ЛжБК(б)П ОК мүшелері В. С. Мицкевич-Капсукас пен. Я. Г. Долецкийлердің РК(б)П ОК-не ЛжБССР үкіметін тарату туралы тікелей желі арқылы сұрау салуы

(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг.: Сб. док. и мат. в 2 т. Мн., 1972-1. Т.2. С. 155–156)

 

Мерзімдік басылымдарда жарияланған құжат түрлері жалпы талапқа сай тақырыпта көрсетіледі. Мерзімдік басылымдардың меншікті материалдарына келер болсақ, олардың түрлері газет жанрларының жіктелуіне сәйкес анықталады (Қара: Газетные жанры. 2-е изд. М., 1976).

Жарияланатын құжаттың тақырыбында авторы мен адресатын берудің де өз ерекшеліктері бар. Олар жекелеген адамдар немесе адамдар тобы, сондай-ақ мекемелер, мекемелер топтары, ұйымдар, кәсіпорындар немесе олардың құрылымдық бөлімшелері болуы мүмкін. Мұның барлығы тақырыпта көрсетілуі тиіс. Авторы немесе адресаты белгісіз болған жағдайда, бұл туралы мәтінге түсініктемеде ескертіледі:

КПРП мүшесінің* Брестчинадағы сейм сайлауына дайындық туралы хаты

7 қазан 1922 ж.

 

* Авторы және адресаты белгісіз.

Құжаттың археограф белгілеген авторлық тақырыбы сақталған жағдайда, ол тақырыпта тік жақшаға алынады (қажет болып жатса авторын немесе адресатын табуды негіздеу мәтінге түсініктемеде келтіріледі).

 

Майдан құжаттарында үлкен бастықтың бір немесе бірнеше бағыныштыларына бағытталған құжат авторын белгілейтін сөз толық сақталады. Бұл кезде әскери құрамаларда ұжымдық басқару принципі болған Азамат және Ұлы Отан соғысының бас кезіндегі құжаттардың тақырыптарында коллегиалдық авторы: майдан (армияның, флоттың) командованиесінің атауы қолданылады:

Батыс майдан командованиесінің Мозыр тобының және 16-армияның командованиелеріне Березина өзенінен өтіп, Бобруйск – Глуск шебіне шығу туралы директивасы

(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг.: Сб. док. и мат. в 2 т. Мн., 1971. Т.2. С. 353)

 

Өзінің бірлестігі немесе құрамасы бойынша берілген командованиенің әскери құжаттарында құжат авторы берілмейді, және әскери іс жүргізуде қалыптасқан форма сақталады:

Батыс майдан армияларына директива(яғни, диретиваны Батыс майдан командованиесі өз армияларына жіберіп отыр);

16-армия әскерлеріне бұйрық(яғни, бұйрықты армия командованиесі өз дивизияларына берген);

52-атқышлар дивизиясы бойынша бұйрық(яғни, бұйрықты дивизия бастығы өз полктеріне берген), т.б.

Бір әскери құрамаға арналған жинақта немесе жинақ бөлімінде, соңғысының нөмірі мен атауы тақырыпта қайталанбайды:

Майдан армияларының жаппай шабуылға шығуы туралы директива.

(Директивы командования фронтов Красной Армии. М., 1974. Т. 3. С. 483, раздел сборника: Южный фронт)

Армия әскерлеріне Белая өзенінің оң жағалауындағы жаудың ізіне түсіп өкшелей қуу туралы бұйрық

(В боях рожденная. 1918–1920. Боевой путь 5-армии. Иркутск, 1985. С. 119)

Әскери құжаттар тақырыбында авторын немесе адресатын көрсеткен кезде мекемелер, ұйымдар, құрамалар, бөлімдердің толық немесе жалпыға белгілі қысқартылған атаулары, сондай-ақ құжаттың кімнен шыққаны және кімге арналғаны туралы инициалы мен фамилиясы, лауазымы, атағы көрсетіледі: Главком, ПУР, Реввоенсовет, Беллитармия.

Тақырыпта мекеме, ұйым, кәсіпорынның ресми (толық немесе қысқартылған) атауы, қажет болған жағдайда бағыныштылық реті көрсетіледі. Толық ресми атауы қайталанатын жағдайда бірінші рет толық беріліп, одан әрі қысқартылған атауы берілуі мүмкін. Тақырыпта қолданылған мекемелердің жалпыға ортақ қысқартылған атауы қысқартылған сөздер тізімінде таратылып беріледі:

ТБШ – Таварыства беларускай школы.

Тақырыпта мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар атауы қазіргі кездегі формасында беріледі. Ертедегі құжаттарда тұлғалар жайлы сөз болғанда олардың атағы (маршалок, рада паны), лауазымы (наместник, воевода, тиун), әлеуметтік жағдайы (земянин, шляхтич, мещанин), титулы (князь, боярин), немен айналысатыны, т.б. егер аудармасы қиынға түспейтін болса, қазіргі басылым формасында беріледі. Құжат жасалған кезеңге сәйкес лауазымдар, шендері мен атақтары көрсетіледі.

Қазіргі заман құжаттарының тақырыптарында автор мен адресаттың фамилиялары мен инициалдары олардың лауазымдары немесе қоғамдық жағдайы көрсетіліп беріледі. Тақырыпта бұл адамдар бірнеше рет қайталанатын жағдайда соңғысында не алғашқысында аты-жөні лауазымдарымен алмастырылады:

БССР Мәдениет министрлігінің кітапханалар мен мұражайлар бөлімінің инспекторлары З. А. Коренкова мен Р. Р. Нестеровалар республикадағы аудандық және селолық кітапханаларды орталықтандырылған жинақтау туралы анықтамасы

20 мамыр 1956 ж.

 

(Библиотечное дело в БССР. Документы и материалы. 1941–1956 гг. Мн., 1984. С. 183)

Тұлғалардың лауазымдары мен қоғамдық жағдайлары жайлы мәліметтер бөлек атаулар көрсеткішіне енгізілген жағдайда тақырыпта көрсетілмесе де болады.

Ұжымдық авторлар құжаттарының тақырыбына «шешімдер, қаулылар, резолюциялар, т.б.) автор ретінде құжат шығатын мекеме, кәсіпорын немесе ұжым көрсетіледі: