Ежелгі Египет. Ғажайып пирамидалар…..

Сәулетшілер.Олардың көпшілігінің есімдері өздері жасаған ескерткіштерде тасқа қашалған. Бұл ескерткіштердің ой жетпес асқаралы міндетінің өзі египеттіктердің көз алдында оларды жасаушыларды да тұлғаландыра түсті.Және олар өз еңбегі мен даңқын түсінетін. М: б.ғ.б. XYI ғ. өмір сүрген атақты сәулетші Иненидің бұйрығы бойынша храмға ойып жазылған мынадай сөздерді оқуға болады:

«Мен жасай алған нәрсе – ұлы нәрсе болды…мен ұрпақтарым үшін іздендім, бұл менің жүрегімнің шеберлігі болды…Мен жүзеге асырғанның ізіне түсушілер келер күндерде мені білімім үшін болды».

5 мың жылдай бұрын тұрғызылған ең көне Египет пирамидасы – перғауын Джосердің пирамидасы. Оның негізін қалаушы тамаша сәулетші, данышпан Имхотеп еді. Джосер пирамидасы тепкішекті болып келеді. Ол құмның арасынан «аспан басқалдақтары» сияқты көтеріледі.

Перғауын Джосет өз мазарының «бірінің үстіне бірі қойылған орындық» сияқты аспанға өрлеуін қалады.

Имхотеп бүкіл Египет тайпаларының ақсүйектерінен патшаның артықшылықтарын тас арқылы бейнелеуге тиісті мұндай құрылысты қолға алған сәулетші болды.

Биіктігі 60 метр бұл пирамида жоғарылаған сайын кішірейе беретін бірнеше мастабадан /орындық/ тұрады. Бұған дейін болмаған ұлылық әсетіне осылай қол жетті. Одан кейінгі пирамидалар енді толассыз үшкірлене беретін, шыбын тайып жығылатындай жылтыр, жоғары нүктеде бір деммен табысатын қабырғалары арқылы ешбір тоқтаусы көкке өрлей береді.

Солардың ішіндегі ең атақтысы, биігі Хеопс пирамидасы. Бүкіл әлемдік өнерде ұлы мақсат мейлінше дәл, мейлінше айбынды, сонымен бірге мейлінше мүлтіксіз бейнелеген сәулет ескерткіші. Таста мәңгі бейнеленген керемет күш, ғаламат геометриялық абстракция. Ақылға сыймас ажалды тәлкек етудің өжет дәлелі жүздеген мың адамадрдың коллективтік еңбегімен осындай зәулімдер жасаған адамзат кемеңгерлігі ұлылығының өшпес куәсі. Олар патшаларды мадақтау үшін салынды, бірақ оларда тұтас халықтың қуатты, мүмкін саналы түрде болмаса творчестволық еркі өз бейнесін тапты.

Ішіне кез-келген Еуропалық собор еркін сиятын Хеопс пирамидасының биіктігі 147 метрдей, оның әрбір көлбеу бетінің ұзындығы 235 метрдей. Ал, ол алып тұрған жердің көлемі елу бес мың шаршы метрдей. Ол әрқайсысы екі жарым, үш тонналық әктастардан салынған. Оның құрылысына барлығы екі млн. Үш жүз мыңдай блок қажет болды. Бұл блоктардың бір-бірімен тығыз қиюластырылғаны соншалық, жігіне ине де сұға алмайсың. Пирамиданың бүкіл сыртқы қабаты тамаша етіп тегістелген әктас тақталармен қапталған. Пирамиданың өзі 20 жыл, ал Ніл өзені бойындағы тас қазғаннан тас таситын жол 10 жыл салынаған. Құрылыстың беріктігі ғажап.??? Ғасырдың ішінде тек ұшар басы ғана шетілген.

Құрылыс жұмысымен бір мезгілде 100 мың адам айналысып, олар әрбір үш ай сайын ауыстырылып отырған.

53)Арғанаты тас мүсіндері — түркілердің орта ғасырдан қалған ғұрыптық ескерткіштері. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Арғанаты тауының Мық, Домбауыл, Айыршоқы қыраттарында орналасқан. 1950 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан) зерттеген. Мүсіндердің көбі қирап, қатты бүлінген, толық саны белгісіз. Мүсіндер жалпақ тастан қашалып, төртбұрыш, шаршы түрінде жасалған қоршаулардың шығыс жақ сыртына беті күншығысқа қаратыла тігінен орнатылған. Одан шығысқа қарай кішірек тас бағаналар немесе балбалдар тізбегі кездеседі. Тас қоршаулар астында адам жерленбеген. Ішіндегі тас-топырақ үйіндісінің арасынан мал сүйектері, ат әбзелі мен кейбір тұрмыстық бұйымдар, жағылған оттың табы мен күл қабаттары ашылды. Мық тауының етегіндегі жергілікті тұрғындар арасында “Алып тас”, “Мықтың алыбы” атанған мүсін сұр граниттен қашалған (биікт. 1,5 м, ені 0,4 м, қалынд. 0,23 м). Мүсіннен ер адамның бет әлпетінің, шоқша сақалының, үлкен көздерінің, ұзын мұртының және аяқ-қолдарының бедері айқын көрінеді. Оң қолына сусын ішетін тостаған, сол қолына қылыш ұстаған. Екінші мүсін бүдан 200 м қашықтықта орналасқан. Биікт. 2,1 м, ені 0,58 м. Осы екі мүсінді жергілікті қазақтар “Қос алып”, “Қос батыр” деп атайды. Бұл мүсіндер 6-8 ғасырларға жатады. Арғанатының Тұлпартас сілемінің баурайынан 8-12 ғасырларға жататын граниттен қашалып жасалған (биікт. 1,25 м, ені 0,35 м) адам мүсіні табылды. Мүсінде әдемі жас әйелдің бет әлпеті кескінделген, оның құрметіне өткізілген ас беру, қоштасу салтанатының белгілері, арналып сойылған малдың сүйектері мен қасиетті оттың орындары табылды. Мүндай тас мүсіндер негізінен елге сыйлы адамдарға қойылған. Осы тәріздес мүсін тастар Баянауыл, Қарқаралы, Жетісу өңірлерінде, Атасу өзен бойында жиі кездеседі.