Ерік және тұлғаның ерік сапаларының психологиялық негіздері 3 страница

Психологтар арасында, әсіресе спортпен байланысты зерттеулер жүргізетін психологтер арасында ерікті және ерік сапалары деңгейін анықтауда бақылау және өзіндік бақылау әдістемесі кең таралып және бағалау деңгейі ұпаймен белгіленген. Бұл бағалар және өзіндік бағалар қаншалықты ерік саласының айқын деңгейін көрсететіндігі жайлы сұрақ туындайды. Бұған күмәнденуға үш жағдай себеп болады:

1) өзіндік бағалау мен сырттан бағалаудың сәйкес келмеуі;

2) әр түрлі ерік сапаларының бағалары арасындағы жоғары корреляция;

3) өзіндік бағалаудың эксперименталды жолмен жүргізген алынған ерік сапаларының деңгейінің сәйкес келмеуі.

Бірінші себептің дәлелі ретінде Н.М.Сараева (1979) жүргізген зерттеулер қорытындылары жатады. Оның көрсетуінше, жеткіншектерде ерік сапасының өзіндік бағасы, тәрбиеші берген бағадан жоғары. А.И.Высоцкий (1973) зерттеуінде ерік сапасын бағалау студенттерде, группалас достарының берген бағасымен 40% сәйкес келген, жоғары бағалау 21%, ал төмен бағалау 39% көрсеткен. Өзіндік «ерік күшін» бағалау және «ерік күші» сыныптастарының бағалауы арасындағы бағаның алшақтауы В.Е.Гуринның (1970) жұмыстарында көрсетілген: 26% жоғары сынып оқушылары өздерін еріксіз деп бағалаған, бірақ эксперимент әдісі бойынша сыныпта 4% оқушы төмен ерік дәрежесін көрсеткен.

Екінші себеп дәлелі Б.Н.Смирнов, Е.С.Махлах; И.А.Рапопорт, А.И.Высотскийдің жұмыстарында кездеседі. Мысалы, тренерлердің өзінің оқушылырының ерік сапаларына берген бағасындағы жалпылау Б.Н.Смирновтың (1986) жұмысында көрсетілген. Батылдық бағасы шыдамдылық пен өзіндік игеру бағасымен тығыз корреляциялы (0,771), бастамашылық пен дербестік (0,766), қайсарлық пен табандылық (0,528). Е.С.Махлах пен И.А.Рапопорт (1979) жұмыстарында жоғары сенімді корреляция 9 сынып оқушыларының бір біріне берген ерік сапаларының, жауапкершілік, мақсатқа талпынушылық, ұйымдасқандық, табандылық, өзін өзі меңгере алушылық, принциптілік бағасында көрсетілген. Жоғары корреляцияның әр түрлі ерік сапаларында барлығы А.И.Высоцский (1974) жұмыстарында да көрсетілген /26, б.114/.

В.И.Абраменко зерттеулерінде ерік сапалары арасындағы сандық байланыстар ерік дамуының реттелу деңгейімен анықталады. Ол қаншалықты жоғары болса, байланыс соғұрлым тығыз.

Е.К.Фещенко зерттеулерінде табандылық, қайсарлық және шыдамдылықты зерттелген барлық топтардағы – 1 сынып оқушыларынан бастап студенттерге дейін өзіндік бағалауда ерік сапалары арасында сенімді байланыс анықталған.

Бұл үш ерік сапасын өзіндік бағалау жас динамикасы бойынша сәйкес келеді. 1-5 сынып оқушыларында жоғары бағалау; 8-9 сыныптағы төмендеу, және жоғары сынып оқушылары мен студенттерде сәл жоғары. Өзіндік бағалау деңгейінің төмендеуі жеткіншектердегі өзіндік сынау деңгейінің жоғарылығынан. В.Е.Гуринның (1970) берген нәтижелері бойынша жоғары сынып оқушыларының 56%-нің ойынша, «ерік күші» жеткіліксіз.

