Практикалық сабақты жүргізуге әдістемелік нұсқау

Тақырыбы: Практикалық сабақтың тіл теориясына байланысты өтілген материялдары практикалық жағынан меңгеруге орай қойылады. Лекция барысында айтылған граммматикалық категорияларды әр түрлі тілдік ұғымдарды тек теория тұрғысынан меңгеру мүмкін емес. Сондықтан да ол ұғымдар, әр түрлі анықтамалар, тілдік ережелер практикалық сабақта жаттығу жұмыстары арқылы пысықталып, магистранттарға теориямен ұштастыра отырып меңгеріледі.

А.Байтұрсыновтың еңбектерін оқып-үйреніп, талдап, саралау үйретіледі.

Аудиториядан тыс жұмыстар:

Қазіргі жоғары оқу орындағы сабақ жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталатын болғандықтан, практикалық сабақтағы аудиториядан тыс жұмыстар магистранттардың өздігінен ізденуіне, өз тараптарынан жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Бұл тапсырма жүйесі бір сабақ бойында меңгеруге мүмкін болмай қалған мәселелер төңрегінде магистранттың өз бетімен ойлануына, тұжырым жасауына, тілдік талдаду жұмыстарын жүргізуіне септігін тигізді.

Аудиториялық жұмыстар:

Қазақ тілінен сабақтағы аудиториялық жұмыстар көбнесе жаттығу жұмыстарына негізделді. Осы бөлімде сол жаттығу жұмыстарының жүргізілу бағыты айқындалып көрсетілді, яғни сабақтың қандай тілдік материялдарға байланысты өткізілгендігіне орай анықталды.

Негізгі қарастырылатын мәселелер:

Тіл сабақтарында тек жаттығу жұмыстарымен ғана шектелмейді. Білім жалаң меңгерілмес үшін, орындалатын жаттығу жұмыстарына орай практикалық сабақта қарастырылатын теориялық мәселелердің жүйесі ұсынылады. Орындалатын жаттығулар осы негізгі қарастырылатын мәселенің мазмұнына сәйкес орындалады.

Сабаққа тірек болатын мысалдар:

Қарастырылған мәселеге орай орындалатын жаттығу жұмыстары алдымен осы бөлікте үлгі ретінде ұсынылады. Осы мысалдарды дайын күйде магистрантанттарға ұсынылғаннан кейін, біраз жаңа тақырыпқа бейімделген магистранттар, келесі де жаттығу жұмыстарын өз тараптарымен орындай бастайды.

Түйін: Әрбір практикалық сабақтың соңынан сабақта қарастырылатын теориялық мәселеге байланысты және орындалған жаттығу жұмыстарына байланысты үш-төрт сөйлем көлемінде қорытынды жасалады.

Практикалық және семинар сабақтарында бұрын-соңды баспа бетінде жарық көрген қазақ тілі грамматикалары мен қазақ тілі оқулықтарына талдау жасалады.

Теориялық тақырыпқа реферат жазу, баяндамалар дайындау, хабарламалар жасау сияқты жұмыс түрлері орындалады.

 

Практикалық сабаққа арналған тапсырмалар

 

1-тақырып - «Мәтін туралы түсінік» . Қазақ тіл білімінде көркем мәтіннің зерттелуі. Мәтінді лингвоталдауға қатысты зерттеулер. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектері

Пәннің кіріспесі ретінде ұсынылатын бұл тақырыпта студент мына сұрақтарға жауап бере алуы керек.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Мәтін дегеніміз не ?

2. Мәтіннің негізгі белгілері қандай?

3. Мәтін және стиль оның қандай байланысы бар?

4. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектері

Тапсырма:

1. А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі мәтінге қатысты айтылған ой-пікірлермен танысу

2. Тіл білімінде мәтінге берілген анықтамалардың бірнешеуіне өзіндік салыстырулар жасап, нақты анықтама беруге тырысыңыз.

3. Мәтіннің ең маңызды белгілері мен қасиеттеріне назар аударып, мәтінге өз бетіңізбен анықтама жазыңыз.

Силлабуста берілген № 1,2,3, 4 әдебиеттерді қолдану

2-тақырыпТілдік атаулардың негізгі нысаны — шығарманың сөздік құралы. Тілдік түсініктеменің аспектісін ашу. Тілдік тауарлардың сипаты, түрлері, ауқымы.

Түсіндірмелі оқыту әдісін негізінен үш түрлі жолмен жүзеге асады.Олар:

1. мәтінді жаттығу негізінде ұйымдастыру ;

2. оқыған мәтінді өз сөзімен әңгімелеуге үйрету

3. оқыған мәтінді талдау.

Мазмұндауды үйретуді нақыл, фразеологиялық тіркестердің мағынасын анқтау, түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізуден бастаған жөн. Дегенмен ғалымдар көбінесе әңгіме әдісін дұрыс деп санайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:.

1. Әдіс дегеніміз не?

2. Мәтінді талдауда қолданылатын әдістер қандай?

3. Оқыту әдістері дегеніміз не?

4. Мәтінге байланысты басқа анықтамалар қандай?

5. Мәтін лингвистикасының даму бағыттары қандай?

6. Мәтінтануға қатысты ғылыми әдістерді сипаттаңыз

 

Силлабуста берілген № 1,2,3, 4 әдебиеттерді қолдану

 

 

ГЛОССАРИЙ

 

Терминдер Терминдердің түсіндірмесі
Текст (латын тілінен textus)- мата, бірігу, қосылу, құрылым, байланыс-. қазақша мәтін деп аталады
Аналогия Тілдегінің барлығы да белгілі заңдылыққа бағынады деушілер.  
Сөйлемаралық байланыс дегеніміз сөйлемдер, абзацтар, тараулар және басқа да мәтіннің бөліктері арасындағы мағыналық бірлікті ұйымдастырушы байланыс.
Инверсия   латын тілінде ауыстыру, қайта қою деген мағынаны білдіретін кең және тар мағынада қолданылатын стилистикалық фигуралардың бірі.
Күрделі синтаксистік тұтастық   мәтін құрамындағы ірі синтаксистік бірліктерін көрсететін бөлімі.
Абзац мағыналық жақтан атап көрсету үшін азат жолдан оң жаққа сәл жылжыта бастап жазатын сөйлемдер
Эпитет адамдардың не заттардың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылады. .
Варваризм (грек. Barbaros   бөтен елдік) – белгілі бір тілдің қалыптасқан нормаларына кіріспейтін, ондағы сөзжасам, сөз түрлендіру, сөз тіркестіру заңдарына сәйкеспейтін, зәрушілігі шамалы бөтен тілдің сөздері мен сөз қолданыстары. В. бөтен елдердің өмірі мен тұрмыс- салтындағы ерекшелігін суреттеуде қолданылады  
Субстрат (лат. Sub – астыңғы және stratum - қабат) белгілі лингвогеографиялық жерде ертеде болған тілден қалған көне элементтер  
Субстантивтену Сан есім мен сын есімнің қолданыста заттануы.  
Суперстрат (лат. Super – үстіңгі, strsatum – қабат, қатпар)   байырғы тұрғындардың тілінде сақталып қалған келімсектер тілінің іздері.

