Тақырып 7. Болмыс - онтологияның орталық категориясы. Даму принципі: диалектика және синергетика.

Жоспар:

1. Болмыс ұғымы мәдениет тарихында

2. Негізгі антопологиялық ұғымдар

3. Адам ең жоғарғы Құндылық

4. Тұлға Еркіндік және жауапкершілік.

 

Болмыс категориясы, оның мәңі және өзгешелігі. философияның маңызды проблемаларының біріне дүниені философиялық түсіну, ондағы адамның орны мен ролі пысықтау жатады. Онтология деп болмыс туралы оқуды айтады. Болмыс —барлық бар нәpceнi белгілейтін философиялық категория. Біз заттардың болмысы туралы, бізді қоршаған табиғат, адамның болмысы, оның санасы, өзіміз сүріп отырған қоғамның болмысы, т. б. Жөнінде сөз етіп отырмыз. Басқаша айтқанда, болмыс түгелдей материалдықты да, руханилықты да қамтиды. Өзгеше сөзбен айтқанда, болмыс — дүниеде не бар, соның бәрі — ол материалдық та құбылыс, әлеуметтік те процесс, адам санасында болып жататын шығармашылық та актылар. Болмыс бар, яғни әлдебір шындық түрінде өмір сүреді және осы шындықпен адамның ұдайы санасып отыруына тура келеді. Болмыстың негізгі түрлеріне: а) заттардың болмысы мен табиғаттың жағдайы; а) қоғамның болмысы (қоғамдық болмыс); б) адамның болмысы; в) осыларға байланысты индивидуалды және индивидуалдықтан тыс болып бөлінетін рухани болмыс жатады.

Материя түciнiгi философияның ең орнықты түсініктерінің бipi және өз тарихы бар. Материя категориясы адам санасынан тәуелсіз туратын дүниенің шыңайы да нақты құбылыстарын сипаттау үшін қызмет етеді. «Материя» категориясы объективтік реалдылықты анықтайды.

Материя деген табиғи құбылыстар мен процестердің көпқырлылығын белгілейтін философиялық абстракция немесе түсінік.

Материя категориясы диалектикалық материализмде субстанция деңгейіне дейін көтеріледі.

Философияда екi категория бар: субстрат және субстанция. Субстрат (лат. substratum — дәлме-дәл — төсеніш, демек, бәрі осыдан жасалған). «Субстанция» болса (лат, substatia — мән, негіздін бастауы) тірліктін нәрі, бір-бipiнe тікелей байланысты нақты заттардың, оқиғалардың, құбылыстардың және процестердің әр алуандығыныц бipлiгi. Сөйтіп, философтар субстрат түciнiгi арқылы болмыстын неден тұратының түсіндірсе, субстанция ұғымы арқылы болмыстын жалпы нeriзi бекітіледі. Әдетте философтар белгілі бір бастаудан шығарып (су, от, атом, идеялар, pyx, материя, т.б.), дүниені бейнелеуге ұмтылады. Барлық тіршіліктін бастауы бiр дейтін ілім монизмдеп аталады. Дүниені қанаттас екі негізден басталады дейтін дуализм монизмге қарсы тұрады.

Философиятарихында, бұрын да көрсетілгендей, монизмнің үлес салмағы басымдау.

