Кешендік, жүйелік, субъективті және психоәлеуметтік тұрғылар

1.Кешендік тұрғы. Кешенді тұрғының дамуы ХХ-дағы детерминирлік , күрделі құрылымдық обьектілер мен тұрмыс сферасының пайда болуымен байланысты.Бұл тұрғыда әртүрлі білім мен ғылым аймақтарының өзара қатынасының өркендеу тенденциясы, дисциплинар аралық зерттеулерінің қажеттіліктері ерекше байқала бастады. Кешенді тұрғының алғашқы дамуы аралас ғылымдардың биохимиялық, геобиохимиялық, психофизиологиялың зерттеу аймақтарының пайда болуымен байланысты болды. Кейіннен бұл жаңа шектеулі білім аймақтарынан өзге араластық ұстаныммен сипаттамайтын, адам өмірінің әртүрлі сферасын қамтитын өзге де мәселелер пайда бола бастады. Бұл мәселеленің көбі гипотетикалық абстракталық сипатқа емес, ХХ ғасырдаңғы адам дамуының тәжірибелік жағдайларына сәйкес қойылды. Бұл атомдық және экологиялық төңкерістерге адамдардың ғарышқа шығуы жоғары өлім қаупі бар және ЖҚТБ ауруларының пайда болуы және кең таралуы сонымен қатар адам факторларының әртүрлі өзгеріске ұшырауымен байланысты техникалық прогрестің тереңдеп өсуімен сипатталады.Адамтану атты жаңа ғылым аймағына әкелген кешенді тұрғыдан талдау Б.Г Ананьев есімімен байланысты.Оған нақты қойылатын мақсат –адамзатты тұтас тұрғыдан іздеу және осы тұрғыдан өзбетті білім аймағын интеграциялауды қойды. Бұл мақсатқа ұйымдастырушы және жетектеуші кешенді зерттеулер жақсы жауап берді.Алайда таблицаның әртүрлі параметрлері мен адамдардың әлеуметтік мәні арасындағы ізделуші түзетулер әдістемелік теоретикалық үлгіге сүйенбеді. Олар бұл үлгілі іздеудің жеделдетілген тәсілі болды. Б.ГАнаньев пен оның шәкірті И.А Логинова талданған кешенді тұрғының ерекшеліктерін ретропективті тарихи психологиялық талдауларға бағыттай отырып кешенді тұрғыға кейбір жалпылама анықтамалар берді. Олар көпаспектіліктің көрінуіне бағытталу, көпфакторлылық, онтологиялық құралдар. Ол жүйелілік тұрғысынан тұтастықты тануымен, реттелмеген және обьектілердің ұйымдастырылуымен және қызмет сферасымен өзгеленеді.

Жүйелік тұрғы. Жүйелік тұрғыны талдау ХХғ-дағы Берталанфли, Эшби, Карсонс (Әлеуметтануда) есімдерімен байланысты кибернетика, селеантика, әлеуметтану, психология ғылымдарының дамуымен көрінетін негізгі модернистік тенденцияны айқындайды. Жүйелік ұстанымы аталған ғылымдардың әдіснамаларында заңдылыққа байланысты құрылымды іздеумен ерекшеленіп, алғаш рет имплецитті түрде енгізілді. Аталған кезеңде арнайы әдіснамалық ғылым аймуғының дамуымен байланысты ол рефлексияның пәні болды. Жүйелілік ұстанымын мағыналануына және нақтылануына А.В Овчиников, В.Н Садовский, Г.П Щедровицкий, Э.Г Юдин және т.б отандық философтар мен әдіснамашылар үлкен үлес қосты. Психологияда жүйелілік принциптерінің дамуы оның бірліктегі жағынан психологиялық мәселлерді шешумен байланысты шешкен Л.С Выготский, Л.С Рубинштейн, А.И Леонтьев есімдерімен тығыз байланысты. Белгілі рефлексті жандандыра отырып Б.Ф.Ломов отандық психологияда жүйелілік тұрғыдан жүйелілік принципінің құрылуының классигі атанды. Біріншіден, ол психологиялық білімінің реттік, жүйелілік қызметтерінде жүйелілік тұрғысын қабылдады. Екіншіден, жүйелік тұрғы категорияларындағы мәселелер ретінің мағынасы арқылы ол жаңа перспетивтің зерттеу бағытын ашты. Акмеологияда жүйелік тұрғының спецификасы оның пәні нақты деңгейлік құрылымы болмағандығымен байланысты өзіне онтологиялық біртекті емес, бірақ функционалды бірегей оптималды жағдайларға қозғалмалы жүйені қосады.Жүйелердің жалпы теологияда экологиялық, биологиялық және басқа да ғылыми білім критерийлерінің жүйесі классификаларымен қатарлас ретте жасанды жүйелер топшасына бөлінеді.

