Matricaria recutita L. (Matricaria chamomilla L.)

Althaea officinalis L.

Дәрілік жалбызтікенАлтей лекарственныйAlthaea officinalis L.

(Сурет 4)

Армян жалбызтікеніАлтей армянскийAlthaea armeniaca Ten.

Құлқайырлар тұқымдасысемейство мальвовые – Malvaceae

Сипаттамасы.Екі түрі де қысқа көп басты тік орналасқан тамырсабақтары мен тамырлары тармақты; бас тамырдың жоғары жағы ағаштанған, бүйір тамырлары – ірі, сөлді, ашық-сары түсті, қалыңдығы 1,5-2 см, ұзындығы 50 см. Сабақтары бірнеше, биіктігі 1-1,5 м. Жапырақтарының шеті бүтін, кезекті орналасқан, ұзынсағақты, масаты тәрізді түктелген; төменгі жапырақтары жүрекше-жұмыртқа тәрізді, 3 салалы, жоғарғылары – үшбұрышты-жұмыртқаша аздап 3 салалы; армяндық жалбызтікеннің жапырақтары терең 5 салаланған, салаларының ұшы үшкірлеу шеттері өткір тісті. Гүлдері жоғарғы жапырақтарының қойнында, сабақ ұштарында орналасқан. Олар масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды; гүл тостағаншалары қос қабатты ішкілері 5 күлтелі, сыртқылары 9-12 бөліктен тұрады; гүл тәжі күңгірт-алқызыл, 5-бөліктен тұрады; аталығы күлгін, көптеген түтікше жіптерімен бірігіп өскен, аналығының түйіні жоғары жағында. Жемісі – схизокарпий (бөлшекті қорапша); гүл табанымен біріккен бірнеше мерикарпиден тұрады, олар жеміс піскенде үзіліп шашылып қалады.

3) Таралуы. Дәрілік жалбызтікен ТМД-ның Еуропалық бөліктерінде, Украинада, Белоруссияның оңтүстік аудандарында, Солтүстік Кавказда, Поволжьеде өседі. Кейде Шығыс және Батыс Сібірде кездеседі. Армян жалбызтікені Дағыстанда, Арменияда және Грузияда өседі. Екі түрі де өзен жағаларында, арық жағаларында, бұталар арасында өседі. Краснодар өлкесі мен Украинада мәдени түрге енгізілген.

Дәрілік шикізаты. Тамырларын (Radicеs Althaeae) көктемде (наурыз-маусым) және күзде жинайды. Тамырларын қазып алған соң топырағын қағып тастап тез арада шырыштанып кетпес үшін жуып алады. Жуылған тамырларды 10-20 см етіп кеседі де, оны тоз қабатынан тазартады. Қалың тамырларын ұзындығы бойынша кесіп, кептіргіштерде тез арада кептіру керек кептіргіштің температурасы 45-600С болуы керек. Тамырлары майыстырғанда майыспай тез сынып кететін болса, онда тамырларын құрғақ деп санауға болады. Кепкен тамырлары сыртқы және ішкі беті ақшыл немесе сарғыш түсті (дәрілік жалбызтікен) немесе сұр түсті (армян жалбызтікені) сындырғанда шаңданады (крахмал), суға салғанда шырыштанады. Дәмі тәтті, шырышты.

 

4) Химиялық құрамы.Тамырларында пентозан және гексозандар қосылысынан тұратын шырыштың 10%-нан тұрады; осы шамада пектинді заттар, крахмал 37%, сахарозалар 10%-ға дейін, майлы майлар 1,5-2,0%-ға дейін болады.

Қолданылуы.Ұнтақ, тұнба, шырын күйінде қабынуға қарсы тұтқыр, қақырыққа қарсы және іш өтуде, қатаң гастритте, энтероколитте қолданылады. Қабынуға қарсы және асқазан ішек жолдарының нерв ұштарын басқа тітіркендіргіштерден сақтайды.

Сурет 3. Үлкен бақажапырақПодорожник большой

Plantago major L.

Үлкен бақажапырақ жапырақтарыЛистья подорожника большого Folia Plantaginis majoris

Үлкен бақажапырақПодорожник большойPlantago major L.(Сурет 3)

Бақажапырақтар тұқымдасы – семейство подорожниковые – Plantaginaceae

Сипаттамасы. Тамыржапырақтары көптеген және бірнеше гүл сабақтары цилиндр тәрізді масақпен бітетін көпжылдық шөптесін өсімдік. Гүлдері ұсақ, пленкалы, ашық-қоңырқай түсті. Жемісі 8-13 тұқымды қорапша.

Таралуы.Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі.

Дәрілік шикізаты. Жапырақтары (Folia Plantaginis) кең жұмыртқа немесе кең эллипс тәрізді кең ұзын сағаққа жіңішкеріп біткен, шеттері тегіс, ұзындығы 20 см дейін, ені 3-10 см дейін. Түсі жасыл немесе қоңырқай түсті. Иісі әлсіз. Дәмі әлсіз ащы.

Химиялық құрамы.Өсімдік құрамында шырыш, каротин, К-дәрумені, аскорбин қышқылы, гликозид аукубин, лимон қышқылы, аздап иілік заттар бар.

