Ші бөлім. Инновациалық-инвестициялық жобалар мен ресурстарды құру әдістемесі және олардың тиімділігін бағалау

Компанияның шаруашылық қызметінің қазіргі жағдайы және инновациялық ресурстары

 

Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық дамуы соңғы жылдары өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, инвестиция саласында, сыртқы экономикалық қызметте экономикалық дамудың тұрақты қарқынымен сипатталады. 2007 жылы тоқтап тұрған кәсіпорындарды іске қосу, істеп тұрған кәсіпорындарда өндіріс көлемін кеңейту, жаңа өндірістерді іске қосу, 41 кәсіпорында жаңа өнім түрлерін шығару есебінен 3271 жұмыс орны құрылды.

Кәсіпорындар 10,6 млрд. теңгенің импортты алмастырушы өнімдерін шығарды, бұл 2007 жылғы деңгейден 8,2 процентке көп. Жанар-жағар май, трансформаторлар, экскаваторлар, дәрі-дәрмектер және т.б. өнімдердерді өндіру өсті. Халықаралық сапаны басқару стандарттарына өту жүзеге асырылуда. Екі кәсіпорында халықаралық ИСО 9001-2000 стандартына сай келетін сапа жүйесі енгізілген: «JTI Central Asia» ЖАҚ және «Компания ФудМастер-Шымкент» ЖШС. Бұл бағдарламаның орындалуына «Алекс» ЖШС да өз үлесін қосты.

Алекс» ЖШС қызметін талдауды 2004-2007 жылдар материалдары негізінде жүргіземіз.

Компания Сарыағаш ауданында минаралды су өндіру және сатумен айналысады. Компания өнімдері Қазақстан нарығында сұранысқа ие, сонымен қатар компания өз өнімдерін Ресей Федерациясына экспорттауға мүмкіндігі бар.

Компания 2004 жылдың бірінші тоқсаны мен 2007 жылдың төртінші тоқсаны кезеңдері аралығындағы қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы бойынша қаржылық жағдайы, төлеу қабілеттілігі, қаржылық тәуелсіздігі тұрақты өтпелі, бірақ кейбір жағдайларда өзіндік мобильдік қаржыларының жетіспеушілігі байқалатын шаруашылық субъектісі ретінде сипатталады.

Бухгалтерлік баланс қорытындыларын талдау

 

Нарықтық қатынастарға өту жағдайында қаржылық-экономикалық жағдайдың жедел өзгеруі шаруашылық субъекттердің қызметтерін тоқсандық нәтижелер бойынша талдау қажеттілігін туындатты, бұл олардың жағдайы мен динамикасын терең және мұқият қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Компанияның қорытынды балансы қарастырылған кезең бойында келесі диапазондарда өзгерістерге ұшырады (2-ші кесте):

минимум - 79,2 млн. теңге (2004 жылдың 1 қаңтары – талдаудың базалық деңгейі);

максимум – 401,5 млн. теңге (2005 жылдың 1 қазаны) ;

кезең соңына - 241, 6 млн. теңге (2007 жылдың 31 желтоқсаны).

 

Ші кесте

Зерттелу кезеңі, жылдар мен тоқсандар АКТИВ ПАССИВ
Барлығы, мың теңге Ұзақ мерзімді активтер Ағымдық активтер Барлығы Өзіндік капитал Міндетте-мелер - барлығы
           
01.01. 79 231,0 39 407,0 40 976,0 79 231,0 78 953,0 308,0
01.04. 80 879,0 44 185,0 36 694,0 80 879,0 80 556,0 323,0
01.07 103 071,0 74 278.0 28 793.0 103 071,0 100 438.0 2 633.0
01.10 153 494,0 111 656.0 41 838.0 153 494.0 149 790.0 3 704.0
           
01.01. 191 591,0 139 916.0 51 675.0 191 591.0 186 977.0 4 614.0
01.04. 208 138,0 150 467.0 57 671.0 208 138.0 207 434.0 704.0
01.07 373 364,0 161 658.8 211 705.3 373 364.1 212 950.5 160 433.6
01.10 401 451,9 187 559,2 213 892,7 401 451,9 393 681,7 7 770,2
           
