Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

65. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат, оның ішінде ағымдағы бақылау жұмыстарына және тоқсандық қайталауға 16 сағат; оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат бөлінген. Оның ішінде ағымдағы бақылау жұмыстарына және тоқсандық қайталауға 6 сағат.

66. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:

67. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 30/ 24 сағат, «Жайлауға бардым» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Сөз таптары. Лексика: атқа міну, қонақжай, жұлдыз Клише: Қандай керемет! қону, түнеу, күндіз, түн, орман, бағалау;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы жазғы демалысқа қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырата алу. Жазғы демалысқа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен жазғы демалыс әсерлері туралы ой бөлісу;

жазылым: өзінің жазғы демалысын қалай және қайда өткізгені туралы баяндамалық сипаттағы мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: диалог-сұхбат, диалог-талқылау. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Жазда қалай демалғаны туралы достарымен пікір алмасу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: достарымен жазғы демалысы туралы сұхбаттасу.

68. «Ас – адамның арқауы» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Негізгі және көмекші сөздер. Лексика: ас қайыру. Дастарқанға түкірме! Тамақ жеп отырып сөйлеме! Ыстық тамақты үрлеме! ешкі, қымыз, шұбат, майлы/ майсыз;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы ас пен адам денсаулығының байланысына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Ас ішуге, тамақтану әдебіне қатысты оқыған мәтіндерінің мазмұнын айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тамақтану әдебі туралы ой бөлісу;

жазылым: ас түрі мен ас ішуге байланысты өз ойын баяндап, сипаттап жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша диалог-сұхбат, диалог-пікірталас. Ас ішуге байланысты өз пікірін айту. Тамақтану мен денсаулықтың байланысы туралы достарымен пікір алмасу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдалылығы туралы пікірлесу.

69. «Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Зат есім, оның түрлері. Лексика: немере, туыс, жиен, жеңге, жезде;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы отбасы мүшелеріне және олардың тілдеріне қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Отбасы мүшелері және олардың қай тілде қалай сөйлейтіні туралы өз ойын айту;

жазылым: отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты 9-10 сөйлемнен тұратын мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша баяндау, суреттеу, сипаттау мәтіндерін құрап жазу;

тілдесім: диалог-әңгіме. Диалог-пікірталас. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Отбасында сөйленетін тіл туралы достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақстандық отбасындағы сөйлеу тілі туралы мәтіндер.

70. «Күз көрінісі қандай әдемі!» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Көмекші есімдер. Лексика: сұрып, құрамы, тартымды, орау, қышқыл, бейнелеу өнері, тақтай, көңіл бөлу, оқуға түсу, кенеп, қылқалам, сұр;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы отбасы мүшелеріне және олардың тілдеріне қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Күзгі табиғат туралы өз ойын айту;

жазылым: тақырыпқа қатысты 9-10 сөйлемнен тұратын мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша баяндау, суреттеу, сипаттау мәтіндерін құрап жазу;

тілдесім: диалог-әңгіме. Диалог-пікірталас. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу, достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: күз көрінісі туралы мәтіндер.

71. «Кітап – бағалы сыйлық» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Сапалық және қатыстық сын есім. Лексика: ұлттық кәдесый, арзан/қымбат, құмыра, кілтбау, жан-жақты;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы сыйлықтарға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Сыйлық түрлеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтіні бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айта алу. Құттықтауға қатысты сөз орамдарын пайдаланып, достарына тілек айту;

жазылым: сыйлық түрлері мен олардың ерекшелігіне қатысты мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Сұрақтарға жауап қайтара алу. Сыйлық ұсыну туралы достарымен пікір алмасу. Диалог-талқылау. Полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: достарымен өз ұлтының сыйлық беру дәстүрі туралы сұхбаттасу.

72. «Маған спорт киімі керек» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Сын есім, оның түрлері. Лексика: өлшем, таңдау, түсі, дәл/дәл емес, жарасу/жараспау, ауыстыру, мархабат, шұлық, іш киім, ашылу салтанаты, салт атты, жанкүйер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы киімге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Киім түрлеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту, достарына киім түрлері, киіну әдебі туралы өз ойын айту;

жазылым: өзінің жазғы, қысқы киімдері туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Киімге қатысты өз ой-пікірін білдіру. Полилог-пікірталас;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық киімдердің ерекшелігі туралы пікірлесу.

73. Оқу-еңбек аясы – 25/ 20 сағат, «Ғаламтор маған не үшін керек?» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Сын есімнің шырайлары. Лексика: тарихи деректер, жинақталған, аудару, таңдау;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы интернетке қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Интернетпен жұмыс істеуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің Интернетке қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Интернетке қатысты терминдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Интернетте жасайтын жұмыстары туралы полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін Интернет сайттары туралы пікірлесу.