Болмыстыңәр алуандығы материяның түрлері және материяның пішiнiнiң көрінісінің туындысы ретінде қарастырылады. Көнеадамзат қауымында материя туралы алғашқы түсініктер бірінші негізге, яғнизаттық субстанцияға байланыстырылды. Мәселен,ежелгі гректерде мұдай ұгымдар бірде суға (Фалес), бірде ауаға (Анаксимен), бірде отқа (гераклит) сәйкестіріледі. Кейіңірек Демокрит пен Эпиур барлық денелердің бөлінбейтін, белгілі пішіні менсалмағы бар және кеңістіктеретсіз қозғалыста болатын атомдардан (атом – грекше бөлінбейтін) тұратыны туралы идеяныұсынды. Материя бөлінбейтінатомдардан тұратын және салмақты, көлемді бар заттармен теңдестіріледі. Дегенмен, бұл ұғымдардың шектеулі екеніXIX–ХХ ғасырлар деңгейінде жаратылыстанудағы революциялар басталған тұста байқала түсті. Материяның текзат қана eмес екеніжәне атомдардың материяның соңғы құрылымдық деңгей eмec екенібелгілі болды. Сөйтіп, материяның сарқылмайтын түпсіздігі туралы идеятуды. Материалдық әлем тұтас қарастырғанда өзара байланысты иерархиялық жүйелердің бірлігінен тұрады. Оларға өлі жәнетipi материялар жатады. Өлі табиғат жүйелері өзмөлшеріне байланысты әр түpлi ғаламдағы жүйелердің саны шексіз,алайда, ғылым оның шағын ғана бөлгін ашып, зерттеу үстінде. Өлі табиғат құрылымының деңгейі төмендегіше: вакуум, қарапайым бөлшектер, атомдар, молекулалар, макроденелер, планеталар, жұлдыздар, галактикалар, метагалактикалар. Өлі табиғатта жүріп жататын процестердгің әрдайым өзсебебі бар. Ол – өзара байланыстылық өзapa байланыс – өлi табиғаттың материалдық объектілерінің болмыстық әдісі.

Tipi табиғат жүйесі ашық және оны ғылым текжер жағдайларына

катысты зерттейді. Олардың төмендегідей деңгейлерге бөлінеді: жасушаларға дейінгі деңгей (ДНҚ, РНК, белоктар); жасушрлар; көп жасушалы организмдер; популяциялар; биоценоздер және жердегі барлық өмірді қамтитын биосфера. «Ноосфера» дейтін ұгым зерде саласын сипаттайды.

Сондай-ақ тipi табиғат саласында ештенеде өзара байланыссызжүзеге аспайды, алайда бұл жерде оның жан-жануарлар психикасыныңтіршілік желісінеықпалы болатының ескеру қажет. Сол сияқтыадамның өндірістік әрекеті қаншалықты дамыған болса, табиғатты философиялық және ғылымитүсіну соншалықты терең болатының да ескерген жөн. Материя секілді ұғымның бойында көптеген екіойлылыі пен түсінбестіктер бар, себебі, адамдық өндірістің тарихи дамуы барысында ол сан алуан тәжірибе сатылары мен әр түрлі интер­претацияларға сәйкес келді.

Материя – ен қарапайым, тарихқа дейінгі өндipic формаларында,

сондай-ақ қөлөнер еңбегінде – пішінге қарсы тұратын жай шикі материал.

Сондықтан материя мен идеяның айырмашылығының және қарама ­қарсы коюылының түп тамыры қолөнер тәжірибесінде жатады. Бұл идеализм мен материализмнің метафизикалық жүйелерінің осы қарама ­қарсылықтың қайсына салмак салуына сәйкес болады. Материяның бастапқы тұжырымдамасы және одан шығатынматериализм мен

идеализмнің қарама-қайшылығы өте дамыған өнеркәсіп өндірісінің өзіндегі ең қарапайым еңбек түрінде сақталуына сәйкес әдеттегі де, философиялық та санада көрніс береді. Марксизм философиясында дүниенің бірлігін оның материалдығында деп түсіндіріледі.

Дегенмен, қазіргі кезеңдегідей тек өмip процестерін ғана eмec, сонымен бірге ойлау процестерін де жүзеге асыруға кабілетті машиналар жасалып жатқан ғылым мен техника жағдайында материя мен идеяның бірлігін тану қалыпты құбылыска айналды.

