Abbreviations in newspaper articles

Бакалавриат 5В021000 Шетел филологиясы

 

АСТАНА, 2011

 
 


УДК 80/81 (075.8):378

ББК 81.2 – Англ-каз-923

Пікір жазғандар:

Мустафина Г.К. - педагогика ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ шетел филологиясы кафедрасының доценті, Астана қ.

Кайырбаева А.К. – педагогика ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі

Мейрамова С.А., Қожахметова Г.А., Кармелюк А.В.

М45 «БАҚ тілі» 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі», 5В021000 «Шетел филологиясы» мамандығының бакалавриат студенттеріне арналған оқу құралы, Астана, 2011. – 224 б.

ISBN 9965-31-285-0

Ұсынылып отырған «БАҚ тілі» оқу құралы ағылшын тілін оқитын, ағылшын және американдық бұқаралық ақпарат құралдарына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған. Қазіргі кезеңде қажет ақпаратты іздеуде бұқаралық ақпарат құралдарын қолданбайтын маманды табу қиын. Оқу құралының авторлары қазіргі өмірдің әр түрлі салаларындағы мәселелер – экология, компьютерлік технология, білім беру, бизнес, заң және қоғамдық-саяси өмір жайында қызықты материалдарды қолдануға ұмтылды.

Берілген оқу құралы ағылшын тілін оқуда көркем әдебиет пен ғылыми прозадан өзгеше болатын бұқаралық ақпарат құралдарының тілін еркін оқып түсіну үшін қажет білім мен қабілеттерді меңгеруде көмек көрсетуді және коммуникативтік компетенция мен ауызша сөз дағдыларын жетілдіруді көздейді. Оқу құралындағы материалдар оқушыға лингвистикалық және лингвоелтанулық білім беруді қамтиды.

Оқу құралы ағылшын және американдық бұқаралық ақпарат құралдары бойынша лексикалық және елтанулық сипаттағы мәселелер туралы анықтамалар мен мәтінді түсіну дағдыларын жетілдіруге және соған сәйкес мәселелерді талқылауға, өз ойын оқып жатқан тілде дәл бере алуын жетілдіруге арналған жаттығулар қатары берілетін 13 бөлімнен (Units) тұрады. Сонымен қатар, оқу құралы студенттердің меңгерген материалдарын кеңірек контексте шығармашылықпен қолдана отырып қарым-қатынас пен интерпретацияның жоғары деңгейіне көтерілуге көмектесу міндеттерін алдына қояды. Аудитивтік және дискутивтік дағдыларды жетілдіруге арналған тыңдап түсіну жаттығулары қарым-қатынас түрлері бойынша әр түрлі ситуациялардан тұрады.

Оқу құралы мәтіндері күрделілігіне қарай орналасқан. Оқу құралындағы материалдарды таңдауда авторлар түрлі журналдар, радио, теледидар, интернет-ресурстармен қатар тілі мен стилі жоғары бағаланатын отандық және шетелдік газеттерді қолданды (Егемен Қазақстан, The Sunday Times, The Times, The Sunday Telegraph, The Daily Telegraph, The Guardian, The New York Times, USA Today және т.б.). Оқу құралын аударма, пікірталас және жазу дағдыларын дамытуда қолдануға болады.

УДК 80/81 (075.8):378

ББК 81.2 – Англ-каз-923

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Ғылыми кеңесі ұсынды

ISBN 9965-31-285-0©. Мейрамова С.А., Кожахметова Г.А.,

Кармелюк А.В. 2011

Алғы сөз

Берілген оқу құралы тақырыптарға сәйкес мәтіндер жинағы мен оларға берілетін жаттығуларды ұсынады. Оқу құралының мақсаты – тілдік жоғары оқу орындарының студенттерін қоғамдық-саяси бағыттағы мәтіндерді оқуға және аударуға, ұсынылатын тақырыптық және лексикалық материалдар бойынша әңгіме жүргізуге және қысқаша мәлімдемелер жасауға үйрету.

Оқу құралы 13 бөлімнен тұрады. Әр тақырып бойынша студенттің оқытушының жетекшілігімен өздік жұмысы (СОӨЖ) және студенттің орындайтын өздік жұмысының (СӨЖ) тапсырмалары беріледі. Ұсынылатын тақырыптар:

1. The language of newspaper’s components

2. Stylistic Differentiation of the English Vocabulary

3. Tabloids

4. Elections

5. International Unions

6. Advertising

7. TV and Radio

8. Banking

9. Briefing in sport

10. Crime

11. Marketing

12. New Media

13. Education

Бүгінгі күнгі өзекті мәселелерді қамтитын тақырыптар бойынша құрылған оқу материалдары бір семестрге (бір аптада 2сағ.) арналады.

Әр бөлім келесі бөліктерден тұрады:

1. Берілген тақырыпқа кіріспе (Lead-in);

2. Тыңдап-түсінуге және сөйлеуге арналған тапсырмалар (Listen and speak);

3. Күрделілігіне қарай берілетін мәтіндерді оқуға арналған мәтіндер (Focus on reading);

4. Берілгентақырыптың тілі, лексикасы мен грамматикасы және тақырып бойынша түсіндірмелер; сөздікпен жұмыс түрлері (Language and Grammar Focus);

5. Түрлі коммуникативтік лексикалық және грамматикалық жаттығулар (Focus on writing).

Материалдарды өту кезеңіне байланысты мәтіндер көлемі бастапқы кезеңде 200-400-ден 600-800 баспа белгісіне дейін, әрі қарай 1800-2400 баспа белгісіне дейін жетеді.

Әр бөлімде коммуникативтік сипаттағы лексикалық жаттығулар беріледі. Олар жауабын табуға және мәселені шығармашылық тұрғыдан шешуге арналған сұрақтар немесе дөңгелек стол мен конференцияда талқылауға арналған тақырыптар, ағылшын және қазақ сөз тіркестеріне баламалар табу (Match the equivalents, Multiple choice, True-False exercises), ағылшын тілінен қазақ тіліне немесе қазақ тілінен ағылшын тіліне тақырып бойынша лексикасын қолданып, аударуға берілген тапсырмалар.

Лексикалық материалдарды таңдауда авторлар оның бұқаралық ақпарат құралдарында кездесу жиілігін негізге алады. Нақты мәтіндік материал түпнұсқалық әдебиеттің сөздік минимумдарына сүйеніп алынды. Мәтінді іріктеуде кейбір ағылшын және американдық бұқаралық ақпарат құралдарынан түпнұсқалық материалдар да қолданылады.

Оқу құралының қазіргі ағылшын тіліндегі қоғамдық-саяси лексикамен айналысушылар үшін, жоғары және орташа кәсіби оқу орындарының студенттері және жоғары сынып оқушылары үшін пайдасы зор.

Ұсынылған мәтіндердің мазмұны оқушылар мен студенттердің қазіргі кездегі өзекті мәселелерге баға беру дағдылары мен қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі.

Оқу құралы берілген тақырып бойынша қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарынан қосымша материалдар пайдалануды қарастырады.


Unit 1 The language of newspaper’s components

Abbreviations in newspaper articles

Lead-in: Headlines

Listen and speak:Practising interview skills

Focus on reading: Taxpayers to stump up Jaguar loan

Language Focus: Business Abbreviations