Тақырып . Ормандағы және таудағы экстремальды жағдайлар – 2 сағат

 

Дәріс жоспары:

1.Өрттердегі қауіпсіздік шаралары.

2.Орманда адасқан адамның тіршілігі.

3.Тайғаны кесіп өту.

4. Таудағы экстремальды жағдайлардың сипаты.

5. Алғашқы көмек көрсету.

Ырыққа көнбей бейберекет жану процесін және жану кезінде көптеген материалды құнды заттарды бүлдіріп, адам өліміне дейін әкеп соғатын кұбылысты өрт дейміз.

Әдетте өрт табиғи апат ретінде көптеген аймакты тіпті жүздеген, мыңдаған гектар жерлерді қамтып, ландшафты орманды, тропикалық және далалық болып бөлінеді. Мүндай өрттердің табиғи кұбылыстар және көптеген жағдайларды зерттеу деректері бойынша 90%-ке дейін адамдардың өрт қауіпсіздігін сақтамауынан, ал тек 7-8% найзағай түсуден болады.

Өрттер кезінде адам өміріне қауіп төндіретін факторларға өрт қызған шақ, заттармен қоршаған орта температурасының көтерілуі жатады.

Жану кезінде пайда болатын улы заттар түтін және ауадағы оттегінің мөлшерінің азаюы жатады.

От өте қауіпты бірақ адамдарға тікелей әсер етуі өте сирек кездеседі. Қауіпты болып сәуле шығарып жанатын от толқыны есептеледі.

Сонымен бірге адамдарға қоршаған орта температурасының жоғарлауы нәтижесінде ауаның қызуы, жоғарғы тыныс жолдарынын күйюіне, тұншығуға тіпті өлімге әкеп соғады, қоршаған орта температурасының 100°С көтерілуі естен танып бірнеше минуттан кейін өлімге әкеп соғады. Сонымен бірге тері қабаттарының күюі де өте қауіпті.

Жоғарыда айтылған факторлардың барлығы адамдар өміріне қауіп төндіреді. Сонымен бірге апат аймағындағы адамдардың психологиясының өзгеруіне де себеп болады. Қорқыныш туған жағдайда кішігірім өрттерде, көптеген адамдардың қосымша зақымдар алуы мүмкін. Өрттерде сақтану шараларын білген адам, тек қана өз өмірін ғана сақтап қоймай айналасындағы басқада зардап шеккен адамдарға көмек көрсете алады. Ормандардағы өрттерде жоғарғы температурадан, жанған ағаштардың құлауынан және өртеніп кеткен торфтар орынынан пайда болған шұңқырларға түсіп кетуден сақтау қажет. Жалпы аумақты жерлерді қамтып жанатын ормандардағы өрттер кезіндегі жоғарғы температура және айналаны түтін басып кету өте қауіпті.

Орманда адасып журер бағытын жоғалтқан адам, міндеттеі түрде тоқтап түсбағдар немесе табиғи белгілердің көмегімен жүрер жолын тапқаны дұрыс.

Егер түсбағдар немесе т.б. заттар көмегімен жол таба алмаған жағдайда:

Уақытша аялдау орынын ұйымдастырған жөн.

1. Табиғи және қолдағы бар заттардан баспана жасау қажет.

2. Жылыну үшін от жағу керек.

3. Бай табиғат аясынан тамақ қорын толтыруға әрекет жасау қажет.

4. Жүрер жолды анық білмегендіктен, сырттан көмек керекетіледі.

5. Ұзақ уақыт аялдау керек болған жағдайда лагер құру аймағын таңдап, орналасу қажет.

Егер орманда сырттан көмек күтіп ұзақ уақыт тосатын жағдайда, дұрыс таңдап орналасқан жер көптеген қолайсыз жағдайлардан қиналмай шығуға себеп болады. Біріншіден орман ішінде өте қиын болғандықтан құрғақ жерге орналасуға тырысу қажет, әсіресе мүк басып кеткен ормандарда мүк суды өз салмағынан 20 есе артық сіңіреді. Сонымен бірге бұлақ немесе ағып жатқан суларға таяу орналасу қажет, себебі үнемі ауыз суымен қамтамасыз етіледі.

Тайғада болған адам, онда қаншалықты жүріп өтудін киын екендігін біледі, себебі өте жиі және қалың өскен ағаштар, бұталар т.б. өсімдіктер жүруге қиындык жасайды. Сонымен бірге тайғаның флора, фаунасының бір-біріне өте ұқсас болуына байланысты адам бір жерді бірнеше мәрте айналуы мүмкін. Бірақ компас болмаған жағдайда, әр түрлі табиғи белгілерге байланысты адаспауға болады.