Егер оқушылардың берген өзіндік бағалауына сенсек, он күшті ерік төменгі сынып оқушыларында болар еді. Бірақ, бұған сену қиындау. «Ерік күшін» жоғары бағалау төменгі сынып оқушыларында өзіндік сынаудың төмен дәрежесіне байланысты.

Өзіндік бағалау нәтижесі бойынша, егер субъектіде жоғары деңгейде дамыған еріктің бір сапасы болса, онда қалған ерік сапалары да жақсы дамыған немесе керісінше. Онда ерікті және еріксіз адамдар туралы айтуға болады, сонымен бірге кез келген ерік сапасының көрінуіне әкелетін бірыңғай фактор, мысалы, еріктің моральды компоненті және мақсатқа жету мотивациясының шешуші ролі.

Е.К.Фещенко жұмыстарында студенттердің үш ерік сапалары бойынша мақсатқа жету мотивациясымен тығыз байланысы анықталған, 10-11 сынып оқушыларында – екі сапамен, ал 9 сынып оқушыларында тек табандылықпен.

Е.П.Ильин мен Е.К.Фещенко бойынша ерік сапасына өзіндік баға берудің жалпы қорытындысын анықтаушы, нерв жүйесінің типологиылық ерекшелігі. Шыдамдылықтың, табандылық және қайсарлықтың өзіндік бағалауы жоғары адамдар, шыдамдылықтың типологиялық комплексі анықталған, ол керісінше өзіндік бағалауы төмен адамдарда, нерв жүйесінің типологиялық ерекшеліктері шыдамдылық көрсетуге бейімделмеген.

Шыдамдылықтың типологиялық комплексі әр түрлі ерік сапаларының өзіндік бағалау мен әр түрлі байланыста: өз шыдамдылығына жоғары баға берген адамдарда, табандылыққа жоғары баға бергендерге қарағанда жоғары айқындалған және керісінше шыдамдылықтың антикомплексі өз табандылығына төмен баға бергенде, өз қайсарлығына төмен баға бергендерге қарағанда жоғары. Бұл типологиялық комплекс барлық ерік сапалары үшін ортақ, олардың барлығы шыдамдылықтың әр формада көрінуіне байланысты.

Е.С.Махлах пен И.А.Рапопорт (1976) жұмыстарында оқушылардың бір біріне берген шыдамдылық көрсеткіші мен басқа ерік сапаларының көрсеткіші арасындағы байланысты көрсеткен жоқ.

Т.И.Шульганың (1994) зерттеулерінде әр түрлі ерік сапаларының дамуы үнемі олардың арасындағы жоғары корреляцияға әкелмейді. Е.С.Махлах; И.А.Рапопорт өз зерттеулерінде көптеген ерік сапаларының бағасы мен табандылық бағасының арасындағы жоғары сенімді байланыс барын Коса есептеулері арқылы дәлелдеген /38, б.143/.

Эксперименталды және өзіндік баға беру арқылы алынған ерік сапалары бағасы жас динамикасына байланысты өзгеріп отырады. Өзіндік баға беру арқылы алынған жоғары сыныптардағы шыдамдылық бағасы төмен болса, экспериментальды жолмен алынған баға жоғары көрсеткішті көрсетеді.

Ерік сапасының классификациясы, Ф.Н.Гоноболин (1973) ерік сапаларын екі топқа бөледі:

1) белсенділікпен байланысты;

2) тілексіз әрекеттер мен психикалық процестерді тежеу.

Біріншісі топ сапаларына, шешімділік, батылдық, табандылық және дербестікті, ал, екінші топ сапаларына, ұстамдылық, шыдамдылық, ұйымдасқандық, тәртіптілікті жатқызады. Бірақ бұған қарамастан Ф.Н.Гоноболин барлық ерік сапаларын қозу мен тежелу процестерін меңгеруге байланысты қатаң екі топқа бөліп тастауға болмайтындығын ескертеді. Адам кейде бір әрекет кезінде, екінші әрекет белсенділігін көрсетуі мүмкін. Ф.Н.Гоноболин көзқарасы бойынша тәртіптілік пен ұйымдасқандық осы арқылы ажыратуға болады.

