Экстарактан цитизиннің сорбция және десорция режимін орнатып, сорбенттерді таңдап, сиппатама беріңіз

Цитизи́н (Cytisinum) — алкалоид, Ракитник және Термопсис өсімдігінің құрамында болады. Термопсис биіктігі 40 см-ге жететін, сабағы түзу, көпжылдық шөптес өсімдік. Өсімдіктің тұқымында алкалоидтар (0,63-2%), оның ішінде цитизин (0,22-1,16%)

Цитизинді Скот Грейлем ойлап тапқан. Цитизин химиялық классификация бойынша пиридин қатарына, биохимиялық класификация бойынша лизин туындыларына жатады. Термопсистің құрамындағы тұқымында 2-3% алкалоид бар, гүлінде 0,5- 2,5 %дейін бар.

Енді экстрактан цитизиннің сорбция және десорбция режимін орнатып, сорбенттерді таңдауға тоқталайык. Ол бірнеше стадиялардан тұрады

1. Шикізатты ұнтақтау

2. Шикізатты экстактілеу. Экстракцияны қабаттасқан мацерациялауды араластыру арқалы жүргізеді. Экстрагент ретінде су алады. 6,5:1 қатынаста. Экстракциялау уақыты 3 сағат экстракцияны 3 рет қайталайды.

3. Алкалоидтардың сорбциясы. Ең жаксы сорциялаушы болып катинин КУ-2. Сорциялау процесті 5 аппараты бар адсорбентте тіке айдау принципі бойынша жасайды. Сорбцилау жылдамдығы 1300 л/m/сағ. Адкалоидтарға толған адсорбенттерді жуып, вакуум астында кептиреді.

4. Десорбция, Десорбцияны кері ағым принципі бойынша жүргізеді. 4% аммиакпен 85% этил спиртімен. Десорбция жылдамдығы 200 л/m/сағ. Элюлатты алкалоид концентрациясының 0,6 – 0,7% және алкалоидка қатысқан заттың 1:4 қатынаста алынады.ары қарай балласты заттардан элюлатты тазартады.

 

13. Термопсис дәнінен бентонит және эспатит адсобциясы жолымен цитизинді бөліп алу

Термопсис ланцетовидныйдың (Th. Lanceolata)жер үсті бөлігі мен термопсис ұзынұрпақтының дәндерінен цитизинді бөліп

1 кг өсімдік шикізатын экстракциялау мәліметтері: өсімдігінің жер үсті бөлігінің цитизинін бөліп алу үшін өндірістегі ең арзан және зиянсыз еріткіштер ретінде тұз қышқылы мен күкірт қышқылдарының 1% сулы ерітінділері қолданылды.

Цитизин экстракциясы үрдісіне шикізатты ұнтақтау дәрежесіне тәуелді болады.

1кг. ұнтақталған шикізатты 1% күкірт қышқылымен толық бұзылғанша дейін экстракциялайды. Ең жақсы нәтижелер ұнтақталған шикізаттың бөлшектері 2-8 мм. болғанда алынады.

Температураның әсері

Шикізатты (1 кг.) 1% күкірт қышқылында түрлі температураларда (20, 50. 70 және 95оС) толық бұзылғанша экстракциялайды.

1% күкірт қышқылымен алкалоидтарды бөлу кезінде температураның жоғарлауы экстракция жылдамдығын жоғарлатып, еріткіштің шығымын азайтадындығы анықталды. 950Скезінде шикізаттың бұзылуы тез басталғанымен, алынатын экстракт қатты боялған және салқындату кезінде лайланады. Әдеттегі температурада экстракциялау (20-25оС) қыздыру мақсатында арнайы құрылғыларды талап етпейтін аса тиімді болып табылады.

Цитизинді алу үшін ерітінді таңдауымыз керек. Дихлорэтан, су, сулы спирт, минералды қышқылдардың сулы ерітінділері, хлороформ т.б. алкалоидтардың экстракциясында қолданады. 1 кг өсімдік шикізатымен хлороформмен, дихлорэтан, метанолмен экстракцияланған. Цитизин мөлшері анықталған. Оның мөлшері 0,48%, 0,37%0 0,55% болады.

Сулы спирттің ішінде минералды қышқылдар:

0,5% - 1-2% тұзқышқылы

0,5% - 1-2% күкірт қышқылы

1% - 0,52 (HCl) цитизин

2% - 0,51 (Н2SO4) цитизин

Өсімдік шикізатының ұнтақталуының цитизин экстракциясының процесіне әсер етеді. Температура 20-250 тиімді болады. Суда жақсы ериді.

цитизин

Экстракция кинетикасын зерттеу

Термопсис өсімдігінің негізгі алкалоидтарының бірі цитизин суда жақсы еріп, өсімдік шикізатынан тез бөлінеді.

Ұзақ экстракциялау теріс әсерін тигізеді, өйткені бөлінділер аз мөлшерде балласты заттарға ауысады.

Термопсис өсімдігінің жер үсті бөлігінің алкалоидтарын толық бөлу үшін арасы 3 сағат болатындай У- сливтер жеткілікті екендігі анықталды.

Нәтижесінде бастапқы мөлшер 3% болған жағдайда шикізат салмағынан 2,9 % алкалоидтар қоспасы бөлініп алынды.

Экстрактағы цитизиннің сорбциясын зерттеу

Цитизинді тазалау үшін оның ацетон, бензол, ацетон мен эфирдің қоспаларынан 1:8 қатынаста қайта кристалдану мүмкіндігі зерттелген.

Ең жақсы шығымды ацетон 1:15 қатынаста берді, екіншілік қайта кристалдану кезінде шығымы техникалық цитизин салмағынан 75% құрайды.

Толық өнімнің шығымы шикізаттың жалпы салмағынан 0,35% құрайды.