 

1-тақырып. Мәтін туралы жалпы түсінік

Дәріс мақсаты: Мәтін туралы түсінік беру.

Мәтіннің басқа ғылымдармен байланысы

Мәтін және стиль

Лингвистикадағы мәтін мәселесінің зерттелуі.

Лин.гвистикада да мәтін сыртқы тұлғасы жағынан да ішкі мазмұны жағынан да ерекше ұйымдасқан біртұтас күрделі құрылым ретінде қарастырылады. Мәтін термині қазақша бірігу, қосылу, байланысу деген мағынаға сай келеді. Мәтін тіл бірліктерінің мағыналық байланысынан және лексика-грамматикалық қарым-қатынасқа түсу арқылы үйлесіп, белгілі бір ортақ ойды білдіру үшін жүйеге келтірілген сөйлеу болып табылады.

Текст (латын тілінен textus)-(мата, бірігу, қосылу, құрылым, байланыс)-қазақша мәтін деп аталады. Тілдің таңбалық жүйесінде (семиотикада) кез-келген таңбаның байыпты реттілігі деген ұғым береді. Тіл білімінде жүйелі, байланысты, тұтас, тиянақты қалыптасқан және мағыналық жақтан өзара жақын сөйлемдердің бірізділігі тілдік қарым-қатынасқа түскен екі адамның сөздері де жеке-жеке мәтін болып табылады. Ауызша немесе жазбаша ауызекі сөйлеу шығармалары болып табылатын диалог, монолог, әңгіме, баяндама тағы басқа да шығармалар мәтіндерін зерттеумен, жарыққа шығарумен айналысатын сала-текстология, қазақша мәтін-тану деп аталады

Мәтін коммуникативтік жағдайдағы белгілі бір тұрақты фактор болғандықтан, оның құрылымы жүйелік үрдіс негізінде қалыптасқан. Р.Гальпериннің пікірінше, мәтін- сөйлеу үрдісінің саналы түрде ұйымдасуының нәтижесі. Өйткені, ол сөйлеу үрдісіндегі қалыптасқан заңдылықтарға бағынып әдеби тілдің жазбаша нұсқасы негізінде пайда болған. Оның мәтін ретінде ажыратылуы тек осы жазбаша вариант негізінде жүзеге асады (Гальперин,64).

Мәтін құрылымына енген сөйлемдер өзара ең алдымен екі жақты байланысқа түседі:

Грамматикалық категориялар арқылы байланысып, белгілі бір синтаксистік формада тіркеседі;

Өзара қарым-қатынасқа түскен сөйлемдер семантикалық жағынан бір-бірімен байланыста тұрады..

Мәтіннің тұтастығын, байланыстылығын зерттейтін сала мәтіннің теориясы деп аталады. Мәтіннің мәнін түсіну үшін, онық барлық мәтінге тән негізгі белгілерін анықтап алу керек.

1. Мәтін-жазба түрде бірдеңені хабарлау;

2. Мәтін-мазмұны және құрылымы толық аяқталғанымен айқындалады;

3. Мәтінде автордың хабарлап отырған нәрсесіне деген қатынасыбайқалып отырады.

Синтаксистік жағынан алып қарағанда мәтін лексика-граматикалық құралдар арқылы бір-бірімен байланысқан сөйлемдердің жиынтығы деген сөз. Кейде ғана бір сөйлем түрінде кездеседі. Мәтін ішіндегі сөйлемдер топталып, бір тақырып маңына жиналып, құрылымдық және интонациялық жақтан іріктеліп, күрделі синтаксистік тұтастық құрайды. Алайда мәтіндегі барлық сөз түгелімен күрделі синтаксистік тұтастыққа енеді деп ойлауға болмайды. Оларға кірмейтін сөйлемдер, сөйлемшелер «еркін сөйлемдер» деп аталады. Бұлардың негізгі міндеті мәтінді бастап береді және аяқтайды. Еркін сөйлемдер мәтінді бастарда және аяқтарда әртүрлі көлемді болуы мүмкін. Еркін сөздерге авторлық шегіністер, ескертулер тағы басқа көмекші сөйлемдер жатады. Мысалы: Ауылдық кеңес сайлауы болғанда Ақтан жоғарғы сөзін орындамақшы болып Күлтайды сайламақ болып шабылып еді, жұрт оны бет бақтырмады. Мәтін-шығармашылық жұмыстың, шығарманың, мақаланың тұтас мазмұны. Әдетте бір автордың жазба сөзін немесе жазылған, басылған шығармасын я шығармасының үзіндісін, не музыкалық шығарманың жазылған сөздерін айтады. Мәтін көбінесе өзара мағыналық байланыста болатын бірнеше сөйлемнен тұрады да, автордың белгілі бір пікірін оқиға туралы ойларын білдіреді. Мәтінде бір-біріне жалғасып, байланысып келетін бірнеше күрделі ой болады. Кейде мәтінге жалғасып келе жатқан ойға жаңа мән ерекше мағына немесе біреудің сөзі қосылып та отырады. Сонымен мәтін=күрделі синтаксистік тұтастық+еркін сөйлемдер

2. Мәтіннің басқа ғылымдармен байланысы.

Мәтін психология,философия, тарих, мәдениеттану, әлеуметтанудың да зерттеу нысанынан көрініс табады. Әдебиеттану ғылымының еншісінде де біраз уақыт қарастырылып келді. Сол себепті лингвистикасның жас саласы мәтін лингивстикасын «транслингивстика» деп атап келді. Алайда мәтін лингивстикасының мақсаты- тіл мен әдебиеттануға ортақ категорияларды анықтау еді.

Психологияда мәтінді адамдық әрекеттің ерекше бір түрінің нәтижесі деп қарайды. Ұзақ уақыттан бері психологтар мен лингвистердің айрықша назарын аудартып жүрген жайт –мәтінді қабылдау мен түсіну. Ал лингвистер мәтін лингвистикасында түсіну процесін ерекше қарастырады. Мәтінде адамның психологиялық ерекшеліктерінің көптеген түрлерін беретін қабылдау процесі түсінуге тікелей байланысты болып келеді. Психологтар үшін қабылдаудың өзі, түсіну процесіне тікелей қатысты. Демек, мәтін психологиялық жағынан өзіндік табиғатына сай адамның ойына бағытталады және осы қасиеті негізінде оны оқушы өз түйсігімен қабылдайды.

