Оттектің физикалық қасиеті

Оттектің кейбір физикалық қасиеттері бұрыннан белгілі. Ол иіссіз, дәмсіз, түссіз газ. Сондықтан оны ауадан ажырату қиын. Тек он сегізінші ғасырда тәжірибе жүзінде ағылшын химигі Дж. Пристли (1774 ж.) мен швед ғалымы К. Шееле (1772 ж.) оттекті бос күйінде алып, оның ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді. Оттек ауадан сәл ауыр . 0*С-та және бір атм қысымда (101,325 кПа) оның бір литрінің массасы 1,43 грамм, ал ауаныкі - 1,29 грамм тартады. Оттек суда аз ериді. Қалыпты жағдайда 20*С-та және 1 атм қысымда судың 100 көлемінде небәрі 3 көлем оттек газы ериді. Осы қасиетіне орай, арнайы газ өлшегіш деп аталатын шыны аспаптағы суды ығыстыру арқылы оттек газын жинап сақтауға болады. Оттек - 183*С-та сұйылады, - 218*С-та қатады.

Медициналық оттегіарнайы медициналық темір баллондарда сақталады. Мұндай баллондар жоғарғы қысымды болып жасалынады. Баллондар көбіне көк түсті болад. Баллондар 1,2 литрден 10 литрге дейінгі сыйымдылықты болып жасалынады. Осы баллондар 15 МПа (150 атм.) қысыммен жасалынады. Наркоз аппаратурасында тыныс газ қоспаларын байыту үшiн пайдаланады, тыныс алудың бұзылуларында, брохиалды астмамен ауыратын адамдарға және т.б.

Сурет – 15. Медициналық оттекті баллонның бейнесі.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Жалпы жағдай

 

Дипломдық жобамның тақырыбы - «өкпені жасанды вентиляциялау аппараттарын зерттеуге арналған лабораториялық стендасын жасау». Сол себепті, бұл жобаны дамыту және өңдеу жөніндегі қаржылық сұрақтар оның кәсіпорынға әкелетін пайдасымен ғана емес оның болашағын анықтаумен жүзеге аспақ. Қазіргі заманда әр ел өзі өндірген тауарларын пайдаланады және сыртқа сатуға шығарады. Шет ел жасап шығарып жатқан электрондық аспаптарды біздің елде де жасап шығаруға мүмкіншілік жоқ емес. Сондай аспаптардың бірі ол – өкпеге жасанды вентиляциялау аппараты болып табылады. Оны кәсіпорын желісіне ендіру мәселесінің экономикалық негізделуі қарастырылады. Кәсіпорын қажетті нәтижеге жетуі үшін бірнеше сатылардан өтуі тиіс: өндірісті дайындау; өндірістік үрдіс және өнімді өткізу.

Дипломдық жобаның берілген бөлімнің мақсаты ұйымдастырушы – экономикалық қажетті есептеулерді орындау.

Біздің еліміздің негізгі даму салаларының бірі болып экономикалық қалыптасуы саналады. Бұл өз негізінде жаңаша ізденулері, жаңалықтарды ашуға, өндіріс және медицинада басқару технологияларын енгізуге әкеледі.

Тиімділікті прогрессивті көтеру жолы ғылыми - техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе соңғы екі ондықта барлық өндіріс салаларына енгізіліп жатқан компьютерлер арқылы автоматтандыру, өкпеге жасанды вентиляциялау аппаратын өндіріс салаларында, тұрмыста және басқа да салаларда қолдану адамдар санын және экономикалық шығындарды азайтады.

Кәсіпорынның басты мақсаты барынша жемісті нәтижеге жету. Қазіргі есептеу техникасы заманында программалық қамтама жасау өте тиімді және пайдалы екені айдан анық.

Өндірісті дайындау дегеніміз - ғылыми зерттеу және тәжірибелі құрастырушы жұмыстар (дипломдық жобаның техникалық бөлімі), ресурстармен қамтамасыздандыру (кадрлық және материалдық, ақпараттық), қаржыландыру, техникалық дайындау жұмыстарын іске асыру.

Өндірістік үрдіске - қажетті сапалы мамандарды жұмысқа алу, оларды орналастыру; жұмыс орындарын, машиналарды, жабдықтарды материалдық - техникалық және энергетикалық жағынан қаматамасыздандыру; еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау; тікелей жұмыс үрдістерін жүзеге асыру істері жатады.

Қазіргі нарық заманында белгілі бір ғылыми жаңалықты кең қолданысқа енгізу кезінде оның экономикалық жақтары бірінші кезекте ескеріледі. Көптеген жағдайда жаңалық экономикалық жағынан тиімді болмайды. Теориялық жағынан тамаша болып келетін ғылыми жаңалықтар шешімдері қолданбалы түрге ауыса алмай, нарыққа ене алмайды.

Өкпені жасанды вентиляциялау (ӨЖВ) – ауаны немесе басқа газдарды қоршаған ортадан өкпеге және өкпеден қоршаған ортаға жасанды түрде көшіру арқылы газ алмасуды қолдану әдісі. Өкпені жасанды вентиляциялау аппараты – бұл қанды оттегімен қанықтыру және көмірқышқыл газды өкпеден шығару мақсатымен жасалған, өкпеге газ қоспасын күштеп жіберу үшін арналған медициналық құрылғы. ӨЖВ аппараттары қолмен басқарылатын және механикалық болуы мүмкін. Механикалық аппараттың жұмыс істеу үшін сығылған ауа орталық медициналық мекеменің газбен жабдықтау жүйесінен де (немесе, тасымалдау кезінде, балоннан), дербес микрокомпрессордан да жіберілуі мүмкін. Қазіргі заманғы ӨЖВ аппарттары жоғары технологиялы медициналық құрылғы болып табылады. Олар пациентке көлемі мен қысымы бойынша респираторлық көмегін қамтамасыз етеді.