Баспасөз бетіндегі жаңа қолданыстар

Бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі өміріндегі маңызы өте зор, қабылдаушының санасына, ойлау жүйесіне, тіл мәдениетіне тигізетін әсері орасан зор. Жаңа сөздер мен жаңа тілдік қолданыстар, терминдер көбіне ақпарат құралдары арқылы тарайды.

«Баспасөз тілі – жазба тіл. Қай дәуірде болсын, баспасөз өзі қызмет етіп отырған халықтың тілін пайдаланып қана қоймайды, оның байып, дамып отыруына әсер-ықпалын тигізіп те отырады». Жаңа қолданыстарды көпшілік арасында таратып, насихаттап, орнықтыру, тұрақтандыру ісінде газеттің жетекші орынды иемденетіні ешбір дау тудырмайды. Осыған қатысты пікірге ғалым Ш. Сарыбаев: «Әдеби тілімізде, оның ішінде, әсіресе, лексиканы, сөздік қорымызды байытуда ақпарат құралдарының маңызы ерекше......жаңа қолданыстарды дүниеге келтіруде көркем әдебиет емес, мерзімді баспасөз, ақпарат құралдарын бірінші орынға қояр едік», - деді газеттегі шағын жанрда да жаңа қолданыстар еліміздің егемендік алуымен және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуымен тығыз байланыста өрбіді.

Баспасөз бетінде жаңа сөз қолданыстарының пайда болуы бірнеше ғылыми зерттеулерге арқау болғаны белгілі. Зерттеуші А.Алдашеваның «Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі жаңа қолданыстар» тақырыбындағы ғылыми еңбегінде жаңа сөз қолданыстарға мынадай анықтама береді: «Неологизмді, окозиональды сөздерді, жеке авторлық сөздерді, потенциалды сөздердің бәрін біріктіріп, лексикалық, жаңа қолданыстар» дейміз...» .

Зерттеуші-ғалым Қ. Қадырқұлов осы мәселеге байланысты «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздер мен жаңа қолданыстар» деп аталатын зерттеу жұмысында неологизмдерді жаңа сөздер және жаңа сөз қолданыстар деген үлгіде қарап, талдай отырып былай дейді: «Жаңа сөз қолданыстар дегеніміз – жаңа мазмұн мен ескі формада немесе ескі мазмұн мен жаңа формада, басқа тілден енген сөздердің жаңаша қолданысқа түсуі... Сонымен жаңа сөздердің анықтағыш белгілері төмендегідей:

- уақытқа, яғни белгілі бір кезеңге қатыстылығы;

- тілімізде бұрын болмауы, яғни басқа тілден ену сипаттылығы;

- жаңа мазмұн мен жаңа түр-тұлғаны иеленуі;

- тілімізде жиі қолданылатын сөздер қатарына ену» .

Газет материалдарында жаңа сөздер мен жаңа қолданыстар қоғамда болып жатқан өзгерістерге орай күн санап қатарын толықтырып келеді. Ғалымдар бұл мәселеге:

1) Сыртқы жағдаяттардың, яғни өмірде болып жатқан жаңа құбылыстардың, тың ұғымдардың.

2) Тілдің өзінің ішкі даму заңдылықтарының, яғни айтқанда сөз мағынасының өзгеруінің, кеңеюінің, басқа да әр түрлі тіркесу құбылыстарының болатындығынан деп көрсетеді .

Газет лексикасының өмір талабына сай үнемі толығып, өзгеріп отыруы да өзіндік құбылысқа ие. «Газет лексикасы үнемі өзгеріп, дамып, ескіріп, дамып отырады. Газет лексикасы бағалауыштық тұрғыдан қарастырғанда да бір қалып, бір деңгейді көрсетпейді, оның кезеңдік сипаты болады», - дей келіп, Б. Момынова газет тілінің типологиялық лексикалық топтарын айқындайды және газет лексикасында «әр заманның бет-бейнесі мен бедерін танытатын сөздер қатарының болатынын» айтады. Ғалым газет мәтіндеріндегі сөздерді олардың қолданылу жиілігіне қарай «жалпы газеттік сөздер, белгілі бір тақырыппен, жанрмен байланысты қолданылатын сөздер» деп екі топқа бөледі. Алғашқысының қатарына тақырыппен, жанрмен, газетпен байланыстырылмайтын, жалпы оқырманға ұғынықты сөздерді жатқызса, екінші топқа ауызекі сөйлеу элементтерін, диалектизмдерді, әлеуметтік диалектіні жатқызады.

Сондай-ақ газет лексикасын өздерінің ерекшеліктеріне қарай оны қоғамдық саяси лексика, бағалауыштық лексика және бейтарап лексика деп үш топқа жіктейді де, газет тіліндегі қоғамдық-саяси лексикаға арнайы алуан өзгерістер мен жаңалықтарға орай жаңа сөздер мен жаңа қолданыстардың болып жататынын толық дәлелдейді .

Зерттеуші Қ. Есенова тілімізге жаңадан енген қолданыстарды мынадай кезеңдерге бөліп қарастырады:

І Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында (1991-1995) жаңалыққа толы болған қоғам өміріне енген әрбір өзгеріс өзінің жаңа атауымен, шет тіліндегі ұғымымен келіп, тілімізге «жат» элементтер – кірме сөздер түрінде енді.

ІІ Кезеңде (1996-2000) жыл ел экономикасындағы, саясаттағы хаостық өзгерістердің біртіндеп қалыпқа түсіп, халықтың тұрмысы түзеліп, материалдық қажеттіліктер біршама өтеліп, реттелген соң, рухани жағымызға, ғылым мен білімге, өнер мен мәдениетке мән беріле бастады. Осы кезеңде тілімізге бастапқы кезеңде стихиялы түрде еніп кеткен көптеген кірме сөздер екшеліп, сараланып, жарыспалы түрде қолданылып жүрген терминдер мен атаулардың өз тіліміздің алынған төл нұсқаларына басымдық беріле бастады. Мысалы, бастапқыда жаппай белсенді түрде қолданылған «рынок» сөзін, бұрынырақта бір заттың, тауардың құнын білдіру үшін жұмсалып жүрген «нарық» сөзі алмастырды.

ІІІ Кезеңде (1993-2007) алдыңғы кезеңдерде қабылданған көптеген атаулар мен ұғымдар тұрақтанып, көпшілік құлағына сіңісті болғаны байқалады. Сондай-ақ, жаңа қолданысқа мынадай баға береді: «Адам жаңа қолданыстың мән-мағынасын толық түсінсе, жан дүниесімен қабылдаса, еркін әрі орынды қолдана алатындай дәрежеге жетсе, ол қолданған атау-ұғымды тыңдаушысыда (қабылдаушы) сол дәрежеде (немесе соған жуық деңгейде) (терең, дұрыс) түсініп, қабылдаса және белсенді қолданса, ол сөздің «бағының жанғаны».

Жаңа лексика номинативтік қана емес, экспрессивтік те қызмет атқарады. Журналистер әрдайым оқырманның назарын аударатын лексиканы –өзгешелігі, жаңалығы мен айырықша экспрессиясы бар сөздерді қолдануға тырысады. Осындай лексиканың газетте қолданылуы – газетшілердің қызу және саналы әрекеттерінің нәтижесі – ол оқырманға тиімді әсер ететін эмоционалды ақпарат жасаушы тілдік тәсілдердің бірі болып табылады.

Бүгінгі баспасөз беттерінде кездесетін жаңа қолданыстардың бірқатары бұрынғы мағынасы кеңейіп, тарылып немесе мүлде басқаша жаңа мағынаға ие болған тілімізде бұрыннан бар атаулар. Мұндай қолданыстардың арасында жаппай қолданысқа көшіп, тілде орныға бастағандары бар да, бірнеше балама атаулармен қатар қолданылып әлі басымдыққа ие бола қоймағандары да бар.

Газеттегі шағын жанрларда жаңа қолданыстардың да өзіндік ерекшеліктері бар. Олар төмендегіше жіктеледі:

1. Автор тарапынан жаңа мағынаға ие болған қазақтың байырғы сөздері. Нағыз ұрдажық, өкірек байлық! Мұндай сөзді қанқұйлы, ылаңкестік әсіре ұйымының көкезу мүшелері айтушы еді (ЖА, 25.01.1999). Жалпы бұл ауданда бұзақылық, басқа да қылмыс түрлері толастамай тұр. Енді оған қасиетті бабамыздың атына кір келтіретін «ғасыр індеті» қосылып отыр (ЖА, 1998.01.1999). Әкім болғаннан гөрі тазша бала рөлін сомдаған үйлесетін тәрізді (ЖА, 1998.05.1999).