Аукубин

Қолданылуы. Жапырағы жөтел жинағының құрамына енген. Сулы тұнбасын бронхиальды без секрециясын күшейтеді, мұнде қақырық жұмсарады, оның жөтел кезінде бөлінуі жеңілдейді. Препараттың спазмолитикалық және қабынуға қарсы әсері бар.

 
Жалбызтікен тамырларыКорни алтеяRadicеs Althaeae

Дәрілік жалбызтікенАлтей лекарственныйAlthaea officinalis L.

(Сурет 4)

Армян жалбызтікеніАлтей армянскийAlthaea armeniaca Ten.

Құлқайырлар тұқымдасысемейство мальвовые – Malvaceae

Сипаттамасы.Екі түрі де қысқа көп басты тік орналасқан тамырсабақтары мен тамырлары тармақты; бас тамырдың жоғары жағы ағаштанған, бүйір тамырлары – ірі, сөлді, ашық-сары түсті, қалыңдығы 1,5-2 см, ұзындығы 50 см. Сабақтары бірнеше, биіктігі 1-1,5 м. Жапырақтарының шеті бүтін, кезекті орналасқан, ұзынсағақты, масаты тәрізді түктелген; төменгі жапырақтары жүрекше-жұмыртқа тәрізді, 3 салалы, жоғарғылары – үшбұрышты-жұмыртқаша аздап 3 салалы; армяндық жалбызтікеннің жапырақтары терең 5 салаланған, салаларының ұшы үшкірлеу шеттері өткір тісті. Гүлдері жоғарғы жапырақтарының қойнында, сабақ ұштарында орналасқан. Олар масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды; гүл тостағаншалары қос қабатты ішкілері 5 күлтелі, сыртқылары 9-12 бөліктен тұрады; гүл тәжі күңгірт-алқызыл, 5-бөліктен тұрады; аталығы күлгін, көптеген түтікше жіптерімен бірігіп өскен, аналығының түйіні жоғары жағында. Жемісі – схизокарпий (бөлшекті қорапша); гүл табанымен біріккен бірнеше мерикарпиден тұрады, олар жеміс піскенде үзіліп шашылып қалады.

Таралуы. Дәрілік жалбызтікен ТМД-ның Еуропалық бөліктерінде, Украинада, Белоруссияның оңтүстік аудандарында, Солтүстік Кавказда, Поволжьеде өседі. Кейде Шығыс және Батыс Сібірде кездеседі. Армян жалбызтікені Дағыстанда, Арменияда және Грузияда өседі. Екі түрі де өзен жағаларында, арық жағаларында, бұталар арасында өседі. Краснодар өлкесі мен Украинада мәдени түрге енгізілген.

Дәрілік шикізаты. Тамырларын (Radicеs Althaeae) көктемде (наурыз-маусым) және күзде жинайды. Тамырларын қазып алған соң топырағын қағып тастап тез арада шырыштанып кетпес үшін жуып алады. Жуылған тамырларды 10-20 см етіп кеседі де, оны тоз қабатынан тазартады. Қалың тамырларын ұзындығы бойынша кесіп, кептіргіштерде тез арада кептіру керек кептіргіштің температурасы 45-600С болуы керек. Тамырлары майыстырғанда майыспай тез сынып кететін болса, онда тамырларын құрғақ деп санауға болады. Кепкен тамырлары сыртқы және ішкі беті ақшыл немесе сарғыш түсті (дәрілік жалбызтікен) немесе сұр түсті (армян жалбызтікені) сындырғанда шаңданады (крахмал), суға салғанда шырыштанады. Дәмі тәтті, шырышты.

Химиялық құрамы.Тамырларында пентозан және гексозандар қосылысынан тұратын шырыштың 10%-нан тұрады; осы шамада пектинді заттар, крахмал 37%, сахарозалар 10%-ға дейін, майлы майлар 1,5-2,0%-ға дейін болады.

Қолданылуы.Ұнтақ, тұнба, шырын күйінде қабынуға қарсы тұтқыр, қақырыққа қарсы және іш өтуде, қатаң гастритте, энтероколитте қолданылады. Қабынуға қарсы және асқазан ішек жолдарының нерв ұштарын басқа тітіркендіргіштерден сақтайды.

Кәдімгі өгейшөпМать-и-мачеха обыкновенная

Tussilago farfara L.

Өгейшөп жапырақтарыЛистья мать-и-мачехиFolia Farfarae

Кәдімгі өгейшөпМать-и-мачеха обыкновеннаяTussilago farfara L.

Астрагүлділер тұқымдасысемейство астровыеAsteraceae

Сипаттамасы.Тамырлары өрмелегіш, ұзын, тармақты көпжылдық шөптесін өсімдік. Ерте көктемде жапырақтары пайда болғанға дейін гүлдейді. Гүл сабақтары қысқа, тік, тармақсыз бурыл түсті қабыршақ тәрізді түкті жапырақтары бар төбесінде бір себеттен болады. Өсімдік гүлдеп болғаннан кейін пайда болатын тамыржапырақтары ұзын сағақты, жапырақ тақтасы тығыз домалақ немесе кең жұмыртқа тәрізді формалы, түп жағы терең жүрек тәрізді орналасқан. Жапырақ шеттері ретсіз, тісті, үстіңгі беті күңгірт жасыл түсті, жалаңаш, төменгі беті ақ түкпен көмкерілген. Гүл шоғырының шеңбері 1-2 см себеттер. Гүлдері алтын-сары түсті, шеткі гүлдері – тілді (аталық гүлдер) бірнеше қатар түзе орналасқан, ортаңғылары – түтікше (қосжынысты) жәй түктерден тұратын шашақ.

