Азақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктері

Қазақстанда жаңа сайлау жүйесінің еңгізілуі қоғамның саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға едәуір ықпалын тигізді. Парламент сайлауы мен оны қалыптастыруда саяси партиялардың белсенділігі арта түсті. Партиялық тізіммен дауыс беруге рұқсат етілген 2000 жылғы соңғы сайлау кезінде бұл анық байқалды. Бұл жағдай өз кезегінде елдің саяси өмірін одан сайын жандандыра түсті. Мұны мынадан көруге болады: 1998 жылдың соңы мен 2000 жылдың басында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде «Қазақстан азаматтық партиясы», «Қазақстан халықтық республикалық партиясы», «Отан»республикалық саяси партиясы, «Қазақстан аграрлық партиясы»жөне басқа да партиялар тіркеуден өтіп, өмірге жолдама алды.Алдыңғы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтар мен діни бірлестіктер қоғамдық сананың түрліше тұстарын қамтыды. Өйткенмен, бұлардың ішінде саяси партиялар ғана қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады. Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде қалың көпшіліктің мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс. 1991 жылдан 2004 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанда көппартиялық жүйе қалынтасты. Оның жолға койылуында Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев үлкен рөл атқарды. Оның қолдауымен көптеген демократиялық партиялар құрылып, елде саяси жағдайдың дамуы қоғамды нығайтуға негіз салды.Көппартиялық жүйенің құрылуы Қазақстан Республикасында сайлау жүйесінің дамуына өсер етті. Қазақстанда депутаттыққа кандидаттар ұсыну құқығына сайлау ұжымдары ғана ие емес, өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтардың өздері де ұсына алады.

26. Конфедерациялық және федерациялық мемлекет құрылымдар арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз.

Конфедерация – деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Міндетті ортақ заңдары болмайды. Мысалы: бұрын Швейцарияда, Солтүстік Америка Штатында болған. Федерация – деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құруын айтады. Жалпы мемлекеттік конституция барлық міндеттерді реттейді. Әрқайсысының жоғарғы билеу органдары болады. Барлығы ортақ институттарға бағынады. Мысалы: АҚШ, Германия, Канада, т.с.с Федерация – бұл бұрын дербес болған мемлекеттік құрылымдардың ерікті түрде бірігуін білдіретін мемлекеттер одағы.Федерацияның белгілері:- федерацияның аумағы, оның субъектілерінің аумағынан тұруы;- жоғарғы мемлекеттік билікті федералды органдардың жүзеге асыруы- әр субъектілердің өзінің конституциясы, мемлекеттік органдары болуы;- федерация субъектілердің мүдделерін білдіретін Парламент палаталарының болуы;- негізгі жалпы мемлекеттік сыртқы саясаты федеративті органдардың жүзеге асуы.Конфедерациялық мемлекеттің белгілері:- ортақ заңшығарушы, атқарушы және сот билік органдарының болмауы;- біріңғай әскер, салық жүйесінің, мемлекеттік бюджеттің болмауы;- бірнеше азаматтықтың болуы;- бірыңғай ақша жүйесі, кеден ережелері және несие саясаты туралы келісім болуы мүмкін;- ол ұзаққа созылмайды, ыдырап, унитарлық мемлекетке немесе федерацияға айналуы мүмкін Федерация жұмысының негізгі бағыты – мүшелік ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық, құқықтары мен мүддесін қорғау, еңбек, тұрмыс, мәдениет,спорт мәселелері туралы үкіметпен келісім жасау. Федерация кеңесі Парламенттің заң қабылдау мәселесіне қатысып, заң жобаларын жасайды.

27. Либералистік және фашистік саяси идеологиялардың арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз.

«Идеология» гректің идея бейне, логос ғылым деген сөздерінен шыққан. Идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат мүдделеріне білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Идеология әр түрлі саяси, құқықтық, этникалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Саяси идеологияның тұнғыш түрлерінің бірі – либерализм. (Латынның либералис – еркін деген сөзінен). Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. Монтескье, С. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвил, Дж. Милль. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либеральдық саяси доктрина арқылы білдірді. Либералдық идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы. Олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Фашизм (Италияның фашизмо-бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф. Ницше, Дж. Джентилье, О. Шпенглер.Фашизм-тоталитарлы және фашистік мемлекет өзіне барлық құндылықтарды қосады,түсіндіреді,дамытады,және адамның тіршілік,өмірлік қызметін жүзеге асырады.Мемлекеттің фашистік консепциясы жайлы қамтушы.Фашизімнен тыс адами және рухани құндылықтары жоқ.