Мұндағы «қанқұйлы», «ылаңкестік», «әсіре», «көкезу», «ғасыр індеті», «тазша бала» сөздері заман талабына, мәтін мазмұнына қарай бұрын ауызекі сөйлеуде қолданыста болса да, енді жаңа мағынаға ие болған қолданыстар деп айта аламыз. Сөйлемдегі «қанқұйлы, ылаңкестік, әсіре, ұйым» деген сөздер аталып отырған әлеуметтік топтың ниетінің қоғам әрекетіне мүлдем жат, болашақ үшін аса зиянды екенінен хабардар етеді. Ал «көкезу» сөзі «мән-мағынасыз сөздерді көпіртіп дақпырттай беру» деген мағынада берілген.

2. Қазақ тілінің лексикалық қорына «кіріп кетіп», бүгінгі күні үнемі қолданыста жүрген орыс сөздері.

Ал, Жоғары билік маңындағы кадрлардың көбі қазақ «авторитеттерінің» балалары (ЖА, 15.07.1999). Ауылға «олигархтар» келе жатыр... (ЖА, 21.06.1999). Проблема шаш-етектен, ал маслихат депутаттары жанжал шығарып көрді ме? (ЖА, 25.02.1999)

Сөйлемдегі «авторитет», «олигарх», «проблема» сөздері – тілдік қорға еркін еніп, осы қалпында да қолданыс тауып жүрген орыс сөздері. Бұлар – бүгінгі газет жанрында да, ауызекі сөйлеуде де, ресми жиындарда да жиі қолданылатын сөздер.

Жаңа сөз, жаңа қолданыстар қоғамдағы өзгеріс, жаңалықтарға байланысты болып тұратын үздіксіз процесс. «Бұл процестің нәтижесі, яғни жаңа сөздердің нормалануы, әдеби тілден орын алып тұрақтануы – қаулы-қарармен, үкім-жарлықпен, «көпшілік дауыспен» шешілмейтін кезеңде тұрмыз, бұл тілдік норма және оның кодификациясы деген проблемаға ғылыми тұрғыдан қарауды қажет етеді», - деген ғалым Р. Сыздықованың өте орынды айтылған ой-пікіріне қосылуға болады.

Репортаж болсын, сұхбат болсын, тіпті жай хабарлар болсын, олардың тілі ақпарат жеткізумен қатар, оқырман-тыңдарман психологиясына әсер етуді мақсат етеді. Ұлттық тіліміздің сөздік қорына өзге тілдерден де сөздер қосылып, тілімізде жаңа қолданыстар пайда болды.

Үстіміздегі жылдың 10-ақпан күні сағат 16.00-де М.Әуезов атындағы Мелекеттік академиялық драма театрында Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Парламент депутаты Шерхан Мұртазаның шығармашылық кеші болады. Кештің бағдарламасы аясында көрнекті суреткердің «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген алты томдық Таңдамалы шығармаларының тұсаукесер рәсімі өтеді (АЙҚЫН., 7.07.1997). Мәтіндегі «шығармашылық кеш», «тұсаукесер рәсімі» сөздері жаңа заман көрнісінің бейнесі. Журналистер бұл жаңа қолданыстарды бүгінгі күнгі жаңа әрекеттер ретінде атап көрсетіп отыр.

Жаңа қазақтарға қарасаң - «ит асырап алғанша бала асырап алсаң қайтеді» - деген еске түседі (АЙҚЫН., 10.10.1997) деген сөйлемдердегі «жаңа қазақ» бүгінгі іскер азамат деген мағынада қолданылған.