Ал мейлінше дамыған материя түpi – өмip пішініне келсек, олардың табиғатын 6үriнri күн тұрғысынан түсіну табиғи органдардың өзін –өкпе, жүрек, бүйректі де алмастыруға қабілетті аппараттардың шығуы фактісінің терең ыкпалында болады. Әлеуметтік жүйеде ғылым төмендегі деңгейлерді: адамды (индивидуумды), отбасын, түрлі ұжымдарды, әлеуметтгк топтарды, халықтар мен ұлттарды, мемлекеттерді, мемлекет жүйелерін және тұтас қоғамды екшеп, зерттейді.

Әлеуметтгк өмірде адамдар арасындағы күрделі қарым-қатыныс процестері материалдык ара-катынастымен аякталмайды.

Материя қозгғлысы. Материя тек козгалыз үстіндегі материя ретінде ғана болады. Қозгалыс - кез келген өзгеріс, жалпы өзгеріс козғалыс пен материя бір-бірімен бөлінбейтін болады. Сондай-­ак козғалыс абсолютті 6олуына сай тыныштық тепе-тендік, тұрактылык сәттерін де жокка шығармайды. Тыныштықәр кез салыстырмалы болады. Диалектикалык материализмде материя қозгалысынын бес түрін беліп карастырады: механикалык, физикалык, химиялык, биологиялык және әлеуметтік. Материя қозгалысының барлық түрлері бір-бірімен байланысты 6олганымен де, олардың күрделілік денгейлері жагынан айырмашылыктары бар. Материя козгалысының ең жогаргы формасы - әлеуметтік, ен қарапайым - механикалык. Қозғалыстын әлеуметтгк формасы дегеніміз когамдык байланыстар мен қатынастар.

Универсумнын қозғалыс түрлері иерархиялык өзapa ықпал­дылықты туғызады. Қозғалыстық жоғарғы формасы жүйелік қасиеттердін тууы нәтижесінде төменгі базада пайда болады. Биологиялық құ6ылыстарға физикалық процестерге жат қасиеттер тән. Сол сиякты әлеуметтік құбылыстардын да биологиялық құбылыстардан айырмашылыктары болады. Материя қозғалысының жоғарғы формасы өзңнің бастапкы негізінен салыстырмалы дербестігімен өзгешелігімен ерекшеленеді.

Кеңістік және уакыт. Кеністік және уақыт материя 6олмысының түрлері 6олып табылады. Кеністік пен уакыттың маңызды қасиеттеріне олардың абсолюттігі мен салыстырмалылығын жатқызу керек. Макродүние кеністігінің қасиеттеріне оның үш өлшемдігі мен кайтып оралушылығы жатады. Кез келген нысанныц орны үш координатты жүйенін көлемінде аныкталады. Процестер мен оқиғалар үшін өлшемді кеністікте жүзеге асады. Кеністіктің үш өлшемдігі макродүниеге тән, ал микродүниегі кеңістік үш өлшемді eмec. Кеністіктін кез келген нүктесіне кайта оралуға болады, бірак тек өзre уакытта ғана.

Нысандар ұзындык қасиеттеріне (желілік, көлемдік, екі өлшемдік сипаттарына) сай бір-бірімен белгілі деңгейдегі салыстырмалы ара­қашыктыкта орналасады. Мәселен, «сол жакта», «оң жакта», «жоғары», «төмен», «6ұрыш қиылысында» деген ара-катынастар кеністік ара­катынастары деп аталады.

Кеністік дегеннің өзi материалдык нысандар тіршілігін бейнелейді. Кеністікке қарағанда уакыт бір өлшемдігімен және кайта оралмайтынымен ерекшеленеді.

Уакыт бір өлшемді мәнді білдіреді, ягни оның математикалық түрінде көрсету үшін бiр ғана өзгергіштік жетіп жатыр. Ал таяу келешекте уакыттың кeн өлшемдігі дәлелденуі мүмкін. Уакыт өткен шактан осы шак аркылы болашакка карай «ағады». Уакыт өткен шақта оқиғалар сиякты кайта оралмайды.