Мәтін философия ғылымынан да ерекше орын алады. В.П.Руднев «Словарь культуры ХХ века: Ключевые понятие и тексты» атты еңбегінде мәтін философиясына жеті қағиданы ұсынады.Мәтін сөзінің этимологиясын латын тілінде берілген үш негізге сүйеніп береді: тектум- мата, киім, байланыс, қиылыс), тектус- құрылым, қосылыс, байланысқан баяндама; техо- тігу, қосу, үйлестіру, түптеу.

Философияда мәтінге қатысты К.Г.Юнгтың аналитикалық психологиясы және М.И.Бахтиннің поэтикасы ерекше орын алады.

-мәтіннің барлық элементтері өзара байланысты.

Мәтіннің элементтері өзара жоғары деңгейлік сипат пен мотив бірліктерін тудырады;

Мәтінде ештеңе кенеттен болмайды;

-әрбір сыртқы құрылым негізінде пайда болған жекелеген мәтіндерде мифологиялық ерекшеліктерді иеленетін терең құрылым мен әмбебаптық заңдылықтар жатады.

-мәтін шындықты суреттемейді, оған өзара күрделі қарым-қатынас тудырады;

-белгілі бір мәтінде не шын болса, басқасында жалған болуы мүмкін;

-мәтін- жылжымайтын мән емес, ол авторлар арасындағы диалог, оқырманмен мәдени контекстік байланыс. (В.П.Руднев,77 б.).

Стиль-көркемдеп сөйлеу амал-тәсілінің жиынтығы, сөйлей білудің қалыптасқан жүйесі, тілдің айрықша белгілерінің бірі деген ұғымды білдіретін термин.

Тіл екі түрде қызмет етеді. Бірі-сөйлеу тілі, екіншісі-жазба тіл. Сөйлеу тілі мен жазба тілдің бір-бірінен айырмашылықтары бар. Сөйлеу тілі бетпе-бет сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан ол көбіне диалог түрінде өтеді. Ал жазба тіл-әр түрлі жазба әдебиеттің тілі. Ол қолма-қол оқуға да, келесі ұрпақтың оқып үйренуіне де, білуіне де арналатын мәңгілік мұра.

Осындай ерекшеліктеріне қарап, сөйлеу тілін ауызекі сөйлеу стилі, жазба тілді жазба әдебиет стилі деп те атайды. Тілдің қызметі мен ойдың айтылу мақсатына қарай сөйлем құрауда соған сәйкес сөздер, грамматикалық тұлғалар, тіркестер сұрыпталып, таңдалып қолданылады. Ал ойдың әсерлі, көркем болуы, тыңдаушысын, оқушысын баурап әкетуі тілде сөздердің орынды қолданылуына, көркемдігіш, бейнелеуіш құралдарының сәтті жұмсалуына тікелей байланысты. Мысалы:

Суреттеп жеткізе алман қанша мақтап,

Келеді Көкше сұлу сан сыр сақтап!

«Өзгемнен осым қымбат»,-дегендей-ақ

Көкшетау Бурабайын тұр құшақтап.

Бұл жолдар Көкшенің әсемдігін де, сан сырлылығын да, сымбаттылығын да ерекше көрсетеді. Көкшеге жан бітіп, адам сияқты сан сырды сақтап, арзан қымбатты ажырата біліп, әсіресе әсем «Бурабайын құшақтап тұруы» ерекше көркем сурет жасап тұр. Әркімнің сөз қолдану ерекшелігі әр түрлі болады. Көсіліп сөйлейтін көсем де, таңдайынан бал тамған тыңдаушысын тамсандыратын шешендер де сөйлегенде сөзді сұрыптап қолданады, сол арқылы ойын дәл де әсерлі жеткізеді. Сондай сөз қолдану ерекшелігін стиль деп атайды.

Стильдің бірнеше түрі бар. Мысалы; көркем әдебиет стилі көркем шығарма тілінен айқын байқалады. Ғылыми шығармалар, техникалық әдебиеттер ғылыми стильде жазылады. Ресми іс-қағаздар стиліне әр-түрлі мекемелерде жүргізілетін құжаттардың тілі жатады. Олар өтініш, қолхат, хабарландыру, мінездеме, жолдама, жеделхат, міндеттеме, есеп, қаулы т.б. Публицистикалық стиль де ғылыми, көркем әдебиет және ресми қағаздары, стильдері сияқты әдеби тілдің бір стильдік тармағы болып саналады. Бұған газет-журналдардың тілі, әр түрлі мақалалар, очерктер жатады. Сонымен бірге публицистика қоғамдық-саяси әдебиет деп аталады. Публицистикалық шығармада еліміздің ішкі-сыртқы саясатына, қоғамдық құрылысына, экономикалық жағдайы мен дамуына, ғылыми-технологиялық прогрестің артуына мәдениеттің өркендеуіне т.б. байланысты жалпы халық үшін мәні зор мәселелер көтеріліп, талданады. Ол ықпалды, әсерлі, сенімді түрде жеткізіледі.

 

№ 2 дәріс

Лингвистикадағы мәтін мәселесінің зерттелуі.

1. Мәтіннің зерттелуі

2. Мәтіннің даму бағыттары

3. Мәтін талдаудағы тәсілдер

 

1960 жылдары мәтін лингвистикасының теориясы қалана бастады.Олар неміс ғалымы П.Хартмани, Э.Харвег, З.Шмидт. Алдымен мәтінді құрылымдық жағынан қарастырды, ал 1970 жылдардан кейін мәтінді зерттеу коммуникативтік процесс ретінде көрініс берді.

ХХ ғасырдың 70-80 жылдарына дейін әлемдік филологияда лингвистикалық зерттеулер әрі кеткенде сөйлем шеңберінде ғана қарастырылып келді. Осы сөйлемдер легінен тұратын мәтін ұзақ уақыт бойы тіл ғылымының аясынан табылмады. Алайда мәтін лингвистикасының пайда болуы ғалымдардың барлық лексикалық және грамматикалық феномендерді сөйлем шеңберінде толық түсіндіру, дәлірек ашу мүмкін емес деген пікірлердің пайда болуынан бастау алады.

Мәтін лингвистикасының дамуы жаңа бағыттар, жаңа тәсілдер, жаңа ұғымдар, тың көзқарастардың тууына негіз болды. Мәтін теориясында көптеген нәтижелерге қол жеткізген неміс ғалымы П.Хартмани «Қазіргі кезде мәтінді оқытуға негізделген лингвистика бар. Лингвистиканың бұл саласы тілдік зерттеулердің нәтижеге ең бай саласы. Ол лингвистикадағы қызығушылық диапазонын кеңейтеді және лингвистикалық пікірлердің топтамасына жол ашады. Лингивстиканың аталған жаңа саласын зерттеу ісі лингвистикалық зерттеулердің жаңа бастамасы болды» (Хартмани,9-6),-дейді.