Таралуы. Өзен, арық жағалауларында, шұңқырларда, топырақты тік жарларда өседі. ТМД-ның барлық аймақтарында өседі. Еуропада, Азияда, Америкада таралған.

Дәрілік шикізаты.Көктемде, ерте жазда жапырақтары (Folia Farfarae) әлі үлкеймей тұрып (8-15 см көлденең) жоғары беті күңгірт- жасыл түсті, әрі жалаңаш кезінде жинайды.

Химиялық құрамы.Жапырақтарында 7-8% шырыштар (гидролиз нәтижесінде глюкоза, галактоза, пентоза және урон қышқылдары түзіледі), ащы гликозидтер (2,6%), сапониндер, каротиноидтар, алма және жүзім қышқылдары, инулин кездеседі.

Қолданылуы.Тұнбасы жұмсартқыш, қақырық түсіргіш және қабынуға қарсы әсері бронхитте, ларингитте, бронхоэктазда, өкпе абсцесінде қолданылады. Өгейшөп ертеден халық медицинасында кеңінен қолданылады.

 

Сурет 16. Қосүйлі қалақай – Крапива двудомная –

Urtica dioica L.

Құрамында К дәрумені бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар

Қалақай жапырақтары – листья крапивы – Folia Urticae

Қос үйлі қалақай – Крапива двудомная – Urtica dioica L.(Сурет 16)

Қалақайлар тұқымдасы – семейство крапивные – Urticaceae

Сипаттамасы.Көпжылдық шөптесін, екі үйлі, тарамданған тамырсабағы бар өсімдік. Сабағы түзу, төртқырлы, биіктігі 60-170 см, жапырағында да қысқа күйдіргіш түктері бар. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, жиектері тісті. Гүлдері дара жынысты, ұсақ, қолтықтан шығатын масаққа айналған. Жемісі жұмыртқа пішінді, сарғыш-сұр жаңғақша. Шілде-тамызда гүлдеп, тамыз-кыркүйекте тұқымы жетіледі.

Таралуы. Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Ылғалы мол көлеңке жерлерде, сайларда, ағаш-бұта арасында, өзен бойларында, арамшөп ретінде үй маңында, жол жағасында өседі.

Дәрілік шикізаты.Жапырақтарын (Folia Urticae)гүлдеу кезеңінде сабақсыз жинайды. Алдымен шөбін орып жинап алады, содан соң оны солдырады да жапырақтарын жұлып жинайды. Жапырақтары жұмыртқа-қияқты, сыртын қатпарланған түк басқан, ұшы үшкір, жиектері ірі өткір тісті, ұзындығы 20 см-ге дейін болады. Қоспасы ретінде күйдіргіш қалақай (Urtica urens L.) жапырақтары ұсақтау, сопақша, терең, жиектерінде өткір емес тістері бар өсімдік саналады. Бұдан басқа қоспа ретіндегі өсімдікке ақ тауқалақай (Lamium album L., тауқалақайлар тұқымдасы) жатады.

Химиялық құрамы. Тамырлары мен сабақ тамырларында алкалоид – никотин, дәрумен С кездеседі. Жер беті бөліктерінде органикалық қышқылдар – қымыздық, янтарь, фумар, сүт, лимон, хин және құмырсқа, сонымен қатар иілік заттар, флавоноидтар, майлар бар.

Қолданылуы.Тамырларындағы тұндырма, тұнба, қайнатпасы бүйрек, асқазан, қанды ірің, аралас іш өтуге, көршиқан (фурункулез), ревматизм, демікпе (астма), өкпе құрты дерттерінде, шашты түсірмеуге дәрі болып есептеледі. Қан азайғанда, ас қорытудың бұзылуына (диспепсия), бұлақ ағу, геморрой дерттерін емдеуге пайдаланылады. Оның жапырақтарынан каротин мен хлорофилл өндіреді, ал олар денедегі күнге күйген жарақатты, тағы басқа жара мен түйнемелерді жазатын бірден-бір дәрі болып саналады. Жапырақтарынан дайындалған тұндырма және сұйық сіріндісі (экстракт) авитаминозға ем, қайызғақты жояды, шаштың түсуін болдырмайды, қанның құрамындағы гемоглобин мен қанның қызыл түйіршіктерін реттейді. Тамырлары мен сабақ тамырларының қайнатпасы бөртпеге, сыздауыққа, безеуге, ал гүлдері мен тамырлар тұндырмасы қақырық түсіруге ем. Жапырақтарының құрғақ сіріндісі «Аллахол» деген препараттың құрамына кіреді. Сұйық сіріндісі мен тұндырмасы жатырдан, ішектен, бүйректен, өкпеден қан кетуге қарсы қолданылады. Өсімдіктің жер беті бөліктері диеталық тағам ретінде пайдалы.

Сурет 21. Мамыр раушан – Шиповник майский –

Rosa majalis Herrm.

Құрамында С дәрумені бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар

Раушан жемістері – плоды шиповника – Fructus Rosae

Мамыр раушаны – Шиповник майский – Rosa majalis Herrm.(Сурет 21)

Раушангүлділер тұқымдасы – семейство розоцветные – Rosaceae

Сипаттамасы.Биіктігі 2 м жететін жіңішке бұталарының сырты жылтыр, қызғылт қос-қостан тік немесе қалың майысқақ тікендер басқан бұталы өсімдік. Жапырақтарының астыңғы бетін қалың жабысқан түк басқан. Жемістері домалақ. Мамыр-маусымда гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жемісін береді.