В.И.Селивановта ерік сапаларын топтастыру қозу мен тежелу процестерінің динамикасымен байланыстырады. Соған байланысты ерік сапаларын белсенділікті шақырушы, күшейтуші, жылдамдатушы және тежеуші, әлсіретуші және баяулатушы деп бөледі. Бірінші топқа: бастамашылықты, шешімділікті, батылдылықты, қуаттылықты, ер жүректілікті, ал екінші топқа – ұстамдылық, шыдамдылық, төзімділік, сабырлықты жатқызады.

Р.Ассаджиоли төменгіде ерік сапаларын көрсетеді:

1) қуаттылық – динамикалық күш –қарқындылық; бұл сапа мақсатқа жетудің қиындығымен анықталады;

2) шеберлік – бақылау тәртіптілік. Бұл сапа ерікпен басқа психикалық функциялардың реттелуі және бақылануы;

3) шоғырлану – жұмылу – зейін, бұл сапаның объектке әсер етуде және тартымсыздығында маңызы ерекше;

4) шешімділік – жылдамдық – ептілік шешім қабылдауда көрінеді;

5) табандылық – беріктілік – шыдыамдылық;

6) бастамашылдық – ерлік – шешілу; бұл тәуекелге бел буу;

7) ұйымдасқан – ықпалдастық – жинақтау. Ерік бұл жерде міндетті шешудегі барлық құралдарды ұйымдастырушы.

С.Л.Рубинштейн ерік сапаларының көрінуін ерік процесінің фазаларына бөледі. Мысалы: бастамашылдықты ол еріктің басқа кезеңіне қояды, одан кейін дербестік және тәуелсіздік, шешім қабылдау кезеңінде шешімділік, ол ерік әрекетін орындау кезеңін қуаттылық пен табандылық көрінеді.

С.Л.Рубинштейннің бұл идеясын М.Брихцин (1989) жалғастырды.

Психологиялық басқарудың 11 тізбегін бөліп көрсетіп, оның әрқайсысында белгілі ерік сапаларының көрінуін белгіледі.

В.И.Селивановтың пікірінше, ерік әрекетінің барлық кезеңінде жеке тұлғаның ерік қасиеттері көрінеді, бірақ олардың көріну дәрежесі, әр кезеңде әр түрлі.

Ерік сапаларының мұндай классификациясының В.В.Нокондров (1995) теріс көзқарас білдірді. Оның қарсылығы біріншіден көптеген ерік сапалары бір ғана емес, бірнеше фазаларында, кейде бүкіл әрекет барысында көрінеді, екіншіден мұнда еріктің тек қана оқиға барысымен байланысты уақытша аспектісі қарастырылады, ол негізінде «ерік бүтіндей реалды көрініс».

В.В.Нокондров ерік сапаларын классификациялағанда еріктің көрінуін кеңістікті – уақытты және хабарлы-энергетикалық параметрлер бойынша қарастырады. Кеңістіктік мінездеме ерік әрекетінің субъектіге бағыттылығына, уақыты – оның процессуалдылығына, қуаттылық – ерікті күштеуге, хабар- түрткі, мақсат, әрекет тәсіліне және жеткізген нәтижеге байланысты көрсетеді.

Осыған байланысты кеңістіктік параметрге дербестікті (тәуелсіздік, мақсатқа талпынушылық, сенімділік), уақыттыға – табандылық (қайсарлылық, шыдамдылық, батылдық, принципиалдылық) қуаттылыққа – шешімділік және өзін өзі ұстау (бақылау, ұстамдылық, ерлік) хабарлыға – принципиалдылық.