74. «Электронды поштада қазақша сөйлесіп отырамыз» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Салыстырмалы шырай. Лексика: менің әлемім, құпия сөз, тіркелу, қонақтар, келген/жолданған хаттар, жою, сақтау, құжат, қайта жолдау;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы интернетке қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Интернетпен жұмыс істеуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің Интернетке қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Интернетке қатысты терминдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Интернетте жасайтын жұмыстары туралы полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін Интернет сайттары туралы пікірлесу.

75. «Электронды кітапхананы пайдаланамын» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Күшейтпелі шырай. Лексика: жаңалық, ұсыну;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы тіл үйренуге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Тіл үйренуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тіл үйренуде жасайтын жұмыстары туралы сөйлесу;

жазылым: өзінің тіл үйренуге қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тілге қатысты достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін тілдері туралы пікірлесу.

76. «Үлгі тұтамын» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Реттік сан есім. Лексика: үлгі тұту, жылылық, ұқсау, өз баласындай, әділ, талғаммен киіну, қамқор, мақтан ету, лайықты, үлгі тұту, жауапкершілік, талап қою, қадағалау;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы тіл үйренуге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Тіл үйренуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тіл үйренуде жасайтын жұмыстары туралы сөйлесу;

жазылым: өзінің тіл үйренуге қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тілге қатысты достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін тілдері туралы пікірлесу.

77. «Жақсыны көрмек үшін» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Жинақтық сан есім. Лексика: өткізу, маман иесі, қатысу, мәнерлеп оқу, шарттар, орын алу;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы тіл үйренуге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Тіл үйренуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тіл үйренуде жасайтын жұмыстары туралы сөйлесу;

жазылым: өзінің тіл үйренуге қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тілге қатысты достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін тілдері туралы пікірлесу.

78. Әлеуметтік-мәдени ая – 65/52 сағат, «Қазақ зергерлік өнері» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Болжалдық сан есім. Лексика: жуық, өз қолымен, білезік, алқа, алаша басу, қамшы, қолөнер, қолдан жасалған, шеберхана, зергер, әшекей заттар, сақина, сырға, шашбау, асыл тастар, алтын, күміс;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы зергерлік өнерге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Зергерлік өнерге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тіл зергерлік өнер туралы сөйлесу;

жазылым: өзінің зергерлік өнерге қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Қазақ зергерлік өнеріне қатысты достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен қазақтың зергерлік өнері туралы пікірлесу.

79. «Киелі сандар» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Топтау сан есімдері. Лексика: салт-дәстүр, ырымдар, жеті ата, жеті қазына, ер жігіт, сұлу жар, жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, өткір пышақ;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы киелі сандарға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Жеті санына қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тіл үйренуде жасайтын жұмыстары туралы сөйлесу;

жазылым: өзінің киелі сандарға қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Киелі сандарға қатысты достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін киелі сандар туралы пікірлесу.

80. «Менің әуес ісім» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Бөлшектік сан есім. Лексика: талғам, ширек, қауіпті, аяқты бүгу, екі аяқтап, өрге шығу, шыр айналу, біртіндеп;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы әуес іске қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: адамдардың әуес ісіне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен өзінің әуес, сүйікті істері туралы сөйлесу;

жазылым: өзінің ұнататын айналысатын ісі туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жаза алады. Берілген тірек сөздер мен жоспар бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің әуес ісіне қатысты полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен өзінің, достарының әуес істері туралы пікірлесу.

81. «Мен әуен тыңдаймын» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Есімдік. Лексика: ғасыр, насихаттау, ұрпақтан-ұрпаққа, ұмыту, үзбей қарау, іші/сырты;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы музыкаға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі музыка жанрлары мен сазгерлерге, қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айта алу. Музыка жанрлары мен сүйікті сазгерлері туралы айту;

жазылым: өзінің ұнататын музыкасы, топтары, сазгерлері туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу. Сұрақтарға жауап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Музыкаға қатысты пікірлесу. Достарымен музыка, сазгерлер туралы ой бөлісу. Полилог;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен ұлттық музыка жанрларының, сазгерлердің ерекшелігі туралы пікірлесу.