Таралуы.Тобыл-Есілде, Ертісте, Семей ормандарында, Көкшетауда, Ақтөбе, Муғаджар, Торғай аудандарында, Батыс Ұлытауда, Алтайда және Тарбағатайда кездеседі. Орманды жерлерде, бұталар арасында, шалғындарда, өзен жағалауларында, тасты шатқалдарда өседі.

Дәрілік шикізаты. Жемістерін (Fructus Rosae) тамыз-қыркүйекте жемістерінің түсі қызғылт, қызғылт-сары түске енгенде жинайды. Жемістерін аяз түскенде жинау керек, шелекке немесе себеттерге жинап алып тез арада қалыңдығы 2-3 см етіп металл торларға жайып кептіреді. Шикізатты уақыт өткен сайын аударыстырып отырады. Кептіргіштерге салып 80-900С температурада кептірген өте қолайлы, себебі ондағы С-дәрумені жақсы сақталады.

Шикізаты өсімдіктің түріне қарай пішіні мен өлшемдері әр түрлі гүл тостағаншасын алып тастағаннан кейінгі оның орнындағы саңылаулары немесе бүтін тостағаншалары бар кепкен жемістері. Жемістерінің түсі қызыл немесе қою қызыл түсті. Сыртқы беті жылтыр, әжімделген, ішкі жағы күңгірт, жаңғақтары қатты, сары, сыртын ақ түк басқан. Жемістерінің қабығының дәмі қышқылтым-тәтті, аздап бырыстырғыш, иісі жоқ. Аскорбин қышқылының мөлшері бүтін жемістерінде 1%-дан кем емес, ұсақталған шикізатында 2%-дан кем емес болуы керек.

Химиялық құрамы. Бұл дәрумені мол түрі. Кептірілмеген жас жемістерінде органикалық қышқылдар, флавоноидтар, С, В, В2, Р, РР, К дәрумендері, каротин, иілік және пектинді заттар табылған.

Қолданылуы. Раушанның препараттарының өт айдайтын, несеп айдайтын, қабынуға қарсы, антисклеротикалық әсері бар, сонымен қатар ағзадағы тотығу-тотықсыздану үрдістерін едәуір жақсартады. Медицинада бұл өсімдіктің асқазан жарасында, ұлтабардың қабынуында, трофикалық жараларда, гинекологияда және де жүректің жедел және созылмалы ауруларында емдік қасиеті ерекше.

 

Сурет 36. Кәдімгі мыңжапырақ – Тысячелистник обыкновенный – Achillea millefolium L.

Мыңжапырақ шөбі – трава тысячелистника – Herba Millefolii

Кәдімгі мыңжапырақ – Тысячелистник обыкновенный – Achillea millefolium L.(Сурет 36)

Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые – Asteraceae

Сипаттамасы.Көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамыржапырақтары ірі, сағақты ұзындықтары 15 см. Сабақ жапырақтары отырмалы, өте ұсақ, өте ұсақ бөліктерге бөлінген. Сабақтары гүл шоғыры – күрделі шашақбаспен бітеді. Маусым айынан бастап бүкіл жаз бойы гүлдеп тұрады.

Таралуы. Барлық жерде өседі. Орта Азия мен Қазақстанның және Орта Азияның шөлдері мен жартылай шөлейт жерлерінде өседі. Әсіресе құрғақ шалғындарды, дала беткейлерінде, егістіктер мен жол байларында өседі.

Дәрілік шикізаты. Шөбін (Herba Millefolii) гүлдеп тұрған кезінде жоғарғы бөлігін 20-25см биіктікте кесіп жинайды. Шикізат қарайып кетпеуі үшін оны көлеңкелі жерлерде жұқалап жайып кептіреді.

Химиялық құрамы. Жер үсті бөліктерінде 0,8% эфир майлары болады. Эфир майларының негізгі компоненттері хамазуленнің құрамы 1 ден 40%-ға дейін кездеседі. Майында туйон, камфора, борнеол сияқты бициклдық

терпендер мен олардың оттекті туындылары болады. Бұдан басқа сесквитерпендерден ахиллин, миллефолид, кариофиллен, моноциклды терпендерден-цинеол бар.

Ахиллицин

 

Қолданылуы. Тәбет ашу үшін хош иісті ащы заттар ретінде асқазан гастритінде және кілегей қабаттың қабынуы кезінде қолданылатын дәрмек. Сұйық экстрактысының қан тоқтататын қасиетін геморройдан, жатырдан қан кетуде және басқа да қан кетулерде пайдаланады.

Сурет 35. Дәрілік түймедақ – Ромашка аптечная –

Matricaria recutita L. (Matricaria chamomilla L.)