Мысалы : ағаштардың солтүстікке қараған жағының қабығы кедірбұдыр болып және төменгі жағын мүкпен қына басып кетеді. Ал, қайың мен қарағайдың солтүстікке қараған жағы қошкыл түсті болып, онтүстікке қараған жағы ашық түсті болады. Ағаштар бойын, тастарды қалынң кабатта мүктермен қына басып жатады. Шырша ағаштарынан шығатын смала солтүстік жағанда онтүстікке қарағанда көп мөлшерде болады. Бірақ жиі өскен ағаштар арасынан жоғарыда айтылған белгілерді табу мүмкін емес. Бұл белгілерді алаңкай шетінде немесе жеке өскен ағаштарда жақсы көруге болады. Көктем айларында қар еріген кезде солтүстік жаққа орналасқан төбелердегі қар кем ериді. Кұмырсқа илеуі солтүстік жағынан ағаш бұта немесе таспен қорғалып тұрады.

Ормандағы су кедергілерінен өткен жағдайда әсіресе ағыны жылдам және түбінде тас қиыршыктары көп өзендерден өткенде, нық басып өту үшін аяқ киімді шешпеу қажет. Әрбір қадам жасаған сайын таяқпен су түбін байқап отыру қажет. Ағыны жылдам су құлатып жібермеу үшін, ағынға қарсы қырындау жүру керек.

Қыс мезгіліндеде сулардан өту кезінде өте абай болған жөн. Жалпы ағынды суларда, мұз астында ағыны жылдам болғандыктан мұздың төменгі қабаты жұқарады. Әсіресе жар қабактардағы қар астындағы мұздармен кұмды өзендерде су бір жерге жиналып катуы өте қауыпты, себебі мұзы өте жұқа болады. Суық күндері мұндай сулардан бу шығып жатады. Бірақ мұндай мұздарды қалың қар жауып байкалмай қалуыда мүмкін. Сондықтан өзендердегі мұздардан өткенде өте сақ болу қажет жар қабақ жиектер мен өзендер бұрылысынан өткенде өте сақ болған жөн, себебі мұндай жерлерде ағын жылдам болғандактан мұз жұқа болады. Егер басқа жол болмай тек өзен арқылы өту мүмкін болып, ал мұз жұқа болса, еңбектеп өткен жөн.

Тайғада қалай тамақтануға болады. Егер орман ішінде адасып кеткен адамның салған дұзағына ешқандай аң түспесе, балық аулай алмаса, шарасыздан жеміс жидектермен көректенуіне тура келеді.

Тайғада көптеген жеуге жарайтың жеміс беретін ағаштармен бұталар кездеседі. Оларға шетен, ырғай т.б. өсімдіктер жатады. Сонымен бірге жабайы өсетін өсімдіктердің жапырактарымен тамырлары және саңырауқұлактармен коректенуге болады.

Зайлы – Алатауында қар көшкіні 30-4 м биіктіктен жаңа жауған қар қалындығы 20-25 см жетекенде бола беруі мүмкін. Аязды күндері ұлпа қар қалыңдығы 10-15 см қар көшкіні болуы әбден мүмкін. Егер қар өте жиі және ұзақ жауып, қалындығы сағатына 3 см асатын болса, қар көшкіні қауіпі туады сондықтан, дереу ол аймақтан кету қажет.

Таулы аймақта экстремальды күй кешу кезінде, жануарлардың мінез – құлқынада көңіл аудару қажет. Себебі тау ешкілері қар көшкінін алдын-ала сезіп, қаупты аймақты тастап кетеді. Сембі және жексенбі күндері мұз айдыны стадионы «Медео» мен тау шаңғы базасы «Чимбұлаққа» 10 мыңдаған адам дем алу, серуендеу мақсатында шығады. Тәжирбессіз адамдар үшін мұндай серуінде басты қауп «қар көшкіні». Таулы аймақтар етегінде көптеген елді мекендер орналасады, геологтар жұмыс жасайды, ағаш кесіліді және мал жайую сияқты жұмыстар кезінде қар көшкіні өте қаупті. Тау саяхаттары кезенде 20% бақытыссыз жағдайлар қар көшкініне келеді.

Сонымен қатар жоғарғы қысым,төменгі температура және үскірік желдер тау саяхатында жүрген адамдар мен экстремальды жағдайларға түскендерге қауп төндереді. Зақымдану және жарақаттану сияқты зардап шегулер кезінде бұл жағымсыз факторлар адам жағдайын күрт нашарлатып жібереді.

Таудағы экстремальды жағдайларға жоғарғы қысым, төменгі температура және үскірік желдер жатады. Таудағы апаттар кезінде адам өміріне қауіп төндіретін негізгі факторлар. Апатқа түсу кезінде бірінші кезекте уақытша аялдау орындары мен баспаналар дайындалып, байланыс жүйелерін іске қосып сондай-ақ қолдағы бар заттардың барлығымен белгі беру құралдарын дайындау қажет. Таудағы экстремальды жағдайларда адамның іскерлегі мен тапқырлығы, физикалық дайындығымен психологиялық тұрақтылы басты тіршілікті сақтау факторы болып табылады.

Негізгі әдебиеттер [22, 23, 29, 4, 10, 16, 20]

Қосымша эдебиеттер:[30-32]