XX ғасырдың басындағы қазақ философиясы.

Шәкерім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж.)– философ, тарихш. Жеті жасында әкесінен жетім қалған оны немере ағасы Абай (Шәкерім Абайдың ағасы Құдайбердінің ұлы) бауырына басады.

IIIәкерім философиясының тұп өзегі – адам. Oл өзнің филосо­фиялық “Үш анық» еңбегінде нағыз сенім мен ғылымды, білім мен дінді қатар қоя салыстырады. Өз көзқарастарында дуалистік бағытты ұстанады. Оныңпікірлері бойынша, жан мәңгілікті және оның epeкшe қасиеттері болады, сондай-ақ жетілуге, шарықтап дамуға қабілетті келеі.

Жан дамуының негізі бұ дүниеде де, о дүниеде де жақсылықпен өмip сүруге мүмкіндік беретін Ар-ұждан болып табылады. Бірінші ақиқат – Жаратушы менжанның мәңгілігін танытатын сенім ақиқаты. Екінші ақиқат – түйсіктік қабылдаулар мен рационалдық оға негізделген ғылым ақиқаты. Шәкәрім осы екіақиқат арқылы үшінші ақиқатты ашады, ол - негізін ар-ұждан құрайтын Жан ақиқаты. Шәкерім «Ұмтылған жазбалар>> философиялық эссесінде: «Адамтабиғатын қандай игіліктер арқылы түзетуге болады? Адамдардың бір-бірімен бейбіт қатынаста өмip cүpyi үшін неістеу керек?” деген сауалдар қояды.

“Менің ойымша, - деп жазады ол, - адамның жақсы өмірнің негізі адал еңбек, нұрлы ақыл, ыстық жүрек болуы тиіс. Осы үш қасиет барлығына басшы болуы керек. Бұларсыз өмірдегі бейбітшілік пенкелісімге қол жеткізу мүмкін емес”

Шәкерім философиясы өзінің терең мәні жағынан спекулятивті теологияға жатады. Ол адамды адамгершіліктендіруге теологиялық негіз беру қажеттігіне жан-жақты бағытталған. Бұл өз кезеңiнде прогрессивті роль атқарған ерекше теологиялық гуманизм болып табылды, алайда оның бойында казіргі тәжірибе мен ғылымға үйлеспейтін тұстар көп болды. Бірақ бұған да қарамастан, ол XX ғасырдың басындағы қазақ халқының өмip салтын, ойлау сезімі мен мұң-мұқтажын мейлінше дәл бейнелеген тарихи маңыздылығымен де кұнды.

Шәкерімнің шығармалары: »Үш анық», “Мұсылмандықтың шарттары», “Ұмыт болғанды жазу» және т.б.

XIX ғасырдың аяғы менXX ғасырдың басындағы алдынғы қатарлы
қазақ демократиялық зиялыларқауымының арасында дарынды ақын,
көрнекті қоғамдық-cаяси қайраткер, халықтың бостандығы мен бақыты
жолындағы мешеулікке, езілген бұқараның надандығы ментапталуына
қарсы шығып, ұлттық және әлеуметтік жетістікке,сондай-ақ тарихи
прогреске ұмтылған жалынды күрескер Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
(1893-1920 жж.) орны айрықша тұр. Торайғыров қазақ ақын- ойшылы.
XX ғ.басындағы қазақ интеллигенциясының өкілі; “Қамар сұлу» атты
романның, көптеген философиялық дүниетанымдық өлеңдердің авторы.
С. Торайғыров дінбасыларын сынап, Ы. Алтынсаринның,
А. Құнанбаевтың, III. Уәлихановтың антиклерикалық мұраларың көп
қырынан біршама толықтыра түсті. Ақын Ағарту бағытыныңталқандаушы дәстүрін берік ұстанып, мұсылман ғибадаты қызметшілері арасына кенедей жабысқан діни надандықтың, еігжүзділіктің, үмітсіз алаяқтыктың, түпсіз парақорлықтың бет-пердесін ашьп, оны батыл да аяусыз түрде әшкерелейді.

Таным өз мүдделеріне пайдаланатын жемісін беріп қана қоймай, адамдар арасындағы әділеттілікті орнатуға қызмет етуі тиіс. Ақын әділеттін танымды дамытудағы қажетті жеміс екеніне сенді.

Қазақстандағы XX ғасыр басындағы гуманитарлық білімнің философиялық проблемаларын шешу.

АхметБайтұрсынов (1873-1937 жж.) XX ғасырдың басындағы қазақ философиялық ойының дамуына елеулі үлес қосты.

А. Байтұрсынов – қоғам қайраткері, ақын, жазушы, ғалым –лингвист, философ. Oл өзнің аудармалары мен мысалдарын «Маса» газетіне жариялап, 1913 жылдың наурыз айынан бастап «Қазақ» газетнің шығуын ұйымдастырды. 1917 жылғы төңкерістен соң өз әріптестерімен бipiгiп бірыңғай қазақ халқының ұлттық мүддесін

қорғаған «Алаш» партиясын құрды.

Oл тіл білімі мен әдебиеттанудың философиялық проблемаларымен айналысты. Байтұрсынов философия тілін ақыр соңында көркем және эстетикалық мәндегі сөзді қалыптастыратын заңдылықтар туралы ғылым ретінде қарастырды.

Міржақып Дулатов (1885-1935 жж.) – қоғамдық-саяси қайраткер, ақын, тарихшы және философ. Оның қоғамдық-саяси қызметі қазақ зиялыларының прогрессивті бөлігінің көшбасшысы А. Байтұрсыновтың қайраткерлігімен тығыз байланысты. Ол 1911 жылы жарық көрген «Оян, қазақ!» кітабы арқылы танымал.

Ж.Аймаутов - белгілі ақын, жазушы, психологиядан қазақ тіліндегі алғашқы оқулыктың авторы.

 

Әдебиеттер:

1 Есiм Ғ. Қазақ философиясының тарихы:оқулық/Ғарифолла Есiм.-Алматы:Қазақ ун-тi.-2006.-216 б.

2 Есiм Ғ. Даналыққа құштарлық/Ғ. Есiм.-Семей; Новосибирск:Талер-Пресс.-2007.-521 б.

5 Нысанбаев Ә. Философия тарихы/[ғылыми ред. Ә. Нысанбаев; құраст.: Ә. Нысанбаев, Ғ. Құрманғалиева; аударғандар: Д. Раев, А. Құлсариев].-Астана:Аударма.-2006.-484 б..-(Мәдени мұра)

3 Нысанбаев Ә. Қазақтың тарих философиясы/[ғылыми ред. Ә. Нысанбаев; құраст.: Т. Ғабитов, А. Қасабек; аударған Б. Сатершинов].-Астана:Аударма.-2006.-508 б..-(Мәдени мұра)

4 Бурабаев М. С. Фараби - Аристотельден кейiнгi екiншi ұстаз; Құран және Ахмед Яссауидiң хикметтерi; Ислам және Бекасыл Биболатұлының философиясы/М. С. Бурабаев; Орталық Азия ун-тi.-Алматы:Мария.-2006.-278 б.

5 Есiм Ғ. Қазақ ренессансы/Ғ. Есiм.-Алматы:Қазақ ун-тi.-2006.-90 б..-(Академик Ғарифолла Есiмнiң кiтапханасы)