01.01. 371 007,8 171 705.5 199 900,3 371 007,8 361 987,3 9 020,5
01.04. 358 910,8 173 241.0 185 669,8 358 910,8 353 147,9 5 702,9
01.07 255 593,9 180 275.3 75 318,6 255 593,9 250 985,0 4 608,9
01.10 253 632,3 183 566.8 70 065,4 253 632,3 250 062,7 3 569,4
           
01.01. 251 142,3 186 477.1 64 665.2 251 142,3 248 520,7 2 621,7
01.04. 249 118,0 189 765.0 64 354.0 249 118.0 247 488,0 1 630,0
01.07 247 743,0 182 292.0 65 450.0 247 743.0 247 170,0 573,0
01.10 245 521,0 181 021.0 64 500.0 245 521.0 245 279,0 242,0
31.12. 07 241 665,0 184 838,0 56 827,0 241 665,0 241 357,0 308,0

 

2005 жылдың 4-ші тоқсанынан бастап баланстың қорытынды сомаларының азаю тенденциясы байқалды. 1-ші кестенің талдау мліметтері бойынша келесілерді атап көрсетуге болады:

2005 жылдың 3-ші тоқсанының соңында компания өзінің өндірістік-қаржылық қызметінің ең жоғарғы деңгейіне жетті - 401 451,9 мың теңге.

Компания, өзінің өндірістік-қаржылық қызметінде, 2005 жылдың 3-ші тоқсанындағы ең жоғарғы деңгейден 2007 жылдың 4-ші тоқсанындағы ең төмен деңгейге дейін құлдырады. Осы кезең ішінде абсолюттік құлдырау 159 786,9 мың теңгені құрады.

Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты курсының өзгеруінен көрініс табатын, компанияның инфляциялық күтулерді ескере отырып бағаланған қызметін 3-ші кестеден көруге болады.

Ші кесте

Зерттелу кезеңі, жылдар мен тоқсандар Қорытынды бух. баланс Жарғылық капитал
Барлығы, мың теңге 2005 ж. базамен салыстырғандағы деңгейі Барлығы, мың теңге 2005 ж. базамен салыстырғандағы деңгейі
       
01.01. 79 231,0 - 30 075 -
01.04. 80 879,0 - 30 526 -
01.07 107 071,0 - 50 000 -
01.10 153 494,0 - 50 000 -
       
01.01. 191 591,0 - 200 000 200 000
01.04. 208 138,0 - 200 000 220 113
01.07 373 364,1 373 364,1 200 000 248 469
01.10 401 451,9 421 463,0 200 000 260 363
       
01.01. 371 007,8 441 463,0 200 000 269 595
01.04. 358 910,8 457 297,3 200 000 291 145
01.07 255 593,9 493 850,8 200 000 319 218
01.10 253 632,3 541 470,1 200 000 330 805
       
01.01. 251 142,3 561 125,1 200 000 346 561
01.04. 249 118,0 587 851,0 200 000 601 507
01.07 247 743,0 1 020 300,0 200 000 704 687
01.10 245 521,0 1 195 317,0 200 000 765 687
31.12. 07 241 665,0 1 298 345,7 200 000 765 687

 

Компанияның қызметін, ол 2005 жылдың 2-ші тоқсанының соңында жеткен ең жоғары деңгей тұрғысынан бағалау осы деңгейді, инфляциялық күтулер кезінде келесі есепке алу уақыт мезеттерінде, қарапайым сақтап қалу үшін компания өз қызметінің қарқынын кестеде көрсетілген деңгейге дейін, яғни 2005 жылдың 3-ші тоқсанының соңындағы, көтеруі керек еді, және баланстағы нақты жеткен 401 451,9 мың теңге деңгейіне емес, 421 463 мың деңгейіне шығу керек еді: бұл жолмен компанияның қызметі 2007 жылдың 4-ші тоқсанының соңында 1 298,3 млн. теңге деңгейінен төмен болмауы керек.