V.4. Әлеуметтік педагогтарды әр түрлі жағдайдағы іс әрекетке дайындау 2 страница

- жеке тұлғаның әлеуметтік дамуы;

- әлеуметтік тәрбие, адамды социумға енгізу және оны әлеуметтік

сүйемелдеу;

- осы социумды әлеуметтік-педагогикалық қайта құру.

Әлеуметтік педагогиканың өзіндік парадигма негізінде дамуы оның мәні мен маңызын нақтылауға жағдай жасайды. Осылайша, әлеуметтік педагогика, біріншіден, адам мен қоғам жөніндегі ғылымның басқа салаларымен өзара әрекеттесуші педагогикалық ғылымның бөлігі, екіншіден, педагогикалық ғылымнан өсіп шыққан, онымен байланысын үзбеген әлеуметтік ғылымның саласы, үшіншіден, теория, практика және оқу пәні ретінде білімнің дербес саласы.

Әлеуметтік педагогика мына төмендегілермен байланысты практика болып табылады:

- адамның түрлі үдерістер (әлеуметтену, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік құрылу, әлеуметтік қалыптасу, әлеуметтік шынығу) шеңберінде әлеуметтік дамуы (қалыптасуы);

- педагогикалық әдістермен (ортаның педагогикалануы), соның ішінде, ауыл, қала, ірі қаланың әлеуметтік-педагогикалық инфроқұрылымын құрылымдау жолымен қайта құру;

- жеке тұлғаны әлеуметтік ортаға қосу және оны әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу.

Бұл әлеуметтік педагогиканы басқа ғылымдардан ажыратуға мемкіндік береді және оның негізгі бөлімдерін ғылыми пән ретінде негіздейді.

Әлеуметтік педагогиканың дамуы және оның негізгі бөлімдерін анықтайтын базалық факторлар әлеуметтік-педагогикалық практиканың ахуалы мен дамуына елеулі түрде әсер ететін құбылыстар мен үдерістерді білдіреді. Олар желілік болып табылмайды. Олардың жүйесі өзінің жүйесі бар әрқайсысы әлеуметтік-педагогикалық практиканың сол немесе басқа «учаскелерінде» «жұмыс істейді» және әлеуметтік педагогиканың нақтылы бөлімдерінен, теорияларынан, бағыттарынан теориялық көрініс табады.

Әлеуметтік педагогикада адамды әлеуметтік тәрбиелеудің жалпы факторлары жеткілікті түрде талданды.

А.В.Мудрик 1 мыналарды бөліп көрсетеді:

- мегафакторлар ғарыш, ғаламшар, әлемге қатысты

- макрофакторлар – белгілі бір елдердің барлық тұрғындарын әлеуметтендіруге ықпал ететін ел, этнос, қоғам, мемлекет;

- мезафакторлар - адамдар тұратын елді мекендердің тұрғылықты жері мен тұрпаты (аймақ, ауыл, қала, кент) бойынша бөлінеді; ); бұқаралық байланыстың түрлі желілерінің (радио, теледидар т.б.) аудиториясына қарастылығы; субъективтік мәдениеттің түрлеріне қарастылығы;

 

_______________________________________________________________

5 А.В.Мудрик. Социальная педагогика. Учебник для вузов / под ред. В.А.Сластенина, 5-қос. бас., . М.: «Академия» басп. орт., 2005,10-11-б.

 

микрофакторлар – отбасы, үй-іші, құрбы-құрдастар топтары, тәрбиелеу мекемелері; түрлі қоғамдық, мемлекеттік, діни және жеке мекемелер, микросоциум.

Фактор автоматты түрде әсер етпейді, тек құбылыстың (үдерістің) әлеуетіне ықпал етудің келешегін анықтайды. Фактордың белсенділігі арту үшін, әлеуметтік-педагогикалық құбылыстың дамуын қозғаушы күшке айналдыратын белгілі бір жағдайлардың болуы қажет.

Түрлі векторлы ықпалға ие факторлардың өзара әрекеті әлеуметтік педагогика қайшылықтарының туындауына жол ашады.