Мәтін лингвистикасы филологияда ерекше пән ретінде ХХ ғасырдың П жартысында қалыптаса бастады. Біріншіден, ол поэтика, риторика, стилистика, герменевтика, семионтика сияқты ғылым салаларының тоғысында дүниеге келді.

Екіншіден, оның пайда болуы түрлі мектептің өкілдері мен ғылыми көзқарастардың мәтінді түсіндірудегі мыңжылдық тәжірибесі негізінде жүзеге асты.

Ал ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі тіл білімінде мәтін лингвистикасы қарқынды дами бастады.

Қазіргі мәтін лингвистикасында мәтіннің бірнеше даму бағыттары көрсетіліп жүр. Олар:

Мәтінді жоғары дәрежедегі жүйе деп қарап, оның басты белгілері тұтастық пен байланыстылық екендігін назарда ұстау;

Лингвистикалық белгілерге сүйене отырып коммуникативтік параметрлер бойынша мәтін типологиясын құру (мазмұн межесі айтылу межесі).

Мәтінді құрайтын бірліктерді анықтау;

Негізгі мәтіндік категорияларды анықтау.

Мәтін лингвистикасына қатысты жалпы тіл юілімінде көптеген ғалымдардың еңбектері жарық көрді.И.Р.Гальперин Текст как обьект лингвистического исследования.-Москва: Наука,1981-139.

Олардың зерттеу еңбектерінде мәтіндегі прагматика мен интонация, мәтін құрылымы, көмекші сөздердің ерекше жұмсалуы, мәтіндегі ұсақ тілдік бірліктер (фонема, морфема), мәтіннің жалпы құрылысы, мәтін типологиясы т.б. мәселелер жайында сөз қозғалады.

Мәтін лингвистикасы соңғы 15 жыл ішінде түбегейлі және тиянақты пайда болды. Зерттеу нәтижесінде лингвистика мен мәтін стилистикасының ара жігі ашылып, бірін-бірі толықтыратын тең дәрежелі ғылым деп қарастыруға болады.

3. Мәтін талдаудағы тәсілдер

Мәтін- күрделі категория. Оны бір әдіс шеңберінде зерттеп, тануға келмейді. 1985 жылы 25-27 қыркүйекте Қазан университетінде мәтін стилистикасы бойынша өткізілген бүкілодақтық мәжілісте профессор М.Н.Кожин мәтін лингвистикасын «лингвистиканың перспективалы бағыты» ретінде бағалап, мәтін лингвистикасын функционалды стилистика дамуының жаңды жалғасы деп таниды(М.Кожин-8б). Сонымен, қазірде мәтінді түрлі ғылыми әдістермен, әр қырынан алып өқарастыру кең өріс алып отыр. Мысалы: -Онт ологиялық тұрғыда-мәтіннің болмысы, алатын орны;

-Лингвистикалық тұрғыда- мәтіннің тілдік ұйымдасуы;

-Психологиялық тұрғыда- мәтінді қабылдау;

-Прагматикалық тұрғыда- мәтін авторының обьективтіі болмысқа және мазмұнға деген қатынасы сипатталады.

Ал, А.Г.Бабенко, Ю.В.Казарин «Лингвистический анализ хужожественного текста» атты еңбегінде мәтінді танудың төмендегідей тәсілдерін ұсынады:

Мәтінді талдаудағы дәстүрлі тәсіл-лингвицентристік. Нысаны –тіл және мәтін. Ол көркем мәтіннің тілдік бірліктеріне және категорияларына негізделеді. Мұндай тәсілде лексикалық, фонетикалық, грамматикалық, стилистикалық бірліктер мен категориялар қамтылады. Тексцентристік тәсіл- мәтін туралы негіздер мен шығармашылық әрекеттің нәтижесі мен азығы ретінде көрінеді. Мәтін тұтас аяқталған нысан ретінде зерттеледі. Нысаны- әдеби қарым-қатынас. Антроцентристік тәсіл- мәтіннің интерпретациясына бай ланысты нысанында автор позициясы мен қабылдау (оқырман позициясы) қамтылады. Бұл тәсіл арқылы мәтінтану төмендегідей бағыттарға бөлінеді.

-Психолингвистикалық (Л.Выготский, А.А.Леонтьев).

-прагматикалық (А.Н.Баранин);

-деривациялық(Е.С.Кубрякова,Л.Н.Мурзин).

-коммуникативтік -)Г.А.Золотова, Н.С.Болотнова).

-жанрлы-стильдік (М.М.Бахтин, М.Н.Кожин).

-танымдық тәсіл (Ван Дейк, Т.Виноградов).

Танымдық тәсіл- соңғы он жылдықта парадигманың ізімен алдыңғы орынға шықты. Мұнда тілді әлемнің тілдік бейнесі ретінде қарайды. Нысаны : автор- мәтін- мәтіннен тыс болмыс (БабенкоЛ.Г., Казарин Ю.В.-114 б. ).

Мәтінді зерттеуге қызығушылықтың артуына көптеген мәселелер әсер етті. Онда тілді қарым-қатынас жасаудың бірден-бір тұтас құралы ретінде тану, түсіну тілдің адамзатқа қатысты қызметтерінің әртүрлі жақтарына байланыстылығын терең білу үшін де қажет болады. Мәтіннің көмегімен тілдің өмір сүруін, оның заңдылықтарын тануға болады.

Мәтін дүниежүзі лингвистерінің назарына іліккен кезде қазақ тіл білімінде бұл мәселеге қатысты қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынов еңбектерінде де алғашқы ойлау кездеседі. Б.Шалабай «Біздің ойымызша , ғалым А.Байтұрсынұлы мәтінді» шығарма сөз» деп атап, сөйлеудің бірлігіне жатқызады. А.Байтұрсынұлы шығарманың тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден , яғни, аңдату, мазмұндау, қорытындыдан тұратынын көрсетеді. Сондай-ақ мәтіннің қатысымдық қызмет тудыруға негіз болатынын, айтушының ойының өзге үшін бағытталатынын, алғашқылардың бірі болып айтты (Б.Шалабай,24-б.).

Мәтін лингвистикасы – тіл ғылымының жеке саласы болғанымен, соңғы отыз жылда , өзіндік дамуында мәтінді танудың өзінде сан түрлі сұрақтар туындады. Мәтін дегеніміз не? Оның категориялары қандай? Мәтіннің ұйымдасуында қандай заңдылықтар бар?

Мәтін әрқашан коммуникативтік жағдайларға, сөзді айтушы мен тыңдаушыға байланысты болып келеді. Мәтін авторының ойланып белгілі бір бағытты таңдауының нәтижесі болады. Осыдан жалпы мәтін құрастырылады.

