Нәтижелерді өңдеу

Кесінділерді жүргізгеннен кейін қабаттанған жабынды бөліктерін жою үшін жұмсақ қылқаламмен тор үстінен диоганалды, тура және кері бағыттарда бес реттен жүргізеді.

Адгезияны қажет болса, лупа қолдана отырып, кесте бойынша бағалайды.

Балл Сыр-бояу жабындысына торлы тіліктерді жүргізгеннен кейін беттің сипаттамасы Жабындының сыртқы түрі
Кесінділердің шеттері толығымен тегіс, бір де торда қабаттанған белгілері жоқ.  
Торлар тіліктерінің қиылысқан жерлерінде майда қабыршақтар түрінде жабындының болмашы қабаттануы. Бұзушылық тор бетінің 5% -дан артық емес ғана бөлігінде байқалады.  
Тор кесіндісі бойымен немесе олардың қиылысқан жерлерінде жабындының ішінара немесе толық қабаттануы. Бузушылық тор бетінің 5-35 % байқалады.  
Жабындының толық немесе 35 % жоғары қабаттануы.  

Параллель тіліктер әдісі

Әдістің мәні дайын сыр-бояу жабындысына параллель тіліктер жүргізіп, үш баллды жүйеде жабындының күйін көзбен шолу арқылы бағалау.

Үлгілер және реактивтер:сыр-бояу материалы (эмаль, сыр және т.б.); сольвент.

Құрал-жабдықтар:өлшемдері60´150 мм, қалыңдығы 0,9 - 1,0 мм болаттан жасалған немесе қара қалайыдан жасалған өлшемдері 70´150 мм, қалыңдығы 0,2 - 0,35 мм табақша пластиналары; Кесетін құрал: кез-келген ұсталатын ұстара жүзі; кесетін бөлігін 20 - 300 бұрышта қайрайтын және жүзінің жиегінің қалыңдығы 0,05 - 0,1 мм болатын бір- немесе көпжүзді пышақ. Металл сызғыш немесе бір-бірінен 1, 2 немесе 3 мм қашықтықта орналасқан ойықты үлгі. Жалпақ, жұмсақ, қалыңдығы 10 мм-ден кем емес, қылының ұзындығы 15 мм-ден кем емес қылқалам. Қателігі 10%-дан көп емес жабындының қалыңдығын өлшейтін құрал. Полиэтилентерефталат негізіндегі жабысатын бау (скотч).

Жұмысқа дайындық

Жұмысқа дайындықты «Торлы тіліктер» әдісіне ұқсас жүргізеді.

Жұмыс істеу әдісі

Жабысқақ бауды қолдана отырып адгезияны анықтау екі параллель үлгіде және әр үлгінің үштен кем емес ауданында жүргізу қажет. Үлгі бетінінің әр ауданында шетінен 10 мм қашықтықта кесетін құралдың көмегімен металлға дейін ұзындығы 20 мм бір-бірінен қашықтықтары 1, 2 немесе 3 мм параллель тіліктер кеседі. Тіліктерге өлшемі 10х100 мм перпендикуляр жабысқақ бауды қояды және оны тығыз жабыстырады, баудың бір ұшын бос қалдырады. Бауды жабындыдан жылдам перпендикуляр бағытта жұлу қажет. Адгезияны параллель тіліктер әдісімен үш баллды шкаламен бағалайды.

Балл Сыр-бояу жабындысына тіліктерді жүргізгеннен және жабысқақ бауды жұлғаннан кейінгі беттің сипаттамасы Жабындының сыртқы түрі
Кесінділердің шеттері толығымен тегіс.  
Жабындының болмашы тілік қалыңдығы бойынша кесінділер бойымен қабаттануы (0,5 мм артық емес).    
Жабындының тіліктермен қабаттануы.  

Талдау әдістерін пайдаланып, дайын сыр бояу материалдарын анықтау жолдарын сипаттаңыз.