Сәкең айтты деген сөз, Сәкең атқарды деген іс, Сәкең ұсынды деген идея, Сәкең армандады деген қиял сол 80-90 жылдары қазақ қаламгерінің галактикасын буып тұратын (АЙҚЫН., 02.05.1997). Н. Жүнісбайұлының осы кіріспе-естелігінде «галактика» сөзінің «қазақ қаламгерінің галактикасы» деген жаңа тіркесте қолданылуы жазушы С. Бердіқұловтың өнер, шығармашылық әлеміндегі танымалдығын көрсету ниетінен туған.

Тілдің тек коммуникативтік қана емес, экспрессивтік қызмет атқаратыны жайлы да жоғарыда айтып өттік. Г. Мұратова: «Экспрессивтік қызмет сөзді қарапайым лексикадан ерекшелеп, бейнелілік пен суреттілік, мәнерлік үстейтін сөздің экспрессиясымен тікелей байланысты. Адам сөйлеу кезінде информацияны хабарлау мақсатын көздеп қана қоймайды, сонымен бірге айтылғанның әсерлі болуын да нысан етеді»,- дей келіп, бұлардың қатарына окказионал сөздерді жатқызады. Окказионал сөздер арқылы экспрессияныы білдіру түбір сөздермен де, қосымшалы сөздермен де жүзеге асатынын нақты мысалдар арқылы дәлелдей келіп, қорқау, сағыншақ, ұрыншақ, қызғаншақ, қорғаншақ сияқты сөздерді мысалға келтіреді.

Расында да бұл сөздердің мәтін мағынасына эмоциялық мағына үстемелейтінінде дау жоқ. Окказионал сөздер автордың көңіл күйін білдіру мақсатымен шағын жанр мәтіндерінде де қолданылып отырады.

Бүгінгі баспасөзде қолданылып жүрген жаңа атауларды «ең алдымен қазақтың өз сөздері мен қосымшалары негізінде жасалған және бір бөлігі қазақ сөзінен немесе қосымшалардан, қалған бөлігі кірме сөздер мен қосымшалардан тұратын будан (гибрид) атаулар деп екіге бөліп жіктейді». Жаңа атауларды жасауда сөзжасам тәсілдері мен сөз тудырушы жұрнақтардың қызметі зор.

Газеттегі шағын жанрларда қолданылып жүрген жаңа атаулар мен жаңа қолданыстарды грамматикалық тұрғыдан төмендегіше жіктедік:

1) Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған жаңа атаулар.

а) –шы, -ші: көшбасшы, кеденші, салымшы, салықшы, пәтерші, байқаушы, тапсырысшы, мұрағатшы.

Алматы облысының басшылығы ойда жоқ жерден «Атакәсіп» деген шақыруды дүңк еткізбесі бар ма. Бұл не қылған атакәсіп? Сірә, ұмтылған ұлттық дәстүрді жаңартамыз дегендері болар. Содан ауыл-ауылдан кесте тігушілердің, киіз басушылардың, сырмақ оюшылардың үйірмелері ұйымдаса бастады (АЙҚЫН., 08.06.1997). Сөйлемдегі «кесте тігуші», «киіз басушы», «сырмақ оюшы» сөздері «кестеші», «киізші», «сырмақшы» болмай, жаңаша жасалып тұрған атаулар.

ә) –м, -ым, -ім: басылым, белсенім, елтаным, оқылым, сұраным, таралым, төлем, өсім, жарияланым, көрсетілім.

Мереке қарсаңында, Ұланбатыр қаласында Шыңғыс хан ескерткішінің бүтіндей сәулеттік құрылымы жасалады (АЙҚЫН., 15.06.1997).

б) –лық\-лік, дық\-дік, -тық\-тік: достастық, елжандылық, қауымдастық, сыбайластық, іскерлік, шығармашылық, жемқорлық, отансүйгіштік.

Әсіресе, Есет көтерілісін жаныштауға қатысқан подполковник Кузьминский жантүршігерлік әрекетімен көзге түскен. Оның бір отряды ғана 164 ауылды өртеп жіберген. Оның бұл айуандық қимылдары Ресейден асып, Еуропаға дейін жетеді. Лондонда шығып тұрған «Колокол» журналы патшаның озбырлық саясатын сынаса, немістің «Аусбург» газеті көтерілісшілердің зұлымдықпен жанышталғанын жанашырлықпен жазады (АЙҚЫН.,., 15.08.1997). Халел еңбектерінде ХХІ ғасырдың осы қаулап келе жатқан дертінің алдын алып, айтқан көрегендік болжаулары бар (АЙҚЫН., 19.09.1997). Шағын және орта кәсіпкерлік – Нарықтық экономиканың күре тамыры, қозғаушы күші (АЙҚЫН.,., 19.12.1997).