Осы уақытқа дейін мәтіннің нақты орныққан анықтамасы белгіленбей әртүрлі болып келді. Көптеген ғылым салаларындағы кейбір ұғымдардың тиянавқты анықтамасын дәлме-дәл берудің қиындығы сияқты «мәтін» ұғымына да тұрақты бір анықтама берілмей келеді. Мұның дәлелеі ретінде осыдан 15 жыл бұрын бұл ұғымның ешбір анықтамасыз-ақ қабылданып келгенін айтсақ та жеткілікті. Мәтнге түрлі ғылым салаларында берілген анықтамаларды жинақтай келе екі негізгі түрге бөліп қарастыруға болады.

1. Қысқа жинақы берілген анықтамалар.

2. Керісінше жан-жақты қамтылған анықтамалар.

Мұнда зерттеушілер мәтіннің сырын ашуға, маңызды белгілерін толық бекруге тырысқан. Бірінші жағдайдағы анақтамаларда мәтіннің негізгі маңызды қасиеті беріледі. Мәтінге берілген анықтамалардың екінші типінің көпшілігінде ерекше белгілерімен қатар, кешенді қасиеттері де көрінеді. Басым бөлігі мәтіннің табиғатына сай болып келеді. Мәтін әртүрлі ғылым салаларында, түрлі бағыттарда қарастырылуда. Соған орай мәтінге берілген анықтамалар сан алуан. Қазірде тіл білімінде мәтінге берілген үш жүздей анықтамалар кездеседі. Мәтіннің анықтамаларының көптігін айта келе, М.И.Откупщикова «Сөйлемге берілген анықтама қанша болса, мәтіннің сонша анықтамасы бар» деп көрсетеді. (М.И.Откупщикова, 312-б.). Дегенмен жұртшылық мойындаған мәтін анықтамаларының саны соншалықты көп те емес. Солардың негізгілері:

 

Мәтін дегеніміз- жазба құжат түрінде обьектіленген аяқталғандықты білдіретін, әдеби тұрғыда өңделген, тақырып (атау) лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстардың әртүрлі типтерімен біріккен, бірқатар ерекше бірліктерден тұратын, белгілі бір мақсаты, грамматикалық нұсқамы бар сөздің шығармашылық процесінің туындысы (И.Гальперин,18-б.)

Мәтін- жүйелі, тұтас, тиянақты қалыптасқан және мағыналық жақтан өзара байланысқан сөйлемдердің бірізділігі, коммуникацияға қатысуға тән сөйлемелік бірізділігі, жазу үлгісіндегі ауызша сөйлеу шығармашылығы (Э.Д.Сүлейменова). 54-б.

Мәтін-қимыл әрекеттегі тіл (биздин түшүнгүбүзде , текст кеп игимердигн жөнгө салып борлашууну ишке ашырушгү каражат).

Мәтін- обьективті әлемнің субьективті бейнесі, кең мағынада екі сананың қарым-қатынасқа түсуінің бір жолы. Мәтін-әңгімесөз, хат, оқиға) әрқашан біреулерге бағышталған, әрі сол бағышталғанымен ғана құнды бағалы. Мәтін- өзіңді жеткізудің, көрсетудің бір түрі, өзіңді ойлай білетін субстанция ретінде табу жолы. Іс-әрекет, қылықта өзіндік мәтін түрінде түсіндіре алады. Адам іс-әрекеті потенциалды мәтін және ол өзі уақытының сұқбаттылық контексі арқылы ғана түсіндіріледі. (М.М.Бахтин 74-б).

Сонымен қатар мәтін жайында айтылғанда жоғары деңгейдегі тілдік жүйедегі фонема, морфема, сөз, сөз тіркестері, сөйлем сияқты тілдік бірліктер туралы сөз қозғалады. Мәтін сөйлеу кезінде тілдік жүйені пайдаланудың қорытындысы ретінде тілдік әрекетте қаралады. Мұндай жағдайда мәтін- тіл бірлігі. Мәтін қарым-қатынастағы адамдардың байланысқа түсіп ақпарат алмасуына негіз болатынтықтан қарым-қатынас бірлігі болып қалыптасады.

Мәтінді тіл, сөйлеу, интеллект факторларының бір-бірімен өзара байланысқан біртұтас кешені деп қарастырып, мәтіннің басты белгісіне сыртқы және ішкі формалар бірлігін жатқызуға болады.

 

 

2-тақырып Мәтін талдаудың әдістері мен әдістемесі

Дәріс мақсаты : Мәтін талдаудың әдістері мен әдістемесі туралы түсінік беру.

Мәтін талдаудың әдістері

Мәтін талдаудың негізігі аспектілері

«Метод» грек тілінен аударғанда зерттеу әдісі немесе тәсілі деп түсінідіріледі. Ал «Методика» ұғымын әдістер, тәсілдер жиынтығы деп ұғынуға болады. Методология жалпы ғылыми әдістер мен тәсілдер туралы ілім делінеді. ( метод және методика сөздері қазақ тілінде әдіс, әдістеме).

Әдіс және әдістеме ғылыми зерттеудің аспектісі мен концепциясына байланысты екендігі белгілі. Мәтін түрлерін лингвистикалық талдауда лингвистикалық методологияға сүйенеді. Мұнда философиялық, жалпы ғылыми және жеке аспектілерден зерттеу «дәстері мен принциптері жиынтығын лингвистикалық методология бағыты түзелді.

Кез келген мәтін түрі лингвистикалық аспекті ретінде айқындалды, яғни лингвистикалық талдаудың бір қыры ретінде танылады. Ал конепция термині өз саламызға жақындата сөз етсек, онда лингвистикалық концепцияның мақсаты-тілді түсіндіру. Оның құрылысы. жалпы қызметі туралы белгілі бір ғылыми көзқарас, идея тұрғысынан баяндау.

оқыту әдісі дегеніміз –мектепте мұғалім мен оқушының оқыту процесіндегі көздеген мақсатына жетуге көмектесетін жұмыс істеу тәсілі мен амалдары болып табылады.

Оқыту үрдісі сияқты оқыту әдісінің екі жақты процесс болып саналады. Сондықтан оқыту әдістері әрі педагогтың, әрі оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекеттерін керек етеді.

Оқыту барысының нәтижелі,жемісті болуы мұғалімнің оқыту, екінші мәселе – оқушының оқуы . Мұғалім мен оқушының осы ара қатынасы әр түрлі оқу қызметтері оқыту әдістеріне жатады. Мұғалімнің әңгімелесуі -әңгіме әдісі немесе кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады.

