Калиграфия және әдебиет.

 

Исламнан бұрын арабтарда, оңтүстікте дамыған “муснад ’ атты жазудың түрін қолданатын. Қазіргі таңдағы жазу түрін арабтар, ислам дінінің келуінен аз уақыт бұрын солтүстіктегі көршілес «Набатилардан» алды. Сол калиграфиянын түрі заманымызға шейін сақталып қалған. Баста әріптер нүктесіз және харекесіз жазылып келіп, ислам келгесін Әбуласуад әд-Дуәли(688) тарапынан харекесі қойылса, Халил бин Ахмет(791) нүктесін қойды. Ислам діні келген кезде жазу қатты дамымаса да аздап кездесетін. Меккеде санаулы кісілер оқу мен жазуды білетін. Исламнан бұрын арабтардың құл сатып алу келісімдері, хаттар, құлпытастар, муаллақаттар( қағбаның қабырғасына ілінген өлеңдер ), арабша жазылып мөр басылатын. Бұл жазулар терілерге, түйенің сүйектеріне, құрма ағаштарына, жал пақ тастарға, папирус жапырақтарына жазылатын. Жазба әдебитке қарағанда ауыз әдебиеті мықты дамыған болатын. Қара сөзге(проза) қарағанда өлеңге қатты көңіл беретін болған. Әйтседе шежіре,айямул араб(тайпалар арасындағы шайқастар), секілді жазбалар проза түрінде жазылып келді. Сондай ақ қысқа әңгімелер, қара сөздер,дастандар мен риуаяттар дамыған еді. Ал өлең мен шешендік өнер қатты дамыған болатын. Сондықтан ақындар мен шешендер халық арасында үлкен абыройға ие болатын. Өйткені бір шешеннің өз тайпасының мүддесін өлең жолдарымен қорғауы, оны қылышпен қорғағаннан артық саналатын. Халық ақындардың айналасына отырып олардың өлеңдерін тыңдайтын еді. Указ, Мижанна, ЗулМижаз атты атақты жәрменкелер ұйымдастырылып, саудасын жасап, жаңадан келген шешендердің сайыстарын тамашалайтын. Ақынның тайпасынан оны қолдайтын жанкуйерлері қосыла келетін. Сайыста бірінші орынды алған өлеңді түйенің терісіне жазып, кағбаның қабырғасына ілетін болған. Өлең жарысы болатын жәрменке «Указ» жәрменкесі болып саналатын.

Жеңіске жеткен ақынды басқа тайпаның кісілері құттықтап сыйлықтар беретін.

Айтыстар мен өлең жарыстарының негізгі тақырыбы, мақтау, жомарттық, көңіл айту, Алла тағала, ахыретке иман және қатын болатын. Сол үшін араб әдебиетінің ақындық мектебі өмірлік барлық сәттерге қызмет жасап келді.

Шешендік сала арабтардың ерекше назарда ұстаған өнері болып саналатын. Балдарын ерте жастан осы өнерге беруге тырысты. Өйткені қоғамда ақын шайырлардан кейін хатибтер орын алатын. Бұл салада ақындардың өлеңдері секілді, мақтау, қаһармандық, жомарттық, той думан,көңіл айту, құда түсу сияқты сәттерді тақырып ететін. Сонымен қатар соғыс кезде, өш алу,келісімге келу шақтарында хатибтердің орасан зор еді. Шешендер шежіре айту, араб тайпаларының арасында болған шайқастар, тарихи әңгімелерді баяндап беруде маңызды роль атқарған. Нәсапнама, дастандар мен риуаяттар ауыз әдебиетімен құлақтан құлаққа жалғасып өз қалпын сақтап келді. Жазба әдебиет орнына ауыз әдебиеті қарқынды дамып келгенін осыдан көруге болады.