Әдіснамалық сипаттағы қайшылықтарға мыналар жатады:

- адамның жеке және әлеуметтік өмір тіршілігі арасында (нақ осы

қайшылық әлеуметтік педагогика үшін негізгі болып табылады);

- әлеуметтік-педагогикалық қызмет практикасы мен оны бейнелеп

көрсететін теория арасында;

- әлеуметтік педагогиканың іс жүзіндегі және мінсіз күйде болуға тиісті «үлескерлері» арасында;

- динамикалы түрде дамушы әлеуметтік-педагогикалық практика мен әлеуметтік-педагогикалық кадрларды даярлау консерватизмі арасында;

- әлеуметтік-педагогикалық қызметті кәсібилендіру талаптары мен кадрларды даярлаудың төмен деңгейі арасында;

- әлеуметтік-педагогикалық қызметтің меммлекеттік және қоғамдық мемлекеттік емес жүйелері арасында;

Қандай болсын, қайшылықтарды шешудің бағыты әлеуметтік-педагогиканың үрдістерін сипаттайды.

Әлеуметтік-педагогикалық практиканың, әлеуметтік педагогика теориясы мен оның ғылыми білім беру кешенінің үрдістері айқындалуда.

Әлеуметтік педагогиканың тұрақты үрдісі үздіксіз байқала отырып, оның заңдылығына айналады. Өзінің мәніне қарай, ол үдерістің немесе құбылыстың байқалу жағдайынан объективті байланысты анықтайтын тұрақты үрдісті айғақтайды.

Әлеуметтік педагогика заңдылықтарының ішінде:

- әлеуметтік педагогика мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік саясатына, олардың өзара әрекетіне;

- әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігі мен сапасы білім берудің барлық деңгейіндегі тиісті кадрларды кәсіби даярлаудың сапасына;

- қоғамның әлеуметтік дамуы әлеуметтік-педагогикалық инфрақұрылымның даму сапасы мен дәрежесіне тәуелділігі айқындалды.

Жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы, оның әлеуметтенуі, топтың, олардың әлеуметтік-мәдени ортаның факторларымен байланысы үшін үдерістер мен құбылыстардың заңдылықтары ерекше ықпал етеді.

Кеңістікті өріс – бұл әлеуметтік педагогиканың кәсіби-практикалық ықпал ететін саласы (заңдылықтарды қолдану өрісі). Олар әлеуметтік фактордың жеке тұлғаның және адамдар тобының қалыптасуына әсер етуіне негізделген және оларға былайша ықпал етеді:

- федералдық деңгейде – адамды әлеуметтендіруге әлеуметтік тәрбиелеуге, әлеуметтік қалыптастыруға және халықтың түрлі тобының дамуына, әлеуметтік-педагогикалық саясатқа, әлеуметтік құқық, экономиканың әлеуметтік-педагогикалық аспектілеріне;

- аймақтық деңгейде - әлеуметтік-педагогикалық даму бағдарламасына, нақтылы аймақтың әлеуметтік-педагогикалық даму жоспарына, аймақтың экономикалық дамуын әлеуметтік-педагогикалық бағдарлауға;

- муниципалдық деңгейде - әлеуметтік педагогикалық қызметке, әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастырудың муниципалдық моделіне, әлеуметтік-педагогикалық бағдарлаудың экономикалық бағдарламасына;

- институционалдық деңгейде социум инфрақұрылымының нақтылы институтының әлеуметтік-педагогикалық қызметінің моделіне;

- ведомствоаралық, институтаралық және мекемеаралық деңгейлерде - әлеуметтік-педагогикалық қызметтің моделіне;

Адамның әлеуметтік қалыптасумен байланысты мынадай кеңістікті өрісті айқындайды:

- түрлі әлеуметтік салаларда тәрбиеленген адамның әлеуметтік қалыптасуы (отбасында, білім беру мекемелерінде, әлеуметтік мекемеде, арнаулы білім беру мекемесінде);

- түрлі топтардағы адамдарды әлеуметтік тәрбиелеу;

- орта мен адамның өзара әрекеті;

- адамға, адамдардың топтарына әлеуметтік-педагогикалық ықпал ету.

