Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

117. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат, оның ішінде ағымдағы бақылау жұмыстарына және тоқсандық қайталауға 16 сағат; оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген, оның ішінде ағымдағы бақылау жұмыстарына және тоқсандық қайталауға 4 сағат.

118. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:

119. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 30/14 сағат. «Төрлетіңіз!» – 5/2 сағат:

1) тілдік бөлім: Күшейткіш үстеу. Лексика: әке/ана тәрбиесі, қонақ төрге отырады, қонақжай, жауапкершілік, жол беру, елдің көркі, нәзіктік, инабаттылық;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Қазақ отбасы, қазақ халқының қонақжайлылығы туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: Қазақ отбасы, қазақ халқының қонақжайлылығы туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Болған жағдайға байланысты, сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

айтылым: Қазақ отбасы, қазақ халқының қонақжайлылығы туралы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып өз ойын айту;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Қазақ отбасы, қазақ халқының қонақжайлылығы туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жаза білу, өз ойын қысқаша білдіре алу;

тілдесім: Қазақ отбасы, қазақ халқының қонақжайлылығы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Қазақ отбасы, қазақ халқының қонақжайлылығы туралы көзқарасын айтып, пікір білдіру. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасы тәрбиесі туралы қысқа мәтіндер, өлеңдер.

120. «Отбасыммен шешім қабылдаймын» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: мақсат үстеуі. Лексика: бағдарлы, бағыт таңдау, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика, қызығушылық, жалақы, жеке сабақ аламын, есеп шығару, теңдеулер шешу;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: қазақ отбасының ерекшелігі туралы мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну;

оқылым: мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: қазақ отбасындағы өзара сыйласымдылық туралы пікір білдіру;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып әңгіме жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұсынылған қазақ отбасылары туралы мәтіндерді оқу.

121. «Ұлттық тағамдарды ұнатамын» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім:: себеп-салдар үстеуі. Лексика: бие байланады, ағытады, жылқы айдап әкелу, ашыту, ауруға ем, сауға қуат, баптау, саба, күбі, жылқы терісінен, саумал, пісу, дәмі аузыңды үйіреді, түтінге ыстау, таба нан, шұбат, қазақы дастарқан;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: ұлттық тағамдар туралы мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну;

оқылым: мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: ұлттық тағамдар туралы пікір білдіру;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып әңгіме жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: ұлттық тағамдар жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұлттық тағамдар туралы мәтіндерді оқу.

122. «Дәмге тапсырыс беремін» - 5/2 сағат:

1) тілдік бөлім: еліктеу сөздер. Лексика: бағасына келісу, мейрамхана, алдын ала төлеу, ашытқан қамыр, кеуіп кетпеу, қатты қыздыру, үздіксіз араластыру, біркелкі, сәнді, ең тиімді, еріту, шақтап жаю, қалауыңызша, қоймалжың салманы, үккіш;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: қоғамдық тамақтану орындары туралы мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну;

оқылым: мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: қоғамдық тамақтану орындары туралы пікір білдіру;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып әңгіме жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: қоғамдық тамақтану орындары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қоғамдық тамақтану орындары туралы мәтіндерді оқу.

123. «Шымбұлаққа барайық» – 5/2 сағат:

1) тілдік бөлім: септеулік шылаулар. Лексика: тау шатқалы, аспалы жолмен көтерілу, шаңғыларды жалға алу, асу;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: «Шымбұлақ» тау шатқалы туралы мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну;

оқылым: мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: «Шымбұлақ» тау шатқалы туралы пікір білдіру;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып әңгіме жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: «Шымбұлақ» тау шатқалы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қоғамдық демалыс орындары туралы мәтіндерді оқу.

124. «Ұлттық құрама командалар» – 5/2 сағат:

1) тілдік бөлім:: септеулік шылауларды қайталау. Лексика: ұлттық құрама, бәсекелестік рух, ортақ намыс.

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: ұлттық құрама командалар туралы мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну;

оқылым: мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: ұлттық құрама командалар туралы пікір білдіру;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып әңгіме жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: ұлттық құрама командалар жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: спорт, денсаулық туралы мәтіндерді оқу.

125. Оқу-еңбек аясы – 40/21 сағат. «Менің арман мектебім» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: жалғаулық шылаулар. Лексика:: менің арманым, жаңашыл мектеп, мұғалімді өзім таңдаймын, ұжым, жабдықтау, жағдай жасау;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мәтін бөліктеріне ат қойып, қысқаша мазмұндап жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы оқушылар өз арман мектебі туралы ой алмасады.

126. «Ғаламтордағы әлеуметтік желілерді пайдаланамын» – 5/2 сағат:

1) тілдік бөлім: демеулік шылаулар. Лексика:әлеуметтік желілер, таралу жылдамдығы, хат алмасу, қашықтықтан оқыту, өркениет;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мәтін бөліктеріне ат қойып, қысқаша мазмұндап жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы оқушылар әлеуметтік желілер туралы ой алмасады.

