Кезең – дамыған сақтандыру қызметі рыногы

Барлық сақтандыру қызметтерінің толық жүзеге асырылуын қамтамасыз ету:

- ұлтаралық сақтандырушылардың пайда болуы;

- таяу шет ел рыноктарында инвестициялық өктемпаздық жүргізу.

78. Эссе: «Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер кедейшілікті төмендетудің факторы ретінде”

Қазақстан Республикасында кедейлікті төмендету бағдарламасы азаматтарды жұмыспен қамту, орта жалпы білімге және денсаулық сақтау қызметтеріне жетушілікті жақсарту, әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру және басқа іс-шараларды іске асыру жолымен кедейлік проблемасын шешудің кешенді тәсілдемесін қарастырады.

Азық-түлік себетінің құнынан төмен табыстары бар халықтын үлесі 2001 жылы 16,1%- дан 2007 жылы 1,4%-га дейін қысқарды. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 2001 жылы айына 4546 тенгеден 2005 жылы 7618 теңгеге (57,8 долларга) дейін және 2007 жылы 9653 теңгеге (78,7 долларға) дейін көбейді.

Қазақстанда табыс тұрғысынан кедейліктің біртіндеп қысқаруы байкалуда.Сонымен бірге әлеуметтік реформаларды одан ары тереңдету бағдарламасына сәйкес халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту жөнінде бірқатар іс-шаралар іске асырылды:

  • жалақыны көбейту, әсіресе айтарлықтай дәрежеде бюджет сферасы жұмыскерлеріне және мемлекеттік қызметшілерге;
  • қосымша базалық зейнетақы төлемдерін енгізу;
  • көп балалы анапарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды арттыру;
  • балалардың, жасөспірімдердің,жүктіәйелдердің бірқатар санаттарын дәрілермен ақысыз қамтамасыз ету t.b.

Кедейлікті қыскартуға ең төменгі күнкөріс деңгейімен салыстырғанда табыстардың деңгейін арттыру, жұмыссыздықты қысқарту және жеткілікті арнаулы әлеуметік көмек көрсету әсер етеді.

Кедейлікті жою үшін халық табыстарының орташа деңгейін көтеру қажет. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 14952 теңге болып белгіленген.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделген.

2008 жылы Қазақстан экономикасында 7,9 миллион адам жұмыс істеді жұмыссыздардың саны 562,4 миллион адамды құрады.

кедейліктің негізгі себебі - еңбекақының төмен болуы, екінші орында - жұмыстың жоқтығы.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға сәйкес жан басына шаққанда өңірлерде белгіленген кедейлік деңгейінен төмен орташа табыс алатын халықтың бәрі атаулы көмекпен қамтылады. Негізінен олар кәмелетке толмаған балалары, жұмыссыздары, мүгедектері бар отбасылар. Кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейі өңірлер бойынша сараланатындықтан, заң әрбір отбасының табысын нақтылауға мүмкіндік береді. Азаматтардың қайда тұратынына қарамастан, өздерін отбасында жан басына шаққанда кедейлік шегі деңгейінде орташа табыспен қамтамасыз ететіндей әлеуметтік көмек алады. Мысалы, жергілікті бюджеттерде табысы аз отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеу қарастырылған.

Бала кезінен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтік төлемақылар мүгедектер белгіленген мерзімге тағайындалады.

Жұмыссыздарға жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақылар төленеді.

 

79.Эссе. «Өндірістің тиімділігін жоғарлатуда қаржының рөлі»

Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді.

Қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылататын, оның жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды фактор – ғылыми техникалық прогресс болып табылады. Соңғы уақыттарға дейін ғылыми – техникалық прогресс эволюциялық түрде өтіп жатты. Бұл жерде жұмыс істеп жатқан технологияға машиналар мен қондырғыларды бөлікті модернизациялауға айрықша көңіл бөлінді. Ал бұл шаралар анықталған, бірақ елеусіз нәтиже беріп отырды. Жаңа техниканы зерттеу мен енгізу шараларын қолдау да жеткіліксіз болды. Қазіргі нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайларында, саналы, революциялық өзгерістер қажет:ол ғылым мен техниканың жетістіктерінің негізінде халық шаруашылығының барлық салаларында түпкілікті түрде қайта жасақтандыру деген мағынаны білдіреді.

Нарықты экономикаға өту жағдайында, оның бастапқы сатысынан бастап өткізілетін ғылыми–техникалық шараларының маңызы зор.Кәсіпорынның ұжымы, олардың басшылары ең алдымен еңбектегі материалдық қызығушылыққа баса назар аударады. Салық төлегеннен кейінгі пайданың едәуір бөлігі тұтыну қорына аударылады. Техника мен технологияда түпкілікті өзгерістердің болуы, техникалық факторлар мен қатар ұйымдастыру, экономикалық және әлеуметтік факторлардың барлығын жұмылдыру – еңбек өнімділігінің елеулі жоғарылауына себепкер болады. Алдағы уақытта жаңа техникамен технологияны енгізуді, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың дамыған түрлерін өндірісте кеңінен қолдану, оның нормалануын жетілдіру, өндірістің өсуіне қол жеткізу, тәртіпті нығайту, еңбек ұжымының бір қалыпты болуын қамтамасыз ету жолында жұмыс жасау керек.

Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық бірлігіне шаққанда жанармай, металл, энергияны дамыған мемкеттермен салыстырғанда көп жұмсайды. Бұл өндіріс көлемінің ұлғаюы кезіндегі ресурстардың тапшылығына және өз кезегінде шикізат пен жанармай – энергетикалық базасының ұлғаюына, керекті шығындардың ұлғаюына алып келеді. Оның бетін қайтару үшін отандық өнеркәсіпті түбегейлі түрде модернизациялау керек, өйткені ол ғылыми – техникалық прогрестің үдеуінің , халық шаруашылығының қайта құрылуының басты шарты болып табылады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлату негізгі қорларды дұрыс пайдалануға байланысты.