Түймедақ гүлдері – цветки ромашки – Flores Chamomillae

Дәрілік түймедақ – Ромашка аптечная – Matricaria recutita L. (Matricaria chamomilla L.)(Сурет 35)

Астагүлділер тұқымдасы – семейство астровые – Asteraceae

Сипаттамасы. Бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түбінен бастап немесе көбінесе жоғарғы жақтары көп бұтақтанған, сызықты, жапырағы мол. Жапырағы ұзын, қауырсынды және екі есе қауырсынды тарамдалған, ұштары сүйір, отырыңқы. Гүл шоғыры себет, ұзын гүлі аяққа орналасқан, қалқаншаға жиналған. Гүлтабаны ұзарған конус тәрізді, қуыс, жалаң. Жапырақ ширатқысы бір қатар, жасыл, қоңыр, шеттері ақ қабыршықты, жиектері бүтін. Шет гүлдерінің тілшелері майысқан, ақ. Тұқымы өте ұсақ, имек, бүйірі мыжылған, жоғарғы жағы қиғаш кесілген, жалаң, 3 дөңес ақ сызығы бар, тұқымының арқасы жалаң, қоңыр, айдарсыз. Мамыр-маусымда гүлдейді, тұқымы шілде-кыркүйекте пісіп жетіледі.

Таралуы.Қазақстан жерлерінде Алтайда, Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауларында кездеседі. Ылғал сүйгіш өсімдік, тыңайған бос жерде, жол бойында, арамшөп ретінде ауыл маңында, бау-бақшада, бақта, егістікте, сортандалған шалғында, дала учаскелерінде өсіп-өнеді. Дәрілік шикізатын дайындау үшін бұл өсімдікті ерте заманнан бері мәдени түрде егіп келеді.

Дәрілік шикізаты. Гүлдерін (Flores Chamomillae) гүлдей бастағанда, тілді гүлдерінің көлденең орналасқан кезінде жинайды. Гүл себеттерін тарақшалардың немесе арнайы жабдықталған машиналардың көмегімен жинайды. Жаз бойына себеттерінің ашылу ретіне қарай 4-5 рет жинайды. Шикізатты ашық ауада немесе кептіргіште 40-500С температурада гүлдері шашылып қалмайтындай етіп сақтықпен кептіреді. Хош иісті түймедақ гүлдерін қолмен жұлып тереді.

Шикізаттың сапасы себеттерінің сақталуына байланысты анықталады; түскен себеттерінің мөлшері 20%-дан жоғары болмауы керек. Гүл табанының ұзындығы 3 см-ден жоғары емес, гүл шоғырларының мөлшері де осы шамадан аспауы керек. Түймедақ гүлдерін тек фанер жәшіктерде сақтайды.

Түймедақтың жабайы дәрілік формаларын жинау кезінде астагүлділер тұқымдасының басқа ақ тілше гүлдері бар, күнделікті тұрмыста «түймедақ» деп қате аталатын түрлерінің себеттерін жаңылысып жинауы мүмкін.

Дәрілік түймедақтан Leucanthemum vulgare Lam. түрлерінің жапырақ шеттері тегіс, себеттері дәрілік түймедақтың гүл себеттеріне қарағанда 3-4 есе ірілеу, иісі жоқ, гүл табаны жалпақ, тығыз болады.

Гүл себеттері ұсақ түрлерін ажырату қиындық туғызады:

1) иіссіз түймедақ (Matricaria inodora L.) – дәрілік түймедақпен салыстырғанда бұл ұсақ өсімдік, қалың жапырақты, жапырағының 2-ші реттегі бөліктері кең, қияқты, иіссіз, гүл табаны жартылай шар тәрізді;

2) егістік пупавка (Anthemis arvensis L.) – жапырақтары терең қауырсынды салалы, бөліктерінің шеттері ірі тісті, иісі жоқ, гүл табаны дөңес конус тәрізді, біртегіс, тікенді жұқа қабатпен жабылып тұрады;

3) ит пупавка (Anthemis cotula L.) – жапырақтарының бөліктері дәрілік түймедақ бөліктерінен кеңірек, иісі сүйкімсіз, гүл табаны дөңес, жұқа қабатты, пленкалы күлтешелер жауып тұрады.

Химиялық құрамы. Себет гүлдерінен эфир майы бөлінген. Оның құрамына хамазулен, кадинен, терпендер, сонымен қатар спирт, флавоноидтар, қышқылдар (никотин, аскорбин, каприл, салицил), кумариндер, холин, фитостериндер, каротин, шырын, шайыр, қант, ақуызды заттар, гликозидтер, апигенин, апиын, герипарин, матрицин, лактондар, дәрумендер бар екені анықталып отыр.

Матрицин Хамазуленкарбон қышқылы Хамазулен

Қолданылуы. Гүл шоғырынан дайындалған препараттары қабынуға, қан тоқтатуға, жараларды микробтан сақтауға, тұтастырғыш, ауруды басатын және тыныштандырғыш, тырыспаға қарсы, тер, өт айдайтын дәрі. Түймедақтың эфир майы денеден тер, газ шығарып, қабыну үрдісін төмендетеді, асқазан ішек жолдарының жұмысын жақсартады, тыныс алу жұмысын ретке келтіреді. Өсімдік гликозиді өт бөлу және ішектен шырын шығаруын көбейтіп, асқа деген тәбетті қоздырады. Хамазулинмен бронх демікпесін, ревматизмді, аллергиялық асқазан және тоқ ішектің қабынуын, түрлі экземаны, рентген сәулесінен күйгенді емдейді. Өсімдік тұндырмасын ішек түйілгенде, асқазан және аш ішектің (энтерит) қабынуына, іш кебуге (метеоризм), бауырға, қуыққа, бүйрекке, өт қабына, суық тигенде, етеккірдің мезгілсіз келуіне (дисменорея), ұстамалы жүйке ауруына (истерия), неврозға, тырысу-құрысуға, үшкіл жүйке ауруларына қарсы дәрі ретінде ішеді. Сыртқы жараларға және ауруларға тұтастырғыш, микробтан, қабынудан сақтау ретінде дәрі. Тұндырмасымен түрлі дерттерге қарсы ауызды шаяды, жуады, булайды және клизма қояды.

