Осыны пайдалана отырып, әрі қарай дамытарсыңдар....

11.Логотерапия әдісінің қолданылу барысын көрсетіңіз.

Логотерапияның (грек сөзі «logos» - сөз, terapeia – күтім, емдеу) негізін салған ХХ ғасырдың ортасында Виктор Франкл болып табылады. Бұл бағытта адамның тіршілік ету мəні қарастырылып, осы мəнді іздеу жүзеге асырылады.Франклдың көзқарасына сəйкес адамның өмір мəнін іздеуге жəне жүзеге асыруға ұмтылысы барлық адамға тəн туғаннан пайда болатын мотивациялық тенденция жəне тұлғаның дамуы мен мінез-құлқының негізгі қозғаушысы болып табылады. Франкл «мəнге ұмтылысты» «рахат алуға деген ұмтылысқа» қарама-қарсы деп есептеген: «Адамға теңдік жағдайы, тыныштық емес, керісінше соған тұрарлық қандай да бір мақсат үшін күрес қажет». Алайда өмір мəнін жүзеге асыруға деген адами ұмтылыс фрустрацияға əкеліп, бұл экзистенциалды фрустрация неврозға əкелуі мүмкін. В.Франкл адамды өмір бойы өз руханилығын жаңартатын жасаушы деп есептеген.

В.Франкл адамның əрекетін 3 типке бөлді:

1. Рухани тұлғаны жасауға мүмкіндік беретін.

2. Руханилықты жоюшы.

3. Руханилыққа қатысы бойынша немқұрайлы

Адам өз əрекеттері үшін жауапты.Жауапкершіліктен бас тарту кейін адам құнын төлейтін əрекеттер болып табылады.Адам əрдайым өз əрекеттерін таңдауда, шешім қабылдауда еркін, бірақ тек жаңарушы əрекетті таңдауда өмір мəнін жүзеге асырады.Жаңарушы əрекеттер шығармашылықтың құндылығын, уайым жəне қарым-қатынасты іздеуге бағытталған.Əрбір адам үшін бұл құндылықтар танымал, нақты жəне қайталанбас, сондықтан адам өмір мəнін іздеуде өзін жəне өзінің тұлғалығын жүзеге асыратын аймақты іздейді жəне табады.Егер адамда өмір мəнін жоғалту жағдайы пайда болса, В.Франкл адамға өз тұлғалығының бірегейлігі мен қайталанбастығын ұғынуға жəне сезінуге ұсыныс береді.Өзі өмір сүретін əлемді жəне қоршаған адамның құндылығын, өзін-өзі бағалауды иелене отырып адам өзіне-өзі сенімділікке, өз толымдығына, керектігіне, яғни өмір сүру мəніне қол жеткізеді.Қандай жағдайда болмасын адамның өмірі мəнін жоғалтпайды - өмір мəні əрдайым табылуы мүмкін.

В.Франклдың тұлғалық тұрғысының негізінде 3 негізгі ұғым жатыр: «еріктің еркіндігі», «мəнге деген ерік» жəне «өмірдің мəні». В.Франкл бойынша мəн өмірдің əрбір ретінде, сонымен қатар қайғыда да объективті болады.Психолог бұл мəнді адамға бере алмайды, өйткені əркімде ол өздік.Бірақ психолог клиентке оны ұғынуға көмектесе алады.Өмір мəнін жоғалту күшті психозақымдық жағдайларда жүзеге асады: жақын адамның қайтыс болуы, соғыс əрекетіне қатысу жəне т.б.

Логотерапияның міндеті- адамға өмір мəнін табуға көмектесу болып табылады.

Егер адам өзбетімен жағдаяттарды белсенді іздесе, онда қорқыныштан «айнала» əрекет етуге үйренеді жəне қорқыныш бірте-бірте жоғалады. Бұдан логотерапияның негізгі бағыттары шығады:

· Егер адамның өмірі мəнсіз болса, ол қалыпты өмір сүре алмайды жəне өмірінің мəні мен мақсатын таппайынша тыныштығынан айырылады

· Өмір мəні адамға тереңнен берілмейді, ұсынылмайды жəне байланбайды.Ол оны өзбетімен табуы керек.

Логотерапияның техникалары:

Адамдарға өз мəселесін шешуге көмектесуде Франкл 2 негізгі əдісті ұсынады:

1.Дерефлексия əдісі артық өзін-өзі бақылауды жоюға, өзін-өзі қазбалау деп аталатын жеке қиындықтарды ойлауға негізделген.