Сонымен әдіс-тәсіл оқушының және оқытушының арсындағы жұмыс түрлеріне байланысты. Әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушының белседілігін арттыратын тәсілдердің бірі түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушылардың тәжірбиелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Ана тілін оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдісі, тәжірбиелік әдіс, түсіндірмелі әдіс-иллюстартивтік әдіс, репродуктивтік әдіс,эврисикалық әдіс,проблемалық оқыту әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, зерттеу әдісі,көркемдеп оқытудың орны ерекше.

Академик Ю.Н.Бабанский өзінің еңбегіде мынадай үш үлкен топқа бөледі.

1) оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру әдісі;

2) оқушылардың оқу-танымдық қызметтін көтермелеу;

3) оқушылардың оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.

Әр топтың бірнеше оқыту әдістерінен тұрады.1-топтағы оқыту әдістеріне

1. сөздік (әңгіме, лекция, пікірлесу)

2. көрнекілік (иллюстарция, портрет, суреттеу )

3. практикалық( поэтикалық талдау,көркем мәтінді талдау,көркем мәтімен жұмыстар жатады.

Оқытудың әдістері білім берудің көздеріне қарай сөздік, көрнекілік,практикалық әдістер болып топтастырылса, оқушылардың таным белсенділігіне қарай түсіндірмелі, хабарлау, репрадуктивтік проблемалық баяндау әдісі,эвристикалық әдіс деп біріктіріледі.

Т.А. Ильина оқытудың мақсатары мен құралдарын ары қарай жаңа білімді тексеру әдісі,проблемалы оқыту әдісі деп топтайды.

М.И.Махмутов білім беру әдістеріне хабарлау, түсіндіру, нұсқау, практикалық ынталандыруды,ал оқу әдістеріне орындаушылық эвристикалық , проблемалық әдістерді жатқызады [29;217].

Ю.К.Бабанский тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру, оқуға ынталандыру, оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістерін біріктіреді.

В.Оконь мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әдістерді жаңа білімді игеру әдісі өзіндік білім әдісі, прболемалық әдіс, практикалық әдіс, көркем әдебиетпен өнер құралдарын пайдалану әдістері деп топтайды.

Оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру сабақтарда үнемі әркелкі әдістерді ұштастырып, әдістерді қолдану емес, әртүрлі, бірнеше әдістерлі ұштастырып, қолдана білуге байланысты.бір әдіс қандай жақсы болса да, ол оқыту процесінің барлық міндеттері мен құрылымының бөліктерін қамтамасыз ете алмайды. Білім алудың оқытудың мақсатына қарай оқыушылардың таным қызығушылығына қарай, оқушылардың таным белсенділігіне қарай, оқушылардың таным белсенділігінің деңгейіне қарай әдістерді бірнеше топқа бөлеміз.Ең көп тараған топтастыру-ол оқытудың әдістерін білім алудың көзіне қарай үш топқа бөлу: сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер. Сөздік әдістерге жататындар мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгіме , түсіндіру, оқулықтар мен кітаппен жұмыс істеу әдістері.

Көрнекілік әдістер оқушылардың бақылауы, мұғалімнің көрнекілікпен және техникалық құралдарды көрсетуі.

Практикалық әдістер жаттығулар, практикалық жұмыстар, ойындар. Жоғарыда айтылған әр топтағы әдістердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады.

1) сөздік әдіс.берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім беру жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуде бұл әдіс өте тиімді. бұл әдісті ана тілі оқытудың күре тамыры деуге болады.

2) көрнекілік әдісі берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда уақыт үнемдеуде, әсіресе оқушының психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады.сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде маңызы зор.

3) практикалық әдіс оқушылардың теориялық білім пркатикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді.

Ана тілі сабағында басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, содан әсер алуы, түсіне білуі жатады. Яғни мұғалімнің осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптап пайдалану керек. Көркемдеп оқу әдісі оқушының шығарманы қабылдаудың алғашықы баспалдақ ретінде кең орын алуда.

Бастауыш сыныпта мәтінді талдауда түсіндірмелі оқу әдісі қолданылады Оқу жүйесінде түсіндірмелі оқу әдісінің мәні ерекше. Себебі ол сабақтарда оқушыларыдың ой-өрісін сөйлеу тілін дамытуға, сондай-ақ жеке мәтінмен, кітаппен өздігінен жұмыс жүргізу және шығарма мәнне қарай талдау деп те атайды.түсіндірмелі оқу әдісін саналы оқу десе де болады. Оқудың бұл түрі бойынша балалар мәтінді үйде оқып,әңгімеге әзірленеді. Оны «ескертпе оқу» деп те атайды. Түсіндірмелі оқыту әдісін негізінен үш түрлі жолмен жүзеге асады.Олар:

1) мәтінді жаттығу негізінде ұйымдастыру ;

2) оқыған мәтінді өз сөзімен әңгімелеуге үйрету

3) оқыған мәтінді талдау.

Мазмұндауды үйретуді нақыл, фразеологиялық тіркестердің мағынасын анқтау, түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізуден бастаған жөн. Дегенмен ғалымдар көбінесе әңгіме әдісін дұрыс деп санайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:.

1. Әдіс дегеніміз не?

2. Мәтінді талдауда қолданылатын әдістер қандай?

3. Оқыту әдістері дегеніміз не?

Силлабуста берілген № 1,2,3, 4 әдебиеттерді қолдану

 

3-тақырып- Көркем мәтінді тілдік талдаудың міндеттері мен принциптері

Дәрістің мақсаты: Көркем мәтінді тілдік талдаудың міндеттері мен принциптері түсінідіру.

1. Көркем мәтінді тілдік талдаудың міндеттері

2. Көркем мәтінді тілдік талдаудың принциптер

3. Көркем мәтінді тілдік талдаудың аспектілері

 

Көркем мәтінді тілдік талдау пәнінің нысанасы-көркем шығармалардағы тілдік құралдарының көркем мазмұнды бейнелеуге қатысы. Әдеби туындыда пайдаланылған тілдік элементтерінің мағына-мазмұнын, эстетикалық қызметін ашып айқындау-курстың негізгі мақсаты. Көркем мәтін аяқталған біртұтас күрделі құрылым ретінде қаралады. Оның эстетикалық тұрғыдан ұйымдасқан тілдік формасы мәтіннің идеялық-көркемдік мазмұнын бейнелейді. Курстың міндеті-осы біртұтас күрделі құрылымды талдап түсіндіру, оның ұйымдасу механизмін ашу. Бұл міндет мәтінді тілдік және тілдік стилистикалық талдаулар арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар курстың негізгі міндеттерін төмендегідей қарастыруға болады:

а) студенттердің жоғары оқу орнында қазақ тілі салаларынан алған білімдеріне сүйеніп, қазақ тілінің сөздік құрамын, дыбыс жүйесін, сөздерге түсетін екпін түрлерін, сөйлеу интонациясын, сөз мағынасы түрлерін, топтың түрлері жөнінде білімін орнықтыру, жетілдіру;

ә) шығарма түр, жанр, композициясы тақырыбы тұрғысынан да талданатын болғандықтан, тілдік талдауды әдеби талдаумен ұштастыра меңгерту;

б) мәтінді дұрыс мазмұндауға үйрету;

в) мәтінді сөйлеу бөліктеріндегі интонацияларды дұрыс қоя біліп, мәнерлеп оқу білуге үйрету;

г) көркемдегіш тілдік құралдарды пайдаланудағы автордың жеке өзіндік қолданыс ерекшелігін тануға көмектесу;

д) прозалық шығармалардан алынған үзіндіні мазмұндау, мәтінге әдеби және тілдік талдау;

ж) поэзиялық шығармаларды мазмұндау, мәтінге әдеби және тілдік талдау;

е) драмалық шығарма үлгілерін мазмұндау, мәтінге әдеби және толық тілдік талдау.