Кеністікке караганда уакыт катар тірлікті eмec, құбылыстардык ауыспалығын, процестілігін сипаттайды. Уақыт – процестердің ұзактығы және олардын: бұрын, кейінірек, ұзағырақ, т. б. термин түрлеріндегі ара-катынасын бейнелейді.

Ньютон механикасында уакыттык «барлық жерде бірдей» дегендейін салыстырмалы түрдегі қарапайым құбылыстары зерттеледі. Алайда бұдан уакыт материалдык процестерден мүлдем дербес өмip сүреді деген ұғым тумайды. А. Эйнштейннің салыстырмалық туралы арнайы теориясына сәйкес біркезеңдік ұғымы абсолютті нәрсе емес, салыстырмалы болады. Бір есепті жүйедегі окиғалар біркезенді болса, осы окиға баска бір жүйеде әp

түрлі уакытта болуы мүмкін. Erep нысандардын козғалыс жылдамдығы күшейсе, онда уакыт баяулайды.

Уакыт құбылыстардың өзгертелілігін бейнелейді. Биологиялык және әлеуметтік құбылыстар өзгеретін болғандыктан, олар уакыттык сипатта өздеріне текпе-тең қасиеттерге ие. Физика параметрлер мұндай уакыттык сипаттар ретінде алынбайды. Мысал үшін, бірдей күнпарактык жастағы (туған күндері бірдей) адамдар әдетте әp түpлі биологиялык калыпта өмip сүреді. Мұнда физикалык уакыт енді биологиялык npoцecтep үшін тенпе-тең сипатқа ие бола алмайды. Әлеуметтік уакыттан да осыны байкауға болады. Қоғамдык даму козғалысы жылдамдаған сайын күнпарактык уакыттык өлшем бipлiriнe сәйкес келетін әлеуметтік уакыттык «бөлшектері» ұлғая беретіні белгілі.

Кеіңстік пен уакыттын қасиеттері сан алуан жаңа заман ғылымының деректері кеністік пен уакыттык о6ъективтік жағдайдын, олардың козғалыстағы материямен үздіксіз байланыста болатының ешқашан жоққа шығармайды.

Кеңістік пен уакыт өлшемді ауқымдар болғандыктан, өлшем бірлігін пайдалану аркылы оларды сан жағынан аныктауға болады. Осы абстракция денгейінде кеністік пен уакыт сандардан ерекшеленбейді, сондыктан оларды сандык немесе арифметика ғылымының о6ъектісі ретінде зерттеу мүмкіндік бар.

Бізді қоршаған әлем өзінің накты құбылыстары жағынан сапалы тұрғыда сан алуан. Материя мәңгілік, ол жасалмайды да, жоғалып та кетпейді және тұракты даму үстінде болады. Материяның даму процесінде оның неғұрлым күрделі түрлері туындай береді.

«Адам - Дүние» катынасы болмыс құрамындағы іргелі қатынас ретінде. Философияның орталық проблемасы адам болып табылады.

Адам туралы ілімді «адам философиясы» нeмece «философиялык антропология» деп атайды.

Адам проблемасы философия тарихында. Бұл мәселе философияның пайда болуынан қарастырылып келеді. Бұдан 25 ғасыр бұрын Кун фу цзы өз философиясында адамгершілік (жэнь) проблемаларын қарастырды. Онын iлiмiнiн нeriзri этикалық кағидасы: “өзiнe тiлемейтін нәрсені өзгеге жасама!» болды.

Буддизмде өмip кайғы-қасіретке толы, Алайда оларға соқпай өтуге болады, ce6e6i бәрі де адамның өзіне байланысты дәл түсіндірілді. Аристотель адамды «ажалды құдайдай» деп түсініп, адамнын биік максаты — бакыт дел тұжырымдады. Бакыт пен жоғары игілік адамға тән, ол оған толык жетілуге ұмтылган жағдайда, яғни белсенділіктің арқасында жетеді. Демек, жай ғана өмip сүрумен тынбау кepeк, себебі өсімдіктер де тіршілік етеді, ал сана белсенділгі — адамға тән максат. Материалдык игіліктердің жолдығы өз-өзінен бакыт жасай алмайды, ал олардын жоқтығы бакыттын беделін ә6ден түcipyi де ықтимал.