Сурет 24. Бұрыш жалбыз – Мята перечная –

Mentha piperita L.

Бұрыш жалбыз жапырақтары – листья мяты перечной – Folia Menthae piperitae

Бұрыш жалбыз – Мята перечная – Mentha piperita L.(Сурет 24)

Жалбыз майы – Мятное масло – Oleum Menthae piperitae

Тауқалақайлар тұқымдасы – семейство яснотковые – Lamiaceae

Сипаттамасы.Көпжылдық шөптесін өсімдік.Тамырсабағы көлденең, тармақты. Тамырсабағынан көптеген жер асты өркендері тарайды. Сабағының биіктігі 100 см, 4 қырлы, сырты жалаң немесе аздаған түк басқан. Гүлдері ұсақ қызыл-күлгін түсті. Өсімдіктің күшті хош иісі бар. Маусымның аяғынан қыркүйекке дейін гүлдейді. Бұрыш жалбыздың екі түрі бар олар ақ және қара.

Қара жалбыздың сабағы, сағағы жапырақ жүйелері күңгірт, қызғылт-күлгін түсті (антоцианды түстес). Ақ жалбыздың антоцианды түсі жоқ, сондықтан оның сабағы мен жапырағы ашық-жасыл түсті болады. Ақ жалбыздың эфир майының иісі өте сүйкімді, антоцианды түрімен салыстырғанда, бірақ қара жалбыздың ментол құрамы мен эфир майының мөлшері жөнінен өте бай өсімдік. Ақ жалбыз парфюмерияда бағалы өсімдік, оның тағамдық қасиеті де зор.

Таралуы. Қазақстанның барлық аудандарында өседі. Батыс Қазақстан тау қыратында, Тобыл, Есіл, Семей, Солтүстік Каспий, Манғыстау, Тарбағатай, Жоңғар Алатауында кездеседі.

Дәрілік шикізаты. Жапырақтарын (Folia Menthae piperitae) өсімдік гүлдеп тұрған кезде және де өсімдік бойында эфир майы көбейген кезінде жинайды. Кептірілген шикізат, яғни, жапырақтары бүтін немесе сынған жапырақтары. Олар қысқа сағақты, қияқты немесе ұзын-жұмыртқа тәріздес жапырақ жиектері ара тісті. Жапырақтарының ұзындығы 8 см, ені 3 см.

Химиялық құрамы. Гүл шоғырындағы эфир майының мөлшері 4-6%-ға дейін, жапырақтарында 2,5%-ға дейін эфир майы бар, сабағында олар кездеспейді. Эфир майының негізгі компоненттеріне моноциклдық терпендердің оттекті туындыларынан ментол (40-70%), ментон (10-25%), пулегон, ментофуран, сонымен қатар ментолдың сірке және валериан қышқылдарымен түзілген эфирлері жатады.

 

Ментолдың

күрделі эфирі

Шалфей жапырақтары – листья шалфея – Folia Salviae

Дәрілік шалфей – Шалфей лекарственный – Salvia officinalis L.(Сурет 25)

Тауқалақайлар тұқымдасы – семейство яснотковые – Lamiaceae

Сипаттамасы.Биіктігі 50 см сабағын жасыл-сұр түк басқан жартылай бұталы өсімдік. Сабақтары тармақты 4 қырлы қалың жапырақ. Жапырақтары қарама-қарсы. Гүлдері 6-8-ден, жоғары ұшында масақты гүлшоғырын құрайды.

Гүл тостағаншасы қос ерінді, түкті. Гүл тәжі көк-күлгін түсті, қос ерінді. Өсімдіктің күшті хош иісі бар. Маусым-шілдеде гүлдейді.

Таралуы.Өсімдіктің отаны – Жерорта теңізі. Молдавияда, Украинада, Қырымда, Солтүстік Кавказда өсіріледі. Жабайы түрде кездеспейді, мәдени түрде дәрілік және сән өсімдігі ретінде өсіріледі.

Дәрілік шикізаты. Жаз бойына жапырақтарын (Folia Salviae) 2-3 рет жинайды: гүлдей бастағанда, гүлдеп болғанда және күзде. Гүлдерін алғашқы екі кезеңде төменгі дамыған гүлдерін күзде, жоғарғы ұшындығы гүлдерін де жинайды. Жапырақтарының иісі күшті.

Химиялық құрамы. Өсімдіктің барлық бөліктерінде эфир майы, негізгі компоненттері цинеол, L-α-туйон, D-ß-туйон, D-α-пинен, D-борнеол, D-камфора. Үшциклды сесквитерпен цедрен табылған. Бұдан басқа иілік заттар, тритерпенді қышқылдар (урсол және олеанол қышқылдары) бар.