 

4.2. Кейбір салт дәстүрлер

Исламнан бұрынғы кейбір діни әтет ғұрыптарға «жаһилия әдеттері» деп атайды. Бұл жәһилия термині надандық деген сөз емес, белгілі бір кезеңді меңзейтін заман деуге болады. Яғни исламға дейінгі арабтардың діни ұстанымы мен әдет ғұрпын исламнан кейінгі шариғаттан ажырату үшін қолданылған. Өмірде ілім білімнен қараңғы болудан басқа, серік қосу,кәпір болу,күнәкар болу, тағыда басқа сөзбен, іс әрекеттеріменде адам баласын «жаһилия» денгейіндегілер деп айтуға болады. Арабтарда да басқа елдердегідей, тәкаппарлық, аса рушылдық, құмар, маскүнемдік, адам өлтіру, ұрлық, жетім малына көз салу,қыз балдарын тірідей жерлеу, пұтқа табынушылық секілді хақсыздықтар орын алатын. Сиқыр мен балгерлікте белең алғантын. Балгерлер өте абыройлы кісілер саналатын болған. Сырқаттанып басына күн туған кезде олар таптырмайтын жуаныш болатын. Түстерін соларға жорытып, болашақтарын солардан күтіп медет сұрайтын.Сиқыршы балгерлер амалдарын жасап, пұттарға құрбандар ататқызып, ауруларынан осылайша айығатындықтарын айтатын.Міне арабтардың осы іс әрекеттері исламда жеркеніш пен қарсыланатын тіршіліктер. Арабтар көбіне шөп шалаңдар мен балдан жасалған дәрумендерді де қолданатын. Қан алдыру, шаншу қадалған жерлеріне ыстық басу секілді тәсілдеріде бар еді. Сиқыршалар шын мәнінде тылсым күшке ие деп санайтын, тығырыққа тақалғанда көмектесе алады деген сенімде жүретін. Әр бір тайпаның жеке табынатын пұты, құлшылық ететін арнайы күні болатын. Сол күндерде жәрменкелер ұйымдастырылатын. Барлық тайпаның белгілі уақыттарда мерекелік күндері болып, сонда неше түрлі өнер жарыстарымен, сайран сауық жасап, бір бірлерін құттықтап жататын. Сол мерекелік кештері діни саналып, ол жерде арақ шараптар ішіліп түрлі ұятсыздықтар, әйел кісілердің құқығын таптау секілді әдеттерін амалға асыратын болған

 

Отбасын құруда діни бір маңызы жоқ мәселе есептелетін. Ажырасу да оп оңай еді. Ажырасу құқығы көбіне еркектің құзыеттілігінде болатын. Ажырасқан әйел қайта басқаға үйленуі үшін бір жыл күтетін болған. Бала көрмегенше әйел кісі отбасының мүшесі болып саналмайтын еді. Егер еркек бала дүниеге әкелсе ол отбасының қуанышына айналатын. Құран кәрімнің нахл сүресінде бұл жайлы мынадай аят бар. «Егер, олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе (әйелінің қыз тапқанын естісе), оны ашу қысып, беті қап-қара бола бастайды. (58)

Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан, елден жасырынады. Оны қордыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе? Ал, олар, нендей жаман үкім береді. [10](59)».

Қыз туыла қалса оны тірідей көме салатын әдеттері бар еді. Бұл мәселені құранда мынадай аятпен айыптаған. «Тірі көмілген қыздар сұралған сәтте; (8) Қай күнәмен өлтірілді? (9Дәптерлер ашылған сәтте, (10) Аспан ашылған сәтте, (11)Тозақ қыздырылған сәтте, (12) Жұмақ жақындатылған сәтте; (13) Әркім не әзірлегенін біледі. (14))»[11].Еркектер құл және азат болғаны секілді, әйелдерде күң және азат кісілер болып бөлінеді. Мекке, Мәдина, Таиф секілді қалалардағы тайпалардың қыздары еркектерден дәрежелері биік болатын. Қыз балдарынан арланатын, арақ ішетін әдеттер жалпыға бірдей емес, олай жасамайтын арабтарда баршылық еді.

Жомарттық, қонақ жайлылық, уәдеде тұру, тығырыққа тірелгендерге қол ұшын беру секілді жақсы қасиеттерді бойына сіңірген арабтарда кездесетін. Араларында арсыздыққа бармаған, ішімдік ішпейтін, пұтқа табынбайтын, ұрлық сияқты жаман әдеттерге бой алдырмаған отбасыларда кездесетін. Бірақ жалпы қоғамда исламға қайшы келетін пұтқа табыну, адам өлтіру, секілді, жаһілият амалдары етек жайған болған. Ислам діні бұл амалдарды түпкілікті харам етіп тыйып тастады.