127. «Атақты ғалымдар» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: одағай. Лексика: ғылым, ғалым, ерекше қабілет, талмай іздені, жаңа ашылымдар, ғылымды дамыту, еліктеу, ұқсау, ғылымды сүю, зерттеу жүргізу, ұстаз бен шәкірт байланысы, ғылыми жетекші, шәкірт;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мәтін бөліктеріне ат қойып, қысқаша мазмұндап жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы оқушылар ғылым жетістіктері туралы ой алмасады.

128. «Жеті жұрттың тілін біл...» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: сөз тіркесі. Лексика:экзотикалық тілдер, таралым, мүмкіндігі кең тілдер, ұлттық тіл, жерілікті халық тілдері, шектеулі, арнайы курстар, озық әдістемелер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу. жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мәтін бөліктеріне ат қойып, қысқаша мазмұндап жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы оқушылар халықаралық тілдер туралы ой алмасады.

129. «Қандай емтихандар тапсырамын?» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: жай сөйлем. Лексика: таңдау пәні, қарындашпен белгілеу, өшіргішпен өшіру, кәсіптік білім алу;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну, қолдана алу;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: орыс тілді, қазақ тілді мектептерде оқылатын тілдер туралы әңгімелесу.

130. «Білім және «Тәуелсіздік толғауы» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: сөйлем мүшелері, тұрлаулы мүшелер. Лексика: Жолдау, толғау, тарихи, киелі, үдемелі, жылнама;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: Қазақстан мемлекеті және Тәуелсіздік туралы мәтіндерді түсіну. Тәуелсіз елдің тарихы мен қазіргісі жайлы ақпаратты тыңдап түсіну;

оқылым: Мемлекеттік құрылым туралы мәтіндер мен «Тәуелсіздік толғауын» оқу, талдау. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Астананың құрылуы жайлы мәліметтерді оқып түсіну. Мәтіндегі тәуелсіздікпен байланысты деректерді тауып, түсінік беру. «Тәуелсіздік толғауына» қатысты мәтіннің идеясын анықтау;

айтылым: Тәуелсіздік толғауының мәні туралы баяндау. Тәуелсіздіктің маңызын өз ойымен сабақтастырып айту. Тірек сөздер бойынша «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында мәтін құрап айту;

жазылым: Тәуелсіздік толғауындағы «аға буын өкілдері жасаған тарихи маңызы зор істерді» талдау. Тәуелсіздік кезінде қол жеткен нәтижелерді сараптайтын абзацтарға сүйеніп, ой қорытындысын жазу. Мәтіндегі маңызды мәліметтерді жинақтап жазу;

тілдесім: Тәуелсіздік толғауы мен мемлекеттік құрылымдар жайлы ойталқы өткізу. «Ел тәуелсіздігіне біз қандай үлес қосамыз?» тақырыбындағы ойбөліс. Жағдаяттық тапсырмалар арқылы «Тәуелсіздік толғауы» туралы пікірлесім;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Тәуелсіздік толғауындағы нақыл сөздердің, афоризмдердің негізінде пікір алмасу.

131. «Колледжге барсам ба екен?» – 5/2 сағат:

1) тілдік бөлім: сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Лексика:арнайы кәсіптік білім, арнайы дайындық, мамандықты меңгеру, оқуды жалғастыру, мамандар тапшылығы, ең сұранысқа ие мамандар, мамандыққа қызығу, ата-ана кеңесі;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мәтін бөліктеріне ат қойып, қысқаша мазмұндап жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы оқушылар арнайы кәсіптік білім беретін оқу орындары туралы ой алмасады.

132. «Жаңа технология жетістіктері» – 5 /2 сағат:

1) тілдік бөлім: оқшау сөздер, қаратпа сөз. Лексика: заманауи технология, ақпараттық жүйелер, ақпарттық есептеу техникасы, адам құқығы, таныс/бейтаныс құбылыстар, озық тәжірибелер, көзді ашып-жұмғанша;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мәтін бөліктеріне ат қойып, қысқаша мазмұндап жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы оқушылар жаңа технология жетістіктері туралы ой алмасады.

133. Әлеуметтік-мәдени ая – 50/29 сағат. «Сурет галлереясына саяхат» – 5/3 сағат: ­

1) тілдік бөлім: қыстырма сөз. Лексика: көркем туынды, айнытпай салу.

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Суретшілер туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: суретшілер, сурет көрмесі, картиналар туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: белгілі бір сурет туралы өз пікірін білдіру. Сурет галлереясындағы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Суретші мен суреттер туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: сурет, суретшілер жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Ә.Қастеевтің туындылары туралы пікір алмасу.