Қолданылуы. Шалфей препаратының суыққа қарсы, қан тоқтататын, қақырық түсіретін, микробты жоятын және тыныштандыратын қасиеті бар. Ол тер шығуды азайтады, ана сүтін көбейтеді. Шаштың түсуіне, экстрогендік белсенділігіне байланысты ерте кездерде оны құрсақ көтеру үшін, тұнбасын дертті асқындырмайтын дәрі ретінде, ауыз ойылғанда, қызыл иек қабынып, одан қан кеткенде, тіс ауырғанда, баспада, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуында, ауызды және тамақты шаюға пайдаланады. Оны булау, шаю және ванна жасау арқылы тері сыртына да қолданады. Шалфейдің препаратын 3 айдан артық пайдалануға болмайды, себебі ас қорыту жүйесінің сілекейлі қабағын тітіркендіреді.

Сурет 41. Кәдімгі жебіршөп – Тимьян обыкновенный –

Thymus vulgaris L.

Кәдімгі жебіршөп шөбі – трава тимьяна обыкновенного – Herba Thymi vulgaris

Кәдімгі жебіршөп – Тимьян обыкновенный – Thymus vulgaris L.(Сурет 41)

Тауқалақайлар тұқымдасы – семейство яснотковые – Lamiaceae

Сипаттамасы. Биіктігі 50 см-ге дейін өсетін, күшті тармақталған жартылай бұта. Бұталары 4 қырлы, сұрғылт-түкті, қысқарған бүйір өркендері бар. Жапырақтары ұсақ, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ, жоғарғы жапырақтарының қуысына гүл шоғырын құрай орналасқан. Гүл тостағаншалары мен гүл тәжі қос ерінді; гүл тәжі ашық күлгін немесе қызғылт, кейде ақ түсті. Жемісі – ценобий, 4 тұқымды, гүл тостағаншасына толық орналасқан. Маусым-шілдеде гүлдейді.

Таралуы.Отаны – Испания мен Францияның онтүстігі, онда ол құрғақ, ашық тау етектерінде өседі. Ресейде Краснодар өлкесі және Украина мен Молдованың онтүстік аудандарында мәдени өсіріледі.

Дәрілік шикізаты.Бірінші орымды өсімдік толық гүлдеп тұрған шағында, екінші рет күздің аяғында өсімдік толық өсіп болғанда жинайды. Өсімдіктің шөптесін бөлігін орады. Шөбін (Herba Thymi)кептіріп, сорттайтын машинада ірі сабақ бөліктерінен тазартады. Дәрілік шикізаты бүтін және жапырақтары, гүлдері мен жіңішке бұталарының кесінділерінен тұрады. Жапырақтары қысқа сағақты, ұзын кері жұмыртқалы немесе ұзын-қияқты, ұзындығы 5-10 мм, екі жағынан дақтар жауып тұрады, үстіңгі беті жалаңаш, астыңғы беті қысқа түкті, шеттері тегіс ішке қарай қайырылып тұрады. Жапырақтары өте хош иісті.

Химиялық құрамы. Гүлдеп тұрған шөбінде 0,8-1,2% эфир майы табылған. Негізгі компоненттерге тимол (40% дейін), карвакрол, n-цимол, бұдан басқа монотерпендер; линалоол, γ-терпинен, терпинеол (4%), DL-пинен, L-борнеол, сонымен қатар сесквитерпен кариофиллен бар. Шөбінде урсол және олеанол қышқылдары мен фенол қосылыстары (флавоноидтар, кофеин, хлороген, хин қышқылы) бар.

Қолданылуы.Шөбінен алынатын сұйық экстрактысы бронхитте және көк жөтелде қақырық түсіретін дәрмек ретінде пайдаланатын «Пертуссин» препаратының құрамына кіреді. Эфир майы түрлі ысқылауға пайдаланатын линименттер құрамына енген. Эфир майы тимол алу үшін қолданылады. Бірақ соңғы кездері тимолды м-крезолды синтездеу арқылы алады.Тимолды ауыз қуысының, таңдай мен жұтқыншақтың кілегей қабаттарын дезинфекциялау үшін, тіс тәжірибесінде кариозды қуыстарды дезинфекциялау және дентинді анестезия үшін, дерматологияда түрлі саңырауқұлақтан болатын дерттерде, дәрілік парфюмерияда тіс пасталары мен шаюға арналған дәрмектер дайындау үшін пайдаланады.

 

Сурет 34. Дермене жусан – Полынь цитварная –

Artemisia cina Berg.

Дермене жусан гүлдері – цветки цитварной полыни – Flores Artemisiae cinae

Дермене жусан – Полынь цитварная – Artemisia cina Berg.(Сурет 34)

Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые – Asteraceae

Сипаттамасы.Шөлді жерлерде өсетін жартылай бұта. Сабағы тармақты, төменгі жағы ағаштанып кеткен, биіктігі 70 см дейін. Төменгі сабақ жапырақтары сағақты, қосқауырсынды салалы, ұзындығы 3-6 см, түкті, көгілдір түсті, ортаңғы сабақ жапырақтары отырмалы, біртіндеп қысқарып өлшемі кішірейіп отырады (1,5 см-ге дейін), аздап түкті, жасыл түсті; жоғарғы жапырақтары ұзын-қияқты, жәй жапырақтар. Өсімдіктің гүлдеу кезеңінде жоғарғы жапырақтардан басқалары түсіп қалады. Гүлдері ұсақ, көптеген гүл себеттеріне жиналып күрделі сыпырғы гүлшоғырын құрайды. Қыркүйекте гүлдейді. Өзіне тән иісі болады, улы.