Субъективті тұрғы. Егер акмеологияның негізгі комплексі тұлға болып саналса, онда акмеологиялық жұйенің жүйе құраушы факторы болып Б.Ф.Ломовтың айтуынша субъект ,яғни субъект ретінде тұлға саналады. Бұл акмеология тұлғаны объект ретінде қарамайды деген сөз емес, бірақ ол тек белгілі бір шекте жүргізіліді:зерттеу,диагностикалар,оның бастапқы жағдайындағы квалификациясы. Акмеологтың субъектімен бірлесе отырып жүргізілетін акмеологиялық қолдау,тренингтер, ойын техникалары сияқты тұлғаның диагностикалық зерттеу нәтижелері объект ретінде қорда сақталады.Педагогика акмеологиямен қызметі, операционалдылығы,құралмалылығы жағынан жақын.

Күні кешеге дейін педагогика тек жетілу процессінде тұлғаны субъект ретінде ғана көрмеді,оны зерттеу объектісі ретінде де қарастырды.

Акмеологияда субъективті тұрғы парадигмальды түрде қарастырылады.Тікелей өзін- өзі жетілдіру үшін тұлға жетілудің субъектісі болады.Өзін өзі жетілдіру мәселесі сырттай қарағанда ғана қарапайым болып көрінеді.

С.Л.Рубинштейннің пікірінше, адамның ішкі мазмұндық әлемі оның өмірінің және оның қызметі болып табылады.Сонымен қатар, ұстанымда адамның өздік жетілуіне мынадай мәселелер көрсетіледі: оның мақсаты өзіңді жақсы жасау емес, өмірде жақсы бір нәрсе жасау, ал өзін жетілдіру оның нәтижесі ғана.

Жоғарыда айтылғандай, субъективті тұрғы акмеологияның парадигмасы болып табылады. Субъект принципі ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан философия тарихында, отандық философиялық психологиялық ғылымда өзекті болды және С.Л.Рубинштейннің көпқырлы және жүйе құраушы сапасында толық талданған болатын.

Субъекттінің көптеген тұрғылары мен анықтамалары қалыптасқан. Акмеологиялық субъектілік тұрғының спецификасы эгоцентризммен емес, өздік қарым-қатынаспен емес,рефлексияға деген қабілетпен емес, тіпті инициативалық белсенділік пен жауапкершілікпен емес, бәрінен бұрын әр түрлі қайшылық түрлеріне рұқсатпен, яғни К.А.Абульханова тұлғаны субъект ретінде қарастыру квалификациясының бірінші және негізгі критерийлерімен байланысты. Қайшылыққа рұқсат субъектіге еркіндік, сенімділік,өзбеттілік береді.

Психоәлеуметтік тұрғы шетелдік жұмыстарда әлдеқашан құрылып бітсе де, отандық ғылым үшін жаңа әдістемелік сипат береді. Отандық психологияда бұл тұрғыны талдауда К.А.Абульханова ресей дәстүрінің кроссмәдени зерттеулеріне және әлеуметтік ойлауға сүйенді.

Психоәлеуметтік тұрғының мәні зерттеліп отырған объектке априорлық үлгіден немесе теориядан емес,оның шынайы жағдайының тарихи,әлеуметтік,мәдени,тұлғалық детерминанттарынан пайда болуымен түйінделеді. Психоәлеуметтік тұрғының пәні болып абстрактілі емес тұлға емес, керісінше белгілі бір-ресейлік, француздық немесе өзге де қоғамда өмір сүретін тұлға, оның өмірінің тарихи,биографиялық жағдайымен, өмірлік позициясымен, ұлттық,профессионалдық игіліктерімен,жасымен,жынысымен анықталатын тұлға болып табылады. Дәл осындай зерттеу түрімен акмеология жүргізіді. Айтылып өткендей, акмеологияны мемлекеттік қызметкердің, басқарушының, педагогтың тұлғасы,профессионалдық статусы, білімі,профессионалдық тәжірибесі,жасы және т,б. қызықтырады. Әрі қарай осында зерттеу типінің классикалық психологиялық зерттеулерден айырмашылығы неде деген сұрақ туындайды. Психологияда да зерттеу барысында не мұғалімнің, не студенттің, ен дәрігердің жасы мен жынысы есепке алынады. Алайда, акмеологияда таңдау тәуелсіз қызмет етпейді, ол психологияның негізгі қызметін толықтырады және кешенді түрде-тұлғаны қандай да бір профессионалдық қызметтің субъектісі ретінде зерттейді.

Дәріс 4.