Зейін байқағыштығы мен кеңістік елестетуді дамыту.

«Дұрыс боя»

Тапсырмаға материал. Әр бір оқушыда түрлі түсті қалам мен квадрат сызықтарға бөлінген және үйшік бейнеленген қағаз парақтары болуы қажет.

А) Оқытушы балаларға сол жақтағы 2 үйреткішті көк қаламмен, оң көктің алдындағы үйшікті жасылмен, қызыл түс көк пен сары түстің арасында қалатындай үйшікті сарымен, сарыдан кейін келетін үйшікті қоңырмен бояуды ұсынады.

Б) Оқытушы жұлдызшамен белгіленген тор көзді қара қаламмен бояуды талап етеді. Төмендегі тор көзді жасылмен, ал жоғарыдағы тор көзді сарымен бояуы тиіс. Қара мен қызылдың арасындағы сары тор көз қалатындай тор көзді қызылмен бояу керек.

В) Екі сызықтың қиылысуында орналасқан тор көзді жасылмен, жасылдың оң жағындағысын қызылмен, сол жағындағысын сарымен, қызылдан кейін келетін тор көзді көкпен, сарыдан бұрын келетінін қарамен, жасылдың үстіндегісін көгілдір түспен бояуды ұсынады.

Әрі қарай сабақ бөлімдерінің тек мазмұндары түсіндіріледі.

Шеңберлердің реттік іздерін қарап шығып бос тор көздерді толтыруды ұсынады.

Зейіннің тұрақтылығын дамытуға арналған жаттығу

Бала зейінінің тұрақтылығын дамыту үшін газет – журналдан қысқаша жеңіл балаға түсінікті бір шумақ үзінді алып, әр жолды оқып отырып осы сөйлемдегі «а» дыбысының астын сызып, санап, шық деп тапсырма беріп уақытты белгілеп, жазу таңбаларының қанша қате жібергенін қадағалау керек.

Зейіннің бөлінуі мен ауысуына жаттығу жасау үшін берілетін нұсқауда өзгеріс болады. Мысалы: әр қатардан «а» әрпін сызып тастап, «б» әрпінің астын сыз немесе «а» әрпінің алдында «н» әрпі тұрса «а» ны сызып таста, «а» әрпінің алдында «л» әрпі тұрса «ә» әрпінің астын сыз. Мұнда да жіберген қателігі мен уақыттың ұзақтығы есепке алынады. Мұндай дамытушы жаттығуларды жарыс түрінде өткізу керек.

 

Ырықты зейінді дамытуға арналған жаттығу

Балаға бір парақ таза қағаз бен түрлі-түсті қарындаштар беріліп, бірінен соң бірі он үшбұрышты суретін салу талап етіледі.

Осы суретті салып біткен соң балаларға тапсырманы бір-ақ рет беріледі деп қатаң ескертіп айтады да «зер салып тыңда 3,7,9 үшбұрышты жіңішке қызыл қарындашпен жіңішке сызықтар түсір» деп ұсыныс жасап, бала, әрі қарай не істеймін деп сұраса, өзіңнің түсінігің бойынша жаса деп айту керек. Егер бала тапсырманы бірден түсініп, дұрыс орындаса бұдан да күрделірек тапсырманы орындауға болады.

 

Зейіннің бөлінуін дамытуға арналған жаттығу

Егер бала кері санай білетін болса, 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 деп санай отырып, жалпы дамыту жаттығулары еңкею, отыру, бұрылу сияқты қарапайым жаттығуларды орындату керек. Мұны жылдамырақ орындатуға немесе жаттығусыз санауға болады. Қателік санын уақытты есептеуге болады.

Сан білетін балалар үшін зейіннің бөлінуін жаттықтыру үшін мынадай жаттығу жүргізуге болады. 25 тор көзге ретсіз бірден 35-ке дейінгі сандар жазылған соның ішінде 10 саны жоқ, бала қарап тұрып, қай санның жоқ екенін тез ауызша айтса, тәрбиеші жазу арқылы санап тұрады.

