Сақинамен ойнайтын ойындар

Балаға қажетті түрде сақинамен ойнайтын ойынды ұсыныңыз. Сақинаны екі немесе үш маусақ ұштарымен ұстап тұрып кигізуді үйретіңіз. (жұдырыққа қыспай).

Сақинаны жіпке кіргізіңіз.

Өзіңіздің артынан жаттығуларды қайталауды ұысныңыз.

Үш сақина көлдененінен жатқызылған. Жаттығуды : «Бір сақина – ортасында, біреуі – үстінде, біреуі – төмен» деген сөздермен айтып отырыңыз.

Үш сақина бірі – біріне қатар қойылған. «Бір сақина – ортасында, біреуі – сол жағында, біреуі оң жағында».

Онша үлкен емес бес сақинаны сол қолының әрбір саусағына кигіземіз, одан кейін – оң қолының әрбір саусағына әртүрлі саусаққа кигізіп жатып саусақтарды атаймыз: үлкен, кішкене, көрсеткіш т.б. Саусақтардан сақинаны шешкенде, оларды қатар-қатар реттеп қоямыз.

Бір – бірінен онша алшақ қылмай 5-сақинаны сыйғызып қоямыз. Саусақтарымен сақиналардың үстімен ары-бері жүріп өтуін ұсыныңыз.

 

Баумен ойнайтын ойын

Үстелдің үстіне бауды немесе жіпті иректетіп сыйғызып қойыңыз, балаға әрбір саусақтарымен сол иірімнің үстімен секіріп өтуін ұсыныңыз. Сонымен қатар баудың үстімен «адымдап» өтуге де болады.

Баланың екі саусағын баумен шармалдап тастаңыз. Балаға оны шешуді ұсыныңыз. Сонымен бірге ойыншық мышықпен де солай істеуге болады. Балаға жіпті шешуді ұсыныңыз. Ол жіптің ішінде шырмалып қалған мысықтың баласын көргенде таң қалады.

Балаға баудан мынандай оюлар тоқуды көрсетіңіз: баудың ұшымен кішкентай саусақты орап тастаңыз, одан кейін ортаңғы саусақтың астымен айналдырып, үстімен ортаңғы, астымен көрсеткіш, үстімен үлкен және қайтадан қарама-қарсы істеуді.

Алуан түрлі қалған маталардың қалдықтарынан гүл жасап оның жан-жағын тесіп, сол арқылы бауды жүргізіңіз. Ал бала әбден үйренгеннен кейін баладан суреттерді рет – ретімен, түр-түрімен орналастыруды сураңыз.

Картон қағаздан күрдеше немесе етік ойып қиыңыз да оған бау өткізетін тесіктер жасаңыз, одан балаға беріңіз ол өзі сол тесттерден бауды өткізсін. Осыдан кейін оған өзінің киімдерімен қалай, не істеу керек екені оңай болады.

Қағаз кортоннан алуан түрлі ойыншықтар, аңдар, құстар т.б. қиыңыз. Шет жағына таман тесік жасайтынмен аралары бірдей қашықтықта (1 немесе 1,5см.) тесіктер жасаңыз (арнайы жасайтын сайманмен). Сол тесіктермен бауды өткізіп, балаға әлуан түрлі оюларды қалай жасауды көрсетіңіз. Сөйтіп кішкене киім тігуші қалай қуыршақтың көрпешешін, ойыншық кілемшені қалай әдемілеп оюлауды үйренеді. Кішкентай кілемшені мынандай түрде де көктеуге болады. Кішкентай төртбұрышты матаның ішінен қатар екі қиық істеу керек (ара қашықтығы 1,5см болатын етіп), одан кейін көлдененінен алуан түрлі бауларды алып, соның араларынан кезек-кезек үсті-астымен,асты-үстімен өткізу керек. «Шеберге» бұндай қол орамал немесе табақтың астына қойғышты сізге сыйлық ретінде сыйласа, онда өз-өзіне аса бір шеберлікпен қарайды. Осы жұмыстың арасында балаға өзінің байланып қалған бауын шешуді сұраңыз. Келесі жолы кім өзінің бауын тез шешеді жөнінде жарыс ұйымдастырыңыз.

