L-фенилаланин L-эфедрин D-псевдоэфедрин

 

Сурет 73. Сасық меңдуана – Дурман обыкновенный –

Datura stramonium L.

Сасық меңдуана жапырақтары – листья дурмана обыкновенного – Folia Daturae stramonii

Сасық меңдуана – Дурман обыкновенный – Datura stramonium L.(Сурет 73)

Алқалар тұқымдасы – семейство пасленовые – Solanaceae

Сипаттамасы. Биіктігі 1 м дейін жететін өте жағымсыз иісті біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жасыл, жылтыр, бұтақталған. Жапырақтары жұмыртқа пішіндес, ұшы үшкір, тақтасының жиектері толқындала ойықталған, ұзын сағақты. Гүлдері ірі, гүл аяғы өте қысқа, өркенге бір-бірден орналасады. Тостағанша жапырақшасы 5, ақшыл-жасыл түсті, бір-бірімен бірігіп, түтік құрайды. Күлтелері 5, ақ, воронка тәрізді, түбі жіңішкеріп тостағаншаның ішінде жатады. Жемісі шар тәрізді немесе жұмыртқа пішіндес, сырты қатты тікенекті қауашақ. Тұқымдары бүйрек пішіндес, қара, ұсақ. Көкектен қыркүйекке дейін гүлдейді.

Таралуы.Қазақстанның таулы облыстарынан басқа жерлерінің бәрінде кездеседі. Үй маңында, аулада, бақшаларда, қоқысты жерлерде топтанып өседі. Ылғалды, құнарлы топырақты жерлерде жақсы өнеді.

Дәрілік шикізаты. Жапырақтарын (Folia Stramonii) тез арада кептіреді. Иісі ерекше, дәмін тексермейді (улы). Алкалоидтар мөлшері 0,25%-дан төмен болмауы керек.

Химиялық құрамы. Өсімдіктің барлық бөлімінде гиосциамин, атропин, скополамин алкалоидтары бар. Жапырақтарында (0,23-0,37%) алкалоидтар, эфир майы (0,04%), каротин (0,1% дейін), илік заттар (1,7%) болады. Тұқымдарының құрамында линол глицериді (45% дейін), олеин (40% дейін), пальмитин, стеарин және лигноцерин қышқылдары кіретін майдың 17-25% бар. Алкалоидтар жаздың аяғында өсімдікте көп жиналады.

Қолданылуы. Сасық меңдуананың емдік қасиеті, оны медицинада қолдану туралы көне индияның Сушрут еңбегінде айтылған. Осы күнгі медицинада сасық меңдуанадан дайындалған (астматол және астматин) препаратын өкпе демікпесіне, қатты жөтелге, тыныс жолдары ауруларына қолданылады. Скополамин «Аэрон» таблеткасының құрамында бар, оны теңіз бен ұшқыш ауруларына қарсы пайдаланады. Халық медицинасында буын ауруларына, невралгияға, тағы да басқа жүйке ауруларына береді.

Өте улы өсімдік, пайдаланғанда сақ болу қажет.

Сурет 72. Қара меңдуана – Белена черная – Hyoscyamus niger L.

Меңдуана жапырақтары – листья белены – Folia Hyoscyami

Қара меңдуана – Белена черная – Hyoscyamus niger L.(Сурет 72)

Алқалар тұқымдасы – семейство пасленовые – Solanaceae

Сипаттамасы.Екі жылдық (майда) жұмсақ түкті жабысқақ, ұнамсыз иісті шөптесін өсімдік. Тармақталған сабағының ұзындығы 20-80 см. Төменгі тамыржапырақтары ірі, сағақты, ұзын-жұмыртқа тәріздес ойық қауырсын салалы. Гүлдеу кезеңінде өсімдік сөнеді. Сабақ жапырақтары отырмалы жұмыртқа тәрізді қияқты, ойық-салалы, ал жоғарғы жапырақтары ұсақ, бүтін. Гүлдері отырмалы. Гүл тостағаншаларының ұзындығы 20 см, түтікше қоңырау тәрізді, 5-тісті. Гүл тәжінің ұзындығы 20-30 мм, воронка тәрізді күлгін-сарғыш түсті. Жемісі тостағаншасына беріштеніп бекітілген 2-ұялы қорапша, қақпағынан ашылады. Тұқымы бурыл-қара, домалақ, сырты ұсақ ұяшықтардан тұратын майысыңқы, көлденеңі 1,5 мм-ге дейін жетеді.