Ерік сапаларын факторлық анализ көмегімен В.А.Иванников пен Е.В.Эйдман (1990) классификациялады. Олар адамның ерік белсенділігінің семантикалық байланыс анықтауға күштерін бағыттады. Ол үшін зерттелушіге ерік сапаларының жиі кездесетін әр классификациясындағы 16 түрін ұсынып, берілген субъект семантикалық дифференциал әдістемесі арқылы 0ден 100% өзіндегі ерік сапасына баға береді.

В.К.Калин ерік сапаларын екі топқа бөледі. Бірінші топ – базалық, екіншісі – жүйелі. Өмірлік тәжірибе негізінде барлық ерік сапалары біртіндеп біліммен, шеберлікпен толықтырылып, ерікті әрекет етуді әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Кез келген ерік сапасының базалық төмен дәрежесі күрделі жүйелі ерік сапаларының пайда болуына әкеліп, компенсаторлық функциялар атқарады.

В.К.Калин пікірінше, барлық ерік сапалары жүйелі болып есептелінеді, өйткені минималды әр дәрежелі үш компоненттен тұрады:

Психологиялық (моральды), физиологиялық және нейродинамикалық (нерв жүйесінің типологиялық ерекшелік қасиеттері)

Е.П.Ильин ерікке тағы да бір классификация беріп, екі топқа бөлді: өзіндік ерік сапалары және моральды-ерік сапалары. Өз кезегінде өзіндік ерік сапаларын екі топқа бөледі. Бірінші топқа мақсатқа талпынушылық, ерікті күштеу (шыдамдылық, табандылық, қайсарлылық), екіншісі - өзіндік ұстаным (батылдық, ұстамдылық, шешімділік) /15, б.138/.

Мақсатқа талпынушылық пен байланысты ерік сапалары.

С.И.Ожегов (1985) мақсатқа талпынушы адамды анық және айқындалған мақсаты бар және оған жетуге талпынады деп санайды.

Н.Д.Левитов (1958) ойынша, мақсатқа талпынушылық жақын да (жақын мақсаттарға бағытталған) және перспективті (алдыға алыс уақытқа қойылған мақсат) болады.

Е.П.Ильин бойынша мақсатқа талпынушылық – бұл алыс және жақын уақыт бойынша жеке тұлғаның алдына қойған мақсатына жету бағыттылығы. Мақсатқа талпынушылық туралы айтқанда алысқа қойған мақсат туралы ой болады.

Мақсатқа талпынушылық пен «ерік күші» мақсатқа жетудің алдыңғы ұзақ уақытымен байланысты.

А.С.Макаренко өзінің жақын болашақтағы ғана іс әрекетін анықтаған адам, әлсіз адам деп есептеген /15, б.139/.

Мақсатқа талпынушылықтың физиологиялық механизмі болып адамның мотивациялық сферасындағы барлық өмірлік салтын басқарып, басқа қызығушылықтары мен әуестіктерін тежейтін инертті доминант болып табылады.

Мақсатқа талпынушылық көптеген ғылым мен өнер адамдарына тән. Осының жарқын мысалы ретінде И.Е.Репиннің шығармашылық өмірін көреміз. Оның ерекше ерік күшін К.И.Чуковский көрсетті: «Кәрілік келіп оның оң қолы икемсізденіп, қылқалам ұстай алмай қалады, сол кезде ол бір минутта сурет салуды үзбес үшін сол қолымен салуды үйренді. Кәріліктің әлсіздігінен қолында политраны ұстай алмай қалғанда, оны ерекше белбеумен мойынына асып алып, күндізден түнге дейін тас құсатып мойынына асып жүріп, жұмыс істеген». Ерекше мақсатқа талпынушылықпен И.П.Павловта көрініп, ғылыммен айналысуын ол ұзақ уақытқа бір ақ рет – үйленгеннен кейін үзген. Ол ғылыммен айналысатын жастарды, оны зерттеуде аса құмарлыққа шақырды.