2.Парадоксалды интенция əдісінде психолог клиентті өзі қашуға тырысатынына бағыттауды болжайды. Мұнда əзілдің əр түрлі құбылыстары белсенді». Парадоксалды интенция əдісі қорқынышты түзету жұмыстарында қолданылады.Мысалы, егер адам жабық бөлмеден қорықса, оған осындай бөлмеде өзін-өзі мəжбүрлеп болуға ұсынылады.Ұзақ болу нəтижесінде қорқыныш жоғалып, адамның өз-өзіне сенімділігі артып, бұрын қашқақтағандарынан қорқуды қояды.

Логотерапияда келесідей тəсілдер де қолданылады:

3.Өмірді персоналды ұғыну. Бұл тəсіл өмір мəнін жоғалтқан адамға оның басқа адамға керектігін, өмірдің олсыз өз мəнін жоғалтатынын айтуға, көрсетуге негізделген.

4. «Сократтық диалог». Бұл тəсілдің міндеті – клиентті бірлестікке тарту жəне оның сана аймағын кеңейту. «Сократтық диалог» - жүру барысында клиенттің ретсіз, қарсылықты жəне дəлелсіз талқылаулары түзетілетін психолог пен клиент арасындағы интеллектуалды жекпе-жек.Бірте-бірте психолог клиентті жоспарланған тұжырымға əкеледі.Бұл үрдістің негізінде тəсілдің ядросын құраушы логикалық дəлел жатыр.Əңгімелесу барысында психологсұрақтарды клиент максималды саны бойынша жағымды жауап беретіндей құрастырады.Осылай, клиент бұрын қабылданбаған, түсініксіз немесе белгісіз болған талқылауларды қабылдауға келеді.

12.Гештальттерапияның жүргізілуі мен ұйымдастырылуына талдау жасаңыз

Гештальттерапия- топтың мүшесі және оның көшбасшысы келісім- шарт қарым- қатынас жасау түрінде жүргізіледі. Және де топтың барлық мүшесі бұл үрдіске қатыспай, бақылап отырады. Мұндай бақылау әрқайсысы өзін және өзінің мәселелерін түсінуге көмектеседі. Осының негізінде жеке тұлғаның өзгеруіне мүмкіндік береді. Гештальтерапияны американдық психолог Фриц Перлз ойлап тапқан. Гештальттерапия тұманнан шықты. Сол кезде Перлзді қоғам жаңа үрдістің “әкесі” ретінде санай бастады. Бұл ағым Америкадан Австралияға,Жапонидан Ресейге дейінгі жерді басып алды. Гештальттерапия психоанализді ревизиялау әдісі ретінде туындады Перлз былай дейді: “Менің әдісімді тек ауру кезінде қолдану жеткіліксіз болып келеді, себебі ол өте күшті”. Міне сондықтан гештальттерапия тек қана ауруханаларға қиындық сезген жасөспірімдер мен балалар оқитын оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар мектептерге төменгі лицейлерге, үлкен адамдарды дайындайтын институттарға енгізілуде.

Қазіргі таңда жекелік гештальттерапияға қатысқан 12 миллион француздардың көпшілігі ауру емес сіз және біз сияқты өмірін жақсартуға өмірінің сапасын жекелік жанұялық және әлеуметтік өмірін толықтыру үшін қобалжитын жандар екені анықталды.

Гештальттерапияның мақсаты осы немесе басқа құрылымдардың төмендеуінің қандай болуына қарамастан, “күрес” пен “жөндеуге” емес, адамның жақсы болуының үйлесімділігін дамыту мен ұстап тұруға бағытталған. Сондықтан гештольтерапия терапия медициналық көмек берумен емес, дененің үйлесімділігімен айналысты.

Гештальттық психотерапия “жекелік” немесе “топтық” терапияны емес, “диадтық” терапияны білдіреді. Бұл жағдайда клиент пен терапевтің бір уақытта қатысуын енгізеді. Бұл терапия “осында және қазір” деген екі адам арасында болады.

Гештальттерапевке терапия барысында келесі этаптардан ұсынылады:

· Терапевттің сеансқа қатысуы

· Терапевттің болып жатқан жағдайларды қабылдауы

· Терапевттің сұрақтар қоюы

· Терапевттің кері байланыс орнатуы

· Терапевттің эксперимент жүргізуі