134. «Мынау қай мұражай?» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: құрмалас сөйлем түрлері. Лексика: құнды жәдігер, ахметтану дәрісханасы, күрделі жөндеу, сыртқы пішіні, археологиялық, этнографиялық және мәдени ескерткіштер, ежелгі және ортағасыр тарихы, жеті алтын жауынгер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Мұражай туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: мұражай, мұражайдағы экспонаттар туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: ойын жеткізу барысында түрлі туындылар, экспонаттар жайлы айту. Мұражайдағы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мұражай туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша жазбаша түрде білдіру;

тілдесім: мұражай жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Диалогке қатысу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі : ұлттық аспаптар мұражайы туралы әңгімелесу.

135. «Қазақстан аймақтары» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: салалас құрмалас сөйлем. Лексика: шектесіп жатыр, шақырым, құрғақ климат, тау белдеулері, егіншілік, қоңыржай, қолайлы/қолайлы емес, қара уылдырық, Маңғыстау аймағы, аумағы кіші, жер қойнауы, төбелі жазық;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Қазақстан аймақтары туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: Қазақстан аймақтары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: ойын жеткізу барысында түрлі туындылар, экспонаттар жайлы айту. Қазақстан аймақтарындағы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Қазақстан аймақтары туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша жазбаша түрде білдіру;

тілдесім: мұражай жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Диалогке қатысу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстан аймақтары туралы әңгімелесу.

136. «Мен ұнататын теле/радио хабар» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: сабақтас құрмалас сөйлем. Лексика: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» танымдық бағдарламасы, ойын-сауық бағдарламасы, танымдық бағдарлама, басқа арнаға ауыстыру;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Радио, теледидардан естіген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу, түсіну;

айтылым: өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Теледидардан көрген бағдарлама туралы жазу;

тілдесім: теледидардан көрген, кино, бағдарламалар мен радиодан естіген жаңалықтар жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстан телеарнасындағы танымдық бағдарлама туралы әңгімелесу.

137. «Экологиялық апаттар» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: аралас құрмалас сөйлем. Лексика: ақ қан аурулары, кемтар, ядролық жарылыс, ашық сынақтар, шешім, тартылу, тұзы ұшу, теңіз түбі, химиялық қоспалар, қарқынды даму, бұлғын терісі, елді мекен, шөл белдеуі, шаруашылық, тыңайтқыш;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Экологиялық апаттар туралы естіген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу, түсіну;

айтылым: өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу;

тілдесім: экологиялық апаттар жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: экологиялық апаттар туралы әңгімелесу.

138. «Электронды журналмен таныссың ба?» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: төл сөз бен төлеу сөз. Лексика: оқуға ыңғайлы, жастарға ой салады;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Электронды журналдар туралы естіген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу, түсіну;

айтылым: өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу;

тілдесім: электронды журналдар жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: электронды журналдар туралы әңгімелесу.

139. «Әлемнің атақты спортшылары» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: автор сөзі. Лексика: бапкер, халықаралық турнир;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Әлемнің атақты спортшылары туралы естіген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу, түсіну;

айтылым: өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу;

тілдесім: әлемнің атақты спортшылары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әлемнің атақты спортшылары туралы әңгімелесу.

140. «Тарлан» сыйлығына кім лайықты?» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: тыныс белгілері. Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілері. Лексика: марапаттау, отандық, «Тарлан» сыйлықтары, гуманитарлық салалар, қоғамдық марапаттау, танымал қайраткерлер, үздік орындаушы;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. «Тарлан» сыйлығы және оның иегерлері туралы естіген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу, түсіну;

айтылым: өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу;

тілдесім: «Тарлан» сыйлығы және оның иегерлері жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: «Тарлан» сыйлығы және оның иегерлері туралы әңгімелесу.

141. «Қазақ қолөнері туралы не білеміз?» – 5/3 сағат:

1) тілдік бөлім: сөйлем соңында келетін тыныс белгілері. Лексика: саз аспаптары, әрлеу үшін, шетен ағаштар, түстерді таңдап пайдалану, егеу, сүргі, өсімдік тектес оюлар, қошқар мүйіз, қазтабан, киіз үй жабдықтары, ұлттық өрнектер, зерлеу, көмкеру, қолданбалы өнер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Қазақ қолөнері туралы естіген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу, түсіну;

айтылым: өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу;

тілдесім: қазақ қолөнері жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ қолөнері туралы әңгімелесу.

142. «Билеп үйренейік » – 5/2 сағат:

1) тілдік бөлім: өткен тақырыптарды қайталау. Лексика: шыр айналып билеу, көзі жұмылғанша, заманауи билер, ырғақ, иілу, ғафу етіңіз, шапшаң да шалт қимылдау, ізет көрсету, ортаға шақыру;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Қазақтың халық билері туралы естіген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу, түсіну;

айтылым: өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу;

тілдесім: қазақтың халық билері жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақтың халық билері туралы әңгімелесу.