Нарықтағы сұранымға сәйкес маркетингттің негізгі тұрпаттары және түрлері

Маркетингке үдеріс ретінде ішкі екі жақгылық тән, ол маркетингтің сараптамалық және әрекеттік жақтарынан көрінеді. Осы екі аспектіге сәйкесінше маркетингтің: стратегиялық және жедел деген екі түрін бөліп керсетуге болады. Стратегиялык маркетинг - түтынуіпылардьщ қажеттіліктерін талдау негізінде бар нсәне әлуетті (потенциалды) нарықтарды айқындап, олардың тартымдылығын анықтау арқылы бәсеке қабілеттшігіне жету.Казақстандык біркатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың

маркетингтік қызметін талдау, олардын негізінен жедел маркстингті қолданатынын көрсетті. Бүл - нақты нарықтық жағдайда маркетингтік қүралдарын басқару, фирманың тауарға, өткізумен катар коммуникация саясатын үйымдастыру.

Жүзеге асыру шекараларына байланысты маркетиштщ үлттық (ішкі), халықаралық, ғаламды (глобальды) деген түрлері бар.

Тұлғалық немесе эго- маркетинг - накты тұлғаға қоғам-ның оң кезкарасын тудыру және оны демеуге бағытталған қызмет. Саяси қайраткерлер, әртістер, спортпшлар, адвокат-тар және бизнесмендер өзінің танымалдығын және имиджін көтеру мақсатында маркетинг әдістерін колданады.

Қазіргі кездегі маркетингтің маңызды түрі - идеялар мар­кетинг. Маркетинг жүйесінде идея тауар ретінде қарастыры-лады және «әлеуметтік маркетинг» түсінігімен тығыз байла-нысты болады. Ғылыми әдебиетте әлеуметтік маркетингтің қарама-қайшы анықтамалары кездеседі. Кейбір мамандар оны әлеуметтік немесе коммерциялық емес салада марке-тингтің қүралдарын қолдану десе, ал басқалары - біртүтас әлеуметтік жүйедегі маркетингтік қызмет деп атайды. Біздің ойымызша, әлеуметтік маркетинг қоғам мүддесін ескере отырып жүзеге асырылатын және әлеуметтік қатынастар айналасындағы қажеттіліктерді

Өндірушінің тұтынушымен байланысына қарай тікелей және желілік сияқты маркетиштің екі түрін айқындаймыз.

Соңғы жылдары Қазақстанда тікелей маркетингтің сан алуан түрлері белсенді дамуда, ол тауарларды телефон, теле-дидар, Интернет желісі және БАҚ-тың басқа түрлері, жаңа технологиялар көмегімен, сонымен катар таратып сату және дербес сату комегімен жүзеге асырылады.

Сұранымның нарықтағы деңгейі маркетингінің міндеттері мен мақсаттарын, деңгейін түбегейлі өзгерте алады. Сұранымның деңгейіне байланысты маркетингінің мынадай түрлерін айырады:

 

Сұранымның түрі Сипаттамасы Маркетингінің міндеттері Маркетингінің түрі
1. Жағымсыз Тауарды ұнатпайды, кәсіпорын шығынмен келіседі. Нарықтың тауарды неге ұнатпағанын талдау қажет. Тауарды өзгерту, бағаны төмендету, ынталандыру шараларын күшейту Консервативтік маркетингі
2. Жасырын Тауар қалыптасқан сұранымды толық қанағаттандыра алмайды Потенциалды нарықктың көлемін бағалап, сұранымды қанағаттандыратын тауар шығару. Дамушы маркетинг
3. Құлдырап бара жатқан Сұранымның төмендеуі Себептерін талдау, өнімді ынталандыру, тауарды өзгерту Ремаркетинг
4. Жүйесіз Тауарды өткізу маусымға, сағатқа, күнге байланысты өзгеріп отырады Сұранымның ауытқуын кемді бағамен ынталандыру шаралары арқылы бәсеңдету Синхромаркетинг
5. Тым артық Сұраныс ұйымның қанағаттандыру мүмкіндіктерінен едәуір артық Бағаны көтеру және сервисті қысқарту арқылы уақытша төмендету Демаркетинг
6. Тиімсіз иррационалды Адам денсаулығына зиян келтіретін тауарға сұраным Адамдарды зиянды әдеттерден бас тартуға шақыру, бағаны көтеру, сатып алу мүмкіндіктерін шектеу (18 жасқа дейін) Қарсы маркетинг
7. Болмайтын Сұранымның жоқтығы Тауарға тән қасиеттерді тұтынушы және ықтимал тұтынушылардың пайдасымен байланыстыру әдістерін іздеу, өнімге деген көзқарасты өзгерту Ынталандыру маркетингі
8. Толыққанды Сұранымнын қазіргі деңгейі Сұранымның деңгейін тұтынушының таңдауы өзгергені және бәсекенің күшеюіне қарамастан қолдау Қолдау маркетингі