Зін-өзі бақылау сұрақтары

1. Дидактика қандай мәселелерді қарастырады.

2. Оқыту процесі туралы түсіндіріңіз.

3. Оқыту заңдылықтары туралы.

4. Оқыту ұстанымы дегеніміз не?

 

З бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1. Дидактика зерттейтін негізгі мәселелер.

2. Оқыту процесінің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары.

3. Оқытудың негізгі заңдылықтарын атаңыз.

Рефераттар

1. Қазіргі дидактикадағы оқыту мәселелері.

2. Оқыту ұстанымдары.

3. Оқыту процесінің танымдық іс-әрекеті.

 

Әдебиеттер:

1. Баранов С. Принцип ы обучения М.,1975

2. Бабанский Ю. Педагогика М., 1988

3. Педагогика (дәріс курсы) А., 2003

4. Қолибаев Ж., Қолибаев Р. Педагогика Астана, 1998

5. Әбиев Ж., Бабаев С., Қудиярова А. Педагогика А., 2004

 

Лекция. Қазіргі мектептегі білім мазмұны

Жоспары:

1. Білім берудің мазмұны және оның ғылыми негіздері.

2. Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнын анықтау мәселелері.

3. Білім беру мазмұның анықтайтын құжаттарға сипаттама.

Негізгі ұғымдар: білім берудің мазмұны, стандарт, бағдарлама, оқу жоспары, оқулық.

 

Білім беру мазмұны-өте күрделі, көп қырлы түсінікті білдіреді. Ол жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, қызығушылығын қалыптастыру.

Білім беру мазмұны дегеніміз-жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруімен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағды қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру. Нағыз білімді адам деп өзінің ақыл-ойы жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, жеке тұлғаны айтамыз.

Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде «нені оқыту керекң деген сұраққа дауап береді.

Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қойған күнделікті және болашақ мақсаттарымен айқындалады.

Дәстүрлі білім, дағды, іскерлікті қалыптастырумен бірге білім беру мазмұнына жеке тұлғаның өсуі, мәдени өмірі және көңіл аударуды талап етеді.

Білім беру мазмұны туралы көптеген ғалымдар (И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, В.С. Леднев, А.В.Петровский) т.б. көп еңбек сіңірген.

Жаңа талаптарға сай мектептің міндетінің күрделенуіне байланысты білім мазмұнында өзгеруде, бірақ білім мазмұнын өзгертудегі маңызды мәселе теориялық негізі және стандартты басшылыққа алу. Қазіргі жалпыға бірдей білім беруде теориялық тұжырымдамаға сәйкес адамның қоғамдағы әлеуметтік мәні іс-әрекет өмірге бейімделеді. Азаматтың құндылықтары жоғары болуы қазіргі білім мазмұны әлеуметтік сұраныс, нақты тарихи қоғамдық экономикалық жағдайға байланысты анықталады. Қоғамның әлеуметтік тапсырысы білім мазмұнының жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру барысында терең білімді, қолынан іс келетін саналы, денесі, ақыл-ойы жағынан да жетілген азамат тәрбиелеу.

Мектепте берілген білімнің мазмұны мына мәселелерді қамтуды көздейді.

· табиғат қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімдермен;

· дүние танымын қалыптастыру;

· адамды жан-жақты дамыту;

· жастарды өмір сүруге, еңбекке, білім алуға, мамандық таңдауға тәрбиелеу.

Жалпыға білім беру біздің елімізде үш сатыға бөлінеді: негізгі саты көлемде білім (9 класс) міндетті болып табылады.

Оқу мазмұнына қарай кіретін мәліметтер оқушының жас мөлшеріне байланысты.

Оқу мазмұны ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке де байланысты. Білім беру мазмұны қай сыныпта, қандай пәндер оқытылуы керек, оның көлемін белгілейді.

Бастауыш сыныптарда алғашқы элементарлық білім берілсе, орта және жоғары сыныптарда жүйелі білім беріледі.

Білім берудің мазмұны негізгі үш құжат арқылы анықталады. Оқу жоспары, оқу бағдарламалы, оқулықтар.

Оқу жоспары мемлекеттік құжат, онда мектепте оқылатын пәндер іріктеліп, тізімдері жасалады, оқу жылдары бойынша іріктеледі, сағат саны бөлінеді.

Қазіргі егеменді білім беруді стандарттау мәселесі жүргізілуде.

Оқу бағдарламасында – оқу пәнінің мазмұны анықталып, бағыты, көлемі белгіленеді. Оқу бағдарламасы әр пән бойынша жеке жасалады. Онда әр пәнге түсінік хат жащылады, оқыту міндеттерімен әдістемелік нұсқаулар беріледі.

Оқулықтар-оқу бағдарламасына сәйкес, оқушыға белгілі бір ғылым саласынан қажетті мағлұмат беретін ғылым жиынтығы. Сондықтан оқулықтарға үлкен міндеттер жүктеледі, талаптар қойылады.