Ортағасырлык томизм ілімінде игілікті кез келген адамның өз табиғаты тұрғысынан іздеуі дұрыстығы айтылды: еркек пен әйелдін одағы, бала өсіріп-тәр6иелеу — игілік, өйткені табиғат заңдылығын солай. Рационалды тіршілік иесі ретінде адам мандайына кауымдастыкта өмip cүpin, акикатка ұмтылу жазыған.

Ренессанс дәyipiнiн (XV—XVI ғғ.) гуманистік козғалысында ізгіліктің тағдырдан биік туратыны тұжырымдалады.

«Адам өліп, шіріп кету үшін eмec, өндіру үшін туады. Адам далактап бос жүру үшін eмec, өзі қуана алатындай ұлы және данкты icтepre ұмтылу үшін, сондай-ақ жетілген қайырымдылығын пайдаланып, бакыт табу үшін туады. Жеңілгісі келмейтін адам жеңіске тез жетеді. Тағдыр тәлкегіне тек бағынуға дағдыланғандар ғана төзеді». (Гуманист, философ, математик, сәулетші Л. Альберти).

Ренессанс дәуірінде адамды «табиғат кереметі» дел есептеді. Ф. Бэкон, Р. Декарт, Б. Спиноза адам бакыты оның өз колында деп санады (XVII Т.). Адам (Б. Франклинше) еңбек құралын жасайтын хайуан. «Адамдык касиет оған тек туғанда берілген ерекшеліктермен емес, онын өзі жасаған құндылыктары арқылы өлшенеді» деп жазды Гете адам туралы. Маркс 6ойынша: «Адам барлық қоғамдық қатынастардын жиынтығы». Энгельстін пікірінше антропосоциогенезде шешуші ролды еңбектену қызметі атқарған. Адамды ең6ек жасаған. XX ғасырда экзистенциалист Сартр адам — еркіндік иесі және тұрақты түрде өз аясына болғандыктан фактуальдылық пен трансцендентальдықтын бipлiri, тек заттар ғана шектеулі болуы деп түйді. Адам шектеулі eмec. Тағы бір экзистенциалист А. Kaмю адам өз маңдайына жазылған тағдырға мойынсұнбайды. Осыдан келіп метафизикалык бүлік туады деп пайымдады. Биологиялық және әлеуметтік жақтардың бірлігі. Адамдар коғамының хайуанаттардың табиғи тобырынан айырмашылығы оның биологиялыктан биік тұтастықта болатынында. өндіріс — ойлы тіршіліктін (Номо sapiens) негiзге алынатын белгісі. Сондай-ак акыл-ой түсінілуі тұрғысынан Нomo sapiens-тің бірден-бір жeтicтiri болып табылады. Адамның (антропогеноз) және коғамнын (социогеноз) калыптасуы жолында ұзақ кезеңдер болды, осы екі процестін бірегей антропосоциогенез аталған кырларынын 3-3,5 миллион жылға созылған уакыты барлық «жазылған тарих» мерзімінен мын ece кeм. Адам — табиғилыктын (биологиялыктын) және коғамдыктын (әлеуметтіктін) бipлiri. Бұл орайда олардын бір бірінсіз өмip cүpe алмайтынын aтaп көpсeтy кажет. Адам биологиялык тіршілік иесі ретінде өзінін «кіші бауырларынын», яғни жан-жануарлар мен хайуанаттардын тағдырын белгснді: туады, ауырады, ішіп-жеуге кажеттілікті басынан өткізеді, сонына ұрпақ қалдырады, өледі. Адам бойындағы биологиялык жағдай оны хайуан «бабаларымен» жақындастырып, туыстырып қана қоймайтынымен бірге онын жаңа, жетілген биологиялык жағдайынын сол жан-жануарлардан айырмашылығын да білдіретініне назар аудару кажет. Адамнын коғамдык өміріне ықпал ететін онын төмендегі тұкымдык организмі ерекшеліктерін көрсете кетуге болады: анатомиялык ерекшелігі ретінде және коршаған орта жағдайларын жақсы көруіне колайлы тік жүруі, икемді саусактары бар ебдейлі колдары, үшін өлшемде керіп, кеністікте бағытты дұрыс ұстayғa жәрдемдесетін және eкi жaққa eмec, карсы алдына тура біткен кырағы көзжанары, психикалык жағынан алғырлыкка бастайтын үлкен миы мен күрделі жүйке жүйесі, дауыс ырғактарынын алуан механизмі, тілді дамытуға жасайтын көмейі мен ернінін орналасуы.