Әлеуметтік педагогиканың логикалық-гносеологиялық негіздері- әдіснамалық талдаудың ғылыми деңгейінде қалыптасатын, оның объектісін, пәнін, мақсатын, міндеті мен функциясын, сондай-ақ, негізгі категориясын анықтайтын білімді қамтиды.

Әлеуметтік педагогика практикалық қызмет саласын, ғылыми пән және білім беру кешенін қамтиды. Мұндай жүйелілік ғылыми танымның логикасымен, яғни практикадан - теорияға, ғылыми зерделеуге, одан мамандарды даярлауға ұласуына байланысты.

Практика ретінде әлеуметтік педагогика адамдардың социум институттарының ғылымы – қайта құру қызметінің сипаты мен мазмұнын білдіреді. Оның объектісі адамның әлеуметтік ортамен өзара әрекеті, ал пәні – жеке тұлғаның социуммен өзара әрекетте қалыптасуын анықтайтын құбылыстар мен үдерістердің жиынтығы болып табылады.

Ел аумағы шегінде әлеуметтік-педагогикалық өзара әрекетке түсетін адамдар мынадай үш түрге бөлінеді:

- әлеуметтік-проблемалық;

- әлеуметтік-тұрақты;

- әлеуметтік-перспективалы.

Олардың әрқайсысының өзінің әлеуметтік-педагогикалық мақсаты бар: біріншісі үшін – туындаған әлеуметтік-педагогикалық проблеманы жеңу бойынша тез арада әлеуметтік-педагогикалық жауап алу; екіншісі үшін – жеке тұлғаға ортаның жағымсыз әсерінің алдын алу және жою бойынша бағытталған қызмет; үшіншісі үшін - әлеуметтік даму және тәрбиелеу тиімділігін сақтау және кеңейту.

Мақсатына және ерекшеліктеріне сәйкес адамдардың топтары түрлі әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласына бөлінеді:

- денсаулық сақтау салалары (ауруханалар, психикалық ауруларға және нашақорларға арналған арнаулы ауруханалар, санаториялар);

- білім беру мекемелері (балабақшалар, мектептер, балалар үйі, жетімханалар, кәсіптік-техникалық училище, жоғары оқу орындары, қосымша білім беру мекемелері);

- халықты әлеуметтік қорғау мекемелері (әлеуметтік қарттар үйі, әлеуметтік-оңалту орталықтары, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек беру орталықтары, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін оңалту орталықтары);

- ішкі істер органдары мекемелері (клубтар, отбасы және балаларға әлеуметтік көмек орталықтары, шығармашылық үйлері, демалыс үйлері, білім беру орталықтары, спорттық және тақырыптық лагерьлер, кәсіптік бағдар беру орталықтары, еңбекпен қамту орталықтары).

Практика ретіндегі әлеуметтік педагогиканың функцияларын былайша атап айтуға болады: бейімдеу, әлеуметтік-педагогикалық оңалту, жұмылдыру, толтыру, әлеуметтік-педагогикалық алдын алу, түзету, бақылау, насихаттау, ағарту. Бұл саланың міндеті әрбір нақтылы жағдайда әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды шешумен анықталады.

Ғылыми пән ретіндегі әлеуметтік педагогика адамдардың және социум институттарының, мемлекет пен қоғамның ғылыми-танымдық қызметін көрсетеді. Ол педагогикалық ғылымның да және қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі осы заманғы әлеуметтік-гуманитарлық білімнің де дербес бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, оған тән мынадай сипаттық белгілерді атап көрсетуге болады: а) білімнің пәндік саласының тобы бойынша бұл – гуманитарлық ғылым; ә) білімнің мәнін көрсету тәсілі бойынша – феноменалистік; б) ойлау нысаны бойынша – эмпиристік.

Ғылыми пән ретінде әлеуметтік-педагогиканың объектісі – жеке тұлғаны оны практикалық әлеуметтік-педагогикалық қызмет үшін танып-білудің және қайта құрудың пәндік саласы болған қоғаммен өзара әрекетінде әлеуметтік қалыптасуын анықтайтын құбылыстар мен үдерістердің жиынтығы болып табылады. Пәні - әлеуметтік-педагогикалық білімдер, жеке тұлға мен социумның өзара әрекетінің жалпы заңдылықтары.