Келтірілген мысалдағы жантүршігерлік, айуандық, озбырлық, зұлымдық, жанашырлық, көрегендік, кәсіпкерлік сөздерін жоғарыда көрсетілген жұрнақтар арқылы жасалып тұрған жаңа сөздер деп айта аламыз.

в) –нама\-дама: әдіснама, жарнама, сауалнама, тұжырымдама, жұлдызнама, дерекнама, заңнама, құбылнама.

Пәлі! Жарнама мекемесіндегілер де аң-таң...

Өткен нөмірімізде «Халық та аң-таң, біз де аң-таң» деген шағын мақала жариялағанбыз. Онда «Жарнама туралы» заң қабылданса да, біраз арақ-шарап жарнамалары көшелерде әлі де ілулі тұрғаны жөнінде таңдана жазғанбыз. Себебі бұл заңға Елбасының өзі қол қойып отыр. Яғни заң кедергісіз орындалуы тиіс (АЙҚЫН., 22.11.1997). Мақаладағы «жарнама» сөзі – жаңа сөз. Оның қазақтың «жар», «жар айту» деген көнеден келе жатқан сөздерінің негізінде жасалғандығы белгілі.

г) –гер\ -кер: зейнеткер, сазгер, заңгер, талапкер, үлескер, іскер, дәріскер, борышкер, білімгер.

«Ана тілі» аруы» байқауына қатысатын үміткерлерімізге биыл төл жаңа жылымыздың алдында – наурыздың 20-сында Алматы шаһарының Студенттер сарайында өтетінін хабарлайымыз (АЙҚЫН. 19.12.1997). Осы күнгі экономистеріміз (мемлекеттік қызметтегі) бен саясаткерлеріміз аузынан тастамайтын «жаһандануыңыздың» өзі осы (АЙҚЫН.,1998.12.1997).

е) –ыс\-іс: отырыс, тексеріс, тапсырыс, үдеріс.

Астыққа деген осындай сұранысбидай бағасының өсуіне басты себепші (АЙҚЫН., 29.08.1997). Мәжіліс депутаттары Әбдіжәлел Бәкір, Игорь Рогов өткізген дүйсенбідегі отырыста дәл осыны мәселе етіп қойды (АЙҚЫН., 05.07.1997). Теледидарда ізденіс бар ма? (АЙҚЫН., 11.05.1997). Өзгеріс енгізілген жағдайда ана тілін білмейтін үміткер шеттетуге (дискриминацияға) ұшырайды-мыс... (ЖА., 09.02.1999).

ж) –ғыш\-гіш: суреттегіш, білгіш.

Осы тұжырымдамада «Білім мазмұны шетел тілі мен информатика негіздерін ерте үйрету арқылы байытылатын болады» деген бір білгішбар (АЙҚЫН., 19.07.1997).

2) Сөздердің бірігу арқылы жасалған жаңа атаулар. Мысалы: келісімшарт, тікұшақ, іссапар, төсбелгі, отшашу, ақорда, әнұран, дереккөз, келіссөз, әуежай, жөргекпұл, пәтерақы, субұрқақ, шәкіртақы т.б.

Мысалы: Міне, «қолдан келсе, қонышынан бас» деген осы емес пе? Біз осындай басшылардан еңбекақымызды, зейнетақымызды көтереді деп дәметіп жүрміз-ау! (АЙҚЫН., 05.12.1997). «Еңбекақы», «зейнетақы» сөздерінің бұрын көп қолданылмағанын ескерсек, бұл жаңа қолданыс екендігіне шүбә келтіре алмаймыз.

Соңғы кездері мерзімді басылымдарда «бейне» сөзінің қатысуымен жасалған сөздер саны күрт өсті. Мысалы, бейнебақылау, бейнеклип, бейнеқұжат, бейнетаспа, бейнекамера, бейнебаян, бейнежазба, бейнекөрніс, бейнефильм т.б.