Қaзipri кездегі адамына шамамен 90 мын жыл. Биологиялык параметрлердін көрінуіне әлеуметтік процестердің де әcep етуі мүмкін. Мысалға, адам ғұмырынын орташа денгейі шамамен 80-90 жас болады. Алайда әлеуметтік жағдайларын ыкпалына байланысты opтa жас мөлшері ежелгі дүниеде 20-22-ден 30-ға дейін, Батыс Еуропада XX ғасырдын басына карай 56-ғa дейін, дамыған елдерде XX ғасырдын аяғына карай 75-77 жacқa дейін ұлғая түcтi. Ал КСРО-да 1985 жылы орташа өмip ұзактығы шамамен 69 жаска тең болды. (Opтa есеппен eр адамдар – 63, ал айелдер 73 жыл өмip сүрді). ғұмырдың ұзак не қысқа болуы өмірдің сапасына байланысты. Дегенмен, адамның қалыптасу жағдайын анықтайтын оның еңбегі, әуел бастан ұжымдык, әлеуметтік тұрғыда көрінетін еңбек қызметі. Тек еңбек белсенділінін арттырылуы адам құрылымының табиғи, биологиялық өзгеруіне айтарлыктай ықпал етеді. Адам – үлкен тұтастық,тың – адамзаттыктың бөлшегі. Адамзаттық болса – адамдардың жиынтығы ғана eмec. Бұл түрлі халықтар арасындағы экономикалық, ақпараттық, мәдени және саяси процестердің нығаюы 6арысында қалыптаскан тарихи қауымдастык. Адам дегеніміз – өмірлік әрекеті материалдык өндіріске негізделіп, онысы қоғамдык қарым-қатынастар жүйесінде жүзеге асып, өзінің өмip cүpyi, қызмет жасауы, дамуы үшін және өзін де, дүниені де өзгертуге саналы да мақсатты түрде бағыталатын процестер аясындағы тірі дене құбылысы. Адамдар өздерінің ара-қатынасында тұтас органикалык қоғамды құрайды.

Егер адамнын биологиялык және әлеуметтік қырларының бірінші жағы абсолюттендірілсе, онда ол биологизаторлык (дарвинизм, расизм) дел аталады, ал, екінші жағы абсолюттендірілсе социологизаторлық делінеді. Дұрысында бұл екі жакта диалектикалық бірлікте болуы тиіс.

Адамның мінез-құлкын ретке салып отыратын табиғаттан тыс жүйе-мәдениет болып табылады.

Индивид, тұлға. Индивид – адам тумысының жеке өкілі. Индивид – өзінің физиологиялык және психологиялық ерекшеліктеріне қарай қайталанбайтын касиеттері бар нақты адам.

Адам ерекше, бірегей, қайталанбас қасиеттеріне қатысты дара жаратылыс. Сондықтан «даралық» деген сөзге «жаркын», «қайталанбас» деген эпитеттер сәйкеседі.

Жеке тұлға проблемасы персонализм ілімінде (персона – тұлға) зерттеледі.