Таралуы. Өсімдік эндемді – Оңтүстік Қазақстанда өседі. Сырдария, Арыс өзендері бойымен, шөл далаларда, тау етектерінде ірі алқаптар құрып өседі. Мәдени түрге енгізілген.

Дәрілік шикізаты.Өсімдіктің қауыздану кезінде жиналған гүл себеттері (Flores Artemisiae cinae). Арнайы машинаның көмегімен өсімдіктің жер үсті бөлігін кесіп жинайды. Жиналған шикізатты кептіріп болған соң қырманға жеткізіп, онда машинамен оны майдалап «тұқымдарға» (яғни, ашылмаған себеттері) және «шөбінің ұнына» айналдырады. Екі шикізат та бұдан ары Шымкенттегі химико-фармацевтикалық зауытқа түседі. Мұнда шөбі мен гүл себеттерінен сантонин алынады, ал гүл себеттерін екінші тазартудан өткеннен кейін дәріхана мен экспортқа жібереді.

Ашылмаған гүл себеттері жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 3 мм, ені 1-2 мм, жоғары ұшы мен түбі үшкір. Гүлдері түтікше гүл, 3-6-дан, ұсақ, қауыздану кезеңінде жалаңаш гүл табанына орналасып гүл орамымен толық жабылып тұрады. Гүл себеттері жасыл немесе бурыл-жасыл. Иісі өзіне тән, дәмі ащы-татымды.

Химиялық құрамы.Гүл себеттері, жапырақтары мен жоғарғы жас сабақтарының ұштарында сантонин және эфир майы бар. Сантонин α-селинен типті бициклдық сесквитерпендерге жататын лактон болып табылады.

Сантонин

Гүл себеттеріндегі сантониннің мөлшері кең аралықта өзгеріп отырады. МФ Х басылымы бойынша оның ең төмен мөлшері 2,5%, бірақ оның мөлшері 7%-ға дейін де өсіп отырады. Шөбінің шикізатында сантонин мөлшері 1,75%-дан төмен болмауы керек. Гүл себеттері мен шөбінде эфир майы 1,5%-дан 3%-ға дейін болады. Ол негізінен цинеолдан (70-80%) тұрады, азулен де кездеседі.

Қолданылуы. Гүлдерін аскаридоз кезінде ішек құрттарына қарсы бал, қант қосып қабылдайды. Дәрінің дозасын науқастың жас шамасына қарай тағайындаған жөн.

 

Сурет 67. Қырықбуын қылша – Эфедра хвощевая –

Ephedra equisetina Bunge.

Қылша шөбі – трава эфедры – Herba Ephedrae

Қырықбуын қылша – Эфедра хвощевая – Ephedra equisetina Bunge.(Сурет 67)

Қылшалар тұқымдасы – семейство эфедровые – Ephedraceae

Сипаттамасы. Биіктігі 1-1,5 м ксерофитті бұталы өсімдік, өркендерінің даму кезеңі әр түрлі болады; бірінші кезектегі өркендері діңінен тік көтеріліп өседі, олардан екінші кезектегі өркендер дамиды. 1-2 жылдық өркендері жасыл күйінде болады да біртіндеп олар ағаштанып барып сыртын сұрғылт түсті тоз қабаты жабады. Өркендері мүшелі, жас өркендер жасыл түсті болады. Эфедра қосүйлі өсімдік.

Таралуы.Қырықбуын қылша өсімдігі негізінен Орта Азия мен Қазақстанның таулы аймақтарында (Жоңғар Алатауында, Іле Алатауында, Орталық және Батыс Тянь-Шаньде, Памир-Алтайда) кездеседі. Тау етектерінде, шатқалды жерлерде өседі. Алматы және Жамбыл облыстарында өндірісте дайындалады. Егістіктері бірнеше жүз гектарларды алып жатады.

Дәрілік шикізаты. Негізі өндірістік шикізаты қырықбуын қылшаның шөбі (Herba Ephedrae). Өндірісте псевдоэфедринді эфедринге изомерлеу мүмкін болғандықтан өндірістік шикізат ретінде орташа қылшаның шөбін де пайдаланады.

Қырықбуын қылшаның шөбін ерте көктемде немесе жазғы-күзгі кезеңде жинайды. Шикізаты өсімдіктің жоғары ұшының ұзындығы 25 см, сабақ жуандығы 3 мм шөптесін бөлігінен тұрады. Шикізатының түсі ашық-жасыл түсті. Иісі болмайды. Дәмін анықтамайды, өсімдік улы. Алкалоидтар мөлшері 1,6%-дан төмен емес.

Химиялық құрамы.Өсімдіктің барлық бөліктерінде алкалоидтар L-эфедрин, D-псевдоэфедрин және L-N-метилэфедринді кездестіруге болады. Псевдоэфедрин эфедриннің оптикалық изомері болып саналады. Эфедрин фенилалкиламиннің туындылары бола отырып фенилаланиннен түзіледі.

Қолданылуы. Ғылыми медицинада эфедрин препараттары өкпенің жұмсақ бұлшық еттерінің спазмында, өкпе демікпесінде, көк жөтелде қолданылады. Тамырлардың тарылуына әсер ете отырып ол артериялық қысымды көтереді. Сонымен бірге, наркотиктермен және ұйқы шақыратын препараттармен уланғанда қолданылады.