Ғылыми пән ретінде әлеуметтік-педагогиканың мақсаты адам мен әлеуметтік ортаның өзара әрекетін үйлестіру бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуді ғылыми-педагогикалық негіздеу болып табылады. Осы мақсатқа жету ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың: аналитикалық талдау жасау, сипаттау, түсіндіру, бағдарлау, ұсыным жасау, танымдық, біріктіруші функцияларымен қамтамасыз етіледі.

Ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың міндеттері мынадай топтарға біріктірілген:

- практикалық әлеуметтік-педагогикалық қызметті зерттеу: социумның, ондағы әлеуметтік қатынастардың, субъектілер мен социум институттарының әлеуметтік-педагогикалық қызметінің даму заңдылықтарын анықтау; қайшылықтарды іздеу және үдерістерді анықтау, оларды оның әрқилы түрлері мен тұрпаттарында, әлеуметтік орта салаларында және оларды талдаудың түрлі деңгейлерінде шешу; әлеуметтік педагог қызметінің қағидаларын, мазмұнын, тәсілдерін, әдістері мен нысандарын әзірлеу; бір түрлі немесе басқа түрлі социумда әлеуметтік институттар мен әлеуметтік қызметтерді құру және қолдануды ұйымдастырудың негіздерін және олардың өзара әрекет бағыттарын құрып, қалыптастыру; әлеуметтік педагогиканың бастауларын анықтау; шетелдердегі кадрлардың, ұйымдар мен институттардың әлеуметтік-педагогикалық қызметіне талдау жасау және тәжірибесін бағалау;

- әлеуметтік педагогиканың өзін дамыту: ғылымның әдіснамалық, теориялық-әдіснамалық және теориялық негіздерін құрып-қалыптастыру; ғылымтанудың әлеуметтік-педагогикалық мазмұнын (объектіні, пәнді, мақсаттарын, міндеттерін, функцияларын, технологиялары мен әдістерін) анықтау; ғылыми білім саласы ретінде әлеуметтік педагогиканың процессуалдық, функционалдық, ғылыми-мазмұндық, ғылыми-пәндік құрылымын кешендеу; әлеуметтік педагогиканың технологиялық және ғылыми-әдістемелік негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық практиканы ғылыми зерттеудің технологияларын және әдістерін жасау;

- әлеуметтік сала кадрларын даярлау үшін өзіндік білім беру кешенін теориялық негіздеу.

Білім беру кешені ретінде әлеуметтік-педагогика адамдар мен социум институттарының, мемлекет пен қоғамның ғылыми-білім беру қызметін көрсетеді.

Оның объектісі әлеуметтік сала мамандарын даярлаудың білім беру кешені болып табылады. Пәні – білім берудің түрлі деңгейіндегі кадрларды даярлау саласындағы ғылыми-теориялық (теориялық зерттеулердің нәтижелері) және ғылыми-эмпирикалық (әлеуметтік–білім беру қызметінің тәжірибесін қорытып-жинақтау нәтижелері) білімдер мен әлеуметтік-педагогикалық саладағы кәсіби қызмет бағыттары.

Білім беру кешені ретіндегі әлеуметтік педагогиканың мақсаты - әлеуметтік саланың кадрларын үздіксіз даярлау жүйесін құру және жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мамандар өздерінің кәсіби қызметінде қоғамның түрлі саласының адамдарымен жұмыс істейтін болады: әлеуметтік педагогтар-практиктер, әлеуметтік педагогтар-зерттеушілер (ізденушілер, аспиранттар мен докторанттар) және теоретиктер; осы білім беру кешенінің оқытушылары, студенттер мен тыңдаушылары.