Тілдік талдау-талдаудың ең қарапайым түрі. Оның мақсаты-көркем мәтінде пайдаланылған әдеби шығарманы дұрыс ұғынуға тікелей қатысы бар тілдік тұлғалардың мән-мағыналары мен қолданылу жағдайын ашып беру.

Тілдік талдаудың алғашқы басқышы-көркем шығарма мәтінін мәнерлеп оқу. Мұнда шығармадағы экспрессивтік-эмоционалдық жүк көтеріп, өзіне айрықша міндет артып тұрған сөздер мен оралымдарға мән бере арқылы жазушының сөз қолдану ерешелігі толық ұғынарлықтай оқу көзделеді.

Тілдік талдаудың негізгі нысанасы-шығарманың сөздік құрамы. Сөздік құраммен жұмыс жазушы қолданған сөздердің мағынасын ашып, айқындау үшін қажет, өйткені сөз мағынасы тілдің ең өзгергіш бөлігі: ол оқушыға түсініксіз болса, мәтінді түсіндіруге де қиындық тудырады. Мәтіндегі кейбір сөздердің шығу тарихы, қолдану аймағы мен жиілігі, актив не пассив, экспресивтік-стилистикалық болуы-міне талдау барысында осы жағдайларға көңіл бөлініді. Сондай-ақ белгілі бір сөздің немесе басқа бір тілдік тұлғалардың автор қолданымындағы мағынасына назар аударылады. Ол әдеттегіден басқаша болып келуі мүмкін. Бұл жұмыстардың бәрі де тілдік талдаудың алғашқы сатысы. Ол тілдік түсініктеме беру деп аталады. Тілдік түсініктеме беру арқылы мәтіндегі сөздердің грамматикалық тұлғаларының сыр-сипаты ашылады, қолданудан шығып, көнерген сөздер мен тіркестерінің диалектизмдер мен қарапайым, не жаргон сөздерінің, кәсіби сөздер мен терминдердің мән-мағыналары айқындалады. Сөйтіп, тілдік түсініктеме жасаудың міндеті-мәтінді түсінуге қажетті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұлға құрылымдар мен категориялардың мазмұнын ашу.

Мәтінді ары қарай эстетикалық тұрғыдан қабылдау үшін жүргізілетін талдау түрлері тілдік стилистикалық және стилистикалық талдаулар. Талдаудың бұл түрлері жазушы қолданған тілдік және тілдік емес құралдардың, мәтіннің көркем бейнелі құрылымын жасауға қаншалықты дәрежеде қатысқанын анықтайды. Белгілі бір көркем мазмұнды бейнелеу үшін жазушы олардың қайсысын және қалай пайдаланады? Міне стилистикалық талдауларда осы сұрақтың жауабы ізделеді.

Көркем мәтінді лингвистикалық тұрғыдан талдау бірнеше прнициптерді шешуге алып келеді:

1. Лингвистикалық және стилистикалық талдаулар көркем шығарманы түсініп оқудың жоғарғы мәдениетін қалыптастырады. Көркем туындыны ой мен сезім арқылы белсенді қабылдауға оқырманды суреткермен бірге толғантып, көркем образды бірге сомдауға баулыйды. Сонымен қатар оқушылардың жалпы тілдік мәдениетін көтереді, тілдік құбылыстарға сергекттілік арттырады.

2. Әдеби туындының идеялық-көркемдік болмысын шынайы терең түсінуге қол жетеді. Н.М.Шанскийдің сөзімен айтқанда, тілдік талдау былай бөліп қарағанда жай қатардағы өте қарапайым сөздер мен тіркестердің поэтикалық сиқырлығын бағалауға, олардың эстетикалық әсерлерінің күшін ғана емес, механизмін сезінуге мүмкіндік береді.

3. Көркем шығарма тілі әдеби тілде болып жатқан барлық өзгерістерді өз бойында қамтып отырады.

Көркем әдебиет тіліндегі әдеби тіл нормасынан ауытқу жалпы тілдің жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашады. Эстетикалық жағынан дәлелдемесі (мотивировкасы) бар орынды ауытқу одан әрі өз басынан екі түрлі жайды кешуі мүмкін. Бір жағдайда ол тек сол шығармадағы жазушылардың дара стиліне тән жеке құбылыс болып қалады. Сол жазушылардың өзге шығармаларда немесе басқа жазушылардың шығармашылықтарында қолданылмайды. Енді бір жағдайда ол жалпылық сипат алып, суреткер шығармасы көлемінен шығып, өзге де жазушылардың шығармаларында сол күйінде немесе соған ұқсастырып қайта көрініс табады, тіпті жалпы тілдік фактіге де айналуы мүмкін. Көркем сөз сыртқы тұлғасы жағынан да, ішкі мазмұны жағынан да ерекше ұйымдасқан эстетикалық құрылымға ие. Көркем мәтінді тілдік құралдардың мағыналық жағын айтпағанда дыбыстық ұйымдасу жағы, сөздердің бір-бірімен байланысы, орын тәртібі, тіпті дауыс кідірісіне дейін үлкен мәнге ие болып тұрады. Оның себебі өзінің поэтикалық деңгейінде тіл белгілі бір мазмұнды сырттай бейнелеуші ғана болып қалмайды, ол барлық мән-мағынасымен, ішкі-сыртқы болмысымен образды мазмұнның өзіне, оның құрамды элементіне айналады. Басқаша айтқанда, тілдік таңба көркем әдебиетте мазмұнды формаға ауысады.