3) Сөздердің қосарлану арқылы жасалған жаңа атаулар. Мысалы: әл-ауқат, сауда-саттық, іс-шара, көші-қон, іс-қимыл, арыз-тілек, өлім-жітім т.б. соңғы жылдары сөзжасам үдерісінде бұл тәсіл арқылы сөз тудырудың жандана бастағанын байқауға болады.

Мысалы, Ұйым-мекемелерге бас сұға қалсам, маңдайшалардағы тақтайшаларға үңілем (АЙҚЫН., 11.11.1997) деген сөйлемдегі ұйым-мекеме жаңаша жасалған қос сөз деп айта аламыз.

Халқымызда ықылым заманнан келе жатқан бұл үрдіс – бүгінгі апас-қапаста біздің кейбір аңғалдықтарымызды пайдаланып, шет жұрттықтар өз идеологиясын инвестициялап, өздерінің небір мүгедек мүдделі, жабайылық пен тұрпайылыққа бейім қылықтарын санамызға сіңруіне қарсы тұруына әбден қауқарлы шара – әрі озық, әрі жоғары мәдениетті үрдіс-салтымыз дер едік (АЙҚЫН., 11.05.1997).

Шығыс Қазақстан облысының Первомай ауылындағы ахуал да осыған ұқсас. Өзгешелігі – мұнда су тазартатын құрылғы істен шыққан. Содан ауылдың жуынды-шайындысы Ертіс өзенін ластап жатқан көрінеді (АЙҚЫН., 15.06.1997).

4) Сөздердің тіркесу арқылы жасалған жаңа атаулар. Мысалы: ғаламдық жылыну, қауіпсіздік белдігі, ырықты экономика, шаруа қожалығы, төлқұжат үстелі, көлік құралы, серпінді жобалар, ұялы телефон, бір реттік жәрдемақы, жол-көлік оқиғасы, сыбайлас жемқорлық т.б.

Түйіндей келе, газеттегі шағын жанрларда еліміздің қарқынды дамуының арқасында, өркениеттің, ғылым мен техниканың дамуына т.б. жағдайларға орай лексикалық қорымызды толықтыратын жаңа қоланыстар және тілдік нормамызға сай келе бермейтін жаңа қолданыстардың қалыптасқандығын аңғардық.

Газет тіліндегі диалект сөздер. Қазақ тіл білімінде диалектизмдер табиғаты әр кезендерде талай зерттеулердің нысаны болып келді. 1930-жылдары Ж.Досқараев, С.Аманжоловтар бастаған бұл ізденістер кейінгі жылдары жүйеленген арналы салаға айналды. Ш.Сарыбаев, С.Омарбеков, О.Нақысбеков, Ж.Болатов, Ә.Нұрмағамбетов, Ғ.Қалиев, Н.Жүнісов, Т.Айдаров, Ш.Бектұров, Ә.Бөрібаев, Қ.Айтазин, А.Тасымовтардың зерттеу-еңбектерінің, нәтижесінде қазақ тіліндегі басты-басты диалектілік ерекшеліктер жан-жақты сипатталды. Сондай-ақ, шет елдегі қазақтардың, қазақ диаспорасының тілдік ерекшеліктері де назардан тыс қалған жоқ. Қазақ диалектологтары түркі тілдерінің диалектологиялық атласын құрастыру ісіне де ат салысты. «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздіктері» ондаған монографиялық еңбектер, тақырытық жинақтар, жүздеген ғылыми мақалалар жарияланды. Осыншама жүргізілген зерттеу жұмыстарына қарамастан, жекелеген аймақтық диалектілер мен диалектілік бірліктердің әдеби тілге қатысы туралы мәселе шешімін тапты деп кесіп айту қиын.Диалектілердің әдеби тілге тигізер әсері, әдеби тілдегі қолданыс сферасы жөнінде қалыптасқан көзқарастар бар. Айталық, көркем әдебиет стилінде диалектілік элементтер кейіпкер тілінде образды ашу үшін, оның портретін толыққанды суреттеу үшін қолданылатын тәсіл деп бағаланады. Дәл сондай пікірді газеттің кейбір жанр түрлеріне қатысты да айтуға болады. Мысалы, сұхбат (интервью), репортаж, газеттік фельетон, юмор, сатира тілінде кездескенімен, газетте диалектілердің қолданыс аясы жоқка тән деп саналады. Тілдік элемент ретінде олардың газетте көп қолданылатын жері облыстық, аудандық газеттер болып саналып келді. Соның өзінде әдеби тіл үшін кемшілік болып есептелетін мұндай көріністер тілші-ғалымдар назарынан тыс қалмай, сынға алынып отырды. Өйткені, «Газета - одна из важнейших источников литературной речи. Она не только формирует сознание читателя, его идеологию, его отношение к обществу, к миру, но и язык читателя. Необходимо чтобы язык газеты был действительно примером, образцом литературной речи».