Практиканың көрсетуінше, алыс және жақындағы мақсаттың қандайда бір кезеңінде нәтижеге жеткенде кедергілер туындап, көбінесе субъектілі түрде (шаршау, сәтсіздікке түңілу) көрінуі мүмкін, осының барлығы негізгі ерікті күштеу арқасында тежеледі. Сондықтан мақсатқа талпынушылық тек шыдамдылық, қайсарлық, тад\бандылық көрсете алатын тұлғаларда болады.

Мақсатқа талпынушылық еріктің көрінуінің бір түрі, анықталған міндеті мен мақсаты бар, жоспарланған іс-әрекет пен нақты амалдар, шоғырланған әрекет пен ойлары бар, қойылған мақсатқа талпынушы адам болашақ мақсатын анық көреді, алыс-жақын міндеттерді шешуге шоғырланған, қойлған мақсатқа жету жолындағы барлық кедергілерді жеңеді.

Кез келген мақсатқа талпынушылықты ерікті реттеуге жатқызуға болады. Қандай бір әрекетке қызығушылық мақсатқа талпынушылыққа, ал қызығушылықтың болмауы мақсатқа талпынушылықтың жоқтығына әкеледі.

Мақсатқа талпынушылық ерік күшінің екі түрімен байланысты. Бір жағынан, мақсатқа жетуге кедергі жасайтын түрткіні тежеуге бағытталған күш. Екінші жағынан мақсатқа жетуге бағытталған белсенділікті арттыру күші. Бұндай күш шыдамдылық, табандылық, зейінділік, қайсарлық сияқты ерік сапаларының көрінуіне әсер етеді.

Шыдамдылық. Психологияда ерік сапасының көрінуі ретінде көбінесе шыдамдылық қарастырылады. Бірақ шыдамдылық көптеген ұқсас емес жағдайларда көрінеді және әр түрлі болып аталады. Ұстамдылық, беріктілік, табандылық т.б.

Шыдам мен шыдамдылықтың ұқсастығы және шыдамдылықтың әр түрлі түсінігі осыдан: шыдамдылықты ерік күшін ұзақ ұстау(В.К.Калин, 1983), «өзіне қарсы күштің» көрінуі (З.Мюллер), арнайы ұстамдылық (К.Л.Бобоян, 1977) ретінде қарастырды.

Е.П.Ильин шыдамдылықты ерік сапасы шыдымның көрінуінің бір түрі ретінде қарастырды /15, б.141/.

Шыдамдылық ұзақ бір дүркін қажуға, гипоксияға, (оттегінің жетіспеушілігі) немесе аштыққа, шөлге, ауырсынуға әкелетін жағымсыз факторларға қарсы әрекет.

Ерік белсенділігінің ұзақтығы белсенділік энергетикасы байланысты: қажеттілік қанша күшті болса, организмнің энергетикалық ресурстары мол болса, адам соншалықты ерік қысымын ұзақ сақтайды.

Шыдамдылық, адам ішкі физиологиялық кедергілермен кездескенде көрінеді және ішкі қиындықты сезініп, сол қиындықты уайымдай бастайды. Ондай уайым физикалық және ой жұмыстарында шаршау болып табылады. Көптеген зерттеулер шаршау сезімінің көрінуі көп жағдайларда қажу жағдайының көрінуін бейнелейді. Бұлшық еттің шаршауы ең алдымен жұмыс істеп тұрған бұлшық етте болады және ауырсынады. Болнар физиологы Д.Матеевтің пікірінше, жұмыс істеп тұрған бұлшық еттің ішкі ортасында өрістеп келе жатқан метоболизмнің улы заттарының жиналуы, гипоксия, басқа да өзгерістер бұлшық ет жұмысы нәтижесінде туындаған афферентті импульстердің, бұлшық ет жұмысы барысында ұзақ және күшті болады. Осы афферентілік шаршаудың физиологиялық жағы болып табылады және жұмысты жалғастыру барысында айқындалып, ауырсыну үдей түседі, адамның жұмысты тоқтатуына тура келеді.

