Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберіндегі қазақстандық бастамалардың саяси маңызы мен рөлі

1991 ж. желтоқсанның8інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстанбасшылары Алматыда желтоқсан 21|21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатнасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әр қайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы территориялар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айталамыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ — нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ — нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ — де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.

46.Әз Наурыз мейрамының Қазақстан Халықтарын бірлік пен ынтамаққа шақырудағы ұлықтық саяси астарлары.

Наурыз — әлем халықтары арасындағы ежелгі және жылдың жаңаруын алғаш әйгілеп, адамзатқа дәстүрлеген бірден бір әуелгі мереке. Бұл дәстүрдің аталуы мен «наурыз» сөзінің таралу аумағына қарағанда, оның адамзаттық жыл мерекесі екенін мойындауға тура келеді.Саясаттың өзгеруі Қазақстандағы Наурыз мерекесіне де салқынын тигізіп келді. Мыңдаған жылдар бойы мерекеленіп келген Наурыз мейрамы, кеңес өкіметі тұсында 1926-1988 жылдар арасында жалпыхалықтық сыйпаттан өңірлік және ауылдық ауқымға тықсырылды. Наурыз көптеген атрибуттық және мазмұндық тұрпатынан ажырап, қарабайырланды әрі сүреңсіз тартты. Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мерекесі кеңес өкіметінен тәуелсіздік алған түркі елдерінде ХХ ғасырдың 1988 жылдан бастап қана ресми түрде қолға алына бастады. Алайда, Наурыздың Қазақстандағы мерекеленуіне қарап, оның этностық мейрамнан ұлттық, мемлекеттік мерекеге айналғанына көңіл сенбейді. Наурыз мерекесін сағына қолға алған қазақ халқы, өзінің бірнеше мыңдық тарихы бар мейрамының негізгі көріністері мен мәнінен ажырағандықтан, оның орнын бірыңғай ұлттық фольклормен сахналауды (театрландыруды) толтырды; мерекені фольклорлық сахналау оның бүкіхалықтық мәніне кедергі болып, таптаурынға ұшырап, кәзіргі кезде тоқырауға түскен сыңайы-бар.Аталған жайттар Наурыз мерекемізді қайта қырынан қарауға мәжбүр етуге тиіс. Егер біз Наурыздың этностық мағанадан бүкілелдік сыйпатқа тарауын қаласақ, оған нағыз ұлттық мазмұнмен бірге азаматтық мерекелік тұрпат беруге мәжбүрміз.Бүгінгі отырық өмір салтын меңгере бастаған қазаққа көшпелі өмір үрдісінен туындаған фольклорлық тұрпаттағы дәстүрдің барлығы бірдей сіңісе алмайтындығын ескеретін уақыт жетті. Оның үстіне, Наурызды тек қана қазақтар үшін мерекелеу де, елдік саяси ахуалға сыйымсыз. Кәзіргі ұлттық идеологияның маңызы сол – егер де оған өзге жұрттар да тартылып, өздеріне сіңіріп жатса.Мерекенің жалпыхалықтық сийпаты барын ескеріп, оны жұрттың бәріне бірдей, тіпті, ұлты мен тегіне қарамастан жатырқамай, қабылдайтындай, жарқын өмірдің үлгісіне айналатындай шаралар мен істер қажет-ақ. Мереке дегеніміз – адамдардың қызықтай жүріп, демалуына қажетті атқарылатын шаралар жыйынтығы; мерекеде бақылаушылар болмайды, бәрі де қатысушы. Ал, фольклор белгілі бір этностық топқа ғана тән, сол топтың ғана қатысып, солардың игілігіне жарататын шаралары болып табылады.

Жылғы желтоқсан оқиғасының саяси астарлары және ұлттық рухтың жаңғыруы феномені ұғымымен нені түсінесіз?

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулеріменмитингілер.Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды,Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.

Кемеңгер Абылай ханның ұстанған дипломатиясы мен сыртқы саясатының ерекшеліктері мен ҚРның қазіргі көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі ерекшеліктеріне қысқаша саяси талдама жасаңыз.

Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті.Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде өзіндік орны мен ролі бар беделді мемлекет және сенмді сыртқы саяси серіктес ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, әлемдік қауымдастық Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау және халықаралық лаңкестікпен күреске қосқан үлесін жоғары бағалайды. Халықаралық аренада Қазақстан көпұлтты және поликонфессиональды қоғамның озық үлгісі ретінде танылды. Қазақстан Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ішкі саясат және сыртқы саясатта да күрмеуі қиын күрделі мәселелермен бетпе кет-келді. Осы мәселелерді тәжірибелі шешу ғана мемлекеттің болашағының бұлыңғыр болмауының кепілі бола алды. Солардың бірнешесіне тоқталатын болсақ, Қазақстанның Ресей Федерациясымен өзара ықпалдастығының құлдырауы болды. 1990-1994 жылдар аралығында Ресейдегі саяси элитаның бұрынғы кеңестік мемлекетермен қарым-қатынастарды өздеріне тиімсіздігі жөнінде пікірлер пайда болды. Бұл негізінен сол кезеңдегі РФ сыртқы саясатында жылдам түрде Еуропа елдері қатарына кіру бағыты басшылыққа алынғандығына байланысты болды. Бұл кезең Ресейдің Орталық Азиядағы істерден оқшауланып, Батыспен өзара қарым-қатынастарға баса назар аударуымен сипатталады. Ресейдің сыртқы саяси стратегиясында өзін Еуропамен, бүкіл Батыспен теңестіруге ұмтылыс анық байқалды. Осыған байланысты Орталық Азиядағы мемлекеттер, оның ішінде Қазақстан да Ресейдің батысеуропалық өркениетке жылдамырақ енуін тежейтін кедергілер ретінде қарастырылды. 1992 жылы 1 сәуірде РФ Жоғарғы Кеңесі территориялық бүтіндікті және егемендікті сақтау әр мемлекеттің өз міндеті екендігін жариялады. Ресей парламентінің бұл қадамы бұрынғы КСРО-ның ортақ қарулы күштерінің тарауына және барлық посткеңестік республикаларда, оның ішінде. Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттерінде де ұлттық армияның құрылуына себеп болды. 1993 жылы Ресейдің бастамасымен Қазақстан рубль аймағынан шығарылып, өзінің валютасы – теңгені енгізді. Бұл Мәскеудің өзінің жақын көршілерімен қарым-қатынастарға деген қызығушылығының төмендегенін көрсетті.

49.Қазақстандағы демократиялық үрдістер, халықтың саяси сауаттылығын арттыру мәселелері.

Ғылыми сараптаулар арқылы осы күрделі саяси құбылыстың қалыптасуы, жағдайы және келешегі анықталады. Қоғамның саяси сферасының өркениет талаптарына жауап бере алуының елдегі демократияның дамуына тәуелділігі саяси жүйенің қызметі мысалдарында көрсетіледі. Себебі, қазіргі әлемдік дағдарыстар жағдайында мемлекеттің басқарушылық, реттеушілік рөлі арта түседі. Демократия үрдісі әлемдік өзгерістерге сәйкес өзінің жаңаша даму кезеңіне келеді. Мемлекеттік биліктің реттеушілік рөлінің күшейуі қоғамдық қатынастарды демократияландыруды жоққа шығармайды. Біздіңше, «демократияландыру» ұғымының мазмұнын ашуға Р.Дальдің анықтамасы сәйкес келеді: «Демократияландыру – еркін және ашық сайлаумен, нақты саяси бәсекелестік және азаматтық құқықтарды қорғаумен, жиналыстар, ақпараттар, коммуникация, сонымен бірге саяси қалауларды таңдау бостандығымен сипатталатын, идеалды демократиялық режимге бағытталған қозғалыс». Демократиялық мемлекеттің тағы бір негізгі қағидаларының бірі – маңызды мемлекеттік мәселелерді демократиялық әдістер арқылы шешу. Оған көбінесе референдум өткізу, парламентте дауыс беру жатады. Қазақстанның демократиялығы Конституцияның демократиялық нормаларды белгілеуінен көрінеді, ол азаматтарға өкілеттік органдарға тұтас бір халықтың мүддесін, азшылдықтың әлеуметтік және ұлттық мүдделері мен жеке азаматтардың заңды мүдделерін таныта алатын өз өкілдерін ұсыну мен сайлауға мүмкіндік береді. Қоғам жаңаруға тиісті. Бірақ жаңару адамзат қол жеткізген фундаменттік құндылықтарды жоққа шығармайды. Демократиялық қоғам да сондай тағдырлық құндылық. Дағдарыстық ахуал қанша қиыншылықтар әкелгенімен қоғам оларды жеңе отыра нақты, толыққанды демократиялық мемлекет орнатуға жетісетіні даусыз.