1976 жылы жарық көрген «Өрелі өнер» жинағында «Семей таңы» және «Оңтүсгік Қазақстан» газетгеріндегі кейбір сөздерді (жетісу - жетті, үстірт жақсарту - тез жақсарту, т.б.) өз мағынасында дұрыс жұмсауға мән берілмегендігі сыналады. Ғалым М.Балақаев «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» атты еңбегінде газет тіліндегі, кейбір ақын-жазушылар тіліндегі кемшіліктерді сынау барысында әдеби тілдің нормалану процесі мен нормалылықты сақтаудың маыңздылығын сөз етеді.

Газет тіліндегі диалектизмдер туралы сөз қозғағанда, оларды қолданудың сан жағына, ескен-өспегендігіне көңіл аударған да орынды. Орталық, республикалық газеттер тілі үнемі тілшілер назарында болатындықтан, іргелі басылымдар тілінде диалектілер аз мөлшерде кездесуінің себебін түсінуге болады. Яғни, газеттеғі диалектілік сөз қолданыстарының кебеюіне жол бермеу тенденциясы сақталып отырды. «Тілді шұбарлайтын сөздер мерзімді баспасөз бетінде де кездеседі. Біз газет журналдардың біраз номерлерін диалектілік ерекшеліктердің қолданылу тұрғысынан қарап шықтық. Қай газет-журналды алып қарасак, онда бұзып-жарып бара жатқан диалектазмдерді ондай сөздермен шамадан тыс әуестенушілікті кездестіре алмадық». Осы тенденция, пікір қазір де түбірімен өзгерген жоқ Алайда бұл газеттерде диалектілік ерекшеліктер мүлдем қолданылмайды деген сөз емес, бірақ жалпы мөлшері мардымсыз. сол себепті оларды іштей фонетикалық, лексикалық, т.б. деп бөліп жатпадық.

Біздіңше, диалектілерге тілдің керексіз элементтері ретінде ғана қарауға болмайды. Керісінше, олар бір кездердегі тіл тарихының куәлары, тарихтың бізге жеткен ізі, соңцай-ақ жергілікті тұрғындардың кәсіби тілінің ерекшеліктері.

Диалект сөздер - әдеби тілді жаңа тілдік единицалармен толықтырьш отыратын көздердің бірі. Әсіресе, кәсіпке байланысты жергілікті тілдік ерекшеліктердің бұл тұста қызметі айрықша екенін айтқан жөн. Осындай қайшылықты көзқарастарды салыстыра отырып, диалект сөздерді әдеби тілге қатысы тұрғысынан екіге бөліп қарастыру дәстүрі бар:

«1) слова, засоряющие литературный язык; 2) слова, обогащающие его».

Әдеби тілді диалектілер арқылы байыту мәселесі қазіргі кезде ғалымдар назарына жиі ілініп жүр. Кемеңгер жазушы М.Әуезов шығармаларындағы ондаған диалектілерді ғалым Р.Сыздықов әдеби тілдің сөздік құрамын толықтыруға әлеуеті жететін сөздер ретінде бағалайды. Себебі олар М.Әуезов пен одан кейінгі жазушылардың шығармаларында орын алып, контекст арқылы мағыналары түсінікті болып, қос тілді және Абай тілінің сөздіктерінде тіркелген.