Өз мінез-құлкының себептерін айкын біліп, оны катан бакылауға алып, бірегей өмiрлік мұраттарына 6ағындыра білетін индивид тұлға болып табылады. Тұлға дегеніміз – индивид дамуының қорытындысы, адам қасиеттерінің неғұрлым толық түрде іске асырылуы. Ал адам тұлғасының 6асты қасиеті – еркіндік. Тұлға үшін еркіндік иесі болу өмip сүрудің, дамудын ең қажетті де басты шарты. «Еркіндік – бұл танылған қажеттілік» (Гегель). Еркіндіксіз жауапкершілік те жоқ. Тұлғаның мәндік сипаттамасы бәрінен бұрын өз-өзін тану, ерікжігер, мінез, адамгершілік кемелдігі, кісінің дүниетаным қырлары, оның нақты құқықтары мен міндеттері, әлеуметтiк 6елсенділігі және әрекет жасауы сияқты жағдайлар арқылы ашылады. Тұлға – өзінін азаматтык парызы мен құықтарын саналы түрде сараптай алатын, жеке ар-абыройы бар, өзінін өмірлік мұраттарына, отбасының, халык пен мемлекеттін тағдырна зор жауапкершілікпен қарайтын коғамдык дамыған адам. Социализация – индивидтін белгілі әлеуметтік рольдер мен мәдениеттің жүйелерін игеруі өз-өзін жүзеге асыру (қазақша ұғыммен «Адам болу» түсінігі) мәселесі қоғамға ғана eмec, зор денгейде жеке тұлғанынын өзіне де байланысты. Тұлғанын еркіндігі молайған жағдайда онын өз-өзін тәрбиелеуі, өз әpeкeттepiнe жауап бере білу қабілеті, өзкүшін накты бағалауы, ақыр аяғында нар тәуекелге баруы маңызды орын алады. Әр дәуір жеке тұлғанын ерекше түрлерін туғызып отырады. Қазipri нарыктық экономика жардайында батыл экспериментгерге бара алатын, өзіне, өз ақылына, тапкырлығына сенімді, тандау жасай білетін, еңбектеніп, табыска жете алатын адамнын әлеуметтік тұрпаты керек.

Тұлға бойында онын ic-әрекеті қызыкты болады, сондыктан ол “қадам, кимыл субъектісі» больш табылады. Тұлға ұғымы индивидінің әлеуметтік сапасын, онын бірегейлігінің, даралылығының өлшемін білдіреды.

Тұлға түсінігінін түбінде саналы epiк бастауы жатады. Жеке тұлға болу – қиын. Жеке тұлғалық 6олмыс - тынымсыз күш жұмсау деген сөз. “Адам”, “индивид” және «тұлға» түсініктерін салыстыру философия антропологиясының ең негізгі мәселелерінің бipi – адам тipшiлiriнiң мәні мәселесің қарастыруға итермелейді.

Адам өмірінің мақсаты мен мәңі.Бұл түсініктерді біржақты анықтау қиын. Эпикурлыктар өмірдің мәңі өз қажеттіліктерінді қанағаттандырып, биологиялык және рухани тіршілігінді қaмтaмacыз етіп, қуану деп пайымдады. Бұларды коятын болсаң онда сен жоқсын, ешқандай кайғыру да, ешкандай құштарлану да болмайды.

Мұндай философиялык бағыт адамнын өз өмірін бағалауына бағытгайды. Алайда мұндай бағытта адамзат болмысынын рухани – адамгершілiк белгілері болмайды. Ал адамның әбіреулер үшін» және “белгілі мақсат» жолында өмip cүpгici келеді.

Ортағасырлык теоцентризм жер бетіндегі тіршілікте табиғи қуанышты бағаламайды, тіпті оны күнә деп есептейді.

Қайта өрлеу дәyipi теоцентризмге қарсы антропоцентризмді әкелді. Онда тіршіліктін мәні мен мақсаты жердегі дүниені рационалады тану негізінде бақыт пен шаттыкка жету мүмкіндігі деп түсіндіріледі.

