IV. Практикалық бөлім

Алғашқы күні мекеменің ішіне кіргеннен кейін бізді мекеме тарапынан тағайындалған тәжірибе жетекшісі Абилмажинова Гулназ Казезбековнамен таныстыстық. Сонымен қатар, мекемеде қызмет етіп жүрген қызметкерлермен танысып, бізді қауіпсіздік ережелерімен, мекеменің ішкі ережесімен таныстық.

Тәжірбие жетекшісі жетекшісі Абилмажинова Гулназ Казезбековна Департаменттің жалпы жұмыс барысымен, ондағы қызмет алушылардың жеке істерімен, нормативті құжаттарымен, біз отыратын арнайы бөлме мен қызметкерлердің жеке істері жастқан сейфты көрсетті.

Қаржы және ұйымдық бақылауды қамсыздандыру бөлімінің қызметкері бірқатар құжаттардың көшірмесін жасауды сұрады және мекеменің ортақ ксерокөшірме аппаратымен жұмыс істеуді үйретті.

Персоналды басқару жөніндегі бас маманның жанында жұмыс атқардым. Бұл бөлімде Департаменттегі барлық қызметкерлердің жеке істері сақтаулы тұр.

Алғашқы күндерден бастап-ақ, маған Департаменттегі жыл басынан бастап жұмыстан шыққан қызметкерлердің жеке істерімен, оларды жұмысқа алу, жұмыстан шығару туралы бұйрықтарды және қызметкер мен жұмыс алушы арасындағы еңбек келісімімен айналасуды тапсырды.

Департаменттің бұрынғы қызметкерлері статистик Смагулова У., архивариус Логинова Л., жүргізуші Адаев Г. жеке істерімен айналыстым.

Шушенькова А.В. жұмыстан шығару туралы бұйрықты жасадым.

Департаментке жоспардан тыс облыстық Прокуратурадан тексеріс келіп, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін тексерді. Сол журналдарды реттеп, орны орнына қойдым.

Жұмыс барысында келіп түсетін тапсырмаларды орындадым.

«Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмыс атқарып жатқан Шомбинов А., Ахметова А. Қабылдау туралы бұйрықты жаздым.

Жаңадан жұмысқа тұрған Анжикова Б. мен Шабданова С. Қабылдау туралы бұйрық пен жеке ісіне тігілетін еңбек шарты мен жауапкершілік туралы шартты толтырдым.

Жұмыс барысында келіп түсетін тапсырмаларды орындадым.

Департаментке жоспардан тыс облыстық Прокуратурадан тексеріс келіп, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін тексерді. Сол журналдарды реттеп, орны орнына қойдым.

Қызметкерлерге қосымша ақы беру туралы бұйрықты және оның қосымшасын жасадым.

Жұмысты босатқан қызметкерлерді (Ахметоллина, Бектурова, Есенова, Нуралинова, Сагадиева, Смагулова, Тлекина, Токтогулова, Шушенькова) жұмыстан босату туралы өтініштеріне сәйкес өткізілген әңгімелесудің хаттамасын жаздым.

1 қазан – Қарттар күніне орай Департаментте қызмет еткен зейнеткерлерге арналған мерекелік іс шара өтткізді. Мен сол мерекеде жүргізуші болдым және зейнеткерлерге арнап ән шырқадық.

Смагулова Р. қосымша ақы туралы бұйрықты толтырдым.

Персоналды басқару жөніндегі бас маманның жанында отырып, Департаменттің тоқсан сайын өткізетін есепті жаздым.

Қосымша ақы алатын қызметкерлердің тізімін қаржы және ұйымдық-техникалық бақылауды қамсыздандыру бөлімінен алып, бұйрыққа қосымша ретінде жасадым.

Іс-тәжірбиенің соңғы күнінде барлық қол және мөр қоятын қағаздарды толтырып, қойғыздық. Тәжірбие жетекшісімен және Департамент қызметкерлерімен қоштастым.

 

 

V. Қорытынды

Мен Бозтаева Назерке Казақстан - Американ Еркін Университеті колледжінің 3-ші курс студентімін. 05.09.2016 жылдан бастап 15.10.2016 жылдың аяғына дейін технологиялық іс-тәжірбиені «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде өттім.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрліктің құрылымының бірі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті болып табылады. Мен сол бөлімнің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде іс-тәжірбиемді өттім. Департаменттің негізгі міндеттері әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама және арнайы әлеуметтік қызметтер саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Тәжірбие кезінде аса үлкен қиындықтармен соқтығыспадым. Керісінше, халыққа әлеуметтік көмек көрсету жайлы мемлекеттің атқарып жатқан жұмыстарымен тереңірек танысып, сол процесстің арасында жүріп тәжірбие жинадым. Департаменттегі әрбір бөлімінің атқаратын міндеттерімен таныстым.

Тәжірбие уақытында алған әсерді жеткізу мүмкін емес, себебі мемлекеттік қызметте жүрген адамдармен қатар жұмыс атқару үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс болып табылады. Жауапты жұмыстар атқарып, мемлекетімізге адал еңбек атқарып жатқан Департаменттегі қызметкерлерге көмектесу және үлес қосу үлкен қуаныш болып табылады.

Бұл жерде мен әр түрлі адамдармен танысып, кездескен болатынмың және аса маңызды құжаттармен қалай жұмыс істеу керектігін үйрендім. Іс-тәжірбиеден өту барысында мен өзімді жақсы жағымнаң көрсете алдым деп ойлаймын, өзімнің ҚАЕУ-дан алған білімімді ортаға салдым. Өз білімімді ғана қолданбай сол мекемеде маған деген айтылып үйреткен тәжірбиені де қолдануды ұмытпадым. Болашақта тұрақты жұмыс орнына орналасқан жағдайда,мен сол білімімді қолданамын деп үміттенем.