Бұл айтылғандардан белгілі бір түйінге келетін болсақ, көркем әдебиет тілінің әдеби тілмен байланысын қалай жоққа шығаруға болмайтын болса, көркем тілдің эстетикалық тұрғыдан ерекше ұйымдасқан жүйе екендігін де, сондықтан оның өзіндік статусы болатындығын да солай мойындауымыз керек. Сөйтіп, көркем шығарма тілі-күрделі, қыры мен сыры мол құбылыс. Өзінде тілдегі дәстүрлі қалыпқа сай келе бермейтін көптеген ерекшеліктерді де қамтиды.

Сондықтан, көркем мәтінді тілдік талдау, бір жағынан әдеби тілдің тарихи ерекшеліктерін ескеруге, екінші жағынан жалпы тілдік (соның ішінде көркем тілдік те) фактілер мен авторлардың даралық құбылыстарды айқын ажыратып, дұрыс бағалай білуге негізделеді.

Көркем шығарма құрылымында тілдің барлық аспектілері, барлық құрылым қабаттары белгілі эстетикалық экспресивтік жук көтеріп тұрады. Бірақ олардың ара салмағы, арқалар жүгі түрлі жағдайда түрліше өзгеріп отырады.

Көркем мәтінді талдау тілдік тұлғалардың барлық деңгейлерін фонетикалық, лексика-фразеологиялық морфологиялық, синтаксистік құрылымдарды қамтиды. Олардың әрқайсысы көркем мазмұнды бейнелеуге тікелей не жанама қатысты болып келеді.

Фонетикалық құбылыстардың эстетикалық қызметте өнімді жұмсалуы поэзия тілінде айрықша көрініс табады. Өзінің табиғи сипатының ерекшелігіне орай поэзия сөздерінің мағыналық жағымен қатар айтылу әуенін, синтаксистік құрылыстың ерекшелігін өз қажетіне жаратады. Көркем образ жасауда тілдік құралдардың мазмұны мен сыртқы формасы, әсіресе, поэзияда біртұтас бірлік құрайды және тұтасқан күйінде қабылданады. Әрине прозада да әуен, ырғақ, сөздерінің дыбысталу жағы соңғы роль атқармайды. Ол шығармалардың, жазушылардың стиль ерекшелігіне байланысты. Алайда тек поэзияда ғана фонетикалық құбылыстар бар қыр-сырымен көрінеді, бар мүмкіндігін ашады. Көркем шығарма мәтінін талдағанда айрықша ескерілер жай тілдік компоненттерді жеке дара емес, тұтастай алып талдау мәселесі. Өйткені жекелеген сөз морфологиялық тұлға, синтаксистик не фонетикалық құралдар өз алдына бөлек микро образдар жасап тұрса да, олардың бәрінің жиынтығы, тұтастай бірлігі ғана көркем шығарманың біртұтас көркемдік эстетикалық құрылым жүйесін жасайды.

Көркем мәтінді тілдік талдаудың бірнеше аспектілері бар:

1. Мәтінді әдеби тілге және оның нормаларына қатысы тұрғысынан алып талдау.

2. Мәтінді мағыналық жағынан талдау. Ол арқылы түсініксіз сөздердің не идеялық-тақырыптық үлкен жүк көтеріп тұрған сөздердің мәні ашылады.

3. Мәтінді көркем бейне жасауға қатысы жағынан алып талдау.

4. Мәтінді жазушының дара стилін айқындау тұрғысынан талдау.

Бұл өзара бір-бірімен байланысты зерттеу аспектілері. Көркем мәтінді кешенді талдау кезінде осы аспектілердің бірі аз, бірі көп дәрежеде бәрі де қамтылу мүмкін.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Мәтінді талдаудың міндеттері қандай?

2. Мәтінді талдаудың принциптері қандай?

3. Көркем мәтінді тілдік талдаудың қандай аспектілері бар?

 

4 тақырып Мәтіндегі сөз, сөйлемдермен жұмыс жүргізу жолдары

Дәрістің мақсат: Мәтіндегі сөз және сөйлемдермен жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын анықтау.

1. Мәтінмен сөздік жұмысын жүргізудің тиіміді жолдары

2. Көркем мәтінді жанрлық түрлеріне қарай оқытудың ерекшелігі

Сөз-тілдің негізі. Нақты заттар мен құбылыстар дерексіз ұғымдар, адамның сезімі, ниеті барлығы сөз арқылы жүзеге асады. Бастауыш мектепте сөздікпен жұмыс жүргізудің төрт бағыты бар.

- балалардың сөздігін байыту, яғни оқушыларға мәтінде кездесетін олар сөзді білмейтін бұрын естілмеген жаңа сөздерді үйрету, олардың мағынасын ашу;

- балалардың сөздік қорын анықтау. Олардың бұрын білмейтін сөздермен таныстыру;

- әдеби тілге жатпайтын сөздердің айтылуын дұрыстау, яғни сөздік қорларды байытудың негізі көркем шығарма болып саналады;

- сөздіктерді қолдануға мүмкіндік жасау.

Сондықтан оқылатын шығармада кездесетің сөздердің мағынасын түсіндіру жұмысы мәтінді дұрыс қабылдаудың шарты. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздермен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүзеге асады:

- мәтінді оқуға дайындық кезеңі;

- мәтінді оқу барысында;

- оқып шықаннан кейін.

Мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманың мазмұнын ұғуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Шығарманы оқу барысында екі-үш сөзбен қысқа ғана түсіндірілуі керек немесе синонимдер арқылы түсіндіріліп және сол сөздерді іріктеп алуымыз қажет. Оқу барысында сөз мағынасын түсіндіруде өте байқампаздықпен түсіндіру талабы қойылады. Өйткені мәтінді оқып келе жатып үзіп тастап, сөзді түсіндіруге кірісу оқушылардың зейінін алаңдатып, мәтінге деген ынтасы мен қызығуын тежейді. Балалардың бірқатары оқып отырған мәтінді тыңдамайды, тіпті бір сөзбен түсіндірілсе де оқушыға дудамал немесе түсініксіз болып қалуы мүмкін. Ал өлең оқу барысында қиын сөздер мүлдем түсіндірілмейді. Бұл жұмыс өлеңді оқымас бұрын немесе оқығаннан кейін жүргізіледі. Өйкені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылады, тыңдаушыға әсері азаяды. Сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымды түсіндірумен ғана бітпейді, ол жаңа ұғымдар жасау, заттардың жаңа қасиеттерін табу, жан көрінісін байқату сияқты жұмыстармен тығыз байланысты. Мұндай жұмыстар оқушылардың тілін, ойын дамытады, эстетикалық талғамын арттырады. Осы мақсатпен мұғалім түсініксіз сөздермен жұмысты тынбай ол сөздерді оқушылардың сөздік қорына еңгізіп, ол сөздерді кірістіріп, айтатындай жағдай жасайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Мәтінмен сөздік жұмысын жүргізудің тиіміді жолдары қандай?

2. Көркем мәтінді жанрлық түрлерін оқытудың ерекшелігі неде?