Шаршау сезімі өздігінен пайда болмайды, физиологиялық өзгерістердің пайда болғанын бейнелейді, адамның ерік күші арқылы туындаған қиындықтарды жеңіп, жұмыс істеу қабілеттілігін арттыру. Шаршау пайда болған кезде, берілген күшті ұстап тұру, шыдамдылықты көрсетеді.

Өжеттік пен қиқарлық. П.А.Рудик өжеттікті жеңіс еркі деп қарастырды. Оның пікірінше, өжет адам сәтсіздікті мойынсынбайды. Е.П.Ильин бойынша, өжеттілік «осында және қазір», бір кезде, тілекке немесе керектіге, іс әрекеттегі табысқа, кездесетін кедергілер мен сәтсіздіктерге қарамастан жету.

Ол бір рет нақты және жақын мақсатқа жетуге ерік күшін жұмсау. Мысалы, оқушы қиын матеметикалық есепті шешуде, жас музыкант – гаммаларды үйренгенде немесе спортсмен жаттығудың ауыр техникасын меңгергенде және т.б.

Қыңырлық. Қыңырлықты қарастырғанда Е.П.Ильин көзқарасы бойынша екі қателік жіберілген. Оның бірі қыңырлықты әлсіз еріктің көрінуі ретінде қарастырылуы.

Қыңырлықта шешім, талап және сұраныс формальды мінез көрсетеді, өйткені олар адаммен санаға қарсы дәлелдермен, ақылмен, басқа адамдардың нұсқауларына қарсы қойылады.

Бірақ қыңырлықтың еріктің көрінуінің тек негативті жағы ретінде қарастыру дұрыс емес. Мысалы, қаймақ тұрған құмыраға түсіп кеткен екі бақа туралы мысалда, бір бақа шыға алу мүмкін еместігін мойындап, өліп қалды. Екіншісі жасаған әрекеттерінің барлығы мағынасыз болса да, секіруін қоймады. Соның арқасында қаймақ майға айналып, ол құмырадан шықты. Сондықтан қыңырлық жасаған күштің үнемі керексіздігі емес.

Екіншіден қыңырлық табандылықтың көрінуінің негативті жағы ретінде қарастырылды, ал негізінде ол мағынасыз және өзімшілдік өжеттіліктің көрінуі. К.К.Платонов қыңырлықты мақсатқа бағытталмаған табандылық деп қарастырды.

Қыңырлықтын көрінуі әр түрлі болады. Балалаық кезде бастамашылығының, дырбестігін тежейтіп үлкендерге деген қосылыстық формасы болуы мүмкін. Ал өсе келе қыңырлық өзіндік бекітуге деген талпыныс.

Табандылық.табандылық-бұл адамның ұдайы ,шолт әрекеттенуін бірде төмендетпей, көрінген қиыншылықтардытөне білуі /20, б.202/.

В.ВБогословский (1973) пікіріне ,табандылық жеке тұлғаның ерік қасиеттерінде анықталып, көзделген мақсатқа жетуге ұзақ уақыт бойы өз қабілетін бағыттау және бақылау. П.И. Иванов (1967) табандылықты кедергілерді, және қиындықты ұзақ уақыт бойы меңгере алу деп көрсетті.

Е.П.Ильин пікірінше, табандылық ұзақ уақыттағы мақсатқа жетуде, кедергілерге қарамастан , адамның ерік күшінің жүйелі көрінуі.

Ерік сапасы табандылықтың көрінуі:

1) адамның мақсатқа жетудегі талпынысына;

2) жету мотивациясына;

3) кедергілерді жеңудегі ерік бағдарына байланысты.

Табандылық шыдамдылық пен өжеттің негізінде жүзеге асады.

Өзін өзі ұстаумен мінезделетін ерік сапалары. П.А.Рудик, пікірінше, өзін өзі ұстау қиын және күтпеген жағдайларда, өз әрекетін басқара алу, өзінің теріс эмоцияларын басып, ақылдылық, қабілетін көрсете алу. Ал, П.И.Ивановтың пікірінше, өзін-өзі әмірлік етуі. өзін өзі басқару адамның алдына қойған мақсатқа жетудегі кедергі келтіретін жағдайын жеңетін күшті ерік күші. Кедергі келтіретін жағдайларға қорқақтық, ашу, шаршау және ауырсынуды жатқызады.