Алғашқы қазақ газетгерінде сөйлемдегі орын тәртібі бұзылуы жиі кездеседі, әсіресе, кітаби тіл арқылы тлімізге енген түсініксіз сөздер қатары мол. Бұл жағдай сол тұстағы жазба тілге кітаби тілдің әсерін байқатады. Бұл жөнінде алғашқы қазақ газеттері тілін зерттеген ғалымдар еңбектерінде айтылған. Ал «Қазак» газегіндегі материалдар көбінесе редакцияланып, қалыпқа түсіріліп отырғанын айіып кеткенбіз. Дегенмен диалект сөздер де кездесіп отырады: Қазақ жерінде керала, кемпіршаш жерден 20 кездей, кеделі жерден 960-2880 пұт болады.. Қазак, байларының қалыбын істемей тұрған Мамановтар көрінеді. «Жұртым» деп халықты арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қаргага көзін июқытпасқа тырысады. Сондай-ақ, ұласымды әзіл, пара (саласы мағынасында) сияқты мағынасы күңгірттеу диалект сөздер де кездеседі. Олардың арасында кәсіби сөздер, жергілікті жердегі өсімдік атаулары, кәсіп атгары да ұшырасады. Бірак, газет тілінің диалектітерді әсіре пайдаланудан таза екендігі дау тудырмайды. Келтірілген мысалдардағы пара сөзі қазіргі күні қолданысқа еркін енген, мағынасы баршаға түсінікті сөз болып табылады.

Кеңес өкіметі жылдарында орталық басылымдар тілінің тазалығы тілшілердің қатаң бақылауында болғанын, соған байланысты жинақтар жарияланьш отырғандығын айтып өткенбіз. Бірақ, ескерер бір жайт, бұл еңбектерде негізінен тіл бұзушылық мәселелері көтерілген де, әлеуетті сөздер қатарына мүлдем көңіл аударыла қоймаған.

Қазіргі мерзімді басылымдар тілінде диалектілерге кейде негізсіз орын беріліп, тіл тазалығына, тіл мәдениетіне нұқсан келіп жатады. Мысалы: Түпкі ниеті нұқыл өз төңірегінен аспай, аясы тарыла түссе, оның өзі де әкім емес, әлдекімдей болып шьқпай ма? Инвестицияның жалпы мұғдары құрылыс саласында 13,2 пайызды құрайды. ... Ауыр кезеңдер тұсында партизаи соғысынан қирап-бүлінген емханаларды өз еріктерімен жөндеп, дәрігерге шекті өздері жалдаган. Нақа болмай жатса, нарық сұрауына сай нәпқасын білдіртпей ғана нығыздай салады мысалдарындағы мұғдар, нақа, шекті, нұқыл сөздері тілдің сәнін келтіріп, нәр беріп тұр дей алмаймыз. Әсіресе, республикалық деңгейдегі орталық басылымдар тілі үшін бұл кемшілік болып табылады. Бірақ, бұл газеттерде диалектілерді пайдалану үрдіске айналды деген сөз емес. Ал жергілікті кәсіби сөздерді арнайы бір шаруашылық саласына байланысгы жазылған материалдарда кездесгіргенімізбен, жаппай қолдануды байқай алмадық.

Сонымен, қорыта айтсақ, диалектілік ерекшеліктер аудандық, облыстық гаэетгер тілінде жиі кездескенімен, републикаға танымал басылымдарда олардың қолданыс ауқымы ұлгайған жоқ. Қазақ тілінің байлығьн сарқа пайдалануды диалектілерді қалай болса, солай қолдану деп түсіну - қателікке, тіл тазалығының бұзылуына, газет тілінің оқырманына түсініксіз болуына әкеліп соқтырады. Оларды қажеттілік туған сәтте, әдеби тілде баламасы болмаса, әдеби тілді байытуға әлеуетті болса, батыл қолдану керек.

Сондай-ақ, жалпыхалықтық сипаттағы кәсіби сөздерді диалекгішк лексикадан ажырата білген жөн. Кәсіпке байланысты сөздердің көпшілігі әр аймақта әдеби тіл деңгейіне көтеріле алмай жүргенімен, олар тіліміз үшін аса қажетгі қазына байлық болып табылады. Міне, осындай сөздерді газет-журнал беттерінде жиі қолданысқа түсіру - олардың жалпыхалықтық игілікке айналуына жол ашпақ.