Ренессанс дәуірінің гуманизмі өзінің сыңары индивидуализммен бірге пайда болуы. Индивидуалист өмірдің мақсаты тіршілікті өзінде деп білді, демек, тірлік мәні – өмірдегі рахаттын бәрін көру. Эгоцентризм («эго» - мен) болса анархизмге, нигилизмге апарады.

Гете «фауст» шығармасында өз кейіпкерi – қарт ғалым докторынын жасы ұлғайған шағында «ұмтылу-іс, еғбек» деген тұжырымға токтап, өзін үшін емес, өзгелер үшін, бостандық пен халық иriлiri жолында өмip cүpy қажеттігін түсінгенін айтады.

Өмірдін мәңi өмірдін өзінде. Адам өмipi – өзінің құнды. Өмірді бағалап, сүйін, оны өзгелер үшін де, сондыктан өзін үшін де жаксарта

тусуге ұмтылу керек. Ғұмырдын мәңі туралы тек өз өмipiндi eмec, өзгелердін eмipiн де құрметтеген кезде ғана айтуға болады. Адамның

әлеуметтік мәнінен әрбір адамнын өз қабілеттерін жан-жақты жамытып, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырып, қоғамдық прогреске, оның мәдениетіне жеке үлесін қосуы қажеттігі дәйектеледі.

Біздің қоғамымызда “акикат жолымен” өмip сүруге ұмтылатын адамдар саннын артуы ағымы байқалады. Мұндай құбылысты акикат жолына ұмтылып отырудын адамнын түп табиғатында жататынын ecкepiп, оны бірте-6iрте үдете дамыта беруге болады деуге негіз бар. Адам үшін өзнін әділетпен өмip сүріп жүргенің сезіну үлкен құндылык болып саналады.

Адам жеке тұлға ретінде өз icтepi аркылы көрінеді де, халыктын жанында тек “акикат жолында» ғумыр кешіп, “акикат жолында» жасап, “акикат жолында» әрекет етуші ретінде ұзақ сақталып қалады.

Әрине, әp6ip адам өз өмірінін мән-максатын, құндылығың өзі айқындайды. Әрбір индивидтің әр кезендегі өмірдің максат-мәнін түсінуі бірдей болмайды, ол өзгеріп отыруға икемді келеді.

Жалпыкоғамдық адам құқы деклараниясынын 25-6а6ында: “Әрбір адамға азык-түлікті, киімді, баспананы, медининалык көмекті және қажетті әлеуметтік қызметті қоса есептегенде өзінін және отбасының денсаулығына қажетті өмip денгейінін құқы мен өз еркінен тыс жағдайларға байланысты жұмыссыз қалған сәттерде, ауырғанда, мүгедектікке ұшырағанда, жесір қалғанда, кәрілік келгенде тіршілік етуге қаражаты таусылған тұстарда қамтамасыз eтy құқы беріледі» деп жазылған. «Известия», 1989, 9-желтоқсан).

Сонымен, адам, бір жағынан табиғи бөлігі, екінші жағынан әлеуметтік тіршілік иесі, әлеуметтiк индивид, накты қоғам мүшесі.

“Тұлға» түciнiri тек адам бойындағы әлеуметтiк мәнділікті білдіреді. Бұл онын қоғамдық мәңі. Адам – дүниеге ашык тіршілік иесі.

Сөйтіп Софоклдың: “Дүниеде таңқаларлык нәрселер көп, ал олырдын ең ғажабы — Адам» деген тұжырымдамасына қосылуға болады.

Әдебиеттер:

1. Алтай Ж. Философия тарихы:оқулық/Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли.-2-шi басылымы.-Алматы:Раритет.-2006.-310 б.

2.http://www.grandars.ru/college/filosofiya/filosofiya-bytiya.html

3 http://www.studfilosed.ru/konspekt-lektsij-po-filosofii/226-bytie.html

4 http://www.mylect.ru/filosofi/textfilosofi/136-2011-06-04-02-32-30.html?start=5