Алкалоидтардың химиялық класификациясы

Алкалоидтар өсімдіктердің организмінде түзілетін, жоғары биологиялық, күрделі табиғи органикалық азотты қосылыстар. Олардың сілтілік қасиеті болады. Сол сілтілік қасиетіне байланысты арабша «Alcali» сілті, грекше eidos - ұқсас деген сөзден аталған.

А.П. Ореховтың ұсынысы бойынша алкалоидтар көміртегі-азот қаңқасының құрылысына қарай, уақытта байланысты қосылған өзгерістер мен классификациясы пайдаланылады.

 

Пиридин және пиперидин туындылары.

2. Пирролизидин және пирролидинді туындылары. Бұлар конденцияланған система

       
   
 
 

 

 


Пирролидин Гигрин

 

Гигрин кокаинның жапырағынан бөлінген (Erythroxylon coca Lam, Оңтүстік Америка). Ол жалпы стимулдеуші әсер етеді. Крестовник өсімдігінен алынған платифиллин.

Хинолин туындылары.

Хинолин туындылары өсімдіктерде сирек кездеседі. Бұған цинхона алкалоидтар және эхинопсин жатады.

4. Изохинолин алкалоидтар.Изохинолин және оның тетрагидротуындылары көптеген табиғи қосылыстардың құрамында болады.

Медицинада маңызды зор изохинолин алкалоидтардың топшалары: тетрагидроизохинолин, бензофенантридин және протопин туындылары болып саналады.

5. Индол туындылары. Бұл алкалоидтардың химиялық құрылысына индолдың конденсацияланған системасы кіреді.

6. Пурин туындылары. Пурин құрылысында пиримидин және имидазол сақиналары болады.

Пурин алкалоидтар какао, кофе, шай туысына жататын өсімдік түрлерінде ұшырасады.

Физикалық қасиеті – ақ ине тәрізді кристаллдар немесе ақ кристаллды ұнтақ.

Дитерпенді алкалоидтар.

Аконитин алкалоидтарда 19 көміртек атомдары кездеседі, олар ликактонин туындылары болып есептелінеді.

8. Стероидты алкалоидтар (гликоалкалоидтар). Стероидты алкалоидтардың агликондары 20 көміртек атомында азот бар сапогениндер болып табылады. Олар екі топқа бөлінеді: азоты бар сапогениндердің аналогтары және азот құрамды құрамында конденсацияланған Е және Г сақиналары бар стероидтар.

Азот құрамды сапогениндер алқа туысына жататын өсімдік түрлерінде кездеседі. Мәселен, соласодин және томатидин.

9. Ациклді және бүйір тізбегінде азоты бар алкалоидтар. Бұл топқа алифатты қатарына жататын, колхицин алкалоидтар және фенилалкиламиндер кіреді.

Алифатты алкалоидтар мен фенилалкиламиндер. Өсімдіктерде алифатты (ациклді) алкалоидтар жалғас (ілеспелі) заттар болып кездеседі. Бірақ олардың кейбіреулері негізгі фармакологиялық активті қосылыстар болуы ықтимал.

Бұл алкалоид күшті негіздерге жатады, ол сораң айбатмияның жер үстіндегі мүшелерінде кездесетін зат.

Фенилалкиламин тобына эфедрин, псевдоэфедрин жәнекапсаицин деген алкалоидтар кіреді.

Эфедрин Метил эфедрин

Ресми медицинада қышаның ілебінен алынатын алкалоидтар (эфедрин, псевдоэфедрин) қолданылады. Екеуі де оптикалық изомерлер болып табылады. Псевдоэфедринге поляризациялық жарық сәулесін оңға, ал эфедрин солға бұрады.

Колхицин алкалоидтар. Бұлар лапыз туысына жататын өсімдіктерде болады. Колхицин нейтралдық қосылыс. Колхицин алкалоидтардың молекуласы 3 конденсацияланған сақиналардан түзіледі, оның біреуі (сақинасы) трополон, ал В сақинасы гидрленген трополон болып есептелінеді.

Өсімдіктерде колхициннен басқа алкалоидтарда кездеседі: колхамин, колхинозид, алкалоидтар И, С, Е, В т.б.

Медицинада колхицинді қатерлі ісікке қарсы дәрі ретінде пайдаланады.

 

4. Алкалоидтардың аминқышқылдық классификациясы

Алкалоидтар - негіздік сипат көрсететін табиғи азоты бар органикалық қосылыс. Көп алкалоидтардың құрлысы күрделі, өзіне тән иісі бар. Көптеген алкалоидтар сақинасында азоты бар гетероциклды қосылысқа жатады, азот сақинаның бүйірінде сирек жағдайда болады. Көптеген алкалоидтар азот атомы сақинада орналасқан гетероциклдарға жатады, ал сирек жағдайларда азот бүйірде орналасады. Өсімдік әлемінде алкалоидтар біркелкі таралмаған. Алкалоидтардың көп болғанымен, олардың құрылыстарының әртүрлі болуы ғалымдардың арасында алкалоидар классына бірдей классификацияны енгізуге мүмкіндік бермеді. Кейбір ғалымдар гетероциклдің табиғатына байланысты бөлсе, ал кейбіреулері алкалоидатрдың бөлінген өсімдіктерінің тұқымдас түрлеріне қарай классификациялайды. Алкалоидтардың құрылымы әртүрлі, олар жәй алкилароматикалық аминдерден бастап бір немесе бірнеше алкалоидтарға тән, құрылымында 1-ден 4-ке дейін азот атомдары бар өте күрделі конденсирленген гетероциклдік жүйелерге дейін болады, сол себептен алкалоидтардың классификациясы күрделі.