 

Түймелер

Түйме ұстайтын сандықшаны ретке келтіру жөнінде өзіңіздің кішкентай балаңыздан көмек сұраңыз. Үлкен түймелерді – үлкен қорабшаға, орташасын-орташаға, ұсағын-кішкентай қорабшаға салуды. Енді түймелердің көлеміне, түріне қарай әдемі ою жасауға болады: гүл, моншақ, қорабша т.б.с.с.

Әртүрлі матаның қалдығынан машина, қайық, самолеттің бейнесін қиып жасаңыз. Сол бейнеге түймеден дөңгелектерін, қанатын, терезесін жабыстырып тігіңіз (ірі заттары үлкен түймеден болу керек). Жануардың бейнесіне түймеден құлақтарын, аузын, құйрықтарын, аяқтарын тігіңіз. Көбелектің бейнесінің үстіне қызылды-жасылды кішірек көбелек бейнесін тіксе, онда көбелек алуан түрлі болып шығады. Қағаз картоннан жасалған қуыршақтың кеудешесі әртүрлі түймелермен әдеміленген. Оған: қолтықша, шалбар, белдік қалта жапсырып тігуге болады.

Бұл ойындардың барлығы, баланың өз киіміндегі түймесін өзі салып, ағытуына көп көмектеседі. Үш жасында бала өзінің көңіл қойып, ақыл-оймен, бір алдына қойылған мақсатпен орындайтын ойн-сабақтарын істеуде жақсы жетістікке ие болады. Бұл ойындар баланың ойлауына көп көмектеседі. Төмендегі ойындар баланың ойлауын, тапқырлығын, білгірлігін және қолсаусақтарының қимылдарының бірігіп пайдалануына көмектеседі. Осындай бейнеде, үзілмейтін айналым.

 

Жылтыр кілемше

Жылтыр қағаздан төртбұрыш қиыңыз. Оның үстіне әртүрлі осындай қағаз немесе матадан кескіндерді қойыңыз. Олар төртбұрыш, үшбұрыш, тікбұрыш болуы мүмкін. Өзіңіздің жасаған кілемшені балаға көрсетіңіз. Бала осыған қарап тура осындай кескіндерді тура осылай қойсын. Кескіндерді дұрыс қоюға көмектеспеңіз, тура осы кезде баланың ақыл – ойы, көзқарасы, қол саусақтарының іс-қимылдары жақсы жетіле түседі. «Үшбұрышты жылжылт... – төртбұрышты түзулеп қой...- домалақты оңға (солға) қарай жылжылт» - деп сөз арқылы көмектесіңіз. Бұларды қолмен бейнелеп көрсетуіңізге болады. Ал бала сіздің іс-тәжірибеңізге қарап өзінің ақыл-ойын, ойлауын, көзқарасын одан әрі жетілдіре түседі. Екі кескіннен тұратын оюдан бастаңыз (мысалы: домалақ және төртбұрыш немесе тікбұрышпен үшбұрыш). Кескіндер түрі және кескіні жағынан бірдей болу керек. Бара – бара қиындатып кескіндердің санын көбейтуге, одан кейін түрін ауыстыруға болады.

Ркімге - өз үйі

Ақ жылтыр бетке үш үй салыңыз: ананың үйі, қызға үй және қуыршаққа үй-үлкен, орташа және кішкентай. Төртбұрыштан – үйдің қабырғасы ал үшбұрыштан үйдің шатыры тұрады. Әртүрлі кескіндерден қағаз бетіне, балаға тура осындай үй салуды ұсыныңыз. Бала үлкен төртбұрышқа үлкен үшбұрыш, ортаншыға – ортаншы және кішкентайға-кішкентайды қою керек.

Кім ең ұзын?

Бұл ойын баланың ең алғаш ұзындықты өлшеуінде көмектеседі. Ақ жылтыр қағаздың бетіне көлдененінен әртүрлі көлемдегі ұзындықтарды қойыңыз, ең ұзынынан бастап ең аласасына қарай. Ең бірінші бала ұзындықтарды бірінің үстіне бірін қояды. Бара – бара бала өзінің көз қарасымен ұзындықтарды кезек кезегімен қояды. Басында ұзындықтар әр өзінің ұзындығына қарай анықталуы керек. Олар бесеуден аспау керек. Ойынды қызықтыра түсу үшін ұзындықтарды алуан түрмен бояп қоюға болады.