 

Бұзылған телефон» ойыны

Топта балалар қалауы бойынша бір жүргізуші таңдалады. Жүргізушіге топтағылар теріс қарап тұрады, ешкім оған қарамайды. Жүргізуші балалардың біреуіне жасырын түрінде (оны өзі ойдан шығарады) бір кейіпті көрсетеді де өзі шетке шығып кетеді. Бала, көрген кейіпін басқа балаға көрсетеді. Осылай жалғасып кете береді. Барлық балаға кейіпті көрсетіп болғаннан кейін, барлығы шеңбер бойына тұрады алдымен ойынды аяқтаған бала өз кейпін көрсетеді соңында жүргізуші өзінің кейпін, және көрсетеді. Бірінші кейіп пен соңғысы салыстырылады.

 

Түгелдеу - шатастыру» ойыны

Мақсаты: Еріксіз зейінді дамыту.

Жүргізуші сол жерде отырған балалардың атымен, тегін қате айтады. Балалар зейін қойып, мұқият тыңдап отырады. Тек қана атымен тегін дұрыс айтқанда ғана алға шығады.

Егер кімде-кім қателессе ойыннан шығады, айыбын төлейді (жұмбақ, жаңылтпаш, әзіл өлең).

 

Не өзгерді?» ойыны

Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

Ойынның шарты:

Үстелдің үстіне бірнеше зат я болмаса кішкентай ойыншық қойылады. Балаға үстелде тұрған ойыншықтарды есінде сақтау ұсынылады, содан кейін «көзіңді жұм» - деп нұсқау беріледі, осы кезде жүргізуші ойыншықтардың біреуін алып тастайды да қай ойыншықтың жоғалғанын табу ұсынылады.

Осы ойынның басқа нұсқасы ретінде, келесі тапсырма заттардың орналасуының өзгергенін табу болып табылады. Ойыншыларға үстелдегі заттардың қандай тәртіппен орналасқанын есінде сақтау ұсынылады, ал кейін ойынды жүргізуші бірнеше заттың орнын ауыстырады да не өзгергенін табу ұсынылады.

Егер бұл ойын балаларға тым қиын болса, онда сөзбен бірігіп айту тәсілі қолданады.

 

Түймелер» ойыны

Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

Ойынның шарты:

Әрбір ойнаушының алдында бір-бірден түймелер жиынтығы және ойын алаңы болады. Ойын алаңы тор көзге бөлінген төртбұрыштан тұрады. Төртбұрыштың ішінде тор көздер неғұрлым көп болса және неғұрлым түймелер көбірек пайдаланылса, соғұрлым ойын күрделі болады. Ойын төрт тор көзден тұратын ойын алаңы мен үш түймеден басталады. Бірінші ойыншы өзінің ойын алаңында үш түймені қойып шығады. Екінші ойыншы түймелердің орналасуын яғни қайсысы қайда тұрғанын есінде сақтайды, осыдан кейін бірінші ойыншы өз ойын алаңын қағазбен жауып қояды, ал екінші ойыншы өзінің түймелерінің арасынан керектерін таңдап алып өз ойын алаңында тура сондай етіп қойып шығуы қажет. Түймелер саны және ойын алаңындағы тор көздер біртіндеп кемиді.

Балаға ол үшін күрделі міндеттің шешілуін жеңілдету үшін бос төркөздердегі түймелердің орналасуын баламен бірге сөзбен айтып отыруға болады: «Үлкен қызыл түйме – сол жақ бұрышта, кішкентай қара түйме ортасында, ал сары түйме оң жақ бұрышта». Осылай етіп ауызша айту баланың мақсатқа шоғырлануына көмектесіп, оның шешімін табудың жолын ашады.

Керекті құралдар: Түрлі түсті 12, түйме 4,6,9 тор көзден тұратын ойын алаңы.