Білім беру кешені ретіндегі әлеуметтік педагогиканың (ғылыми-білім беру) функциялары мыналар болып табылады:

- әлеуметтік педагогтың ғылыми білімдер жүйесін (оның мақсатына, мазмұнына және қызмет саласына байланысты) құру;

- әлеуметтік педагогтың икемділігі мен дағдыларын дамыту;

- әлеуметтік маманның жеке тұлғасының кәсіби-маңызды қасиеттерін дамыту;

- әлеуметтік саладағы репродуктивтік және өнімді (шығармашылық) кәсіби қызмет тәжірибесін (тәсілдерін) беру (үйрету);

- әлемге (адамға және социумға, олардың өзара әрекеті мен өзара қарым-қатынасына) эмоционалдық-бағалаушы қатынас жүйесін құру.

Білім беру кешені ретінде әлеуметтік педагогика органикалық өзара байланысты, өзара келісілген және практикалық қолданыстағы бірлік түрінде мыналарды қамтиды:

- «әлеуметтік педагог» кәсібінің моделі;

- «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік білім беру стандарты;

- Білім берудің түрлі деңгейі мен мамандықтарды даярлау үшін оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз етудің оқу-әдістемелік кешені;

- «Әлеуметтік педагогика» терминологиялық сөздігі;

- профессорлық-педагогтық құрам.

Әлеуметтік педагогиканың логикалық-гносеологиялық деңгейдегі өзара байланысы 3.1 – кестеде көрсетілген.

3.1-кесте

 

Әлеуметтік педагогиканың логикалық-гносеологиялық деңгейдегі әдіснамалық талдауы инварианттарының өзара байланысы

 

Әлеуметтік педагогиканың сапалы жағдайы Әлеуметтік практика ретінде әлеуметтік педагогика Ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогика Білім беру кешені ретінде әлеуметтік педагогика
Объект Өзінің әлеуметтік ортасындағы адам (олардың өзара байланысында) Адам мен социумның өзара әрекеті Адам мен социумның өзара әрекетінің педагогикалық заңдылықтары
Пән Адам мен социумның өзара әрекеті Адам мен социумның өзара әрекетінің педагогикалық заңдылықтары Әлемнің ғылыми әлеуметтік-педагогикалық бейнесі
Мақсаты Жеке тұлға мен социумның өзара әрекетін (қатынасын) үйлестіру Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің осы өзара әрекетті үйлесімді ету бойынша ғылыми негізділігін арттыру Әлемнің ғылыми-әлеуметтік-педвгогикалық бейнесін қалыптастыру

Әлеуметтік педагогиканың негізгі категорияларыоның терминологиялық аппаратын анықтайды, оның көмегімен объект және танып-білу және қайта құру пәні сипатталады. Олар әлеуметтік педагогиканың өзінің дамуына сәйкес тұрақты дамуда болады.

Осылайша, әлеуметтік-педагогикалық білімнің логикалық-гносеологиялық деңгейдегі әдіснамалық талдауы әлеуметтік педагогиканың, тұтас алғанда, барлық күрделілігі мен мазмұн байлығын көрсетуге мүмкіндік береді

15-семинар. Әлеуметтік педагогика саласындағы зерттеу нәтижелерін білім беру жүйесінде қолдану жолдары.

. Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер нәтижесін практикаға, практика жетістіктерін әлеуметтік педагогикаға ендіру.

Зерттеудің соңғы кезеңі оның нәтижелерін сынақтан өткізу, оның әдеби рәсімделуі және жариялануы болып табылады. “Сынақтан өткізу” деген латын сөзі “мақылдау”, “бекіту” деген ұғымды білдіреді. Сынақтан өткізу көпшілік алдында баяндамалар жасау, сөз сөйлеу, пікір сайыстар өткізу, сондай-ақ жазбаша немесе ауызша рецензиялау нысандарында жүзеге асырылады. Сынақ нәтижелері бойынша зерттеуші туындаған мәселелерді, оң және теріс бағалауды, қарама-қарсы пікірлер мен кеңестерді ой елегінен өткізеді, ескереді.

Өткізілген зерттеудің нәтижелері әдеби өнімдердің мынадай нысандарында рәсімделеді:

1. Реферат- зерттеу нәтижелерін жазбаша түрде ұсынудың алғашқы нысандарының бірі болып табылады. Рефератта әдетте тақырыптың теориялық және практикалық маңызы ашылады, тақырып бойынша жарияланымдар талданады, талданатын ғылыми материалға баға беріліп, қорытынды жасалады. Реферат зерттеушінің эрудициясын, оның дербес талдау, жүйелеу, жіктеу және ғылыми ақпаратты қорыту қасиеттерін көрсетуге тиісті.

