инверсия, күрделі синтаксистік тұтастық, парцелляция, айқындауыш мүшелерді шығарма мазмұнына қатыстылығы тұрғысынан талдау.
    Дәріс 15. Мәтін типологиясы. Мәтіндердің функционалдық-стильдік типологиясы     15 апта
Практикалық сабақ 15 Көркем мәтіндегі грамматикалық тұлғалардың қызметі
ОСӨЖ 15.Мәтінді лингвокогнитивтік тұрғыдан зерттеу.
Аралық бақылау 2. (Бақылау жұмысы)  
  Емтихан  
  Барлығы: дәріс, практикалық сабақ, СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ)      

 

Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша

әдістемелік нұсқау

 

Жоғары оқу орнына қойылатын негізгі талап жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталатын болғандықтан, студенттердің өзіндік ізденуіне, талдау, зерттеу жұмысын жүргізуіне, өзіндік ой, сын, пікір пайымдауына, қорытынды, тұжырым жасауға баулуда аудиториядан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сондай – ақ аудиториядан тыс жұмыстар студенттердің ғылыми ізденісіне де айрықша мүмкіндік туғызып, бағыт-бағдар береді.

Студенттің өздік жұмысы аудиториядан тыс жүргізілетін сабақ. Студенттің өздік жұмысының мақсаты: - студенттерді ғылымға, кәсіптік терең білім алуға баулу;

СӨЖ барысында ауызша, жазбаша тілін жетілдіріп, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық іс-дағдылары қалыптастыру;

Оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми әдебиеттерді пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгерту;

А.Байтұрсыновтың ғылыми, оқу-әдістемелік мұраларын өз беттерімен оқып, таныстыру;

Ғалымның еңбегіне бүгінгі күн тұрғысынан қарап, сараптау жасауға баулу.

Баспасөз беттерінде А.Байтұрсыновтың шығармашылығы жайында арнайы тақырып төңірегінде көптеген ғылыми мақалалар, ұсыныстар, пікірлер жарияланып, көпшілік назарына ұсынылып жүр. Студенттер осы тақырып бойынша өз беттерімен ізденіп, мәселе жөнінде жарияланған мақалаларды сараптап, талдай отырып өзіндік ой-пікірлерін жинақтап бере білуі керек. Олар берілген бағдарламаны басшылыққа ала отырып еңбектенеді, өзіндік ғылыми тұжырымдамаларын баяндайды. Жұмыстың негізіне студенттің өзіндік бақылауы, ізденіс нәтижесі жатады.

Студент өздік жұмысын орындау барысында мына мәселелерді назарда ұстауы қажет: Берілген тақырып немесе тапсырма бойынша әдебиеттерді іріктеу білуді;

Тапсырмаға сәйкес талдау, сараптау, жіктеу, топтастыру жұмыстарын орындауды;

Берілген тақырып бойынша ғалымдардың ой-тұжырымдарын қажетінше конспектілеуді;

Зерттеушілер көзқарастарындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды ажыратып, анықтауды;

А.Байтұрсыновтың кезкелген еңбегінің мазмұнын білуге, теориялық білімін практикада пайдалана білуге дағдылануы тиіс.

Студент өздік жұмысын орындау барысында көрсетілген әдебиеттерді пайдалана отырып конспект, реферат, глоссарий, сөздік жасауға белгілі тақырыптар бойынша сараптама, лингвистикалық талдау жасауға дағдылануы тиіс.

 

 

СӨЖ тапсырмаларының күнтізбелік – тақырыптық жоспары

 

Тапсырма мазмұны Сағ. саны Өткізу мерзімі Бақылау түрі
  СӨЖ 1. Көркем мәтінді лингвистикалық талдауға қойылатын талаптар. Мәтіннің лингвистикалық категория ретінде жүйеленуі. Лингвистикалық талдаудың ұстанымдары (принциптері).         4 апта жазбаша баяндама
      СӨЖ 2. Синонимдердің стильдік қолданысы. Поэзия тілінде синонимдердің қызметі. Прозада синонимдердің жұмсалуы. Өлең мәтіндерін лингвистикалық талдау ерекшеліктері     7 апта баяндама к/ш мысалдар жинап, талдау   Реферат
СӨЖ 3. Мәтінді филологиялық талдау. Көркем мәтінді жасаудың лексика-семантикасы. Мәтін лексикаларының түрлік қабаттары: кәсіби, ауызекі, қарапайым, диалектілік т.б. лексикалардың шығарманың тақырыбы мен идеялық жақтарын талдаудағы лингвистикалык көрсеткіш.     Конспект жазбаша сараптама конспект
СӨЖ 4. Көркем мәтіндегі грамматикалық тұлғалардың қызметі. Сұраулы сөйлем, бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі. Мәтіндегі оқшау сөздерді, атаулы сөйлемдер, тыныс белгілер, инверсия, күрделі синтаксистік тұтастық, парцелляция, айқындауыш мүшелерді шығарма мазмұнына қатыстылығы тұрғысынан талдау.           14 апта   шығармалардағы көркемдігіш құралдарды теріп жазу     презентация
  Барлығы: