Леуметтік жұмыстың негізгі технологиясы

"Әлеуметтік технология" ұғымы 20-ғ.70-80. ж.ж. Ресейдегі әлеуметтік- экономикалық қарым-қатынастың күрделенуіне байланысты, қоғамдық даму мәселесін шешуде сапалы әдістердің жаңа түрлерін жасау қажеттілігіне байланысты пайда болды. Осы кезеңде әлеуметтік технологияны әр түрлі аспектіде талдау мен қолдануды қарастырған шетел зерттеулеріне қызығушылық өсті. Бұл термин екі грек сөзінен шығады (өнер шеберлік , істей алу) және (ғылым, білім) шеберлік туралы ғылым практикалық әрекеттің өнері. "Технология " термині білімнің басқа да салаларында және кәсіби қызметте соның қатарында социология педагогикада қолданыла бастады. Болгар зерттеушісі Н.Г. Стефанов : "Әлеуметтік процестер қаншалықты күрделі болса да, олардың әрқайсысы технологизациялық ықпалдарға түседі. Мұндағы мәселенің мәні әлеуметтік процестерді технологизациялау емес, оны қалай жасау мәселесінде." Адамзат қызметі неғұрлым күрделенген сайын, соғұрлым оны сәйкес кезеңдер мен операцияларға жіктеу көбейеді. Әрекет технология деген атауға ие болу үшін, ол белгілі бір жүзеге асатын саналы және жоспарлы түрде элементтерге бөлшектеуі керек. Әрбір әрекеттің өзіндік ішкі даму логикпсы мен қалыптасуы болғандықтан осы операцияларды орналасу тәртібі мен бірізділігі қалай болса солай қалыптаспайды " дейді. Осы уақытта берілген мәселеге байланысты алғашқы Отандық зерттеулер пайда болды . Оған көп көңіл бөлгендер Н.С.Данакин , Л.Я.Дятченко, А.К.Зайцев, Л.Г.Ионин. Бастапқы кезеңдерде мамандар әлеуметтік технология ұғымына және оның қоғамдағы орнына әртүрлі көзқарастарда болды. В.С.Дудченко әр түрлі авторлардың жұмыстарын талдай келіп, берілген ұғымды келесі түрде бөледі:

· Әлеуметтік технология-бұл қоғамдық маңызды мақсатқа қол жеткізуде адамзат қызметін жүзеге асырудың белгілі бір әдісі.

· Әлеуметтік технологияның мәні ондағы әрекеттің (немесе процестің) әдістерге және операцияларға үйлесімді түрде бөлшектенуінде.

· Әлеуметтік технологияның бөлшектенуі шамаланып саналы және жоспарлы түрде жүзеге асады.

· Әлеуметтік технологияның бөлшектенуі ғылыми білімдерді қолданумен және алдынғы тәжірбиелерге сүйеніліп жасанылады.

· Әлеуметтік технология әрекет жүзеге асатын саланың ерекшелігі есебімен құрылады.

· Әлеуметтік технология екі түрде көрінеді: әрекеттің құралдары мен әдістерін қайтадан жасауға бағытталған құрамында тәсілдер мен операциялар бар бағдарлама ретінде және осы бағдарламаға сәйкес құрылған әрекеттің өзі ретінде сол сияқты "жанды" (тіршілік ететін) технология.

· Әлеуметтік технология әрекеттің технологияландырылған мазмұны мен сипатына маңызды түрде әсер ететін бағдарламалар ерекшелігін сипаттайды немесе көрсетеді.

· Әлеуметтік технология адамзат мәдениетінің элементі (транеляция түрі) де (жетіледі) немесе оның заңдылығы бойынша бойынша жасанды пайда болады, құрылады.

Әлеуметтік технология түсінігін белгілі бір мақсатқа құрылған нақтылы қызмет ететін әлеуметтік жүйе және кейбірде арнайы құрылған немесе белгілі бір міндет түрін оңай шешу тәжібиесі , әдістеменің дайын түрі әрекеттің даму алгоритмі деп ұғамыз, мысалы қолданған басқару шешімдерін бақылау жүйесін орындау яғни, әлеуметтік технология адамзат әрекетінің кристаллдандырылған түрі немесе оның (үзіндісі) ізі (фрагмент сөзінен), Ал, Ю.М. Резниктің анықтамасы бойынша әлеуметтік технология бұл әлеуметтік объектілердің басқаруымен олардың диогностикасы проектісімен реттеушісі әрекет шегіндегі типтік міндеттер мен стандартты шешімдерге бағытталған арнайы құрылған және эмперикалық дәлелденген құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі.

Технологияның үш белгісі бар:

· процестің өзара байланысты кезеңдерге бөлінуі;

· іздеген нәтижеге қол жеткізуде шешуші және міндетті шартты болып табылатын әдістер мен операциялардың рет-ретімен орындалуы.

Адамзат дамуына байланысты бұл әлеуметтік байланыстар күрделене түсіп, әлеуметтік басқарудың жаңадан құруын қажет етті. Бірақ ХХ-ғасырдың 70 жылдар ортасында әлеуметтік технологизациялауға күмәндану туындай бастады. Бұл кезеңде ғалымдардың назары әлеуметтік технологияны енгізу және зерттеу мәселесі басты орында болды. Осы мәселенің әртүрлі аспектіде қарастыратын жаңа ғылыми зерттеулер еңбек ретінде Н.Стефанованың "Қоғамдық ғылымдар және әлеуметтік технология" монологиясы болды (1976ж). Мұнда әлеуметтік процестердің технологизациясы адам қызметінің қүрылымына ягни әлеуметтік технология мәні білімнің жаңадан қүрылуымен адамның әлеуметтік қатынас және процесс жүйесіндегі практикалық әрекетінің тәжербиесі деп түсіндірді. Әлеуметтік технологияның мазмұны мен мәнін ашып көрсетуде зерттеушілерді біржақты көзқарас қалыптасқан. В.Г. Афанасев әлеуметтік технологияға "ғылымның абстрактілі тілінің аудару құралы және басқару механизімінің элементі яғни ... нақты бір тіл... қойылған мақсатқа жету" деп анықтама береді. А.Зайцев "белгілі бір мақсатқа жетуге негізделген әрекет, әлеуметтік процестің ұйымдастыру құрамымен әдісінің, білімінің жиынтығы" дейді. В.И Курбатов "әлеуметік технологияга нақтылы сәйкес келетін анықтама" береді. Әлеуметтік технология бұл әлеуметтік объектіге кәсіби әсер ету әдісінің жиынтығы яғни оның әсер ету жүйесін үйлесімді әрекет етуін қамтамасыз етуге, оны қайта жақсартуына мүмкіндігі болады. Осы барлық анықтама көрсетіп отырғандай әлеуметтік технология мағынасын ашу мақсатпен адамзаттың әрекет етуінің мәні өзара сәйкестілікке негізделген әлеуметтік жүйенің потенциялын пайдалану және зерттеу әдістер, процедура, операциялар басқару субъектісі ретінде және толық әлеуметтік институт ретіндегі жиынтық ретінде қарастыруга болады. Осыдан келе әлеуметтік технология бірізділік операцияларды жиынтығын айқындап, тиімді әлеуметтік нәтижеге жетуге багытталған мақсатты әсер ету процедурасын айтады. Әлеуметтік үрдістердің технологизациясы мынаны көрсетеді:

· процестердің ішкі өзара байланысты кезеңдерге, операцияларға бөлінуі, бөлшектенуі;

· ерттеу нәтижесіне жетуге бағытталған қызметтің кезеңдік координациясын;

· технологияға енгізілген процедуралар мен операцияларды мағыналы орындау.

Технологизация объектіге әсер етудің әдісі мен тәсілдердің жиынтығын нақты қолдану мен өңдеу ретінде технологияларда, ал әлеуметтік технологизация-әлеуметтік технологияларда базаланады. Әлеуметтік технологияны зерттеу біріншіден, практикалық міндеттерді шешуде белгілі бір ғылымның теориялың нәтижесін қолдану тәсілі ретінде қарастырып екіншіден, әлеуметтік технология белгілі бір әлеуметтік проблемаларды шешуге қолдануга әсер ету әдісі, тәсілі болады. Әлеуметтік технологияны зерттей келе, оның бірнеше ерекшеліктерін ескерген жөн. Әлеуметтік технология-бұл технологиялық процестің объекті мен субъектінің қарым-қатынасы типі яғни қарым-қатынас "субъект субъект" негізінде қүрылады. Кәсіби көмек көрсетуге қатысушылардың әрекетінсіз, индивидтің , топтың келісімінсіз әлеуметтік технологияны қолданудың себебі болған жагдайда өзгертуге болмайды. Әлеуметтік технология- бұл қоғамдық мақсатқа жетудің белгілі бір жолы. Осыған орай әлеуметтік қызметкерлер теориялық білімнен ғана емес, клиентке әсер ету қабілетімен қасиетін білу керек.

Әлеуметтік технологияның мәнісін түсіну үшін келесі үш түсінікті бөліп қарастыуға болады:

· әлеуметтік технология-бұл әлеуметтік проблеманы шешу бойынша (шешімдерді басқару) белгілі бір әрекеттер бағдарламасы;

· әлеуметтік технология-бұл әлеуметтік проблеманы шешуге бағытталған белгілі бір арнайы дайындалған және бірінен кейін бірі орындалған әрекет;

· әлеуметтік технология-бұл әлеуметтік проблеманы зерттеуге арнайы жасалған бағдарлама.

Қазіргі әлемдік практика көрсетіп отырғандай, әлеуметтік технология көмегімен қоғамдағы әр түрлі мәселелерді, (саяси, басқару, ақпараттық және тагы басқа) мәні мен сипатының көлеміне қарай шешуге болады. Әлеуметтік өзгеруінің объектісі мен субъектісінің қиындығы, әлеуметтік жүмыс проблемасының кешенділігі оның технологизациясын қажет етуде. Әлеуметтік жүмыстың технологизациясы жекелеген операциялармен, процедура түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Осыдан келе әлеуметтік мәселелер өзінің ішінде бірнеше мәні жагынан төмен мәселелерге бөлінеді, мұның әр қайсысын өзіндік стандартты әдістермен шешуге болады. Қазіргі азаматтың технологизация қызметі қоғамда әлеуметтік технология мәнін анықтаудың қажеттілігі туындайды. Технология -бұл объектінің сапалы өзгерісі мен өнделудің әдісі мен қүралына негізделген білімдер жүйесі, сонымен қоса оны практикада қолданудың тиімді әдісі. Бұл түсінік материалдың өндіріс саласында нақты орныққан. Ал "Әлеуметтік технология" жаңа пайда болған термин. Бірақ бұл әлеуметтік технологиямен айналыспаган деп айтуга болмады. Оның теориялық негіздері пайда болмастан бұрын, оның практикада пайдалануы кең таралған .

Осыған мысал ретінде көптеген уақыт мезгілінде адамдар қоғамдық жүмыстармен айналысты, жинақталған білімдер мен ақпараттарды ұрпақтан ұрпаққа беріп отырады. Арнайы дайындалмаған, әлеумтеттік байланыстарды қажет етпеген технология: интуитивті, эмперикалың негізде алынды. Әлеуметтік прогресс өткен тәртіптер, дәстүрлер яғни дәстүрлі процедура және операцияларға мақсатты түрде дайындалмаған, бірақ практикалық қызметте пайдаланды. Отандық және шетел теориясы мен тәжірбиесінде "технология" термині кәзіргі уақытта кеңінен тараған инжинерлік техника сферасында пайда болып осы күні екі мағынада қолданылады:

1. Өндіріс процесін жүзеге асыру үшін қажетті әдістер жиынтығы .

2. Белгілі бір өндірістің әдістерінің ғылыми сипаты.