Эфиопияға Һижрет

 

Пайғамбарлықтың төртінші жылы (614) мұсылмандарға мушриктерден дұшпандығы үдейе түсті. Қаншама мұсылмын азапталып, кейбіреулерін туыстары үйлеріне қамап тастады. Пайғамбарымыз бұл азаптардан құтылу үшін мұсылмандарға эфиопия үкімдарының әділ екенін айтып соны паналап баруға ұсыныс жасайды[39]. Мұсылмандардың Эфиопия жеріне көшуінің бір неше себебі бар. Біріншіден араб түбегінде жалпы тайпалардың барлығы пұтқа табынатын. Сондықтан олар құрайштың одақтасы болып, оларға пана бере алмайды.Йемен отқа табынғандықтан самауи дінді көтере алмайды. Сол себептен қызыл теңіз жағасында орналасқан Эфиопия һижретке мақұл келіп, бұрын соңды әділетсіздігін ешкім естімеген болатын. Китаби болған бұл аймақ мұсылмандардың тыныс тіршілігі үшін оң болып еді. Екіншіден діннің таралуынада мүмкіндік пайда болып еді. Пайғамбарлықтың бесінші жылы (615) ережеп айында мұсылмандар пайғамбарымыздан рұхсат алып жасырын он бір еркек төрт әйел кісі жасырына шығып кетеді. Қызыл теңіздің жағасына келіп кемемен эфиопияға өтіп кетеді. Бұл топтың арасында паййамбарымыздыі қызы Руқия,Зубайр ибн Ауам, Абдуррахман ибн Ауф бар еді. Бұл ислам тарихындағы алғашқы һижрет болды. Эфиопия үкімдары Нәжаши Асһәма муһажирлерді жылы қарсы алады. Құлшылықтарын жасап біраз уақыт бейбіт өмір сүреді. Бірақ Мекке мұсылман болыпты деген негізсіз болған хабардың себебімен біраз мұсылман - елге қайтып кетеді. Жақындап келген кезде олай болмағанын білген кісілер, қайта кету қиын боғандықтан жасырын Меккеге кіріп кетеді. Эфиопиядан келген мұсылмандар, ол жақта еркін мұсылманша өмір сүрудің мүмкін екенін жеткізген болатын. Бұл жағымды хабарды естіген мұсылмандар Эфиопияға көшуге бел буады. Алғашқы һижреттен бір жылкейін (616) сексен екі еркек, он сегіз айел кісі Әбу Талибтың баласы Жағфардың басшылығымен сол жаққа аттанады. Оларда алғаш барған мұсылмандар секілді құрмет көреді. Исламның сол жақта өркендеуінен қорққан Меккеліктер,Амр ибн Ас және Абдулла бин Рабиғаны сыйлықтар мен Эфиопия үкімдарына жібереді. Мақсаттары мұсылмандардың үстінен арызданып елге қайтару болатын. Келген кісілерді тыңдап болғасын, мұсылмандарды жинайды. Мұсылмандардың атынан Жағфар шығып сөз сөйлейді.

Эфиопияда қалған мұсылмандар Хайбардың фатхынде Нәшашидің дайындаған кемесімен Мәдинаға қайтады. Жағфардың басшылығында муһажирлер Хайбарда отырған пайғамбарымыздың қасына келеді. Жағфарды көрген пайғамбарымыз: «қайсысына қунарымды білмей тұрмын, Хайбардың фатхына ма әлде Жағфардың келуіне ма?», деп құшақтап бауырына басып, маңдайынан сүйген екен. Мәдинаға қайтқан соң пайғамбарымыз Жағфарға мешіттің қасынан бөлме салдарып береді. Жағфар ибн Әби Талиб «Мутә» шайқасында шейіт болған Türkiye Diyanet Vakfı İslam Ansiklopedisi, C 6, s. 548.

 

 


Жағфар сөзінің соңында Мариям ана жайлы «Мариям» сүресініңалғашқы аяттарын оқып береді. Сонда Нәжаши: «бұл оқығаның Исаға келген жердің дәл өзінен екен», деп, мұсылмандарды экстрадиция жасаудан бас тартады. Амр ибн Ас ертесі күні Нәжашидің хұзырына келіп, «бұлар Мариям және Иса жайлы өте жаман ойда!, оларды шақырып қайта сұрасаңыз» дейді . Мұсылмандарды үкімдар хұзырына қайта жинап, « Сіздер Мариям ұлы Иса жайлы не айтасыздар», деп сұрайды. Сонда мұсылмандар, «құран Мариям ұлы Иса жайлы мынадай деген», деп аят оқиды: Әй Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллаға байланысты шындықты айтыңдар. Шынайы түрде Мәриям ұлы Мәсих Иса, Алланың елшісі әрі Мәриямға жалғастырған сөзі және Алла тарапынан бір рух. Ендеше Аллаға және елшілеріне сеніңдер. Әрі (Алланы) “үшеу” демеңдер, (одан) тыйылыңдар. Сендер үшін жақсы. Шынайы түрде Алла бір-ақ Тәңір. Ол – баласы болудан пәк. Көктердегі және жердегі нәрселер оған тән. Алла уәкілдікте жетік[40]. (171)

Бұл аятты естіген Нәжаши «Аллаға ант етейін, сенің айтқаның Мариям Ұлы Исаның дәл өзі», - дейді. Амр мен Абдұлла ны сыйлықтарын өздеріне беріп қайтарады.

 

Ескерейік! Пайғамбарымыз Нәжашидің көрсеткен жақсылығы үшін 630 жыл қайтыс болған хабарын алып ғийаби жаназа оқып, оған дұға жасаған екен. Термизи , Жаназа 960.
Жағфар ибн Әби Талиб «Мутә» шайқасында шейіт түседі . Пайғамбарымыз «Жағфардын кесілген екі қолының орнында жаннатта екі қанатпен ұшып жүргенін көрдім», деп сүйіншілеген. Сол себепті оған «Таййар», (ұшқыш) «зулжанахайн» ( екі қанатты) деген лақап қойылған. Қырық жаста шейіт болған Жағфар эфиопиядан қайтып, ата жұрты Мекке емес Мәдинаға тіке һижрат жасағаны үшін «зулһижратайн» ( екі Һижрет иесі) дегенде лақаппен атақты. Сахабилердің мұң мұхтажына қатты көңіл бөлгендіктен «Әбул Масакин» (кедейлердің атасы) депте айтқан. Пайғамбарымыз Жағфарды өзіне ұқсағандықтан қатты жақсы көруші еді. Türkiye Diyanet Vakfı İslam Ansiklopedisi, C 6, s. 548.

Эфиопияға барған мұсылмандардың біразы құрайштың бойкотынан (шетқақпайлау) кейін Меккеге қайтты. Біразыда хижреттен кейін мәдинаға қайтты. Эфиопияда қалған соңғы топ һижреттен жеті жыл кейін хайбар фатхы кезінде Мәдинаға келіп қоныстанып еді.