Тақырып. Франк мемлекетi мен құқығы.

Мемлекеттіліктің пайда болуы. Галлияны жаулап алу. Хлодвиг реформалары. Христиандықты қабылдау. Франк державасының негізгі даму кезеңдері.

Мемлекет формасының эволюциясы. Франк мемлекетінің территориясының кеңеюі. Мемлекеттің жоғарғы органдары. Корольдік билік. Меровингтер мен Каролингтер әулеттері.

Король ауласы. Сарайлық-аумақтық басқару жүйесі. Майордом. Антрустиондар. Мемлекет басқарудағы христиан шіркеуінің ролі. Жергілікті басқару органдары. Пактар мен жүздіктер. Графтар мен виконттар. Герцог. Иммунитеттер. Сот құрылымы.

Құқық қайнарлары. Франк державасы территориясында құқықтық жүйелер плюрализмі. Варварлық құқық: қарапайым құқық және варварлық шындықтар. Салистік шындық. Корольдік капитуляриялар. Формулалар жинағы.

Халықтық мәртебесінің құқығы. Халықтың негізгі этно-сослов топтары: франктер; Салистік заң бойынша өмір сүріп жатқан варварлар және римдіктер; варварлар; галлоримдіктер. Литтер мен құлдар. Ауылдық қауым – марка. Комендация.

Заттық қатынастардың құқықтық реттелуі. Жер меншігі құқығының эволюциясы: аллод, марка, прекарий; бенефиций және феод.

Отбасы құқығы. Неке құрудың шарттары. Моногамияны бекіту. Ажырасу. Ерлі-зайыптылар арасында жеке және заттық қатынастар. Балалардың құқықтық жағдайы. Ата-ана билігі. Мұрагерлік билік.

Қылмыстық құқық. Іс жүргізу құқығы. Процесстің бәсекелестік мінезі мен формализмі. Ордалилер. Қазылар соты.

 

Тақырып. Францияның феодалды мемлекетi мен құқығы.

Мемлекеттіліктің пайда болуы. Батыс–франк корольдігінің пайда болуы және Верден бөлігі. Франция мемлекеттілігіндегі негізгі даму кезеңдері.

Мемлекет формасының эволюциясы. Франция – ортағасырлық еуропалық мемлекеттілігінің классикалық варианты. Феодалды-ыдыраған орталықтанған мемлекеттілік. Әлсіз корольдік биліктен шектелмеген корольдік билікке. Сеньорлық монархия: Каролинг әулеті кезіндегі корольдік билік; сюзернитет-вассалитет, феодалды ыдырау.

Капентинг әулеті кезіндегі корольдік билік. Қасиетті Людовик ІХ реформалары. Сословді-өкілетті монархия. 1302 ж. Бас штаттардың шақырылуы Валуа династиясы; жүзжылдық соғыс (1337-1453) және оның мемлекеттік механизмге әсері; «Ұлы март ордонансы» 1357 ж; Людовик ХІ кезіндегі орталықтанған басқарудың аяқталуы. Абсолюттік монархия; 1516 ж. Болон конкордаты; діни соғыстар; 1598 ж. Нант эдикті; Генрих ІV Бурбон және абсолютизмнің нығаюы; кардинал Ришельенің реформалары; Людовик ХІҮ кезіндегі абсолютизмнің дамуы; Людовик ХV пен Людовик ХVІ басқару кезіндегі абсолбтизмнің дағдарысы.

Мемлекеттіліктің жоғарғы органдары. Король. Корольдік кеңес. Жоғарғы лауазымды тұлғалар. Коннетабль, канцлер, камерарий. Бас штаттар. Тар корольдік кеңес. Нотабельдер жиналысы. Бірінші министр. Парламент құқығының шектелуі туралы 1641ж эдикт. Мемлекеттік биліктің орталықтанған аппаратының құрылуы.

Жергілікті басқару органдары. Бальдар, сенешалдар, прево. Қалалық кеңестер. Абсолютизм кезіндегі қалалық және ауылдық басқару үстінен үкіметтік жүйесінің қамқорлығы. Бірінші министрге бағынатын полиция, сот және финанс ісі жөнінде интенданттар институты.

Сот құрылымы. Париж парламенті. Жергілікті парламенттер.

Француз құқығы. Құқық деректері. Кутюмдар мен олардың жазбалары. Бовези кутюмдары. Франциядағы рим құқығы. Қалалық және канондық құқық. Корольдік ордонанстар. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы құқықтың жүйеленуі. 1670 ж. үлкен қылмыстық ордонанс. Сауда ордонансы.

Халықтың құқықтық жағдайы. Феодалдар: діни, ірі, орта және (рыцарьлар). Феодалды-тәуелді шаруалар: сервтер және вилландар. Сословті корпорациялар. Үшінші сословие.

Заттық қатынастардың құқықтық реттелуі. Отбасы құқығы: некені кию, некенің аяқталуы, ерлі-зайыптылардың бөлек өмір сүрулері, ерлі-зайыптылар арасындағы жеке және заттық қатынастар; ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас. Мұрагерлік құқық. Майорат және минорат.

Қылмыстық құқық. Қылмыстар мен жазалар жүйесі.

Іс жүргізу құқығы. Азаматтық және қылмыстық процесстер. Франциядағы қылмыстық процесстің инквизициялық (іздестіру) типі.