2. Ғылыми мақала- зерттеушінің әдеби өнімінің ең кең таралған нысаны болып табылады. Мақалалар ғылыми журналдарда, ғылыми немесе ғылыми-әдістемелік жинақтарда жарияланады.

Ғылыми мақалада қорытындыларды, ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстарды баяндаудың үлкен мәні бар. Мақаланың бұл бөлігінде зерттеу нәтижелерінің негізгі астарларын қысқа да нұсқа беру және оларды педагогикалық практикада қолдану жолдарын көрсету қажет.

3. Ғылыми есеп, баяндама. Ғылыми есепке мынадай негізгі талаптар қойылады: материалды құрудың дәлдігі; баяндаудың логикалық дәйектілігі; сенімді дәлелдеме; қисындаудың қысқалығы мен дәлдігі; жұмыс нәтижелерін баяндаудың нақтылығы; қорытындылардың дәлелдігі мен ұсынымдардың негізділігі.

Есептің негізгі бөлігін мыналар құрайды: кіріспе, берілген тақырып бойынша ғылыми әдебиетке талдамалық шолу; жұмыстың таңдап алынған бағытын негіздеу; есептің орындалған жұмыстың әдістемесін, мазмұны мен нәтижелерін көрсететін бөлімдері (тараулары); қорытынды (тұжырымдар мен ұсыныстар).

Ғылыми баяндама мазмұны бойынша ғылыми есепке жақын. Соның өзінде ол зерттеу проблемасының барлығын емес, оның белгілі бір аяқталған бөлігін, аспектісін қамтуы мүмкін. Ғылыми баяндаманы рәсімдеуге және оның нысанына ғылыми есепке қойылатындай, онша талап қатаң қойылмайды. Баяндама тілі, әдеби стилі бойынша ауызша айтуға, дауыстап айтуға лайықталған жөн.

4. Әдістемелік оқу құралы. Әдістемелік оқу құралының негізі оқу-тәрбие процесін жетілдіру үшін зерттеу нәтижелері бойынша жасалған, теориялық тұрғыдан негізделген әдістемелік ұсынымдар болып табылады.

5. Монография. Қандай да бір проблема жеткілікті дәрежеде жан-жақты және тұтас қаралатын ғылыми басылым монография деп аталады. Егер зерттеуші қандай да бір педагогикалық проблеманы жаңаша шешсе, өмірде бар ғылыми еңбектерді проблема бойынша жан-жақты қорытып осы проблема жөніндегі өзінің тұжырымдамаларын ғылыми негіздеп, оларды педагогикалық практикада іске асырудың нақты мүмкіндіктерін көрсетсе ғана оның өз зерттеулерін ғылыми монография түрінде рәсімдеуге хақысы бар.

Монографияда зерттеуші зерттелетінпроблеманың бұдан бұрын ғылыми және әдістемелік әдебиетте және педагогикалық практикадақалай шешілгенін, қазіргі уақытта қалай шешіліп отырғанын көрсетеді. Сонан соң осы проблеманы шешудің теориялық және әдістемелік идеяларының мәнін ашады, тұжырымдаманы дәлелдеу үшін пайдаланылған зерттеулердің әдістемесі сипатталады. Осыдан кейін барып өзіндік зерттеудің нәтижелері егжей-тегжейлі талданады, білдіріледі, оқу тәрбие процесін жетілдіруге арналғанг уәжді тұжырымдар мен ғылыми негізделген ұсынымдар беріледі.

6. Конференцияларда, семинарларда, педагогикалық оқуларда және т.с.с. жасалатын баяндамалар мен сөйлейтін сөздердің тезистері. Тезистер компьютерде терілген 1-ден 3- бетке дейінгі құжаттан тұрады. Тезистерді жазудағы негізгі міндет зерттеудің ең негізгі идеяларын өте қысқа, конспектілік нысанда беру болып табылады.