Таралуы. ТМД-ның барлық Европалық бөліктерінде және Кавказда таралған. Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Далалы жерлерде, қоқыста, үй маңында, бақтарда өсетін арамшөп.

Дәрілік шикізаты.Сабақ және тамыр жапырақтарын (Folia Hyoscyami) екі рет жинап алады. Тамыр жапырақтарының ұзындығы 30 см-ге дейін болады. Жапырақтарының түсі сұрғылт жасыл түсті және басты жүйкелері жалпақ, ақ түсті негізіне қарай кеңейе түскен. Иісі ұнамсыз, есеңгірететін әсері бар.

Химиялық құрамы.Өсімдіктің барлық бөліктерінде алкалоидтар кездеседі, олардың негізгілері гиосциамин мен скополамин. Жапырақтарында 0,05-0,1% алкалоидтар, ал тұқымдарында және тамырларында олардың мөлшері аздап жоғары.

Қолданылуы. Мендуана препараттары медицинада қатты құлап жарақаттанғанда, подагра ауруларына тыныштандыру үшін қолданылады. Бронхы демікпесіне ішетін «Астматол» дәрісінің құрамына қосады.

Мендуана алкалоидын – гиосциаминді ұшақпен ұшқанда құсуға қарсы қолданатын «Аэрон» таблеткасының құрамына қосады. Қара меңдуананың жапырақтарынан жасалған майын, экстрактысын сыртқы ауруларға, жүйке, бұлшық ет және буын ауруларына жағады. Меңдуананың барлық препараттары өте улы, пайдаланғанда өте сақ болу қажет.

Сурет 1. Кәдімгі зығырЛен обыкновенный

Linum usitatissimum L.

Зығыр тұқымдарысемена льнаSeminа Lini

Кәдімгі зығырЛен обыкновенныйLinum usitatissimum L.(Сурет1)

Зығырлар тұқымдасысемейство льновые – Linaceae

Сипаттамасы. Жұқа сабақты біржылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары көптеген, кезекті орналасқан, жіңішке қандауыр, отырмалы, балауыз қатпармен қапталған. Гүлдері шашыраңқы гүл шоғырын құрайды. Гүл тәжі көгілдір түсті, күңгірт түсті жолақтары бар 5 күлтешеден тұратын бос күлтешелі гүл тәжіне жатады. Жемісі – домалақ шар тәрізді 10 тұқымды.

Таралуы. Көптеген елдерде мәдени түрде субтропикадан солтүстік кеңістікке дейін таралған талшықты (лен-долгунец) немесе майлы түрі (лен-кудряш) өсіріледі. Ресейде зығыр өсірумен ерте кезден айналысқан, әсіресе, Псков, Новгород, Ярослав, Кострома, Вологда облыстары.

Дәрілік шикізаты. Тұқымдарының (Seminа Lini) ұзындығы 3-5 мм, жұмыртқа тәрізді, бір шеті үшкірлеу екінші жағы домалақтанып келген. Түсі қоңырқай-сарғыш, үстіңгі беті жалтыр, тегіс. Дәмі майлы-шырышты, иісі жоқ. Тұқымының көп қабатты қабығы диагностикалық зерттеу қызығушылығын тудырады. Оның ең сыртқы шырышты қабаты эпидермистің өте ірі түссіз жасушаларынан тұрады. Тұқымын суға салғаннан осы жасушалардың ішіндегілері суда ериді, бұдан соң эпидермистің сыртқы қабаты ісініп, қысымды көтере алмай жарылады да шырыш ағып кетеді.

Химиялық құрамы.Тұқымдарында шырыш 5-12%; майлар 30-48%; ақуыз заттар 18-33%. Шырыштар гидролизінде галактоза, галактурон қышқылы, ксилоза, арабиноза және рамноза түзіледі.

Қолданылуы. Mucilago seminis Lini күйінде ішектің тітіркенуінде тұтқыр зат ретінде қолданылады. Зығыр күнжарасының ұнтағы (Farina Lini) сырттай жұмсартқыш ретінде булап басады.

 

Сурет 17. Кәдімгі жұмыршақ – Пастушья сумка –