К.К.Платонов (1984) пікірінше, өзін өзі басқару, саналы түрде психикалық процестерді басқару және еріктің оларға әсерін өзіндік реттеу.

П.А.Рудиктің ойынша, өзін-өзі басқара алатын адам қауіпті жағдайда, үрейленбейді, ақылын және ойлау қабілетін сақтай алады.

Е.П.Ильиннің пікірінше, өзін-өзі басқару ұстамдылық, батылдық және шешімділіктің жиынтығы, яғни, адам үшін керексіз тілектерге түрткі болатын, теріс эмоцияларын басатын ерік сапалары. өзін өзі басқару эмоционалды әрекеттің өзіндік бақылау мен өзіндік реттелумен байланысты және С.Л.Рубинштейн айтқандай, аффект пен интеллект арасындағы қатынасқа да байланысты.

Ұстамдылық. П.А.Рудиктің (1967) айтуынша, ұстамдылық шын мәнінде табандылықты білдіреді және оның көрінуіне үлкен қысым жасай алу қабілеті, шаршау сезімін, ауырсынуды меңгере алу.

В.К.Калиннің анықтауынша ұстамдылық ерік күшінің артық белсенділігін жылдам тежеу және берілген кезеңде керексіз сезім, ой, әдеттерге ұстамдылық жасап, жою.

Е.П.Ильин бойынша, ұстамдылық импульсивті, аз ойланған эмоционалды реакциаларды басу қабілеттілігі, қатты елігуді, тілекті жою. Бұл сапа тұрақты ұстамдылық керек кезінде көрінеді, жәбірлеген адамнан қатты өш алу тілегі болса да немесе оған дөрекілік көрсеткісі келсе де, ашуын сырқа шығармау; ұстамдылық егер дәрігерлер рұқсат етпеген тағамға деген тілегін басуда да, егер шылым шегуді қоғың келіп, қасыңда басқалар шылым шексе де өзіңді ұстасаң т.б көрінеді. Ұстамдылық сапасында еріктің тежеу функциясы көрінеді.

Ұстамсыздық. Адамда ұстамдылықтың жоқтығын көрсететін мінез-құлық. Ұстамсыздық агрессиялы мінез-құлықта көрінеді. Психологияда агрессивті мінез-құлық негативті, физикалық және моральды түрде білуге зиян кетіру ретінде қабылданады /15б.151/.

Бірақ агрессияның негативті ғана емес, позитивті жағын да қарастырайық. «Агрессия» түсінігі латын тілінен аударғанда шабуыл жасау, шабуылдау деген сөз. Дау кезінде қарсы жаққа шабуыл жасау, оған өз еркіңді байлау, оған өз аргументтеріңді келтіру – осының барлығы агрессивті мінез құлық, өйткені екінші жақтың құқығына қысым жасалады. өзқ пікірінің шын екенін дәлелдеу үшін адам дауға немесе дискуссияға түсіп, еріксіз «агрессор» болады. Бұндай мінез құлық көрсету үшін батылдық, принципиалдылық, тіпті кейде ерлік те керек. Екінші жақтан, кез келген субъект қызығушылығына тиым салу немесе жазалау қандай да бір дәрежеде зорлық көрсетумен бірдей. Балаға тиым салушы немесе жазалаушы ата-ана немесе мұғалім оған агрессиялы акт жасайды. (шет ел психологтері бұл жағдайда құралды агрессия жайлы, мақсатқа жетуге қолданылған құрал ретінде айтады). Бұл жерде агрессия, зиян емес, керісінше, балаға дұрыс талап қою ретінде көрінеді. Ата-анасы балаға деген жанашырлығын ерік күші арқылы басып, табандылық пен қайсарлылық көрсетіп, талап қояды.