82. «Менің сүйікті актерім» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Жіктеу есімдігі. Лексика: алтын қор, құрылу, таспаға жазылу, тұңғыш, халық әртісі, сахна, қойылым, рөлді сомдау, марапатталу;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы қазақ киносының тарландарына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: қазақ киносының тарландарына қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен өзінің сүйікті актерлері туралы сөйлесу;

жазылым: қазақ киносының тарландары туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жаза алады. Берілген тірек сөздер мен жоспар бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің сүйікті актерлеріне қатысты полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен өзінің, достарының сүйікті актерлері туралы пікірлесу.

83. «Спорт. Қазақстанның белгілі спортшылары» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Сілтеу есімдігі, оның тәуелденуі. Спорт терминдерінің емлесі. Лексика: біртуар, спорт шебері, тілші;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Спорт түрлері мен белгілі спортшыларға қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің ұнататын спорт ойындары, спортшылары туралы хабарлау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша спортқа қатысты пікірлесу. Достарымен өзінің ұнататын спортшыларының жеңістері туралы ой бөлісу. Достарымен спорт түрлері мен сүйікті спортшылары туралы сөйлесу. Диалог-сұхбат. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен ұлттық спорт түрлері туралы пікірлесу.

84. «Мектепте наурыз тойлаймыз» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Сілтеу есімдігінің септелуі. Лексика: күн мен түн теңеледі, бұлақтың көзін ашу, дәм тату, жеті түрлі тағам (су, сүр ет, тұз, бидай, тары, арпа жармасы);

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы наурыз мерекесіне қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: наурыз мерекесіне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен наурыз мерекесі туралы сөйлесу;

жазылым: наурыз мерекесі туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жаза алады. Берілген тірек сөздер мен жоспар бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Наурыз мерекесіне қатысты полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен наурыз мерекесі туралы пікірлесу.

85.«Судың да сұрауы бар» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Сұрау есімдіктері. Лексика: үнемдеу, ұту, емдік қасиеті, шипалы, сұрауы бар, жер асты сулары, қорлары, тіршілік көзі;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы тіршілік көзі суға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: тіршілік көзі суға қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен су туралы сөйлесу;

жазылым: тіршілік көзі су туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жаза алады. Берілген тірек сөздер мен жоспар бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен таұырыпқа қатысты пікірлесу.

86. «Табиғат ғажайыптарына таң қаламын» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Өздік есімдігі. Лексика: ғажайып, жартас, құбылыс, адамзат, құбылу, қазаншұңқыр, тостаған, апат, жұмбақ сызба, таңқалдыру, болжам, магниттік өріс;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы табиғат ғажайыптарына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: табиғат ғажайыптарына қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен табиғат ғажайыптары туралы сөйлесу;

жазылым: табиғат ғажайыптары туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жаза алады. Берілген тірек сөздер мен жоспар бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Табиғат ғажайыптарына қатысты полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен табиғат ғажайыптары туралы пікірлесу.

87. «Ең, ең, ең...» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Жалпылау есімдігі. Лексика: сарқырама, үздіксіз түсу, сезу, қорық;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тақырыпқа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тақырып туралы сөйлесу;

жазылым: тақырыпқа қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Диалог-сұхбат. Полилог-ойкөкпар;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тақырыпқа қатысты танымдық мәтіндер бойынша сұхбаттасады.

88. «Толағай» тауының тарихы...» - 5/4 сағат:

1) ілдік бөлім: Болымсыздық есімдігі. Лексика: аңыз, арқасына арту, жаңбыр, қуаңшылық, сүріну, саламатты өмір салты, қаппен жүгіру, ұйымшылдық;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы «Толағай» тауының тариына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тақырыпқа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тақырып туралы сөйлесу;

жазылым: тақырыпқа қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Диалог-сұхбат. Полилог-ойкөкпар;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тақырыпқа қатысты танымдық мәтіндер бойынша сұхбаттасады.

89. «Ырымға сенесің бе?» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Белгісіздік есімдігі. Лексика: ата-баба, жалғасқан, қалыптастырады, ырым, сену/сенбеу, тыйым сөздер, маңдай, түсінік, көзқарас, бұзба, обал/сауап, аққуды атпа, құстың ұясын бұзба;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тақырыпқа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тақырып туралы сөйлесу;

жазылым: тақырыпқа қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Диалог-сұхбат. Полилог-ойкөкпар;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тақырыпқа қатысты танымдық мәтіндер бойынша сұхбаттасады.

90. «Қалай баруға болады?» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Сөз таптарынан өткенді қайталау. Лексика: мықтап ойлану, дақ;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы «Толағай» тауының тариына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тақырыпқа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тақырып туралы сөйлесу;

жазылым: тақырыпқа қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Диалог-сұхбат. Полилог-ойкөкпар;

3) қәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тақырыпқа қатысты танымдық мәтіндер бойынша сұхбаттасады.